ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы «Гигиена-2» кафедрасы



Дата04.07.2017
өлшемі252.79 Kb.
#23298

ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена – 2 кафедрасы

044 -53-18 ( )

18 беттен бет
Дәрістер кешені





ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«Гигиена-2» кафедрасы

ДӘРІС КЕШЕНІ

Пән : «Емдеу - профилактикалық мекемелер гигиенасы және аурухана ішілік инфекцияның алдын алу»


Мамандық: - 5В110400- «Медициналық-профилактикалық іс»
Оқу сағатының көлемі (кредиттің) - 90 сағат/ 2 кредит
Курсы және оқу семестрі : ІV-курс, 7- семестр

2014 ж.

Дәріс кешені кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.


Хаттама № ____ ________ 2014ж.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________С.У. Ескерова

1.


1.Тақырыбы: Емдеу - алдын алу мекемелер гигиенасы пәні, мақсаты, міндеттері. Емдеу - алдын алу мекемелер гигиенасының даму тарихы.

«Медициналық-профилактикалық іс» маман-дығы бойынша бакалавр үшін ЕПМ гигиенасының маңызы.



2. Мақсаты: Емдеу - алдын алу мекемелер гигиенасы пәні, мақсаты, міндеттері. Емдеу - алдын алу мекемелер гигиенасының даму тарихы.

«Медициналық-профилактикалық іс» маман-дығы бойынша бакалавр үшін ЕПМ гигиенасының маңызын үйрету.


3. Дәріс тезистері:
«Емдеу –профилактикалық мекеме термині, тұрғындарға медициналық көмек көрсететін, денсаулық сақтау мекемелерінің үлкен тобын білдіреді.

Бұл мекемелердің негізгі және медициналық жұмысы бұл-науқастардың денсаулығын тез және толық қалпына келтіру және аурудың асқынуын алдын алу болып табылады. Сондай –ақ ЕПМ мед. персоналдарға дұрыс еңбек жағдайын қамтамасыз ету керек, себебі еңбек процесінің күрделенуіне байланысты, ЕПМ –де жұмыс жасайтын мамандарға үлкен әсер етеді. Осы мәселелер, гигиенаның бір бөлімі болып табылады, соның арқасында Аурухана гигиенасы немесе ЕПМ гигиенасы деп аталды.

Аурухана гигиенасы-ғылым ретінде ашылғанына 50 жыл болды, сондықтан оның нормативтік базасының көлемі кішірек. Бірақ медицинаның дамуына байланысты, жаңа технологиялардың шығуына байланысты, медицина дамуына жәнеаурухананың дамуына әкеледі.

Аурухана гигиенасы, гигиена ғылымдардың ішінде жаңа, өз күшімен дамып келе жатқан ғылымдардың бірі. Санитарлық практикада аурухана гигиенасының өткір және акттуальді мәселелерін болуына байланысты, біз коммуналды гигиена оқулығына негізін бердік. Әр түрлі ЕПМ бар, олардың өздерінің нақты және қатаң атқаратын жұмыстары бар. Оларға кіретіндер:

-аурухана мекемелері (диспансерлік «туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, онкологиялық, психоневрологиялық т.б)

-амбулаториялық-емхана мекемелері (қалалық, аудандық, стоматологиялық емхана, медико-санитарлық бөлімдер, өндірістегі дәрігерлік пунктер);

-ана мен баланы қорғау мекемелері (босанатын үйлер, балалар консультациясы, бала-бақша);

-санитарлық-курорттық мекемелер;

-санитарлық эпидемияға қарсы мекемелер (гигиена және эпидемиология орталығы, малярияға қарсы станция, дез станция т.б);

Ауруханалар тек тұрғындарға медициналық көмек көрсетуден басқа, аурудың алдын алу шараларын жүргізеді. Ірі ауруханалар (республикалық, аудандық) ұйымдастыру –методикалық жұмыстарды жүргізеді. Ауруханалар облыстық, қалалық, орталық, аудандық, ауылдық, учаскелік болып бөлінеді. Сондай-ақ ауруханалар бір профильді және көп профильді болып бөлінеді. Аурухананың өз бетінше түріне, жедел жәрдем, балалардың аурулардың қайта қалпына келтіруге мекемелері (реабилитациялық) жатады. Ал арнайы ауруханаларға: жұқпалы аурулар, туберкулезді,терівенерологиялық, психиатриялық, босанатын үйлер.



4. Иллюстрациялы материалдар: слайд-15
5.Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Шабдарбаева М.С., Омаров С.Қ., Коммуналдық гигиенасы. Окулық. Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, I- ІІ бөлім.

2. Неменко Б.А., Коммуналды гигиена: оқулық – Алматы, 2005.

Қосымша:

Электронды ресурстар:

1.Мазаев В.Т. Коммуналды гигиена. В 2 ч. [Электронды ресурс]: учебник для вузов – 2-е изд., испр. и. доп. – электрон. Текстовые дан. (35,7 МБ). –М.: Издательская группа «ГЭОТАР - Медиа», 2009-304 с.эл.опт. диск (СD ROM). 2.Ескерова С.У., Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы [Электронды ресурс]: оқу құралы– электрон. Текстовые данные (856 МБ). – Шымкент: ОҚММА, 2009.



Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2007 - Ч.1.-304 с.; Ч. 2. - 336 с.

2. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник – Алматы, 2008. – 430с.

Қосымша:

1 .Общая гигиена /под ред. А.М. Большакова, В.Г. Маймулова.- М., 2006.

2. Севастьянов В.Н. Проблема радонобезопастности в Казахстане: монография. – Алматы: КазгосИНТИ, 2004

Мазаева В.Т., Ильницкий А.П., Шлепнина Т.Г. Руководство по гигиене воды и питьевого водоснабжения. – М. – 2008.

3.Больничное дело в Казахстане: состояние, проблемы и подходы к новой модели / А.А. Аканов, В.Н. Девятко, В.И. Ахметов и др. – Астана, Б. – 2006.-

4.Руководство к лабораторным занятиям по общей гигиене. – М., 2009.


6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

1)ЕПМ гигиенасының даму тарихын айтып беріңіз.

2)ЕПМ қандай мекемелер кіреді?

3)ЕПМ атқаратын қызметін айтып беріңіз.

4)ЕПМ қандай шаралар жүргізеді?

2.



  1. Тақырыбы: Аурухана гигиенасы аясындағы заңды құжаттар. ЕПМ-не ескертпелі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау.




  1. Мақсаты: Аурухана гигиенасы аясындағы заңды құжаттар. ЕПМ-не ескертпелі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды үйрету.

  2. Дәріс тезистері:

Аурухана гигиенасы аясындағы заңды құжаттарға мына төмендегі НҚА жатады;


  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылєы 17 қаңтардағы 87 Қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – СҚ)

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.01.2012ж № 33 Қаулысымен бекітілген

«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» СҚ «Халыќ денсаулығы жәңе денсаулыќ саќтау жүйесі туралы» Ќазаќстан Республикасыныѕ 2009 жылєы 18 ќыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және денсаулыќ сақтау объектілеріне ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялық алаптарды белгілейді.
      2. Осы Санитариялық қағидалар:
      1) құрылысқа жер таңдауын таңдау;
      2) жобалау, салу, қайта жаңарту;
      3) үй-жайларды және жабдықтарды күтіп-ұстау;
      4) медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму;
      5) науқастарды тамақтандыруды ўйымдастыру, сондай-ақ медицина персоналыныңеңбек жағдайлары;
      6) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу және дезинфекциялауды жүргізу;
      7) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
      3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) антисептик – микробтарды жою мақсатында теріге немесе тінге қолдануға арналған микробқа қарсы химиялық агент;
      2) антисептика – емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық үдерістің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы әлеуетті қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы;
      3) асептикалық режим – микробтардың жараға түсуінің алдын алатын санитариялық-техникалық және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар кешені;
      4) асептикалық бөлімше – науқаста іріңді инфекция болмағанда медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жай;
      5) бокс – сырттан науқас келіп түсуіне арналған, жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына: палата, санитариялық торап, ванна және шлюз кіреді;
      6) жеке босандыру палатасы немесе бірге болу палатасы – босанатын бір әйелді босандыруға арналған, санитариялық торабы бар, босанған әйел жаңа туған нәрестесімен стационардан шыққанға дейін болатын, жабдықталған үй-жай;
      7) медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер– медициналық қалдықтарды жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған су өткізбейтін және тесілмейтін, бір рет қолданылатын сыйымдылықтар;
      8) медициналық қалдыќтар – медициналық қызметтер көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу үдерісінде пайда болатын қалдықтар;
Аурухана гигиенасы, ЕПМ жоспарын, санитарлық-техникалық жағдайын жақсартуға, науқастардың жағдайларын оптимальді болуына, емдік процестің дұрыс жүруіне және мед. Персоналдардың жағдайын жақсартуға нормативтер мен талаптар шығарады. ЕПМ жер учаскесіне, ғимараттардың ішіндегі негізгі көрсеткіштеріне толық гиигеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі. Аурухана гигиенасының негізгі мәселесі болып, сол ауруханаға кіретін контингентке байланысты. ЕПМ науқас адаммен сау адамның айырмашылығы:

-қоршаған ортадағы факторларға жоғары сезімталдығы (шу, иіс, жарықтанудың көп немесе аз болуы т.б)

-ауру биологиялық агенттерге төмен резис тенттілігі;

-еңбек жағдайының болмауынан, отбасы жағдайына, аурудың емдеу және нәтижесіне байланысты, өмірдің өзгеруіне байланысты, психологиялық жағдайлардың өзгеруі.

Қазіргі ЕПМ күрделі инженерлік инфраструктурасы бар: сумен қамтамсыз ету жүйесі; канализация, желдету, газ және лифт. Медициналық технологиялық қондырғылар күрделі және емдік агрегаттармен және диагностикалық апараттармен құралған. Бұл құралдар адам денсаулығына әсер етеді: физикалық-иондық және электромагниттік сәулелену, шу, діріл; химиялық-жоғары белсенді дәрілік препараттар, антисептиктер, дәрілік аэрозольдер, медициналық газдар; биологиялық-микроорганизмдер, аллергендер, ақуыз-дәрумендік препараттар, иммунологиялық дәрілер және т.б. Бұл факторлардың әсері физикалық жүктемеге, көру және есту, эмоционалды күшке әсер етеді. Науқастың жағдайына қарай аурухана ортасына гигиеналық нормативтер мен талаптар өңделеді. Бірақ бұл өңделген нормативтер мен талаптар мед. Персоналдарға кері әсер етеді. Мысалға алатын болсақ, операциялық бөлменің ауасының температурасы хирургпен науқасқа қарама-қарсы талаптар қойылады, ал рентген кабинетте науқастың рентген суретінің сапасы жоғары болу үшін, иондық сәулеленудің деңгейі сол жақта жұмыс жасайтын мед. Персоналдарға кері әсер ету керек. Мұндай жағдайда компролисстік шешімді табу керек, яғни инженерлік профилдегі мамандардың көмегімен, науқас пен сол науқасқа медициналық көмекті көрсететін мамандарға кері әсер етпейтін әр түрлі ортаны қамтамасыз ету керек. ЕПМ ішінде ең көп мед. Персоналдар мен науқастар көп профилді ауруханада кездеседі. Сондықтан аурухана гигиенасының мәселесін және аурухана ішілік ортасының гигиеналық нормалау факторының негізін, сол ауруханаға тікелей жүргізу керек
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд-12
5.Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Шабдарбаева М.С., Омаров С.Қ., Коммуналдық гигиенасы. Окулық. Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, I- ІІ бөлім.

2. Неменко Б.А., Коммуналды гигиена: оқулық – Алматы, 2005.

Қосымша:

Электронды ресурстар:

1.Мазаев В.Т. Коммуналды гигиена. В 2 ч. [Электронды ресурс]: учебник для вузов – 2-е изд., испр. и. доп. – электрон. Текстовые дан. (35,7 МБ). –М.: Издательская группа «ГЭОТАР - Медиа», 2009-304 с.эл.опт. диск (СD ROM). 2.Ескерова С.У., Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы [Электронды ресурс]: оқу құралы– электрон. Текстовые данные (856 МБ). – Шымкент: ОҚММА, 2009.



Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2007 - Ч.1.-304 с.; Ч. 2. - 336 с.

2. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник – Алматы, 2008. – 430с.

Қосымша:

1 .Общая гигиена /под ред. А.М. Большакова, В.Г. Маймулова.- М., 2006.

2. Севастьянов В.Н. Проблема радонобезопастности в Казахстане: монография. – Алматы: КазгосИНТИ, 2004

Мазаева В.Т., Ильницкий А.П., Шлепнина Т.Г. Руководство по гигиене воды и питьевого водоснабжения. – М. – 2008.

3.Больничное дело в Казахстане: состояние, проблемы и подходы к новой модели / А.А. Аканов, В.Н. Девятко, В.И. Ахметов и др. – Астана, Б. – 2006.-

4.Руководство к лабораторным занятиям по общей гигиене. – М., 2009.


6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланыс)

1)Аурухана гиигенасы қандай гигиеналық нормативтер өңдейді?

2)Адам денсаулығына қандай факторлар әсер етеді?

3)Аурухана ортасына қандай гигиеналық нормативтер мен талаптар қойылады?


3.


1.Тақырыбы: ЕПМ-не ағымдық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау.

2. Мақсаты: ЕПМ-не ағымдық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды қарастыру.
3. Дәріс тезистері:
Қазіргі аурухананың құрылыс жобасының 4 түрі бар: павильондық, орталық, тондырылған блоктық және аралас жүйелер.

1.Павильондық жүйе-әр түрлі профильдегі аурухана бөлімшелері, бөлек корпуста орналасатын орталықтандырылмаған жүйе. Артықшылығы:бұл жүйе бөлімшенің жақсы изаляцияны қамтамасыз етеді, науқастарды таза ауада жүруін және емдік-қорғаныс режимдерін қамтамасыз етеді. Жұқпалы аурулар, психиатриялық және туберкулездік бөлімшелер осындай жүйемен орналасады.

2.Орталықтандырылмаған жүйе-барлық емдік, емдік-диагностикалық және қосымша бөлімшелер бір ғимаратта орналасқан. Бұл жүйелерге соматикалық профильдегі бөлімшелер жатады-терапиялық, хирургиялық, неврологиялық. Артықшылығы: барлық бөлімшелер тығыз байланыста болады. Науқастардың жүру маршрутын мед. Персоналдардың емдік-диагностикалық процедураларын жүргізу шараларын қысқартады.

3.Блогтық жүйе-аурухана әр түрлі корпустан тұрады, бірақ бір орталықта біріктірілген.

4.Аралас жүйе-бір бас корпусы және қасында қосымша бөлімшелер болады: жұқпалы аурулар, балалар бөлімшесі, асхана, патанатомия корпусы, емхана және функционалды бөлімшелер.

Жер учаскесінде рациональді орналасқан аурухана ғимараты, аурухана құрылысының гигиеналық бағалаудың маңызы болып табылады. Аураханатерриториясында бірнеше жолдармен қамтамасыз етіледі: емдік корпусқа,патанатомиялық корпус және шаруашылық корпусқа арналған жолдар болу керек. Жұқпалы аурулар және шаруашылық корпустар және соматикалық корпустардың арасы 50м аспау керек. Жер учаскесінде көгалдандыру 60 аспау керек. Қоршаған ортаға көгалдандыру үлкен маңызды роль атқарады. Көгалдандыру науқастарға таза ауада жүруін және емдік-қорғаныс режимін қамтамасыз етуіне көмектеседі. Жер учаскесін көгалдандыру жазда және қыста да микроклиматқа қолайлы жағдай туғызады. Аурахананың негізгі бөлімшесі болып, қабылдау бөлмесі болып табылады. Қабылдау бөлмесінде, науқастарға қарау және медициналық тексеру жұмыстары, алғашқы медициналық құжаттарды толтыру жұмыстары жүргізіледі. Керек жағдайда қабылдау бөлмесінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Ірі ауруханаларда қабылдау бөлмесінің қасында өмірге маңызды реанимациялық палата орналасқан, өмірге маңызды ағзалардың қызметі бұзылғанды көрсететін алғашқы медициналық көмек көрсететін қабылдау бөлмесінде науқастардың бір-бірімен байланысына мүмкіндік бермеу керек. Аурухана ішілік аурулардың дамуын болдыртпау үшін, балалар, акушер, туберкулездік, жұқпалы аурулар, тері-венерологиялық бөлімшелердің қабылдау бөлмелері бөлек орналасу керек.

Операциялық блок-емдік-диагностикалық бөлімшенің негізгі структурасы болып табылады операциялық блогтық жоспары және жұмыс режимі толық максимальді түрде асептика түрінде болу керек.Операциялық блогта асептиканы сақтау үшін, таза және іріңді зона болу керек.

Палаталық бөлімше-стационардың негізгі функционалды элементі болып табылады. Әрбір палаталық секцияда 4 орынды 60, ал 20 1орынды және 10 2 орынды палатадан тұрады. Бөлімшелерге тағамды арнайы лифтпен жеткізіледі. Мейірбикелердің постары барлық палаталар, қосымша бөлмелерді және дәлізді көріп отыратындай болу керек. Палаталық секциялардың негізгі элементі болып дәліз бен баспалдақ болады. Дәліздер бөлмелерді байланыстырумен қатар, қосымша қолайлы аумақты алады. Сондай-ақ дәліздер таза ауаның қосымша резервуары болып табылады. Дәліздердің ені 2,4-2,5м кем болмау керек, сонымен қатар науқастардың жүруін қиындатпау керек. Баспалдақтарда адамдардың жүруіне қолайлы болу керек. Палаталық бөлмелерді санитарлық нормамен жобалағанда 4 топқа бөледі:

-жұқпалы емес бөлімше, ішінде психиатриялық

-балалар жұқпалы емес бөлімше

-жұқпалы ауру бөлімшесі

-радиологиялық бөлімше


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд-20
5.Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Шабдарбаева М.С., Омаров С.Қ., Коммуналдық гигиенасы. Окулық. Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, I- ІІ бөлім.

2. Неменко Б.А., Коммуналды гигиена: оқулық – Алматы, 2005.

Қосымша:

Электронды ресурстар:

1.Мазаев В.Т. Коммуналды гигиена. В 2 ч. [Электронды ресурс]: учебник для вузов – 2-е изд., испр. и. доп. – электрон. Текстовые дан. (35,7 МБ). –М.: Издательская группа «ГЭОТАР - Медиа», 2009-304 с.эл.опт. диск (СD ROM). 2.Ескерова С.У., Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы [Электронды ресурс]: оқу құралы– электрон. Текстовые данные (856 МБ). – Шымкент: ОҚММА, 2009.



Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2007 - Ч.1.-304 с.; Ч. 2. - 336 с.

2. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник – Алматы, 2008. – 430с.

Қосымша:

1 .Общая гигиена /под ред. А.М. Большакова, В.Г. Маймулова.- М., 2006.

2. Севастьянов В.Н. Проблема радонобезопастности в Казахстане: монография. – Алматы: КазгосИНТИ, 2004

Мазаева В.Т., Ильницкий А.П., Шлепнина Т.Г. Руководство по гигиене воды и питьевого водоснабжения. – М. – 2008.

3.Больничное дело в Казахстане: состояние, проблемы и подходы к новой модели / А.А. Аканов, В.Н. Девятко, В.И. Ахметов и др. – Астана, Б. – 2006.-

4.Руководство к лабораторным занятиям по общей гигиене. – М., 2009.


6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланыс)

1)Аурухана құрылысының территориясының құрылысы қалай бағаланады?

2)Аурухананы көгалдандырудың маңызын айтып беріңіз.

3)Аурухананың бөлімшелерін айтып беріңіз.

4)Дәліз бен баспалдақтың гигиеналық маңызы қандай?

4.


1.Тақырыбы: ЕПМ медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы.

2. Мақсаты: ЕПМ медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасын бағалау.

3. Дәріс тезистері:


Дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің еңбегі өте жан-жақты болып, кәсіптік ісінің түрі, еңбек режимі, жұмыс күніндегі жүктемесі, нервтік-әмоционалдық және денелік жұмысының кернеулігі бойынша маңызды айрыкша келеді. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік ісі иондаушы сәулелер, лазерлік және УК-сәулелері, ультрадыбыс және ТЖЖ өрістер, өзгерген атмосфералық қысым және антибиотиктердің аэрозольдері, анестетиктер және басқа дәрілік заттар сияқты факторларға байланысты келеді.

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік ісінде, науқастың өміріне жауапкершілігіне байланысты нервтік-эмоционалдық кернеулік байқалады.

Медицицна кызметкерлерінің еңбегінің өзінше ерекшелігі бар -тәуліктік және түндік кезекшілік жасауы, түскі үзілістердің белгілі бір уақытта болмауы, жұмыс күнінің тыгыздығы. Дәрігерлердің кәсіптік ісінің ерекшелігі ағзаның интелектуальдік, нервтік-эмоциональдік мүмкіншіліктеріне, денелік шыдамдылығына, денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды жоғарылатады.

Хирургтің операциялық ісінің ерекшелігі болып мәжбүрлік дене қалпы (тұрып немесе отырып) және осымен байланысқан қол, аяқ және арқа бұлшық еттерінің ұзақ уақыт статикалық кернеулікте болуы саналады. Операциялардың ұзақтығына байланысты аяқтардың веналарынан қанның кері қарай ағуының нашарлану және табанның жоғарғы бөлігінің қалыңдау себептерінен хирургтардың балтырының көлемі 0,5-0,8см және табанының ауданы 2-4,5% өседі. Хирургтардың еңбегінінің жағымсыз факторларының бірі болып ауада операциялық анестетиктердің болуы саналады, олардың концентрациялары наркоздың түріне, тыныс алу қоспасындағы анастетиктардың үлесіне, оның шығындалуына, операциялық бөлмеде ауа алмасу жағдайына байланысты болады.

Неғұрлым жоғары шаршауы тәуліктік кезекшіліктен кейін байқалады. Хирургтардың кәсіптік ісімен туындаушы аурулардың ішінде гипертония ауруын, аяқтардың венасының вирикоздық кеңею, жалпақ табан ауруларын атап өту керек. Акушер-гинекологтің жұмысының ерекшелігі - ол кенеттен пай да болған күрделі жағдайларға дәрігердің әрқашанда дайын болуы - олар ана мен баланың өміріне деген жауапкершілікпен, зейіннің жоғары кернеулікте болуымен, сенсорлық-моторлық реакциялардың дәл және нәзік координациясын талап етуімен байланысты жоғары нервтік-эмоционалдық кернеулікті тудырады.

Хирургтардың кәсіптік ісі жоғары барометриялық қысымды жағдайда жұмыс істеуінде - гипербариялық оксигенация әдісін (ГБО) қолдану жағдайында ерекше сипатқа ие болады. Бүл әдіс жүрекке, өкпеге, қан тамырларына операция жасауында жиі қолданылады. Медициналық барокамераларда ауаның қысымы әдетте 2-3 атм. асып кетеді. Осындай жағдайларда кейбір хирургтарда азоттық наркоздың бастапкы белгісі ретінде эйфория байқалады, қан тамырының соғу жиілігі азаяды, артериялық қысымы төмендейді. Барокамера жағдайларына бейімделушілік нәтижесі ретінде аздаған психомоторлық өзгерістер байқалады.

Жоғары барометриялық жағдайда жұмыс істеу денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты медициналық қызметкерлердің алдын алалық медициналық қараудан өтудің, осындай жағдайда жұмыс істеуіне болмайтын ауруларды есепке алудың маңызы жоғарылайды. Әйел адамдар үшін тағы әйелдердің жыныстық сферасының жедел және созылмалы аурулары медициналық қарсы көрсеткілер болып табылады. Барокамераларда етеккір, лактация және жүктілік кезеңінде жүмыс істеуіне тиым салынады.

Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптар

Негізгі функционалдық өндірістік бөлмелерінде және қызмет көрсетуші медициналық және басқа персоналдың жұмыс орындарында микроклиматтың және ауа ортасының нормативтік параметрлері, сондай-ақ нормативтік ауа алмасуы мен акустикалық режимі қамтамасыз етілуі керек. Жабдықтарды орнатуы және оларды пайдалануы қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелеріне толық сәйкесті жүргізілуі тиісті:

  1. операциялық және босану блоктарында зиянды заттарды жұту және шығару қондырғылары жоқ наркоздық және басқа аппараттарды, сондай-ақ газдарды беруші жүйелердің герметизациясы бұзылған аппараттарды қолдануға рүқсат етілмейді;

  2. емшара, ингаляция кабинеттерінде, таңу және стерилизация бөлмелерінде жоғары уытты дәрі-дәрмектерді қолдануымен байланысты манипуляцияларды орындау үшін сыртқа шығарушы вентиляциялық шкафтар және канализацияға қосылған раковиналар қарастырылуы керек.

Ауруханалардың қызмет көрсетуші персоналдың санитарлық-тұрмыстық бөлмелері казіргі СанЕН сәйкесті жабдықталуы керек:

  1. қызмет көрсетуші персоналды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін ауруханада асхана немесе дәмхана қарастырылуы керек. Асханалардағы немесе дәмханалардағы отыратын орындардың саны 100 жұмыскерге 10-12 орын есебімен алынады;

  2. әрбір құрылымдық бөлімшеде тоңазытқыштармен, суды жылыту құралдарымен, қолжуғыштармен жабдықталған, ауданы 12 м2 кем емес персоналға арналған белмелер қарастырылуы керек;

  3. жеке арнайыландырылған бөлімшелер мен кабинеттерде (дәріханаларда, клиникалық, микробиологиялық және вирусологиялық зертханаларда, орталық стерильдеуші бөлімшелерінде, физиотерапиялық бөлімшелерінде, рентген кабинеттерінде, ас дайындау блоктарында, жууханаларда, дезинфекция камераларында) еңбектің санитарлық-гигиеналық талаптары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен белгіленеді.

Медициналық персонал, оның ішінде зиянды химиялық заттармен жұмыс істеуші немесе жағымсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраушы қызметкерлер алдын алалық және кезеңдік медициналық қараулардан өтуі қажет.Мед қызметкерлердің жеке бас гигиенасы.

Медицина қызметкерлеріне жеке бас гигиенасын сақтау эпидемиологиялық және психологиялық маңызы бар, мамандардың жағымсыз киімі науқастарға кері әсер етеді.

Бөлмелерді, жабдықтарды, инвентарды санитарлық таза ұстау.

Барлық бөлмелер, жабдықтар, медициналық және басқа инвентарь таза ұсталуы тиісті. Бөлмелерді ылғалды тазалау (жиһаздарды, жабдықтарды, есіктерді, терезе алдын жуу және сүрту) тәулігіне ең кемінде екі рет, ал қажетті жағдайда одан да жиі, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен және мекемелерімен рұқсатталған жуушы, дезинфекциялаушы заттарды қолданып жүргізілуі тиісті.

Терезе әйнектерінің ішкі жақтарын сүрту айына ең кемінде бір рет, ал сыртқы жақтарын ластануына байланысты, бірақ 4-6 айда ең кемінде бір рет жүргізілуі керек. Барлық тазалау инвентарына (шелектерге, легендерге, швабраларға, шүберектерге) бөлмелердің аты және жинау жүмыстарының түрлері көрсетіліп, арнайы маркировка салынып, тағандалуы бойынша қатаң қолданылып және жеке сақталуы тиісті.Операциялық блоктардың бөлмелеріне күрделі тазалау аптасына бір рет жүргізілуі керек. Бөлмелердің едендері мен панельдерін алдын-ала сабын-сода ерітіндісімен жуып, соңынан дезинфекциялаушы препаратпен өндейді. Білгіленген экспозияциялау уақыты өткен соң бірреттІк қолданатын шүберекпен (ветощь) жуады да, ультракүлгін сәулесімен 2 сағат бойы сәулелейді.

Тазалауды жүргізуде персонал таза халатты, аяқ киімді, масканы киюі, ал қажетті жағдайда - респираторды, қорғаушы көзілдірікті, клеенкалы фартукті, резиналық қолғапты киуі тиісті.

Аурухананың басқа бөлмелеріне күрделі тазалауды эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша айына бір рет жүргізеді.

Операциялық және тану бөлмелерінде, перзентханаларда, реанимация палаталарында, жаңа туған нәрестелерге және күні жетпей туған бір жасқа дейінгі балаларға арналған палаталарда, процедуралық бөлмелерде, инфекциялық блоктарда, сүт кухняларында әрбір жуып-тазалаудан кейін және күнделікті эксплуатациялау процессінде 30 минут бойы ультракүлгін шамдарымен сәулелеу қажет.

Дәрігерлер, медициналық бикелер және акушеркалар әрбір науқасты қарар алдында немесе емшараларды орындауда, сондай-ак «кір процедураларды», яғни бөлмелерді тазалаудан, науқастардың бельесін ауыстырудан, туалетке барудан кейін міндетті түрде қолын екі қайта сабындап жууы керек.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд-18
5.Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Шабдарбаева М.С., Омаров С.Қ., Коммуналдық гигиенасы. Окулық. Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, I- ІІ бөлім.

2. Неменко Б.А., Коммуналды гигиена: оқулық – Алматы, 2005.

Қосымша:

Электронды ресурстар:

1.Мазаев В.Т. Коммуналды гигиена. В 2 ч. [Электронды ресурс]: учебник для вузов – 2-е изд., испр. и. доп. – электрон. Текстовые дан. (35,7 МБ). –М.: Издательская группа «ГЭОТАР - Медиа», 2009-304 с.эл.опт. диск (СD ROM). 2.Ескерова С.У., Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы [Электронды ресурс]: оқу құралы– электрон. Текстовые данные (856 МБ). – Шымкент: ОҚММА, 2009.



Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2007 - Ч.1.-304 с.; Ч. 2. - 336 с.

2. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник – Алматы, 2008. – 430с.

Қосымша:

1 .Общая гигиена /под ред. А.М. Большакова, В.Г. Маймулова.- М., 2006.

2. Севастьянов В.Н. Проблема радонобезопастности в Казахстане: монография. – Алматы: КазгосИНТИ, 2004

Мазаева В.Т., Ильницкий А.П., Шлепнина Т.Г. Руководство по гигиене воды и питьевого водоснабжения. – М. – 2008.

3.Больничное дело в Казахстане: состояние, проблемы и подходы к новой модели / А.А. Аканов, В.Н. Девятко, В.И. Ахметов и др. – Астана, Б. – 2006.-

4.Руководство к лабораторным занятиям по общей гигиене. – М., 2009.



6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланыс)

1.Медицина қызметкерінің атқаратын функциясының тролі?

2.Медицина қызметкерлеріне қандай гигиеналық жағдай жасау керек?

3.Медицина қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы жөнінде айтып беріңіз.

4.Медицина қызметкерлерінің жұмысына қандай гигиеналық талаптар қойылады.
5.
1. Тақырыбы: Аурухана ішілік инфекциясының қазіргі даму аспектілері мен алдын алу.

2. Мақсаты: Аурухана ішілік инфекциясының қазіргі даму аспектілері мен алдын алуды анықтау.
3. Дәріс тезистері:
Аурухана ішілік инфекция — бұл кез келген клиникалық белгілері анықталған жұқпалы ауру, ауруханада пациент медициналық көмек алу барысында жұқтырып алады немесе осы емдеу сауықтыру мекемесіндегі медицина қызметкерлері медициналық көмек беру барысында жұқтырып алады.
Аурухана ішілік инфекцияның пайда болуын үшке бөлуге болады:
- пациенттер, емханалық көмек алу барысында жұқтырады;
- пациенттер, стационарлық көмек алу барысында жұқтырады;
- медицина қызметкерлері, медициналық көмек беру барысында жұқтырады.
инфекцияны жұқтыру орнының үш түрін біріктіретін жер - емдеу мекемесі.
Аурухана ішілік инфекцияның пайда болу себептерін объективті және субъективті деп екіге бөлуге болады.
Объективті себептер бұл ЕСМ-нің жетекшісіне байланысты емес себептер:
- қазіргі заман талабына жауап бермейтін ауруханалар қатарының болуы;
- көптеген микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі;
- антибиотиктердің медицинада, ауыл шаруашылығывда, мал шаруашылығында кең қолданылуының сенімді ақтамауы.
Субъективті себептер — бұл жоюға болатын себептер:
- медицина қызметкерлерінің жеткіліксіз дайындалуы (сапасыздығы);
Аурухана ішілік инфекцияның пайда болу себептері:

1.Диагноздың толық қойылмауы.

2.Науқастар ауруханаға түскен кезде өз деңгеиінде медициналық байқадан өткізілмеуі.

3.Науқастарды өз деңгейінде оқшауламау имунитеті төмен науқастарды жалпы палатаға жатқызу.

4.Медқызметкерлердің нақастарды өз деңгейінде қадағаламауы.

5.Ауруханаларда санитарлық эпидемиологиялық режим дұрыс сақталмауы.

6.Стерилизация жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмеуі.
Аурухана ішілік инфекцияның пайдаболуына әсер етуші фактор:
1.Организімнің қарсы тұруының төмендеуі.

2.Инвазиялық манипуляцияның өсуі.

3.ЕПМ шамадан тыс жүктелу.

4.жабдықтардың ескеруі.

5.Науқастарға қарағанда жұқпалы инфекцияның қауіпсіздік ережесін сақтамауы.

Аурухана ішілік инфекцияны болдырмаудың жолдары.

Ауруханада аурухана ішілік инфекцияларына инфекциялық бақылау жүйесі қүрастырылуы керек, оларға кіретіндері: аурулардың оқиғаларын анықтау және тіркеу, оларға эпидемиологиялық тексеру жүргізу, залалдану себептерін және механизмдерін анықтау, қоздырғышты анықтау және шараларды ұйымдастыру.

Эпидемиологиялық тексеру аурухана ішілік инфекцияларының топтық оқиғаларының болуында, яғни үш және одан көп оқиғаларының және сепсистің әрбір оқиғасының тіркелуінде жүргізіледі. Тексеру мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бірге жүргізілуі тиісті.

Аурухана құрамында міндетті түрде микробиологиялық зертхана болуы қажет, олар аурухананың дезинфекциялық және стерилизациялық режимдерінің сапасына мониторинг, сондай-ақ науқасқа тексеру жүргізеді. Сонымен қатар, аурухана зертханалық және аспаптық тексерулерді жүргізуге келісім-шарт негізінде басқа да зертханаларды жұмылдыра алады.

Жұғындыларды алу әдісімен өзіндік бақылау ай сайын жүргізіледі, ал хирургиялық аспаптардың және тану материалдарының стерильдігіне бақылау - аптасына бір рет жүргізіледі.

Аурухананың барлық персоналы инфекциялық бақылау бойынша дайындықты өтіп, осы саладағы өзінің біліктігін тұрақты жоғарылатып тұруы керек.

Ауруханаларың медицина қызметкерлері иньекцияларды салу, Қанды алу және зерттеу, трансфузия, қан тамырларын катетеризациялау сияқты медициналық емшараларды жүргізуде резиналық қолғаптарды қолдануы керек.

Қолданылған инелерге колпачокты қайта кигізуге, оларды майылстыруға және сындыруға, инелерді ауыстыру арқылы процедураларды системаларды тесілмейтін арнайы сиымдылықтарға (ыдыстарға) салып, оларды өртеу арқылы өтелдеу немесе өнеракәсіптік өңдеу керек.

Медициналық персонал процедураны орындаудан кейін немесе науқасты қараудан кейін қолғаптарын шешпей колын екі мәрте сабынмен жуып, соңынан қолғаптарын шешкеннен кейін қолын кайта жуу керек. Қолы қанмен немесе сілекеймен ластану жағдайында, қолын дезинфицирлеуші ерітінділердің бірімен суланған тампонмен тез арада өңдеу қажет.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд-14

5.Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Шабдарбаева М.С., Омаров С.Қ., Коммуналдық гигиенасы. Окулық. Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, I- ІІ бөлім.

2. Неменко Б.А., Коммуналды гигиена: оқулық – Алматы, 2005.

Қосымша:

Электронды ресурстар:

1.Мазаев В.Т. Коммуналды гигиена. В 2 ч. [Электронды ресурс]: учебник для вузов – 2-е изд., испр. и. доп. – электрон. Текстовые дан. (35,7 МБ). –М.: Издательская группа «ГЭОТАР - Медиа», 2009-304 с.эл.опт. диск (СD ROM). 2.Ескерова С.У., Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы [Электронды ресурс]: оқу құралы– электрон. Текстовые данные (856 МБ). – Шымкент: ОҚММА, 2009.



Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2007 - Ч.1.-304 с.; Ч. 2. - 336 с.

2. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник – Алматы, 2008. – 430с.

Қосымша:

1 .Общая гигиена /под ред. А.М. Большакова, В.Г. Маймулова.- М., 2006.

2. Севастьянов В.Н. Проблема радонобезопастности в Казахстане: монография. – Алматы: КазгосИНТИ, 2004

Мазаева В.Т., Ильницкий А.П., Шлепнина Т.Г. Руководство по гигиене воды и питьевого водоснабжения. – М. – 2008.

3.Больничное дело в Казахстане: состояние, проблемы и подходы к новой модели / А.А. Аканов, В.Н. Девятко, В.И. Ахметов и др. – Астана, Б. – 2006.-

4.Руководство к лабораторным занятиям по общей гигиене. – М., 2009.


6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланыс)

1.Аурухана ішілік инфекция дегеніміз не?



2.Аурухана ішілік инфекциясының пайда болуының негізгі себептерін атаңыз?

3.Аурухана ішілік инфекцяның пайдаболуына қандай факторлар әсеретеді?


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет