Отчет по проекту «Улучшение использования водных ресурсов в Центральной Азии» в рамках Деятельности 3: Поддержка Чу-Таласской водохозяйственной комиссии



Pdf көрінісі
Дата16.07.2018
өлшемі64.99 Kb.
#79366
түріОтчет

Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №2 (74) 2017 

ISSN 2304-3334-02 

_____________________________________________________________________________________ 

 

 



225 

 

универсиета  и 100-летию  заслужного  деятеля  науки  Республики  Казахстан  Тажибаева 



Л.Е.-Алматы, 2015.- том II. - C. 195-200. 

        4.  Отчет  по  проекту  «Улучшение  использования  водных  ресурсов  в  Центральной 

Азии» в рамках Деятельности 3: Поддержка Чу-Таласской водохозяйственной комиссии.-

Бишкек-Тараз,  2013.- 125 с. 



 

Козыкеева А.Т., Даулетбай С.Д. 

 

СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ ВОДНЫХ РЕСУРСОВ И ВОДОХОЗЯЙСТВЕННЫЙ 



КОМПЛЕКС ВОДОСБОРНОГО БАССЕЙНА РЕКИ ШУ 

 

Аннотация 

На  основе  использования  многолетних  информационно-аналитических  метериалов 

«Казгидромет»  Республики  Казахстан  и  «Кыргызгидромет»  Кыргызской  Республики 

определены современное состояние водных ресурсов и деятельности водохозяйственных 

комплексов водосборного бассейна реки Шу. 



Ключевые  слова:  водные  ресурсы,  природа,  ландшафт,  оценка,  использование, 

система, река, водосборный бассейн, район, орошаемые земли. 



 

Kozykeeva A.T., Dauletbaeva S.D. 

 

CURRENT STATUS OF WATER RESOURCES AND SYSTEM FOR WATER 



CATCHMENT BASIN SHU 

 

Annotation 

On the basis of long-term use of information-analytical meterialy «Kaz

hydromet


» the 

Republic of Kazakhstan and «Kyrgyz

hydromet

» Kyrgyz Republic determined the modern state of 

water resources and water management activities complexes Shu catchment basin

Keywords: water, nature, landscape, assessment, use of the system, river, watershed area of 

irrigated land. 

 

 

ƏОЖ 639.338.48 



 

Қыдыров Т.Н., Байбатшанов М.К. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 



 

«АЛТЫН ЕМЕЛ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ БАҒЫНДАҒЫ 

ҚАРАҚҰЙРЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ, САНЫН КӨБЕЙТУ ШАРАЛАРЫ 

 

Аңдатпа  

Мақалада Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағана сипаттама жасалынған. 

Зерттеу  нысанасы  болып  отырған  қарақұйрықтың  биологиялық  ерекшеліктері  жəне 

оларды қорғау жұмыстары келтірілген. 

Кілт сөздер: Жабайы жануарлар, сүтқоректілер, майдашоқылы бедерлер, полигамды 

аң, лимит, фактор. 



 

 

Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №2 (74) 2017 

ISSN 2304-3334-02 

_____________________________________________________________________________________ 

226 


 

Кіріспе  

Табиғаты  бай,  əрі  жері  кең  байтақ  қазақ  даласында  жануарлардың  көптеген 

өкілдерінің  таралуы  мен  тұрақты  тіршілік  етуіне  қолайлы  жағдайлар  бар.  Сүтқоректілер 

ерте  дəуірден  бастап,  адам  өмірінде  маңызды  орын  алады.  Олардың  көптеген  түрлері 

кəсіптік жəне əуесқойлық жолмен ауланатын бағалы аңдар. Аулау арқылы олардың дəмді 

етін, “жұмсақ алтын” аталып кеткен құнды терілерін, дəрі–дəрмектік шикізаттарын жəне 

тағы басқа өнімдерін халық шаруашылығына пайдалана аламыз.  

Қазақстан  аумағында  мекендейтін  қарақұйрық  Қазақстанның  Қызыл  Кітабына 

енгізілген.  Олар  мекендейтін  жерлерде  екі  қорық – Алматы  жəне  Ақсу  Жабағлы 

қорықтары  ашылған.  Басқа  да  ерекше  қорғалатын  аумақтарда  да  бар:  мысалы,  Алтын-

Емель мемлекеттік ұлттық  табиғи бағы мен Аңдасай мемлекеттік қорықшасы. Бірақ осы 

кезге дейін қарақұйрыққа деген қасақылық əлі толастар емес. 

Қарақұйрықты  барынша  қорғап,  сан  мөлшері  анықтап,  көпшілік  арасында  үгіт-

насихат  жұмыстарын  жүргізіп  отыру  мамандар  алдында  тұрған  міндеттердің  бірі  болып 

табылады. 

Алтын  Емел  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  бағына  сипаттама.  Орта  Азияның 

жүрегінде,  Алматыдан 160 шақырым  қашықтықта  Жоңғар  Алатауының  оңтүстік 

аймағында  орналасқан  Қазақстан  Республикасының  ең  ірі  Ұлттық  мемлекеттік  табиғи 

саябағы  бар.  Бұл  қорық  жері  көшпенді  тайпалардың  тарихи  өмірін  сақтап  келеді.  Ең 

əсерлісінің бірі- Бесшатыр қорғаны. Бұл қорғандардың биіктігі 20 метр, диаметрі 100метр, 

б.з.д. VII-IIIғасырлардағы  сақ  тайпасының  ақсүйектері  жерленген.  Өсімдік  əлемінің 634 

түрі бар, оның ішінде 41 сирек кездесетін, ал 29 түрі эндемик болып табылады. Бұл жерде 

кезінде  Орта  Азияны  мекендеген  тұяқты  жануарларды  кездестіруге  болады.  Олар: 

құландар, архарлар, сібір тау текелері. Саябақ шекарасында жабайы қабандар бар.  

Жоңғар  Алатауының  бөктерінде 520 мың  ауданды  алып  Қазақстандағы  ең  ірі – 

ұлттық  табиғи  парктердің  бірі  “Алтын  Емел”  орналасқан. “Алтын  Емел”  МҰТП  ҚР 

Өкіметінің қаулысы бойынша 1996 жылдың 10 сəкірінде құрылды. Парк оңтүстігінен Іле 

өзені  мен  Қапшағай  су  қоймасымен,  батыстан  Шолақ,  Матай,  Дегерес  тауларымен, 

солтүстіктен Алтын Емел, Қоянды тау-тауларымен, ал шығыстан Қатутау тауының шығыс 

бөктерінен Іле өзеніне дейін шектесіп жатыр. Парк ауданында Кербұлақ жəне Панфилов 

аудандарының территориясын алып жатыр[1]. 

Парк  территориясында  келесі  ланшафт  түрлері  бөліп  көрсетілген:  таулар,  таулы 

плато, жазықтар жəне жоталар. Негізгі бөлігі таулы массив болатын олардың биіктігі теңіз 

деңгейінен 1200 – 2500 м. Терең жыралар да кездеседі, жер беткейінің 26 түрі бар. Флора 

1800 түрге жуық өсімдіктерден тұрады, олардың 21 түрі Қызыл кітабына енген. Сонымен 

қатар  паркте  эндемикалық  жəне  сирек  кездесетін  өсімдіктердің 60 түрі  бар.  Парк 

территориясына өте бай фауна орналасқан. Омыртқалы жануарлардың өзінің 260 түрі бар, 

ал Қазақстандағы барлық омыртқалы жануарлардың 31,2% пайызын құрайды. Құстардың 

400  түрі  бар,  олардың 40 түрі  Қазақстанның  қызыл  кітабына  енген.  Сүтқоректілердің 

кейбір  түрлері  Қазақстанның  жəне  Халықаралық  Қызыл  кітапқа  енген:  қарақұйрық, 

түркмен құланы, қар барсы, бүркіт, манул, сапсан жəне тағы басқа[1]. 

Парк аумағында экотуризм обьектілері болатын ерекше табиғи орындар мен ежелгі 

мəдениет  ескерткіштері  бар: “ Əн  салайын  бархан”,  бесшатыр  бес  қорғаны  үңгірлерде 

ежелгі адамдардың тауға салынған суреттерін көруге болады. Алтын Емелде адам аяғын 

баспаған өзінің бірінші қалпындағыдай жерлерді көруге болады.  



Қарақұйрықтың биологиясы. Қарақұйрық сүтқоректілер класына, жұп тұяқтылар 

отрядының  күйіс  қайырушылар  тобы,  қуысмүйізділер  тұқымдасына  жатады.  Хромосом 

саны 60. Қарақұйрық-өте жүйрік, шөлге төзімді жануар. 


Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №2 (74) 2017 

ISSN 2304-3334-02 

_____________________________________________________________________________________ 

 

 



227 

 

Жайылып жүрген қарақұйрықты тосыннан көрген адам қой екен деп қалады. өйткені 



оның  дене  бітімі,  ауқымы  қой  шамалас.  Ересек  текелері  денесінің  ұзындығы  орташа 

есеппен 134 см (122-149), кеуде  орамы -86,5 (73- 98), шоқтығының  биіктігі - 74 (63-80), 

мүйізінің ұзындығы -29 (25-36) см, салмағы - 44,5 (33-56) кг, ал ересек ешкілерінің дене 

ұзындығы - 117 (108-127), кеуде орамы - 73 (69-77), шоқтығының биіктігі - 68 (60-73) см, 

салмағы 35,5 (29,4-42,5) кг. Тіс формуласы: I - 0/3; C - 0/1; P - 3/2; M - 3/3 = 30.  

Дене  мөлшеріне  зер  салсақ,  аздап  қана  ауытқушылықтары  болмаса,  көбіне  кеуде 

ұзындығы, шоқтығы мен бөксе биіктігі шамалас. Ал кеуде қуысы шоқтық биіктігінің тең 

жартысынан аз. Сондықтан да қарақұйрықтың аяқтары ұзын болып көрінеді. 

Қарақұйрық  ареалын  жəне  оның  тіршілік  ететін  табиғи  ортасын  анықтаудың  əрі 

теориялық,  əрі  практикалық  мəні  бар.  Қарақұйрық  негізінен  шөлді  жəне  шөлейтті 

жазық жерде тіршілік етуге бейімделген. Бұл бейімділікті оның дене құрылысынан, тез 

жүгіруге  бейімделуінен,  тіршілік  əрекетінен,  мінез-құлықтарынан,  табын  құрып, 

жауыннан қорғану ерекшеліктерінен байқауға болады[2]. 

Бақтағы негізгі мекені болып, сазды, тастақты жəне орныққан құм болып есептеледі, 

сонымен қатар көлбеу тау етектері мен шұңқырлар. Күйлеу мерзімі қазан айының аяғынан 

қаңтар айына дейін.Полигамды аң. Буаз болу уақыты шамамен 6 айдай, жылына 1-2 төл 

əкеледі. 

Мекемеде қарақұйрықтарды жыл сайын санақ жұмыстары жүргізіледі.  

Санаққа жалпы əдістемелік нұсқауды ҚР БҒМ зоология институты жүргізеді. Санақ 

жұмысына  мекеменің  бас  орманшысы,  аңшылықтанушысы,  орманшылық  басшылары 

жəне  Алматы  облысының  табиғи  ресурстар  жəне  табиғатты  пайдалануды  реттеу 

басқармасының қызметкерлері қатысады. 

Мекемеде 2012 жылы 3810 қарақұйрық  есепке  алынған,  оның 857 теке, 1475 

ешкілер, 1478 лақтар, 2013 жылы 3998 қарақұйрық есепке алынған, оның 886 теке, 1523 

ешкілер, 1589 лақтар, 2014 жылы 4244 қарақұйрық есепке алынған, оның 1018 теке, 1578 

ешкілер, 1648 лақтар, 2015 жылы 4327 қарақұйрық есепке алынған, оның 1031 теке, 1624 

ешкілер, 1672 лақтар.  Жалпы  соңғы  бес  жылда  мекеме  аумағында 16379 қарақұйрық 

есепке алынған, оның 3792 теке, 6200 ешкілер, 6387 лақтар. 

Орташа есеппен əр жылы мекеме аумағында 4095 қарақұйрық есепке алынған, оның 

948 теке, 1550 ешкілер, 1597 қозақылар (Кесте 3). 

 

Кесте 1. Алматы  облысы,  Алтын-Емель  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябағында  əр 



жылғы қарақұйрық қоры 

 

Жылдар 



Қарақұйрық саны 

Барлығы 


Текесі 

Ешкісі 


Лағы 

2012 3810 

857 

1475 


1478 

2013 3998 

886 

1523 


1589 

2014 4244 

1018 

1578 


1648 

2015 4327 

1031 

1624 


1672 

Бес жылғы саны 16379 

3792 

6200 


6387 

Орташа бір жылдық саны

4095 948 1550 

1597 


 

Жоғарыда  көрсетілген  жануарлардан  бөлек  Алматы  облысы,  Алтын  Емел 

мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында сирек кездесетін жануарлар кездеседі[3]. 

Қарақұйрық  маусымға  күйлеу  мерзіміне,  қоректену  ерекшелігіне  байланысты 6 

типтік алқапта бақ ішінде кездестіруге болады (Кесте - 2). 


Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №2 (74) 2017 

ISSN 2304-3334-02 

_____________________________________________________________________________________ 

228 


 

Кесте 2. Қарақұйрықтың жыл маусымдық мекендеу алқаптары 

 

 

№ 



Алқап типтері

Жыл маусымдары 

көктем

жаз 


күз 

қыс


1  Шөлейтті эрозиялық-бөлшектенген

тау етектері

 + 

2  Далалық тау етектеріндегі жазықтар



+

+

 



 

3  Шөлейтті тау етектеріндегі жазықтар

+

+

 



 

4  Шөлді тау етектеріндегі жазықтар

+



 



5  Шөлейтті  жəне  шөлді  тау  ішіндегі 

шұңқырлар

+

+

+ + 



6  Қапшағай су қоймасының жағалауы,

Іле өзенінің су жайылымы

+



 



 

Қорғау  жəне  биотехникалық  шаралар.  Қорғау  қызметіне  жеті  жолсыз  жерде 

жүретін  автокөлік  (УАЗ 469, Нива)  бекітілген.  Бүкіл  мекеменің  аумағы  тұрақты 

(айналымдарда  жəне  автокөліктерде)  жəне  жылжымалы  радио  байланыспен  қамтылған. 

Бақылаушылардың қызметтік қарулары бар жəне арнаулы киім киген[3]. 

Мекемеде  тұяқты  жануарларды,  соның  ішінде  қарақұйрықтарды  қорғауға  жəне 

олардың  санын  орнына  келтіруге  арналған  кешенді  шаралар  қарастырылған.  Оның 

негізгілері мыналар: 

-

 



бастарын аман-есен сақтауға кепілдік ететін мекен ету ортасының болуы, 

-

 



қасақылардан жануарларды қорғау шараларын өткізу, 

-

 



көрші  ауылдарда  экологиялық  жəне  табиғат  қорғау  үшін  тəрбие  жұмыстарын 

жүргізу, 

-

 

аңдар мен құстарды қорғау үшін аншлагтар тұрғызу, 



-

 

қосымша  қоректендіру,  ветеринарлық  алдын  алу,  санын  реттеу  деген  сияқты 



кешенді биотехникалық шаралар жүргізу. 

Қазақстанның  Қызыл  Кітабына  енгізілген  осы  аймақта  сирек  кездесетін 

жануарларды аман алып қалып санын толықтыру үшін қолдан шаралар қолдану керек. 

Бұл,  жануарларды  табиғаттан  алмай  жүргізілетін  шараларды  мекеме  өз  бетімен 

жүргізеді (қосымша қоректендіру, суаттар ұйымдастыру, тұздықтар жасау). 

Мекеме мынадай шараларды жүргізеді: 

-

 

жануарларды қыста қосымша қоректендіру, 



-

 

төлдеуге жарамды телімдер мен алқаптарды үлкейту, 



-

 

ветеринарлық алдын алу шаралары, 



-

 

ерекше  жағдайда,  егер  мекемедегі  жануарларға  жəне  адамдарға  қауіп  төндірген 



жануарларды атып тастау арқылы реттеу. 

Бұл  жұмыста  қарақұйрықтың  мекен  ету  ортасы,  яғни  мекен  ететін  жерлердің 

физикалық – географиялық  сипаттамасы,  сондай-ақ  мекен  ететін  жерлердің  климаты, 

жəне  жер  бедері  (типологиясы)  қарастырылған.  Сонымен  қатар  бұл  жұмыста 

қарақұрықтың  биологиясы  мен  көбеюі,  таралуы  мен  ареалы  жəне  мінез – құлқы 

сипатталған.  Соңғы  жылдардағы  саны  көрсетіліп,  санының  кемуіне  байланысты  қазіргі 

кездегі қорғау шаралары жазылған. 

 

Əдебиеттер 



 

1.

 



Проект  организации  и  развития  охотничьего  хозяйства  Алтын - Эмел. 

Алматинской области. Т.1. Объяснительная записка. А.. 1992-1993 гг. 

2.

 

Беркінбай О., Есжанов Б., Ташенов Б.Ж. Териология. Алматы Жібек жолы 2008. 



3.

 

Отчет о деятельности нацпарка за 2015 год.  



Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №2 (74) 2017 

ISSN 2304-3334-02 

_____________________________________________________________________________________ 

 

 



229 

 

Қыдыров Т.Н., Байбатшанов М.К. 



 

КОМПЛЕКСНЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ ПО ЗАЩИТЕ И  ПО УВЕЛИЧЕНИЮ 

ЧИСЛЕННОСТИ ДЖЕЙРАНОВ В ГОСУДАРСТВЕННОМ НАЦИОНАЛНОМ 

ПРИРОДНОМ ПАРКЕ «АЛТЫН - ЭМЕЛЬ» 

 

Аннотация  

В статье представлены биологические особенности джейрана обитающие в Алтын – 

Эмельском  государственном  национальном  природном  парке  и  описание  парка.  Были 

проведены работы по биотехническим мероприятиям и было иследовано сезонные угодья 

обитания джейрана. 

Ключевые  слова:  Дикие  животные,  млекопитающие,  мелкосопочные,  полигамные 

животные, лимит, фактор. 



 

Kydyrov T.N., Baybatshanov M.K. 

 

COMPREHENSIVE MEASURES TO PROTECT AND INCREASE THE POPULATION OF 



GAZELLES IN THE STATE NATIONAL NATURAL PARK "ALTYN - EMEL" 

 

Annotation  

The article presents biological, features Gazelle inhabiting the Altyn – Emel state national 

Park description of the Park. Work was carried out biotechnical activities and description of 

Gazelle. 

Key words: Wild animals, mammals, hummocky, polygamous animals, the limit factor. 

 

 



ƏОЖ 332.2 

 

Мукатова Т.М., Мурсалимова Э.А. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

 

ЖЕР-МЕНШІГІ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ 



 

Аңдатпа 

Мақала Қазақстан Республикасындағы жер меншігінің даму мəселелеріне арналған. 

Мақалада  меншік  түрлері,  меншік  қатынастары  мен  құқықтары,  жерге  мемлекеттік 

меншік пен жеке меншіктің айырмашылығы қарастырылған. 



Кілт сөздер: жер меншігі, жер қатынастары, меншік құқықтары.  

Кіріспе 

Еліміздегі  жер  қатынастарының  дамуы  тікелей  меншік  қатынастарының  дамуымен 

тығыз  байланысты.  Меншік  қатынастары  адамның  қоғамдағы  орнын  айқындап  қана 

қоймай  жалпы  қоғамның  əлеуметтік-экономикалық  өмірінің  экономикалық  құрылымын 

қалыптастырады.  

Жер меншігі-əрқашанда қоғамдағы ең негізгі мəселелердің бірі, жер меншігін иелену 

елімізде  арнайы  заңнамалармен  қорғалады,  ол-  экономикалық  пайданың  көзі,  сонымен 

қатар мемлекетіміздің шекарасы мен оның ішкі аймақтарын айқындайды.  





Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет