ОҚу орындарында тәрбие процесін қазақстандық патриотизм негізінде қҰру бакиршинова Жанна Шаяхметқызы



Pdf көрінісі
Дата24.10.2018
өлшемі43.06 Kb.

Бакиршинова Жанна Шаяхметқызы. Оқу орындарында тәрбие процесін қазақстандық патриотизм 

негізінде құру АқМУ ХАБАРШЫСЫ шетел тілі ғылымдары  сериясы, 2011 №1 (46)

132

УДК 3787.01

ОҚУ  ОРЫНДАРЫНДА ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН  ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 

ПАТРИОТИЗМ НЕГІЗІНДЕ ҚҰРУ

Бакиршинова Жанна Шаяхметқызы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Нағыз  патриот  ол  кім? Нағыз  патриот  қандай  болуы  керек? Мен 

азатпын!  Мен  тәуелсізбін! Қазақстандық  патриотизм  –  Отанға  деген 

сүйіспеншілік  пен  азаматық  ерлік,  өнеге  көрсетушілік,  өз  елінің  тарихын, 

тілін,  дінін  әдет- ғұрпын,  салт  –  дәстүрін  қастерлеу,  Туымыз  бен  Әнұран, 

Елтаңбамызды 

құрметтеу.

Алға 


қойған 

мақсат 


өскелең 

ұрпақ, 


қазақстандықтарды толыққанды тұлға ретінде тәрбиелеу.

Нарық жағдайында туып өскен XXI ғасырдың егеменді елінің азаматтық 

ұрпағын тәрбиелеп өсіруден асқан болашақ туралы биік арманы бар ма?

Ел  жастарына  қарап,  ел  болашағы  туралы  сөз  айтылмақ.Қазіргі  таңда 

жастарымыздың  аяқ  алысы  қуантады. Бізге  әншейін  патриотпын  деп  жария 

етуші кеудемсоқ емес, әлемге әйгілі әрі сыйлы нағыз патриоттар қажет. 2030-

да  Президентіміз  армандаған  әлемге  әйгілі  әрі  сыйлы  патриоттар  легі  күн 

санап молығып, толысып келеді. Осы ойлардың шындығы ретінде еліміздіің 

өркениеті  өріс  алған  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің  сапасына  ену  деген  биік 

мақсат көзделіп отыр. Ол өздігінен іске асатын мақсат емес, ол мүмкіндікті 

іске  асыратын  азаматтар,  олардың  болашаққа  деген  нық  сенімі,  әрі 

патриоттық  сезімі  болмақ.  Ал  осы  патриоттық  сезімді  оятушы  кім?  Әрине, 

ұстаз.

Ұстаз  –  бір  елдің  болашағын  жасайтын  киелі  мамандық  иесі. Оның 



парасаттылығы, жүріс тұрысы, сөйлеу мәдениеті, ішкі жан дүниесі тіпті киім 

киісі бәрі студенттің назарынан тыс қалмайды.

Ал  тәрбиеленуші  студент  –  болашақ  маман  ескінің  көзіндей,  жаңаның 

өзіндей  болып  XXI  ғасыр  есігінен  еркін  енетін  дүниежүзілік  мәдениетті 

танитын төл мәдениетін сыйлайтын, таныта сыйлата алатын рухани дүниесі 

бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді білікті болуы шарт.

Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы тәрбие беру мәселесіне жаңаша 

көзқарас тұрғысынан қарау және студенттердің ұлттық сана-сезімін, сапаларын, 

тұлғаның  мінез-құлқын  қалыптастыруды  көздейтін  тәрбиенің  түрлері  мен 

әдістерін  жетілдіру  талап  етіледі.  Бұл  бүгінде  байсалдылық,  табандылық, 

батылдылық,  батырлық,  қайсарлық  туралы  білім  ғана  емес,  өнегелік  көрсету 

қажет болып отырған уақытта аса маңызды болып табылады. 



Бакиршинова Жанна Шаяхметқызы. Оқу орындарында тәрбие процесін қазақстандық патриотизм 

негізінде құру АқМУ ХАБАРШЫСЫ шетел тілі ғылымдары  сериясы, 2011 №1 (46)

133

Қазіргі  педагогиканың  міндеті экономикалық  өрлеу кезеңінде,  қоғамды 



рухани  жаңартып  демократияландыруда,  плюрализм  пікірін  бекітуде  және 

әлеуметтік  орта  мен  идеологиядағы  сол  бір  тоқырау  кезеңдерінің  әсерінен 

туған  жікшілдік  пен  бұрмалаушылықты  жоюдағы  күреске  бар  күшті 

ынталандыру болып  табылады. Мұның  бәрі  келешек жас  ұрпақты  тұлғалық 

тәрбиелеудің  қажеттілігін  қамтамасыз  етеді.  Қазақстан  Республикасында 

білім  беру  саласы  бойынша  қоғамның  бүгінгі  күнгі  талабы  әрбір  адамды 

Отанын  сүюге,  туған  жерін  құрметтеуге,  ата-бабаның  озық  салт-

дәстүрлерінің  құндылығын  мақтаныш  тұтуға,  әлемде  халықтар  арасындағы 

бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет 

санайды.  Сондықтан  болашақ  мамандардың  тұлғалық  қалыптасуын 

халықтық педагогика элементтерін пайдалану арқылы жүзеге асыру жоғары 

оқу  орындарында,  әсіресе  шет  ел  тілдерін  оқытуда  да    көңіл  бөлуді  қажет 

етеді.

«Қазақстан  –  2030»  Жолдауында  Республика  Президенті  еліміздің 



ұлттық  қауіпсіздігін,  тәуелсіздік  пен  егемендігін  танытатын  ұзақ  уақытта 

даму  бағдарламасын  анықтады.  Білім  беру  мен  тәрбиенің  негізгі  міндетінің 

бірі өз елінің азаматы, патриот тұлғаны тәрбиелеу болса, осыған сәйкес жеке 

тұлға  студенттердің  тәрбиелік  деңгейін  бағалаудағы  көрсеткіш  болып 

қарастырылады.

Республиканың 

әлеуметтік-экономикалық 

дамуын 


жеделдетуге, 

қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға 

бағытталған  идеялық-тәрбие  жұмыстары  мемлекеттің  стратегиялық 

бағдарымен  анықталды.  Еліміздің  тәуелсіздік  алып,  егемендікке  жетуі,  оны 

сақтап  қастерлеуі  қазақ  халқының  және  республикада  тұратын  басқа  да 

халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады. 

Еліміздің жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ халқының этностық 

ерекшеліктерін,  тарихы  мен  мәдениетін,  сондай-ақ  халықтың  батыр  ұл-

қыздарының  ерлік істерін  дәріптеу, жастарды  ұлттық  сезімі  бар  тұлға ретінде 

тәрбиелеу және осы мәселені қазіргі жағдайда зерттеу қажеттілігі арта түсуде. 

Білім  туралы  заңда  қазақстандық  патриотизмге,  төзушілікке,  биік 

мәдениетке,  адам  құқықтары  мен  бостандықтарын  құрметтеуге  тәрбиелеу

мәселелері көрсетілген. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп,

мәдениаралық  қарым  қатынаста    оларды  тұлғалық  тәрбиелеу  ісіне  нұсқау 

беріп әрі оның қажеттілігін айқындайды.

Қазақстандық  патриотизм  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік  пен  азаматық 

ерлік, өнеге көрсетушілік, өз елінің тарихын, тілін, дінін әдет- ғұрпын, салт –

дәстүрін  қастерлеу,  Туымыз  бен  Әнұран,  Елтаңбамызды  құрметтеу.Қазақ 

елінің  ержүрек  батырлары  мен  елі,  жері  үшін  аянбай  күрескен,  кешегі 

желтоқсан құрбандары – Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбековтің ерлігін үлгі 

етіп  айта  келе,  оқушылардың  патриоттық  сезімін  қалыптастыру,  шыңдау 


Бакиршинова Жанна Шаяхметқызы. Оқу орындарында тәрбие процесін қазақстандық патриотизм 

негізінде құру АқМУ ХАБАРШЫСЫ шетел тілі ғылымдары  сериясы, 2011 №1 (46)

134

керек.Қалыптасқан  ұғым  бойынша  елін,  жерін  сүйіп,  соған  шексіз  берілген 



адамды  біз  әдетте  ПАТРИОТ  дейміз. Ия,  патриот  деген  сөздің  мағынасы 

терең.Еліміз  тәуелсіздік  алды.Бүгінгі  ұрпақтың  көзқарасы  қандай? 

«Патриот», «Қазақстандық патриотизм» деген сөздің мағынасын терең ұғыну 

үшін, Патриотизм сөзінің мағынасына тоқталсақ?

Патриотизм  деген  гректің  отандас,  отан,  туған  жер  деген  сөзі. Біздің 

отанымыз Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген, көп ұлтты республика. Кең

байтақ  жері,  Қазақстандық  Туымыз, Әнұран  мен  Елтаңбамыз  бар.Бұл 

мақтанышты Қазақстан патриотизмін оятудың бір көзі деп білемін.

Патриотизм  дегеніміз  біріншіден,  өз  тарихымызды,  екіншіден  өз 

тілімізді  құрметтеу. Үшіншіден  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасқан  салт-

дәстүрлерді, әдет  ғұрыптарды  білген  жөн. Төртіншіден  Абай  атамыз 

айтқандай  ұлттық  қадір  қасиетімізді  артыруымыз  керек. Қазақстандық 

патриотизм  ұғымы  біздің  тәуелсіздігімзбен  қоса  туған  жаңа  сөз  болып, 

еліміздегі саяси әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Қазақстанда 130 

дан  астам  ұлт бар.  Ұлттар  қазақ  халқының  салт-  дәстүрін,  әдет- ғұрпын 

құрметтеп  түсінбесе,  олардың  ұлттық  болмысында  сүйіспеншілік, 

ұғынушылық болмаса, онда ұлттар арасында патриоттық сезім оянуы мүмкін 

емес.


Қазақстандық  патриотизм  ұлттық  тілімізді,  дінімізді  сақтауға  кедергі 

жасамай,  қайта  қолдап  жатса  ол  да  бір  адалдық,  достық.  Сиднейде  өткен 

Әлемдік  олимпиадада  орыс  қызы  Ольга  Шишигина  алғаш  Қазақстан  туын 

көтерді. Ұлы  Отан  соғысында  елін  жаудан  қорғау  үшін  күрескен 

батырларымыз қаншама? Әлия, Бауыржан Момышұлы, т.б. Нағыз патриоттар 

өзінен  бұрын  Отанының  қамын  көбірек  ойлайтын  осындай  жандар  екенін 

айтпай кетуге болмайды. Сондықтан, жерінің  бір тамшы суы мен бір түйір 

тасы  басқаға  кетпесін  деп  жаны  ауырып  шырқырайды.  Келешек 

ұрпақтарымызға мұра болып қалатын жерімізді, оның табиғи ресурстарын өз 

пайдасы  үшін  саудаға  салатынарды  патриот  деп  айтуға  болмайды. Тегін 

білмейтіндерді,  тілін  ұмытқандарды  да  патриот  демейді.  Патриот  болудың 

негізгі 4 шарты бар:

Отанын , жерін қорғау 

Өз ұлтының ана тілін ардақтау

Ұлттық дәстүрді сақтау

Ұлтаралық интернационализм идеясына адал болу

Осы  шарттарды  орындап  жүрген әр  азаматты  патриот  деуге  болады.

Тумысынан  ешкім  патриот  боп  тумайды. Патриотизм  қанға  сінген  қасиет 

емес. Қанға  сіңген  қасиет  деген  не?  Ол  жаңа  туған  нәрестенің  дыбыстауы, 

жылауы, күлуі т.б. Олар:оқу,үйрену,өнер, уәдешілік, тұрақтылық т.б. Мұның 

бәрі қанға тәрбие арқылы беріледі.


Бакиршинова Жанна Шаяхметқызы. Оқу орындарында тәрбие процесін қазақстандық патриотизм 

негізінде құру АқМУ ХАБАРШЫСЫ шетел тілі ғылымдары  сериясы, 2011 №1 (46)

135

Ал Қазақстандық патриоизм сезімін:



Отанын , жерін қорғау 

Өз тарихын, салт-дәстүрін, әдет ғұрыптарын білу

Қазақстандық  Туымыз,  Әнұранды,  Елтаңбамызды  құрметтеу  арқылы 

оятамыз.


Патриотизм  –  ақыл,  ой-  сананың  салтанаты,табанды  тәрбиенің 

жемісі.Әрбір  жеке  тұлғаны  патриоттық  сезімге  тәрбиелеу  керек,  ол 

отбасынан,  балабақшадан  басталып,  мектеп,  жоғары  оқу  орындары, 

қоғамдық  ұйымдар  ортасынан  қалыптасады.  Ойымды  қорыта  келе  егер 

бүгінгі  күннің  жастары,  біздің  жарқын  болашағымыз,  ертең  үлкен  өмірге 

қадам  басқалы  отырған  студенттеріміздің  саналарына  жылт  еткен  сәулені

үрлей білсек мақсатымызға жеткеніміз деп ойлаймын. Орыс ақыны Некрасов 

та: «Ақын болу, болмау – өз еркің, азамат болу міндетің.» - деген екен.Сіздің 

атқарар лауазымдық қызметіңіз қандай болса да, алдымен өз еліңнің патриот 

азаматы бол білуіңіз керек. Оның негізгі шарттарын  айтып, талқылап кеттім.

Қазақстан  Республикасы  өзінің  тәуелсіз  мемлекет  екендігін  бүкіл  әлемге 

дәлелдеді.Енді  басты  міндет  –  осы  мемлекеттің  өркендеп  өсуі,  халықтың 

әлеуметтік,  экономикалық  жағдайын  көтеру.  Қазақстанды  Отаным  деп 

таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше  үлес қосуы тиіс. Мұның 

басты шарттарының идеяларын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 

-  2030»  Жолдауында  «Біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміз  бабаларының 

игі  дәстүрін  сақтай  отырып,  қазіргі  заманғы  нарықтық  экономикалық

өркендеу  үстіндегі  күллі  әлемге  әйгілі,  әрі  сыйлы  өз  елінің  патриоттары 

болады!» деп нақты көрсеткен болатын.

Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын 

лаңкестермен  ұйымшылдықпен  күрес,  мемлекеттерге  қауіп  төндіретін  кез 

келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық

рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.

Біздің  студенттеріміздің  болашақта  өз  еліне  адал,  қорған  болар,  өзге 

елге үлгі етер, нағыз патриот болатындарына сенімім мол.

Әдебиеттер:

1. «Ана тілі» газеті № 5/ 3-9 ақпан 2011, 5-6-б.

2.  «Da-Қазақстан!»,  Халықаралық  қоғамдық-  интеллектуалды  журнал, 

54-57-б.


3.Г.В.Агапова: «Теоритические  подходы  к  воспитанию  студентов 

высших учебных заведений.», С. 235.

4.  А.М. Васютина:  «Самая  лучшая  книга  по  воспитанию  детей.»

Ростов:Феникс, С. 235.



Каталог: pdf


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет