ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалық және кӘсіптік білім беру факультеті дӘрілер технологиясы кафедрасы



Дата22.01.2018
өлшемі285.38 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК фармацевтика АКАДЕМИЯСЫ
техникалық және кӘсіптік білім беру факультеті
дӘрілер технологиясы кафедрасы


«бекітемін»

ОҚМФА ТжКББФ деканы

___________ Отыншиев М.Ә.

___ _________ 2011 ж.




жұмыс оқу бағдарламасы


Пән: Дәрілік түрлер технологиясы

Мамандығы: 0306000 Фармация

Біліктілігі: 0306013 Фармацевт

Курс: 2, 3

Семестр: 3, 4 , 5, 6

Сағат саны: 248

Шымкент-2011

Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 5 тамызындағы № 604 бұйрығымен бекітілген 0306000 Фармация мамандығы бойынша «Дәрілік түрлер технологиясы» типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.


Дәрілер технологиясы кафедрасының мәжілісінде қаралды ____ ________ 2011 ж. (хаттама № ___ ).

Каф.меңгерушісі, фарм.ғ.д., проф. Сағындықова Б.А.


ОҚМФА ТжКББФ әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді ____ _________ 2011 ж. (хаттама № ____ ).

Төрайым Джуманкулова Н.Р.

1. алғы сөз
Жұмыс оқу бағдарламасы – бұл негізгі ғылыми-әдістемелік құжат және ОҚМФА техникалық және кәсіби білім беру факультетінде пәнді оқытудың типтік бағдарламасын анықтайды.

0306013 Фармацевт біліктілігімен 0306000 Фармация мамандығына арналған дәрілік түрлер технологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы ҚР МжББСТ 4.05.150-2010 бойынша ғылым мен медицинаны дамытудың қазіргі деңгейіне сәйкес жасалған.

Бітірушілерді арнайы технологиялық дайындықпен қамтамасыз ету және фармацевт-ассистенті маманының қалыптасуында басқа фармацевтік пәндермен бірге «Дәрілік түрлер технологиясы» пәні маңызды роль атқарады.

Дәрілер технологиясы дәрі түрлері мен препараттарды алудың теориялық негіздері туралы ғылым ретінде келесі базалық пәндердің: физика, химия, математика, анатомия, адам физиологиясы, микробиология, фармакология, физикалық және коллоидты химия, сонымен бірге фармакогнозия, фармацевтикалық химия, фармация ісін ұйымдастыру және экономикасының теориялық қағидаларына негізделген.

Берілген пәннің жұмысшы оқу бағдарламасында фармация ғылымының негізгі қағидалары және перспективалы тәжірибелері көрсетілген, сонымен қатар қазіргі замандағы тәжірибелік фармацияда теориялық білімнің, іскерлікттің қажеттілігі негізделген.

«Дәрілік түрлер технологиясы» курсы үш бөлімнен құралады: «Дәрілердің дәріханалық технологиясы», «Дәрілердің өндірістік технологиясы», «Ветеринарлық және гомеопатиялық дәрілік түрлер» оларды оқыту саналы жүйеленген және өзара байланысты.


2. тақырыптық жоспар


р/с

Тараулар мен тақырыптардың атаулары

Жалпы сағат

Оның ішінде

Теор. сабақтар

Прак.

сабақтар

Жалпы бөлім

1

Кіріспе

6

2

4

Арнайы бөлім

2

1 тарау Қатты дәрілік түрлер

28

8

20

3

1.1 тақырып Ұнтақтар дәрілік түр ретінде

22

6

16

4

1.2 тақырып Жиынтықтар

6

2

4

5

2 тарау Сұйық дәрілік түрлер

92

26

66

6

2.1 тақырып Сулы ерітінділер

12

4

8

7

2.2 тақырып Бюреткалық жүйені қолданып сұйық дәрілік түрлерді дайындау технологиясы

12

4

8

8

2.3 тақырып Стандартты ерітінділер

6

2

4

9

2.4 тақырып Бейсу ерітінділер

10

2

8

10

2.5 тақырып ЖМҚ ерітінділері

6

2

4

11

2.6 тақырып Коллоидты ерітінділер

6

2

4

12

2.7 тақырып Суспензиялар дәрілік түр ретінде

14

4

10

13

2.8 тақырып Эмульсиялар дәрілік түр ретінде

10

2

8

14

2.9 тақырып Тұнбалар мен қайнатпалар

10

2

8

15

2.10 тақырып Тамшылар. Дайындау кезеңдері

6

2

4

16

3 тарау Жұмсақ дәрілік түрлер

30

10

20

17

3.1 тақырып Линименттер

6

2

4

18

3.2 тақырып Жағар майлар

12

4

8

19

3.3 тақырып Суппозиторийлер

6

2

4

20

3.4 тақырып Пилюлялар

6

2

4

21

4 тарау Стерильді дәрілік түрлер

36

12

24

22

4.1 тақырып Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлер

14

6

8

23

4.2 тақырып Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау технологиясы және тұрақтандыру

16

4

12

24

4.3 тақырып Инфузиялық ерітінділер

6

2

4

25

5 тарау Көзге арналған дәрілік түрлер

16

6

10

26

5.1 тақырып Көзге арналған тамшылар

6

2

4

27

5.2 тақырып Көзге арналған жағар майлар

6

2

4

28

5.3 тақырып Көзге арналған дәрілік пленкалар

4

2

2

29

6 тарау Құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлер. Балаларға арналған дәрілік түрлер.

12

4

8

30

6.1 тақырып Құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлер

6

2

4

31

6.2 тақырып Балаларға арналған дәрілік түрлер

6

2

4

32

7 тарау Сиымсыздықтар

8

4

4

33

7.1 тақырып Дәрілік түрдегі сиымсыздықтар

8

4

4

34

8 тарау Ветеринариялық және гомеопатиялық дәрілік түрлер

8

4

4

35

8.1 тақырып Ветеринариялық дәрілік түрлер

4

2

2

36

8.2 тақырып Гомеопатиялық дәрілік түрлер

4

2

2

37

9 тарау Дәрілердің өндірістік технологиясы

12

4

8

38

9.1 тақырып Зауытта өндірілетін дәрілік түрлер

12

4

8




Барлығы:

248

80

168


3. ПӘннің мазмұны


  1. Жалпы бөлім. кіріспе

Дәрілер технологиясының ғылыми және оқу пәні ретінде анықтамасы. Дәрілер технологиясының базалық және салалық пәндермен байланысы. Курстың мақсаты мен міндеттері. Оқыту реттілігі: дәріс-зертханалық курс, өндірістік және кәсіптік тәжірибесі.

Негізгі түсініктер мен терминдер: технология, фармакологиялық және дәрілік құралдар, дәрілік зат және дәрілік өсімдік шикізаты, дәрілік түрлер, дәрілік препарат. Дәрілік заттар, дәрілік түр және дәрілік препарат арасындағы өзара байланыс.

Әртүрлі тарихи дәуірдегі дәрілік көмектің қалыптасуы. Дамудың қазіргі жағдайы және ертеңі. Дәрілер технологиясы дамуының екі бағыты: зауыттық және дәріханалық өндіріс. Олардың арасындағы өзара байланыс.

Дәрілер технологиясының міндеттері. Оларды шешудің негізгі бағыттары. Республика тұрғындарын дәрілермен қамтамасыз етуді әрі қарай жетілдіру бойынша денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Шешімі. Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық өндірісін дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарламасы. Биофармацияның негізгі қағидалары. Қазіргі заманғы дәрілік түрлер технологиясының биофармацевтік негіздері.

Дәрілер өндірісін мемлекеттік нормалау.

Дәрілік препарттар өндірісін нормалаудың заңдылық ерекшеліктері. Нормалау бағыттары. Дәрілік препараттар құрамын нормалау. Дәрілік түрлер сапасының дәрілік заттар тазалығы мен стандарттығына тәуелділігі. Мемлекеттік Фармакопея. Фармакопеяның қысқаша тарихы. Фармакопеяның дәрілік заттар мен дәрілік түрлер сапасын және өндірісін нормалауы. ҚР мемлекеттік фармакопеяның ерекшеліктері. Халықаралық фармакопея. Дәрілік препараттар өндірісінің жағдайларын нормалау. ҚР ДСМ дәрілік түрлерді дайындау бойынша бұйрықтары, нұсқаулары, ақпарат материалдары.

Дәрілер технологиясы бойынша ғылыми ақпарат көздер.

Дәрілік түрлердің дәрілік және қосымша заттары.

Дәрілік заттар. Дәрілік заттар номенклатурасы. Улы және күшті әсер ететін заттар, олардың дозалары, сақталуы. Жоғары реттік дозалар кестелері. Дәрілік препараттардағы есірткі және оларға теңестірілген заттардың босатылу нормалары. Бұйрықтар.

Қосымша заттар. Анықтамасы. Қосымша заттарға қойылатын талаптар: дәрілік түрдің белгіленуіне сәйкестігі, сиымдылық, биологиялық қауіпсіздік, экономикалық тиімділік. Қосымша заттардың дәрілік заттар биологиялық тиіміділігі мен тұрақтылығына әсері.

Белгіленуі және агрегаттық күйі бойынша қосымша заттардың номенклатурасы және жіктелуі. Негіз түзуші компоненттер: сұйық, жұмсақ, қатты. Физико-химиялық жүйелер ретіндегі дәрілік түрлер тұрақтандырғыштары. Дәрілік заттар мен дәрілік түрлер тұрақтандырғыштары. Консерванттар, пролонгаторлар, солюбилизаторлар. Корригенттер және т.б. Қысқаша сипаттамасы, қолданылуы. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) – қосымша заттар. Концентрацияларына байланысты олардың ерітінділерінің қасиеттерін қолдану. Табиғи ЖМҚ: полисахаридтер (шайырлар, шырыштар, крахмал және т.б.), ақ уыздар және олардың гидролиз өнімдері (желатин, желатоза, коллаген және т.б.), синтетикалық және жартылай синтетикалық ЖМҚ (целлюлоза туындылары, поливинил спирті, поливинилпирролидон және т.б.). Гетерогенді жүйелерді тұрақтандыру үшін беттік активті заттарды (БАЗ) қолдану. Тұрақтандырғыштар сипаттамалары. Консерванттар. Анықтамасы. Оларға қойылатын талаптар (биологиялық қауіпсіздік, антимикробтық белсенділік, дәрілік түр компоненттерімен химиялық сиымдылық, тұрақтылық). Жіктелуі. Қолданылуы.

Дәрілік түрлердің жіктелуі.

Агрегаттық күйі және ағзаға енгізу жолдары бойынша дәрілік түрлердің жіктелуі. Энтеральды және парентеральды қолдануға арналған дәрілік түрлердің ерекшеліктері. Дисперстік жүйе ретіндегі дәрілік түрлердің жіктелуі. Дәрілер технологиясы үшін дисперсологиялық жіктелудің мәні.

Дәріханаларда дәрілік препараттар өндірісін ұйымдастыру.

Рецептер бойынша дәрілік препараттар дайындау. Дәріханаішілік дайындама. Санитарлық, фармацевтикалық тәртіп және дәріханаларда дәрілік түрлер дайындау үшін асептикалық жағдайды қамтамасыз ету. Нормативті құжаттар.

Дәрілік түрлер технологиясында дозалау.

Салмақ бойынша дозалау. Қол таразылардың құрылысы және тексеру. Дәріханалық тәжірибеде қолданылатын таразылар. Таразылардың метрологиялық сипаттамалары: көрсеткіштерінің тұрақтылығы, дұрыстығы, сезімталдығы және бір қалыптылығы. Салмақ бойынша дозалау дәлдігіне әсер ететін факторлар. Таразылар мен өлшегіш тастарды мемлекеттік тексеру. Таразылар мен өлшегіш тастарға күтім жасау. Сусымалы заттарды, тығыздықтары жоғары және төмен сұйықтықтарды, дәрілік түрлерді дозалау ережелері.

Көлем бойынша дозалау. Сұйық компоненттерді дайындау және бөлшектеу кезінде дозалау дәлдігіне әсер ететін физикалық факторлар. Көлем бойынша дозалау үшін қолданылатын қондырғылар және аппараттар.

Тамшымен дозалау. Тамшымен дозалау дәлдігін анықтайтын жағдайлар. Тамызғыштар: стандартты және стандартты емес. Стандартты емес тамызғышты МФ тамшылар кестесіне сәйкес калибрлеу.


2. Арнайы бөлім
1 тарау Қатты дәрілік түрлер
Ұнтақтар дәрілік түр ретінде

Анықтамасы. Сипаттамасы. Ұнтақтарға қойылатын талаптар. Құрамы (жәй және күрделі), дозолануы (дозаланған және дозаланбаған), жазылу, қолдану тәсілі (сеппе, иіскейтін және үрлеуге арналған және т.б.) бойынша ұнтақтардың жіктелуі. Ұнтақтар дайындаудың жалпы ережелері және жеке жағдайлары. Ұнтақтар технологиясының сатылары. Майдалау. Ұнтақтар ингредиенттерін майдалау процессіне әсер ететін негізгі физика-химиялық заңдылықтар. Көлемдік және беттік ұнтақтау. Қатты денелерің жабысу күштерін, тығыздық шегін және беріктілігін жою. Дәрілік заттардың меншікті беті көлемінің және бос беттік энергиясының өсуін терапевтік эффективтілікке ұнтақтарды дайындау кезінде қолдану.

Ұнтақ тәрізді қоспалар дайындау, олардың біркелкілігі. Ұнтақ ингредиенттерін араластырудың негізгі ережелері және олардың дәйектемесі. Улы заттармен ұнтақтар дайындау. Тритурациялар. Құрамында бояғыш, қиын ұнтақталатын заттары және экстрактары бар ұнтақтар. Ұнтақтар дайындау үшін қолданылатын қондырғылар және аппараттар. Ұнтақтар дозалау және қағаз, желатинді капсулаларға орамдау. Ұнтақтардың сапасын бағалау: бөлшектер өлшемі, араластыру біркелкілігі, дозалау дәлдігі және т.б. Сақталуы. Ұнтақтарды жетілдіру бағыттары: ұнтақтар дайындау үшін жартылай фабрикаттар, кіші механизация құралдарын қолдану.

Жиынтықтар

Жиынтықтар дәрілік түр ретінде. Сипаттамасы. Қолдану әдісіне, белгіленуіне және дозалануына байланысты жіктелуі. Жиынтықтардың жалпы технологиясы. Жиынтықтардың жеке технологиясы. Жиынтықтар құрамына эфир майлары мен тұздарды енгізу. МФ бойынша Жиынтықтар қойылатын талаптар. Қолданылуы.


2 тарау Сұйық дәрілік түрлер
Сулы ерітінділер сұйық дәрілік түр ретінде

Анықтамасы. Сұйық дәрілік түрлердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар. Қолдану тәсілі бойынша сұйық дәрілік түрлердің жіктелуі. Дисперсологиялық жіктелу. Сұйық дәрілік түрлер үшін дисперсионды орталар. Тазартылған су. Алу, сақтау. Жұмыс орнына суды беру. Су өткізгіш құбырларды тазалау. Тазартылған судың сапасын бағалау. Бейсу дисперсионды орталар. Сипаттамасы, оларға қойылатын талаптар.

Этил спирті, оны сұйылту. Глицерин. Майлы және минералды майлар. Хлороформ. Эфир. Полиэтиленоксидтер (ПЭО). Силиконды сұйықтықтар. Диметилсульфоксид. Ерітінділер. Жазылу тәсілдері. Рецептерде ерітінділер концентрацияларын белгілеу. Дәрілік заттардың ерігіштігі дәрілер технологиясы үшін қажетті негізгі физико-химиялық сипаттамалардың бірі ретінде. Ерітінділер технологиясының сатылары. Қиын еритін, жеңіл тотығатын және басқа заттар ерітінділеі технологиясының ерекше жағдайлары. Ерітінділер технологиясында майдалау, қыздыру, араластыру және комплекс түзуді қолдану. Ерітінділерді фильтрлеу және сүзу. Қолданылатын материалдар (мақта, дәке, фильтр қағазы), оларға қойылатын талаптар. Шыны фильтрлер. Дайындаудың салмақ-көлемдік әдісі. Күміс нитраты, калий перманганаты, осарсол және т.б. ерітінділерін дайындаудың ерекше жағдайлары.

Бюреткалық жүйені қолданып сұйық дәрілік түрлерді дайындау технологиясы

«Бюреткалық жүйені пайдаланып, сұйық түрлерді дайындау бойынша нұсқаудың» негізгі ережелері. Бюреткалық жүйелер, қондырғылар және олардың эксплуатациясы ережелері.

Бюреткалық қондырғыларға арналған концентрлі ерітінділер, оларды дайындау жағдайлары және сапасын бағалау. Концентрлі ерітінділерді сұйылту және қанықтыруға байланысты есептеулер. Сақтау. Концентрлі ерітінділермен, галенді препараттармен және құрамында мөлшері 3%-ке дейін, 3%-тен жоғары ұнтақ түрінде болатын дәрілік заттармен микстуралар технологиясы.

Стандартты ерітінділер

Анықтамасы. Сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар. Стандартты официналды сұйықтықтарды сұйылту: сутек асқын тотығы, формальдегид, қышқылдар, алюминийдің негізгі ацетаты ерітінділерін. Стандартты сұйықтықтарды сұйылту бойынша есептер шығару.



Бейсу ерітінділер

Анықтамасы. Сипаттамасы. Еріткіштің табиғаты бойынша жіктелуі. Технологиялық процестің сатылары. Глицеринде, майларда, спиртте, эфирде ерітінділер дайындау ерекшеліктері. Бейсу еріткіштер. Этил спирті, оны МФ бойынша сұйылту, майлы және минералды майлар. Оларға қойылатын талаптар. Орамдау. Ерітінділердің сапасын бағалау: түсі, механикалық қоспалардың болмауы, жалпы көлемдегі (спирттік) немесе салмақтағы ауытқулар. Сақтау.



Жоғары молекулалы қосылыстар (ЖМҚ)

Анықтамасы. Сипаттамасы. ЖМҚ молекулалары құрылысының еру процессіне әсері: шекті және шексіз ісінетін заттар. ЖМҚ ерітіндідегі өзгерістер (коацервация, қатуы және т.б.). ЖМҚ ерітінділері технологиясының сатылары. Пепсин, желатин, крахмал, метилцеллюлоза, натрий-карбоксиметилцеллюлоза және басқа синтетикалық ЖМҚ ерітінділерін дайындау ерекшеліктері. Ерітінділердің сапасын бағалау: түсі, механикалық қоспалардың болмауы, жалпы көлемдегі немесе салмақтағы ауытқулар. Орамдау. ЖМҚ ерітінділерін олардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты сақтау. Сақтау кезінде ерітінділерде өзгерістер тудыратын тұздану, коацервация, сілбілену және басқа процесстер. Ерітінділерді жетілдіру бағыттары: «құрғақ» микстуралар, микстура-концентраттар жасау, консервілеу, түзету, дәріханаішілік дайындама номенклатурасын кеңейту, кіші механизация құралдарын ендіру.



Қоллоидты ерітінділер

Анықтамасы. Жіктелуі. Дәрілік түрлердің жалпы қасиеттері. Коллоидты ерітінділердің, суспензиялар және эмульсиялардың гетерогенді жүйе ретіндегі физико-химиялық тұрақтылығын сипаттайтын агрегативті, кинетикалық, конденсациялық тұрақтылық. Дәрілік түрлер ретіндегі суспензиялар мен эмульсияларды тұрақтандыру үшін қолданылатын ЖМҚ және БАЗ. Физико-химиялық беттік құбылыстарға негізделген олардың тұрақтандырғыш әсерлері.

Коллоидты ерітінділер. Анықтамасы. Сипаттамасы. Коллоидты ерітінділерге қоылатын талаптар. Коллоидты ерітінділерді дайындау сатылары. Коллоидтардың мицеллалар құрамына байланысты технологиялық тәсілдер. Колларгол және протаргол сипаттамалары, олардың технологиялық ерекшеліктері. Коллоидты ерітінділердің сапасын бағалау: түсі, механикалық қоспалардың болмауы, жалпы көлемдегі ауытқулар және т.б. Орамдау. Коллоидты ерітінділердің сақтау кезіндегі тұрақтылығы.

Суспензиялар дәрілік түр ретінде

Анықтамасы. Сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар. Суспензиялар технологиясында қолданылатын, тұрақтандыруды қажет ететін дәрілік заттар сипаттамалары.

Суспензияларды алу әдістер: дисперстік және конденсациялық. Суспензиялар дайындаудың дисперстік әдісі. Гидрофильді заттар суспензияларының технологиясы: Дерягин ережесін, лайлау тәсілін қолдану. Гидрофобты заттар суспензиялары. Тұрақтандырғыштар, олардың сапалық және сандық талдау. Суспензиялар технологиясының конденсациялық әдісі. Суспензиялардың сапасын бағалау: механикалық қоспалардың болмауы, бөлшектер өлшемдері, ресуспендирленуі, жалпы көлемдегі немесе салмақтағы ауытқулар және т.б. Орамдау. Сақтау.

Эмульсиялар дәрілік түр ретінде

Ішуге қолдануға арналған эмульсиялар. Анықтамасы. Сипаттамасы. Жіктелуі: дәннен жасалған және майлы эмульсиялар. Оларға қойылатын талаптар. Майлы эмульсиялар технологиясының сатылары. Тұрақтандырғышты таңдау және есептеу. Дәрілік заттарды эмульсияларға енгізу. Эмульсиялардың сапасын бағалау: механикалық қоспалардың болмауы, жалпы салмағындағы ауытқу және т.б. Орамдау. Сақтау. Суспензиялар мен эмульсиялардың даму перспективалары: тұрақтандырғыштар ассортиментін кеңейту, кіші механизация құралдарын, сапасын бағалаудың жетілген (инструментальды) әдістерін ендіру және т.б.



Тұнбалар және қайнатпалар

Анықтамасы. Экстракциялық дәрілік түрлердің маңызы. Сулы сірінділердің сипаттамалары және жіктелуі. Тұнбалар және қайнатпаларға қойылатын талаптар. Десорбция, еру және диффузия процестерінің бірлігі ретінде. Сірінділеу процессінде молекулярлық және конвективті диффузия теориясының негізгі ережелерін қолдану. Щукарев-Фик заңы. Сірінділер сапасына әсер ететін факторлар: стандарттығы және өсімдік материалы бөлшектерінің өлшемдері, шикізат мөлшері мен экстрагент қатынасы (су сіңіру және шығын коэффициенттері), экстракция кинетикасы. Дәрілік шикізаттың әсер етуші және қосымша заттары физика-химиялық қасиеттерінің сірінділеу процессіне әсері. Сулы сірінділерді дайындаудың ерекше жағдайлары: жалбызтікен тамыры тұнбасы, құрамында алкалоидтары, гликозидтері, илік заттары, сапониндері және т.б. бар шикізаттан сулы сірінділер. Тұнбалар мен қайнатпалар технологиясының сатылары. Аппараттар. Инфундирлік аппараттар. Тұнбалар мен қайнатпаларға дәрілік заттарды енгізу.

Сулы сірінділерді осы мақсатта арнайы дайындалған экстрактардан дайындау. Сулы сірінділердің сапасын бағалау: түсі, механикалық қоспалардың болмауы, жалпы көлемдегі ауытқу және т.б. Орамдау. Сақтау. Сулы сірінділерді жетілдіру: консерванттарды енгізу арқылы сулы сірінділердің тұрақтылығын арттыру, кіші механизация құралдарын қолдану, экстрактар ассортиментін кеңейту, сулы сірінділердің сапасын бағалаудың объективті, жетілдірілген әдістерін зерттеп енгізу.

Тамшылар. Дайындау кезеңдері

Тамшылар дәрілік түр ретінде. Анықтамасы. Сипаттамасы. Тамшыларға қойылатын талаптар. Жіктелуі.

Тамшыларды дайындау сатылары. Эвтектикалық қоспалар түзілу есебінен тамшылар технологиясы. Тамшылардың сапасын бағалау: түсі, мөлдірлігі, механикалық қоспалардың болмауы, жалпы көлемдегі ауытқу және т.б. Орамдау. Сақтау.

3 тарау Жұмсақ дәрілік түрлер


Линименттер

Анықтамасы. Сипаттамасы. Линименттердің дисперстік ортасына байланысты және дисперстік жүйе ретіндегі жіктелуі. Линименттерге қойылатын талаптар. Линименттерді дайындау сатылары. Гомогенді, суспензиялық, эмульсиялық және аралас линименттер технологиясы (аммиак линименті, Вишневский жағар майы және т.б.). Линименттердің сапасын бағалау: біркелкілігі, механикалық қоспалардың болмауы, жалпы салмақтағы ауытқу және т.б. Орамдау. Сақтау. Линименттерді жетілдіру: тұрақтылығын арттыру (консерванттар, қоюлатқыштар енгізу) кіші механизация құралдарын қолдану.



Жағар майлар дәрілік түрлер ретінде

Анықтамасы. Сипаттамасы. Жағар майлардың (жергілікті және жалпы әсерлі) белгіленуі бойынша (емдік, қорғаныс, косметикалық және т.б.), қолдану жері бойынша (дерматологиялық, кілегей қабат үшін) және дисперстік жүйе ретіндегі жіктелуі. Жағар майларға қойылатын талаптар. Жағар май негіздері. Оларға қойылатын талаптар. Негіздердің жіктелуі: липофильді, гидрофильді, дифильді. Жағар май негіздерінің сипаттамалары. Жағар майдан дәрілік заттың босап шығу толықтығына және жылдамдығына негіздің әсері. Дәрілік заттарды жағар майларға енгізудің негізгі ережелері. Дәрілік заттар бөлшектері өлшемдерінің жағар майлардың биологиялық тиімділігіне әсері.

Жағар майлар технологиялық процессінің сатылары.

Гомогенді жағар майлар дайындау: балқымалар, ерітінділер. Дәрілік заттар концентрациясы 5%-ке дейін және одан жоғары суспензиялық жағар май технологиясы. Пасталар технологиясының ерекшеліктері. Эмульсиялық жағар майлар дайындау. Аралас жағар майлар. Жағар майлардың сапасын бағалау: суспензиялық жағар майлардағы дәрілік заттар бөлшектері өлшемдерін анықтау, салмақтағы ауытқу, реологиялық сипаттамалар және т.б. Орамдау. Сақтау. Жағар майлар технологиясын жетілдіру, негіздер ассортиментін кеңейту, жағар майлар сапасын бағалаудың объективті әдістерін ендіру, кіші механизация құралдарын қолдану және т.б.



Суппозиторийлер

Суппозиторийлер дәрілік түр ретінде. Анықтамасы. Сипаттамасы. Суппозиторийлердің жіктелуі. Оларға қойылатын талаптар.

Суппозиторийлер үшін негіздер, оларға қойылатын талаптар. Суппозиторийлер негіздерінің жіктелуі: гидрофобты, гидрофильді. Дәріхана іс-тәжірибесінде суппозийторилер үшін қолданылатын негіздер номенклатурасы және олардың сипаттамасы. Негіздердің дәрілік заттардың биологиялық тиімділігіне әсері. Сабын-глицеринді суппозиторийлер.

Дәрілік заттарды суппозиторийлерге енгізудің негізгі ережелері. Суппозиторийлерді алу әдістер: қолмен илеу, қалыпқа құю, престеу. Дайындаудың әртүрлі әдістерінде суппозиторийлер үшін негіздер мөлшерін есептеу. Орын басу коэффициенттері. Алу тәсіліне байланысты суппозиторийлер технологиялық процесінің сатылары. Суппозиторийлерді құюға арналған қалыптар, олардың эксплуатациясы. Престер. Суппозиторийлердің сапасын бағалау: өлшемдері, пішіні, қоспалардың болмауы, орташа салмақтан ауытқуы, толық деформациялану уақыты және т.б. Орамдау. Сақтау. Суппозиторийлерді жетілдіру: негіздер ассортиментін кеңейту, жаңа ректальды түрлер, орауыштардың жаңа түрлерін жасау.



Пилюлялар

Пилюлялар дәрілік түр ретінде. Анықтамасы. Сипаттамасы. Пилюлялар дайындау үшін қолданылатын қосымша заттар. Дәрілік заттардың химиялық табиғатына байланысты оларды таңдау принциптері. Пилюлялар технологиясы.

Пилюлялардың сапасын бағалау: өлшемдері, біркелкілігі, ыдырағыштығы, орташа салмақтан ауытқуы және т.б. Сақтау. Пилюляларды дәрілік түр ретінде жетілдіру.
4 тарау Стерильді дәрілік түрлер
Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлер

Номенклатурасы: шаншуға арналған, көзге арналған, құрамында антибиотиктері бар, жаңа туған және бір жасқа дейінгі балалар үшін. Асептикалық жағдайлар жасау. Нормативті құжат талаптары. Стерилизация асептика жағдайларының негізгі факторларының бірі ретінде. Дәрілер технологиясында қолданылатын стерильдеу әдістері. Дәрілік және қосымша заттардың физико-химиялық қасиеттеріне және микроорганизмдердің өмір сүру қабілетіне байланысты объектілер стерильдігін қамтамасыз ету. Стерильдеудің әртүрлі әдістеріндегі қауіпсіздік техникасын сақтау. Жылу стерилизациясы. Ыстық ауамен және ылғалды бумен стерильдеу (ағынды бумен стерильдеу, қысым астында бумен стерильдеу). Аппараттар: автоматты тәртіппен жұмыс істейтін, кептіргіш-стерильдеуші шкафтар, стерильдеуші камерасы бар бу стерилизаторы және т.б. Объектілер қасиеттері және олардың санына байланысты стерильдеу тәртіптері. Қысым астында жұмыс істейтін апараттармен жұмыс істеу ережелері.Стерильдікті тексеру.

Ультракүлгін сәулелермен стерильдеу. Қуаттылығы әртүрлі увиольды лампалар. Конструкциялары әртүрлі бактерицидті сәулелендіргіштер. Ауаны, суды, басқа да объектілерді стерильдеу. Стерильдеу сенімділігін қамтамасыз ету. Химиялық стерильдеу: газбен және сутек асқын тотығы, қышқылдар (дезоксон-1) ерітінділерін қолданып. Химиялық консерванттар. Фильтрлеп стерильдеу. Оның дәрілер технологиясында қолданудың маңызы. Керамикалық, фарфор және шыны фильтрлер. Отандық және шетелдік мембрандық ультрафильтрлер. Фильтрлеп стерильдеуге арналған қондырғылар. Фильтрлерді дайындау. Пирогенді заттар. Олардың табиғаты. Пирогенді заттар көзі. Биологиялық және физико-химиялық әдістерді қолданып пирогендікті тексеру. Депирогенизация.

Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау технологиясы және тұрақтандыру

Шаншуға арналған су. Шаншуға арналған дәрілік түрлер. Анықтамасы. Сипаттамасы. Артықшылықтары және кемшіліктері. Талаптар: стерилдік, апирогендік, тұрақтылық, механикалық қоспалардың болмауы.

Шаншуға арналған дәрілік түрлер үшін еріткіштер. Шаншуға арналған су. Қойылатын талаптар. Дәріханаларда суды алу. Аппараттар, олардың конструкцияларының ерекшеліктері. Тамшыаулағыш қондырғылар. Суды жинау және сақтау. Шаншуға арналған судың сапасын тексеру.

Шаншуға арналған дәрілік түрлер үшін дәрілік заттар. Оларға қойылатын талаптар. Дәрілік және қосымша заттарды стерильдеу. Шаншуға арналған ерітінділер үшін қолданылатын құтыларға қойылатын талаптар. Шынының химиялық тұрақтылығы және оның мәні. Дәріхана жағдайында шаншуға арналған ерітінділер үшін қолданылатын құтыларды тексеру және өңдеу. Шаншуға арналған ерітінділерді тығындау. Табиғи және синтетикалық каучуктен жасалған резина тығындар, оларға қойылатын талаптар. Өңдеу. Шаншуға арналған ерітінділер құтыларын тығындау (обкатка). Сиымдылықтары әртүрлі флакондарды тығындау (обкатка) үшін қолданылатын машиналар.

Дәріханаларда шаншуға арналған ерітінділерді дайындаудың технологиялық схемалары. Шаншуға арналған ерітінділер технологиясын регламенттейтін инструкциялар және бұйрықтар. Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Негізгі принциптері. Ерітінділер технологиясында гидролиз, тотығу-тотықсыздану процестерінің негізгі ережелерін қолдану. Новокаин, кофеин-натрий бензоатын, аскорбин қышқылын, глюкозаны, көп компонентті ерітінділерді дәріхана жағдайында тұрақтандыру. Термолабильді заттардың ерітінділерін дайындау. Ерітінділерді механикалық қоспалардан тазарту. Дәріхана жағдайында шаншуға арналған ерітінділерді фильтрлеу үшін қолданылатын фильтрлер және аппараттар. Шыны фильтрлері бар ваккум-фильтрлеуші қондырғылар. Фильтрлеуші материалдары әртүрлі фильтрлер, көп саңылаулы фильтрлер. Шаншуға арналған ерітінділерді құтыларға бөліп құю, тығындау және маркілеу. Шаншуға арналған ерітінділерді стерильдеу. Шаншуға арналған ерітінділер сапасын бағалау: түстілігі (дәріханада қолданылатын қондырғылар), химиялық талдау. Шаншуға арналған ерітінділерді бактериологиялық талдау. Апирогендікке сынау. Сақтау жағдайлары және мерзімдері.

Инфузиялық ерітінділер

Сипаттамасы. Изотондау, изогидрлеу, изоиондау талаптары. Вант-Гофф, Рауль заңдары және дәрілік заттардың натрий хлориді бойынша эквиваленттері негізінде изотондық концентрациялар есептеулері. Дәріханаларда дайындалатын инфузиялық ерітінділер номенклатурасы және олардың технологиясының ерекшеліктері. Натрий гидрокарбонаты, «Рингер-Локк», «Ацесоль», «Дисоль», «Хлосоль» және т.б. ерітінділері.

Термолабильді дәрілік заттармен шаншуға арналған ерітінділер технологиясының ерекшеліктері. Термолабильді дәрілік заттармен шаншуға арналған ерітінділерді жетілдіру: тиімді тұрақтандырғыштар ассортиментін кеңейту, жаңа фильтрлеуші материалдар және стерильдеу әдістерін қолдану.
5 тарау Көзге арналған дәрілік түрлер
Анықтамасы. Тамшылар. жағар майлар, көз дәрілік пленкалары. Сипаттамалары. Көз дәрілік түрлеріне қойылатын талаптар.

Көз тамшылары

Көз тамшылары. Дәріханада дайындалатын көз тамшылар номенклатурасы. Оларға қойылатын талаптар: стерильдік, тұрақтылық, төзімділік, изотондық, механикалық қоспалардың болмауы және әсерінің ұзақтығы.

Технологиялық процесс сатылары.

Тұрақтандыру: ерітінділердің рН-мәнін реттеу, буферлі еріткіштер қолдану (фосфатты, боратты және т.б.), изотондау. Көз тамшылар үшін әсерді ұзартушы компоненттер: метилцеллюлоза, поливинил спирті, полиакриламид және т.б. Консерванттар қосу. Стерильдеу. Көз тамшылары орауыштарының түрлері: БШ-1 маркалы шыны құты, полиэтиленді тюбик-тамызғыштар. Сапасын бағалау: механикалық қоспалардың болмауы, стерильдік, жалпы көлемдегі ауытқу және т.б. Сақтау. Көз тамшыларын жетілдіру: тұрақтылығын арттыру, стерильдеудің және орауыштардың жаңа түрлерін ендіру, т.б.



Көз жағар майлары

Көз жағар майлары. Оларға қойылатын талаптар. Көз жағар майлары негіздері. Оларды стерильдеу. Технологиясының ерекшеліктері. Көз жағар майларын орамдау. Көз жағар майларының сапасын бағалау: микробиологиялық тазалығы, суспензиялық жағар майлардағы дәрілік заттар бөлшектерінің өлшемдері, реологиялық сипаттамалары, жалпы салмақтағы ауытқулар және т.б.

Көз жағар майларын жетілдіру: жаңа негіздер, жаңа орауыштар түрлерін ендіру және т.б.

Көз дәрілік пленкалары (КДП)

Анықтамасы. Жалпы сипаттамасы, олардың көз тамшылары және жағар майларымен салыстырғанда артықшылықтары. КДП қойылатын талаптар. Номенклатурасы. Көзге арналған дәрілік түрлердің дәріханаішілік дайындамалары. Номенклатурасы. Сақтау мерзімдері.


6 тарау Құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлер. Балаларға арналған дәрілік түрлер
Құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлер

Анықтамасы. Сипаттамасы. Номенклатурасы: ұнтақтар, ерітінділер, жағар майлар, суппозиторийлер. Оларға қойылатын талаптар. Қосымша заттарды таңдау және антибиотиктер тұрақтылығына байланысты технологиясының ерекшеліктері. Дәрілік түрдің бір түріне байланысты көрсеткіштерді ескеріп, сапасын бағалау. Орамдау. Сақтау. Құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлерді жетілдіру: тұрақтылықты арттыру, жаңа қосымша заттар, стерильдеудің жаңа әдістерін ендіру және т.б.



Балаларға арналған дәрілік түрлер

Балаларға арналған дәрілік түрлерге қойылатын талаптарды реттейтін құжаттар. Жаңа туылған және 1 жасқа дейінгі нәрестелерге арналған дәрілік түрлерді дайындау үшін асептикалық жағдайлар. Ішуге қолданылатын ерітінділерді, ұнтақтарды, сеппелерді, майларды дайындау технологиясы. Балаларға арналған дәрілік түрлерді стерильдеу, бөлшектеу, тасымалдау және сақтау.


7 тарау Сиымсыздықтар
Дәрілік түрлердегі сиымсыздықтар

Анықтамасы. Сипаттамасы. Жіктелуі. Физикалық, химиялық және физика-химиялық процестерге негізделген дәрілік түрлердегі ингредиенттердің сиымсыз үйлесімдері. Сиымсыздықтарды болдырмаудың негізгі тәсілдері: технологиялық процесті өзгерту, қосымша заттар енгізу, дәрілік заттарды алмастыру, дәрілік түрді өзгерту және т.б.

Рациональды емес (дәрілерді дайындауда қиындық тудыратын) жазылымдар. Фармакологиялық сиымсыздықтар туралы жалпы түсінік.

Рецептерде сиымсыздықты анықтаған фармацевт әрекетінің нормалары. Сиымсыздықты алдын-алу бойынша шаралар.


8 тарау Ветеринариялық және гомеопатиялық дәрілік түрлер
Ветеринариялық дәрілік түрлер

Анықтамасы. Оларға қойылатын талаптар. Жануарлар және құстар үшін дәрілік түрлер технологиясының ерекшеліктері. Жануарлар және құстарға дәрілік түрлерді енгізу жолдары. Ветеринариялық дәрілік түрлер үшін улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың жоғарғы реттік дозаларын анықтайтын кестелер.



Гомеопатиялық дәрілік түрлер

Гомеопатияның анықтамасы. Гомеопатияның аллопатиядан ерешелігі. Гомеопатияның негізін қалаушы. Гомеопатиялық дәрілік түрлер және оларды белгілеу. Сұйылту туралы түсінік. Ондық және жүздік сұйылтулар және оларды қолдану. Гомеопатиялық дәрілік құралдарды дайындау әдістері.



9 тарау Өнеркәсіптік өндірісте шығарылатын дәрілік түрлер
Өнеркәсіптік өндірісте шығарылатын дәрілік түрлер

Зауытта өндіретін дәрілік түрлер туралы жалпы түсінік. Ірі фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың негізгі принциптері. ҚР фармацевтік өндірістің қазіргі кездегі жағдайы және даму перспективалары. Дәрілік препараттарды өндіру және енгізудің негізгі принциптері және сатылары. Өнеркәсіптік өндірісте шығарылатын дәрілік түрлер. Олардың жіктелуі. Фитопрепараттар, таблеткалар, капсулалар, микрокапсулалар, аэрозольдер және әсері ұзартылған дәрілік түрлер туралы түсінік.


4. оқу-әдістемелік жабдықталуы

4.1 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



а) Негізгі әдебиеттер:

  1. Аванесьянц Э.М. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002 г.

  2. Погорелова В.И. Фармацевтическая технология. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002 г.

  3. Краснюк И.И., Михайлова Г.В. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм. М., «Академия», 2006 г.

  4. Технология лекарственных форм. - /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.: Медицина, 1991 г.- 1-й том.

  5. «Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм» - (Под ред. Кондратьевой Т.С.) - М., 1986.

б) Қосымша әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының МФ, Алматы, «Жібек жолы», 2008ж.

  2. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968 г.

  3. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987 г., том 1.

  4. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1988 г., том 2.

  5. Сағындықова Б. А. Дәрілердің өндірістік технологиясы : оқулық . - Шымкент, 2008. - 348 бет.

  6. Сағындықова Б. А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы : оқулық . - Шымкент, 2008. - 436 бет.

  7. Грецкий, В. М. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарственных форм : учебное пособие для учащихся фармацевтических училищ и колледжей . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. , 2000. - всего 57 экз.

  8. Грецкий, В. М. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарственных форм : учебник. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. , 1991. - всего 480 экз.

  9. Технология лекарственных форм. В 2 т. Т. 2 : учебник для фармац. ин-тов и фармац. фак. мед. ин-тов / Р. М. Бобылев [и др.] ; под ред. Л. А. Ивановой. - М. , 1991. всего 927 экз

  10. Елинов Ю.Ю. Полный справочник фармацевта. М., 2006 г.

  11. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., «Медицинаң, 2010 г.

  12. Приказы и инструктивные письма, нормирующие деятельность аптечных учреждений и фармацевтических предприятий.


4.2 Көрнекті құралдар және ОТҚ

Плакаттар, анықтамалық кестелер жинағы, ақпаратты стенд, графпроектор ТТВ – 5220, мультиймедиялық қондырғы


4.3 Тест сұрақтары:

Пәннің барлық бөлімдерін қамтитын 500 тестік тапсырмалар дайындалған.


4.4 Емтихан сұрақтарының тізімі:

Білім алушылар ағымдық емтиханды тест түрінде, ал қорытынды Мемлекеттік емтиханды кешенді емтиханды түрінде тапсырады.







Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет