Оқулық мәтінімен, сызбанұсқалармен және кестелермен жұмыс істеу икемдігін дамыту



Дата03.07.2017
өлшемі47.46 Kb.
түріОқулық
Бекітемін: Күні: Сыныбы: 8 А

Тақырыбы: Ми.Мидың сұр және ақ заттары, мидың қыртысы және ядролары. Мидың бөлімдері.

Білімділігі:Адам миының қызметінің ерекшеліктерімен таныстыруды қамтамасыз ету.Ми қызметінің топтары туралы түсінік беру әрекетін ұйымдастыру.

Дамытушылығы:Оқулық мәтінімен, сызбанұсқалармен және кестелермен жұмыс істеу икемдігін дамыту.

Тәрбиелілігі:Адам миының қызметтерінің ерекшеліктері туралы ойларын сипаттай білуге үйрету, тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.кестемен жұмыс, биологиялық диктант

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, электронды оқулық
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды 3 топқа бөлу. 1 топ.Сопақша ми 2 топ.Артқы ми 3 топ. Ортаңғы ми



Сергіту сәті:

Көзімізді жұмып, ішімізден мына сөздерді қайталайық:

“ Мен ойымды тез жинақтаймын, жаңалыққа, білімге қызығушылығым жоғары, терең ойлап, нақты жауап беремін, қиялға да берілемін. Мен өз біліміме, өз күшіме сенімдімін. Бүгінгі сабақта бәріне сәттілік тілеймін.”

Көзімізді ашыпс абағымызды бастаймыз.

Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын істіт ындырар күшің бар да.

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер,

Алға қойған мақсатың, ісің бар да!


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Сандар сыры. 2. Тест



Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын ашу

Сырты орман

Алды жазық құрлықты

Араласаң


Табасың жеті құдықты (бас)

Көрмеген ешкім,

Дәмін татып,

Қара орман асты,

Ұйыған қатық (ми)
Тапсырма: Кітаптан берілген мәтін арқылы әр топ постер құру
1 топ.Сопақша ми 2 топ.Артқы ми 3 топ. Ортаңғы ми

Постер дайын болғаннан кейін әр топ өз постерін тақтаға шығып қорғайды.

Ми баста бассүйек қуысында орналасады.Адам миының салмағы 1300- 1400 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көлемі – 1456 см3, аумағы 1622 см2.Ми 20 жасқа дейін дамиды. Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.

Ми құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен 2 бөлімге бөледі:

Бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми),

Қыртысасты (аралық ми, Үлкенмидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы.

Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім.

Ми бөлімдері


Сопақша ми

қорғаныс (түшкіру,жөтелу, құсу,көзден жас ағу,көзді жыпылықтату) қоректенумен байланысты ему,жұту,сөл бөлу,ас қорыту бездерінің жұмысын реттеу,автоматты түрде жұмыс істейтін тыныс алу,жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу.



Артқы ми

Ми көпірі Ми көпірінің нейрондары бет терісі,тілден, ауыз қусының кілегейлі қабықшасынан, есту мүшесінен ақпараттар қабылдайды

Мишық

Адамның дене бұлшық еттердің үйлесімді қимыл әрекетін реттейді



Ортаңғы ми

Қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке тітіркенісі жіберіліп,дененің ширығып тұруына,еңбекпен,спортпен айналысуына мүмкіндік туғызады



Аралық ми

Түрлі сезімдерді қалыптастырады, барлық ми бөліктерімен байланыстырады,ішкі гармондардың бөлінуін реттейді,дененің температурасын,қан қысымын, ағзаның зат алмасу үдірістерін,ішкі ортасын тұрақтандырады. Зәр шығару, ұйқы және сергектілік,бейімделу әрекеті реттеледі.



Алдыңғы ми сыңарлары

Сезу-қимыл,көру,есту,сөлеу және дәм мен иіс сезу орталықтары орналасқан, мінез-құлық,тәлім-тәрбие,сөйлеу,есте ұстау,ойлау әрекеттерін реттейді


Жаңа сабақты бекіту.

1.Ми бастың ми сауытының ішінде орналасады ма (ия)

2.Мидың орташа салмағы 2000-4000г болама (жоқ)

3.Ми 20жасқа дейін дами ма (ия)

4.Ми ақ, сұр затынан тұрады ма(ия)

5. Миды жұлынмен байланыстыратын өткізгіш жолдар сұр заттан түзіледі ме (жоқ)

6. Өткізгіш жолдар ми бөлімдерінің өзара байланысын қамтамасыз етпейді ме? (жоқ)

7. Ми қарыншалары дегеніміз ми сұйықтығымен толған мидың қуыстары ма? (ия)

8. Ми қарыншаларының қызметі қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару, ми ішіндегі қысымды реттеу ме? (ия)

9. Ми құрлымдық және қызметтік бөлімдерге байланысты 5-ке бөліне ме? (жоқ) (бағаналы, қыртыс асты, алдыңғы ми сыңарларының қыртысы)

10. Ми сопақша ми, мишық-артқы ми, ортаңғы ми, аралық ми, алдыңғы ми сыңарлары бөлімдерінен тұрады ма? (ия)

11. Сопақша ми мишықтың жалғасы ма? (жоқ)( оның ұзындығы 2,5-3 см)

12. Сопақша мимен ортаңғы миды байланыстыратын ми көпірі ме? (ия)

13. Мишық мойын-тұлға, аяқ-қол бұлшық еттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтап, реттейді ме?(ия)

14.12 жұп бассүйек-ми жүйкелері ортаңғы мидан таралады ма? (жоқ)(Ми бағанасынан )

15. Артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан ми бөлімі ортаңғы ми ма? (ия)

16. Аралық ми зат алмасу,жүрек-қан тамырлары жүйесі,ішкі секреция бездері,зәр шығару,ұйқы жұмысын реттейді ме? (ия)
2. Биологиялық диктант

1. Ересек адам миының орташа массасы ............. г.

2. ............. Жұлынның жалғасы

3. Сопақша ми............ арқылы ортаңғы ми, аралық ми және .......... ми сыңарына қозуды өткізеді.



4. Мишықтың жұқа беткі қабаты ........ деп аталады.
3. Кестемен жұмыс


Ми бөлімдері

Атқаратын қызметі

1.Сопақша ми, көпір

А) бұлшық еттердің ширақтылығын сақтау, реттеу

2. Мишық

Ә) дене қызуы, жүрек-қантамыр, зат алмасу, ас қорыту, зәр шығару, сергектік, есте сақтау

3. Ортаңғы ми

Б) қимыл –қозғалысты реттеу

4. Аралық ми

В) рефлекторлық және қозуды өткізеді

1-в, 2-б, 3-а, 4-ә.

Үйге тапсырма беру. тақырыпты оқып, 30-32 суретті салу
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет