Мақсаты:
Қарт адамдарға үздіксіз көмек көрсету, үлкендерді құрметтеу, ата әжелердің ақыл-кеңестерін тыңдап, ақ тілек, ақ батасын алу және оқушылардың қамқорлық пен жанашырлық сезімдерін ояту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1) Оқушыларға үздіксіз қоғамға қызмет ету арқылы қамқорлық жасау туралы түсінік қалыптастыру.
2) Көмекке мұқтаж, қарт адамдармен танысу арқылы оларға көмек көрсету барысында, оқушылардың жанашырлық, қамқорлық қасиеттерін дамыту.
3) Оқушылардың көмекке мұқтаж адамдарға деген қамқорлық көрсетуге, жасы үлкен, қарт адамдарға деген құрметпен қарым-қатынас жасауға, сыйлауға, оларды бағалай білуге және мейрімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар (Мұғалімдерге арналған шығармашылық тапсырмалар)
|
Оқудан тыс іс- әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары:
-
Оқушылармен ақылдаса отырып, қарттарға қамқорлық жасау айына байланысты, көмекке мұқтаж қарт адамдардың үйіне барып көмек көрсетуге ниетімізді білдіру.
-
Ауылдағы көмекке мұқтаж және науқас қарт адамдардың аты-жөнімен танысып, көмегімізді көрсетуге қарт адамды тандап алу.
-
Тандап алған қарт адам жайлы мәлімет жинау, мекен жайын, телефонын алып, алдын ала ол адаммен хабарласып, тұратын мекен-жайына барып көмек көрсетуге рұқсатын алу.
4. Оқудан тыс іс-шараны өткізбес бұрын, оқушыларға алдын ала біздің не істейтінімізді, не үшін, неліктен және кімге көмек көрсететінімізді, ол адам туралы толық мәлімет беру үшін «Қарттарым – асыл қазынам» атты сынып сағатын өткізу.
5. Оқушылардың бойына жағымды әсер қалдыру мақсатымен сынып сағаты кезінде қамқорлық туралы, жанашырлық, мейірімділік, сүйіспеншілік туралы өмірден алынған мысалдар келтіру, аңыз-әңгімелерді айту.
|
Талдау
|
Іс-шараны өткізудің жоспары:
1. Мектеп директорыныдың рұқсатымен оқушылардың сабақтан бос уақыттырында көмекке мұқтаж қарт адамның үйіне бару.
2. Қарт адамның ауласын, толықтай жинастырып беру арқылы көмегімізді көрсету.
3. Қарт адаммен рухани-адамгершілік жылы қарым-қатынас құру мақсатында қарт кісінің әңгімелерін тыңдау.
Қарт адаммен бірге естелікке суретке түсу.
|
|