Оқу іс –әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы Топ: «Балдырған» Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Мүсіндеу» Тақырыбы



Дата05.07.2017
өлшемі33.52 Kb.
#24090
Оқу іс –әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы

Топ: «Балдырған» Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Мүсіндеу» Тақырыбы: « Алаңқайдағы саңырауқұлақтар» Мақсаты:саңырауқұлақтармен таныстыру,олардың орманда өсетіндігі жайлы түсініктерін кеңейтіп,сөздік қорларын молайту;қалпағы мен аяғын біріктіру тәсілін дамыту;табиғатта жүргенде өздерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Көрнекілігі:Балалардың санына қарай үлестірмелі матери алдар, саңырауқұлақтың суреті,үлгі сурет,тақтайша,ермексаз,сулық.

Билингвалдық компоненті: саңырауқұлақтар-грибы

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды орманға серуенге шығару.Саңырауқұлақтар алаңқайын көрсету.Балаларға саңырауқұлақтарды себетке жинату.

Сөздік жұмыс:Саңырауқұлақ алаңқайы Саңырауқұлақ туралы әңгімелеп,сұрақтар қояды.

-Балалар біз не жинадық?

-Саңырауқұлақ қанша бөліктен тұрады?

Балалардың көңілін суреттегі саңырауқұлақтарға бөлу, түстерін сұрау.


Орманға баруға қызығушылықтарын танытады.

Саңырауқұлақ алаңқайы қайталайды.. Әңгімені тыңдап сұрақтарға жауап береді.

Саңырауқұлақ жинадық. Саңырауқұлақтар екі бөліктен тұрады. Қалпағы,аяғы.

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Ұйымдастырушылық ізденістік

Балаларға В.Сутеевтің «Саңырауқұлақ саясында» ертегісін айтып беру.(Балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп,ертегіні қысқаша айтады.)

-Орманда кенеттен не басталады?

-Саңырауқұлақтың астына нелер жиналады?

-Жаңбырдан кейін не болады?

-Ендеше ,біз де саңырауқұлақты мүсіндеп көрейік.

Педагог өзі жасаған үлгіні көрсетеді.



Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп,түсіндіру:

-қызыл түсті ермексазды екі алақанымыздыңортасына салып жұмсартып,қалпақ жасаймыз;

-ортасын ойық жасау үшін сұқ саусағымызбен басамыз;

-ақ түсті ермексаздан сабағын жасаймыз.Ол үшін ермексазды «шұжықша»пішінге келтіреміз.

-қалпағы мен сабағын біріктіреміз. Біріктірген жерін саусағымызбен тегістеп қоямыз.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балаларға саңырауқұлақтың сабағы мен қалпағын біріктіруді,тегістеуді жеке-жеке көрсетеді.Қиналған балаларға көмектеседі.




Ертегіні тыңдайды.

Ертегі бойынша сұақтарға жауап береді.

Үлгілерді қарайды.

Саңырауқұлақты жасаудың әдіс-тәсілдерімен танысады.

Саңырауқұлақты мүсіндейді.


Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар бүгін не мүсіндедік?

-Саңырауқұлақ қайда өседі?

Балалардың жұмыстарын талдау, мадақтау.Үлестірмелі материалдағы суретке жасаған суқұлақтарын қойып, суреттегімен салыстырып ойнауға мүмкіндік береді.

Балаларды мадақтайды.



-Саңырауқұлақты

-Орманда өседі.Жасаған жұмыстарын алаңқайға қояды,суреттегі саңырауқұлақтармен салыстырады.



Күтілетін нәтиже: Біледі: дөңгелек пішінді ермексазды саусақпен жалпақтау арқылы саңыуқұлақтың қалпағын жасап,сопақша пішінді сабағымен біріктіреді; Игереді:Улы және жееуге болатын саңырақұлақтар болатынын; Меңгереді: Ермексазды сопақша, дөңгелек пішінге келтіру;

c:\users\8\desktop\фото0202.jpg

МКҚК «Петровка балалар бақшасы «Айгөлек»

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»описание: c:\users\8\desktop\фото0202.jpg

Топ: «Балдырған»



Өткізген тәрбиеші: Жазина Б.К

2015 жыл
Каталог: GU5IVX6YI3FH19N2
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ы дыбысы және әрпі. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Тақырыбы: Өзіне арна бұл күнді Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Мерзімі: Топ: «Ақбота» Білім беру саласы: «Қатынас». Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: «Тіл дамыту»
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> «Ертегілер әлемі» Мақсаты: Білімділік
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Дене шынықтыру. Спорттық демалыс
GU5IVX6YI3FH19N2 -> 2 -кіші «Балдырған» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы Білім беру саласы
GU5IVX6YI3FH19N2 -> «Поможем поросятам одеться»


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет