Оқу жылына арналған «Оқытушы денсаулығы» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесі туралы



Дата30.06.2017
өлшемі51.14 Kb.
2011-2012 оқу жылына арналған «Оқытушы денсаулығы» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесі туралы

Жоғары оқу орны оқытушысының еңбегі эмоционалдық және дене күшінің жұмсалуын ерекше талап етеді. Үнемі зейін қойып жүру, жүйкеге ауырлықтың түсуі, күн сайын бірнеше сағат бойы сөйлеу созылмалы патологияның туындауына алып келеді.

Бүгінгі таңда ҚазҰМУ-ң профессорлар-оқытушылар құрамын мақсатты түрде алдын ала емдеу, ерте диагноз қою, сауықтыру қызметтерін жүргізуге қажеттілік бар.

Бұл мәселені, ең алдымен, жаңа міндет – өз денсаулығына жауапты болуды қалыптастыруға бағытталған кешенді тәсіл негізінде жоғары кәсіби білім жүйесінде шешуге болады.

Осыған байланысты, профессорлар-оқытушылар құрамын саламатты өмір салтының құндылықтарына тартудағы айрықша орын, денсаулықты сақтайтын технологияларды және белсенді алдын алу сауықтыру жұмыстарын күнделікті қолданысқа енгізу жұмыс берушінің қолында.

Университет басшылығы Кәсіподақ комитетімен бірігіп, 2011-2013 жылдарға арнап «Оқытушы денсаулығы» бағдарламасының әзірленуіне ықылас білдірді, ол 27.09.11ж. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң Ғылыми Кеңесінің шешімімен бекітілді.

Бұл бағдарлама денсаулық сақтау жүйесінің осы сатысындағы өзекті мәселелер мен басымдықтарды ескере отырып, профессорлар-оқытушылар құрамының денсаулық жағдайын жетілдіруге бағытталған.

Бағдарлама Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құжаттарын ескере отырып жасалған және «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ережелеріне сәйкес келеді.

Аталған Бағдарламаның маңыздылығын және айрықша құндылығын айтып өту қажет.

Алғаш рет жоғары білім беру жүйесінде мұндай ауқымды әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда, мұнда жұмыс берушінің қызметкерлердің денсаулық күйіне жауапкершілік принциптері нақты мақсат пен міндеттерге ие болып отыр.



Аталған Бағдарламаның мақсаты аурулардың алдын алудың тиімді жүйесін қалыптастыру және профессорлар-оқытушылар құрамына Университеттің күшін, ресурстарын, әлеуетін жұмылдыру және үйлестіру арқылы денсаулықты жақсартуға бағытталған медициналық жәрдем көрсету болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  1. Клиникалық-білім беру орталығына тіркеу үшін профессорлар-оқытушылар құрамының базасының қалыптасуын қамтамасыз ету;

  2. қауіп-қатер факторларын анықтау үшін, Университет оқытушыларының денсаулығының күйін бағалау және олардың ауру-сырқаттарын тексеру үшін клиникалық-зертханалық скрининг өткізу;

  3. профессорлар-оқытушылар құрамының денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру;

  4. профессорлар-оқытушылар құрамын диспансерлеу жүйесін қалыптастыру.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттарына сәйкес 2011-2012 жылдары мына іс-шаралар өтті:

  1. 1 кезең аясында 724 оқытушыға клиникалық-зертханалық скрининг жасалды, оның ішіне жалпы қан талдауы, қанның биохимиялық талдауы (10 параметр), терапевт маманның тексеруі, көкірек қуысы органдарына рентгенография жасау кіреді.

  2. 1-сатыдан өткен профессорлар-оқытушылар құрамының клиникалық-зертханалық скрининг нәтижесі енгізілген электронды мәліметтер базасы жасалды.

  3. 01.09.12 жылғы жағдай бойынша 179 оқытушы екінші сатыдан өтіп үлгерді, бұл бірінші сатыдан өткен оқытушылар санының 25%-ын құрайды. Екінші сатыда тар мамандардың кешенді медициналық тексеруі және кешенді ультрадыбыстық зерттеу қарастырылған.

  4. Клиникалық бөлімшелердің (стоматология институты, ішкі ағзалар ауруларының клиникасы) қызметкерлерін В, С гепатиттеріне тұрақты тексеріп отыру.

  5. Тұрақты медициналық тексеру жүргізіп, жеке медицина кітапшасын беру.

  6. Қызметкерлерді Клиникалық-білім беру орталығы базасында күндізгі стационар негізінде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен сауықтыру (121 қызметкер).

Калиникалық-лабороториялық скрининг нәтижесіне (1-саты) толығырақ

тоқталып өткен жөн.

Скринингпен қамту жұмыс істейтін оқытушылардың жалпы санының 60% құрады.

Тексеруден өткендердің жалпы санының 19% ер адамдар, ал 81% әйелдер құрады.

Тексерілген адамдардың жас ерекшелігіне қарай 39 жасқа дейінгі тұлғалар 37%, 40-49 жасқа дейінгілер 24,5%, 50 жастан 60 жасқа дейінгі аралықтағылар 16,8%, 60 жастан асқандар – 21,7 % құрады.

Біз жүргізілген клиникалық-зертханалық скрининг нәтижесінің талдауын жас ерекшелік топтары шамасында жүргіздік.

Көкірек қуысы мүшелері рентгендік тексеруінен өткен адамдар ішінен ешкімде ауытқушылық анықталмағанын айта кету керек.

20-29 жас аралығындағы оқытушылар тобында тексерілгендердің 37,2%-да анемия анықталды, барлығы да әйелдер, бұл Алматы қаласы тұрғындары арасындағы көрсеткіштен едәуір жоғары. Және де тексерілген әрбір төртінші адамда креатинин деңгейі жоғары (23,7%). Қабыну процесі болуының лабораториялық белгілері 14% жағдайда анықталып отыр. Гипергликемия – бір жағдайда, ол 1,7% құрады.

30-39 жас арасындағы топта да анемия таралуының жоғары деңгейі анықталды – 35%. Қабыну процесінің белгілері 15,8% бар. Креатининнің жоғары көрсеткіші – 14%.

Байқағанымыздай, 20-дан 29 жасқа дейінгі және 30-39 жас аралығындағы топтарда анықталған зертханалық өзгерістердің құрылымы бірдей болып отыр.

Әрі 40 жастан жоғарғы топта анықталған өзгерістер құрамы былай беріліп отыр: қан аздығы жиілігі – 20%, яғни 40 жасқа дейінгі топтарға қарағанда екі есеге төмен, креатининнің жоғары деңгейі жиілігі мұнда да жоғары. Гипергликемия үлесі едәуір артып келеді – 7,8%, гиперхолестеринемиия – 7,0%.

50-59 жас аралығындағы оқытушылар тобында бірінші орында гиперкреатинемия тұр - 31%, гиперхолестеринемия – 23%, гипергликемия – 20,3% құрайды. Қабыну процесінің зертханалық белгілері әрбір бесінші оқытушыда анықталды.

60 жастан асқан оқытушылар тобында гиперкреатинемия үлесі 43% дейін артып тұр (шамамен әрбір екінші оқытушыда), холестеринемия – 25% дейін, гипергликемия 25% дейін.

Осылайша, жүргізілген срининг келесілерді анықтады:




  1. Қауіп факторлары мен патологиялық өзгерістердің кең таралуы жалпы қауымға қарағанда профессорлар-оқытушылар құрамы арасында жоғарырақ.

  2. Скрининг нәтижелері және патологиялық өзгерістердің анықталуы тексерілген оқытушының жас ерекшелік тобынан тікелей арақатынастықта тұр.

  3. Жыл сайынғы кешенді динамикалық тексеру және диспансерлеудің қажеттігі.

Қазіргі уақытта Бағдарламаның екінші сатысы жүзеге асырылуда. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, құрметті педагогикалық ұжымды кешенді динамикалық тексеруден өтуге шақырамыз.

Клиникалық-білім беру орталығы Сіздерді әрқашан күтеді және мамандардың қолайлы қабылдау уақытын ұсынады, күндізгі стационарда ем алу үшін жайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс негізінде стационар жағдайында лор-операциялардың барлық түрлері жасалады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Беттің туа пайда болған және ауыз қуысы ағзаларының ақауларының көріністерін таңып білу; Беттің туа пайда болған және ауыз қуысы ағзаларының ақауларының көріністерін таңып білу
2012 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2012 -> Министерство здравоохранения рк
2012 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2012 -> Тесты для вступительного экзамена 6 курс воп каз
2012 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2012 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2012 -> Патофизиология кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет