Отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі халықаралық тәжірибе



Дата05.04.2018
өлшемі37.09 Kb.
Отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі халықаралық тәжірибе Қосымша 2




Ел

Отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл салты

Мазмұны

1

АҚШ

Мұғалімдер мен ата-аналардың жалпы қоғамдық қауымдастығы

АҚШ-тың әрбір үлкен мектептерінде мұғалімдер мен ата-аналардың жалпы ұлттық қауымдастығының филиалы бар. Ата-аналар - мектеп реформасының белсенді қатысушылары болып табылады. Кейбір мектептерде ата-аналар комитеттерінің пікірлері оқу процессін ұйымдастыруда бағдарламаларын мен оқу әдістері бекіткенге дейін басымды роль атқарады. Мектеп қоғамдық өмірдің орталығы болып табылады: ата-аналар комитеттерінің отырыстары, ата-аналар жиналыстары, жеке ата-аналарды мұғалімдер мен әкімшілік тарапынан қабылдаулары үнемі өткізіледі; оқушы мектеп өмірінде кездестіретін мәселелер туралы мәліметтер жиналатын ата-аналарға арналған оқушылар папкалары жүргізіледі. Көптеген мектептер ата-аналармен өзара іс-қимыл жасауға талпынады: мысалы, әңгімелесуді және кеңесті қажет ететін ата-аналар үшін «шұғыл байланыс телефонында» тәжірибелі мұғалімдер кезекшілік жасайды.

2

Франция

Дәстүрлі емес педагогика - «тәрбиенің жаңа түрі»

Бірнеше жылдар бұрын француз мектебі отбасыдан алыстау болған. Оқу процесіне ата-аналардың жөнсіз араласуы туралы дәстүрлі ойлар және бір мезгілде баланың мінезін қалыптастыруда басты мақсат болып табылатын отбасылық тәрбие туралы ойлар ықпалы етті.

Жалпы білім беру мекемелерінде ата-аналардың жалпы ұлттық бірлестіктерінің 3 түрі бар: екеуі - қоғам саласында және біреуі - жекеменшік білім беру саласында. Қоғамдық мектеп оқушыларының ата-аналар федерациясы жаппай және ықпалды болып табылады.Шіркеудің бақылауында болатын бос мектеп оқушыларының ата-аналар ұлттық одағы жекеменшік оқу мекемелерді несиелеуді қолдайды.

Ата-аналар бірлестігінің мүшелері мектеп және сынып кеңестерінің, стипендия бойынша комиссия және т.б. түрлі білім беру құрылымдарының құрамына кіреді.

«Тәрбие - мұғалімдерге ғана сеніп берілетін маңызды іс қана емес» болғандықтан ата-аналар кейбір мектептерде бала үйірмелер мен клубтарды, кітапхананы басқарады, шетел тілдерде факультативтік және спорттық дәрістер жүргізеді, оқу экскурсияларын ұйымдастырады.



3

 Жапония

Үйде оқыту түрі (дзюку) - отбасылық эстетикалық, зерделілік, адамгершілік тәрбиенің моделі ретінде.

Жапония қоғамының пікір бойынша отбасы және мектептің ерекше педагогикалық функциялары бар, яғни отбасы - тәрбиенің ең маңызды ұяшығы, ал мұғалімдер білімнің бас таратушылары. Жапондық ғалымдардың есептеуінше отбасы - жеке тұлғаның өзін-өзі тануы мен әлеуметтенудің, адамгершіліктің басты көзі. Осы көзқарасты көптеген ата-аналар ұстанады.Жаппай сұрау барысында ата-аналардың жауап бергені бойынша 64% баланы тәрбиелеуде басты роль атқарады, ал қалған сауалнамаға жауап берушілер баланы тәрбиелеу толығымен отбасының жұмысы деп есептейді.

Японияда сәбидің ең алғашқы ұстазы - ана. Бала әліппе, жазу мен арифметика білімдерінің бастамаларына отбасында үйренгендіктен, мектеп табалдырығын аттағанда оларға үйренбейді. Оқушылардың ата-аналары өз балаларының мектептегі жетістіктер мен мәселелері туралы хабардар болу үшін мұғалімдермен үнемі хат алысады. «Кеику-ана» (білімге құштар ана) одан да көп жасайды. Бала ауырған жағдайда ана баласының орнына мектеп тапсырмаларын мұқият жазып алады. Баланың алдында ата-ана оқытушының пікіріне күмән келтірмейді. Олар әрқашан оқытушымен толық кеңес құра алады.

Жапонияда мектеп және отбасылық тәрбиелік функциялары нығайып, мектеп ролінің маңыздылығы күннен-күнге артып келеді.Мысалға, бұндай көзқарасқа сұрастырған ата-аналардың 75%-і келіседі. Отбасының білім және тәрбиелік функцияларының төмендеуін негізге ала отырып, ата-аналар отбасы міндеттерін үйретушілерге жүктеу, балаларды тәрбиелеуге қызығушылықтарының жоғалту үрдістері жөнінде айтты.

Алайда, Жапония мектептерінде бөлектеу салты сақталған. Оқу үрдісі ата-аналар үшін тиым аймағы болып сақталуда (оқу бағдарламалары, пішіндері, әдістері).



4

Ресей

Ата-аналар комитеттері – мектептердің жаңа органдары, ата-аналардың қатысуымен болатын мектеп кеңестері

Ресейде мемлекеттік тәрбие тәжірибесі саясаты нәтижесінде үйде тәрбиелеу салты елеулі әлсіреді. Қазіргі уақытта Ресей қоғамында отбасы баланың зерделілік, адамгершілік және эстетикалық қалыптасуының, эмоционалдық мәдениет пен физикалық дамуының негізгі көзі болып табылатын ұғым жаңаруда. Алайда, бұл міндеттер мектеппен бірлесе отырып шешілуі қажет. Бұндай ынтымақтастықтың бағыттаушылары дәстүрлі құрылымдықтың ата-аналар комитеттері, сонымен қатар, жаңа мектеп органдары - ата-аналардың қатысуымен болатын мектеп кеңестері бола алады.



  


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет