Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген



бет1/31
Дата20.06.2017
өлшемі5.04 Mb.
#13148
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31





Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 тамыздағы №1017 қаулысы

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 12) және 17) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Отандық өңделген таурларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары;

2) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) 4-тармақтан басқа «Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1265 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 40-құжат);

2) «Отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу қағидасын, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындары ішінара өтелетін отандық өнделген тауарлар тізбесін бекіту және «Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1265 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 42, 551-құжат).

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2012 жылғы «2» тамыздағы

№1017 қаулысымен

бекітілген
Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.

2. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін экспорттаушылардың сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, қызметтердің тізбесінде көзделген отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілететін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері) беріледі.

3. Отандық өңделген тауарлар мен қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындардың бір бөлігі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде өтеледі.

4. Шығындардың бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) оң ұсынымы негізінде шығарылған индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) шешімі негізінде жүргізіледі, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіптік палатасының және заңды тұлғалардың салалық емес бірлестіктерінің (бизнес-қауымдастықтарының) өкілдері кіреді.

5. Комиссияның ережесін және құрамын уәкілетті орган бекітеді.
2. Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі
6. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

1) жылжытумен (брендинг) және нақты өнімді, қызметті сыртқы нарықта айналдырумен байланысты шығындар:

отандық өнімнің жарнамасы:

шығындардың өтелетін баптары – жарнамалық компанияға және бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, телевизия, радио, интернет) арқылы шетелдегі жарнамаға, сондай-ақ қоғамдық орындардағы жарнамаға (баннерлер, аудио-бейнероликтерді дайындауға және трансляциялауға) арналған шығындар;

шетелдік көрмелерге қатысу:

шығындардың өтелетін баптары мынаған:

тіркеу жарнасын төлеуге;

көрме алаңдарын жалдауға;

көрме стенділерін дайындауға (жалға алуға);

жарнамалық-үлестіру материалдарын дайындауға;

көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің экономикалық сыныппен ұшуына;

осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген шекті сомадан аспайтын мөлшерде бес тәуліктен аспайтын мерзімде көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің тұруына;

каталог әзірлеуге және басып шығаруға арналған шығындар;

шығындардың өтелетін баптары – шетелде үлестіру үшін арнайы каталогтарды әзірлеумен, басып шығарумен және шет тілдеріне аударумен байланысты шығындар;

шетелде өкілдікті, кеңсені, қойманы, шоу-бөлмені, сауда нүктесін ашу, ұстау:

шығындардың өтелетін баптары:

өкілдікті тіркеумен байланысты шығындар;

алаңдарды/үй-жайларды жалдау ақысын төлеуге арналған шығындар мен коммуналдық шығыстар;

2) шетелге экспорттау мақсатында тауар белгілерін тіркеумен және өнімді сертификаттаумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар:

шығындардың өтелетін баптары:

шетелде өнімдерді және тауар белгісін тіркеумен байланысты шығындар;

шетелде өнімдерді сертификаттаумен байланысты шығындар;

егер бұл экспорттық келісімшарттың және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарымен көзделген болса, сәйкестікті сертификаттауды және фитосанитарлық сертификаттауды қоса алғанда шетелге экспорттау мақсатында өнімді сертификаттаумен байланысты шығындар;

3) экспортты басқару саласында, оның ішінде шетелде экспортқа бағытталған өнім өндірісі саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыра отырып, оқыту бойынша қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар;

шығындардың өтелетін баптары:

мамандарды шетелде оқыту қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығындар (тағылымдамалар, семинарлар, курстар);

экспортты ұйымдастыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің-кәсіпорындарына сарапшы-консультанттарды шақыру кезінде оқыту қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығындар;

өндірісті ұйымдастыру және экспортқа бағдарланған өнімді жылжыту үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі-кәсіпорын шақырған шетелдік мамандардың қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығындар;

4) франшиза тарту:

шығындардың өтелетін баптары – франшиза сатып алу;

5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар:



шығындардың өтелетін баптары – интернет-ресурсты әзірлеу, тіркеу, іске қосу және қолдау жөніндегі шығындар;

6) маркетингтік зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар:

шығындардың өтелетін баптары:

экспорттау еліне байланыстыра отырып, нақты өнім бойынша нақты елдің нарығын зерттеу шығындары;

сыртқы нарықтарға шығу бойынша алғашқы үш жылға арналған іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің экспорттық стратегиясын әзірлеумен байланысты шығындар.

7. Шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне жанама салықтар есебінсіз (қосылған құн салығы және акциздер) өтеуге талап етілеген соманың 50 %-ы мөлшерінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындар өтеледі.



Өтелетін шығындар сомасына жанама салықтар (қосылған құн салығы және акциздер) сомасы қосылмайды.

8. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Бұл ретте шетел валюталарында шеккен шығындарды қайта есептеу өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күні қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

9. Комиссияға:

1) экспорттық келісімшарттарға сәйкес Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) 6 және одан да көп белгілері деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін өнімнің бір бөлігін немесе барлығын және тізбеге енгізілген қызметтерді экспорттауды жүзеге асырған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің;

2) өзінің өнімін, қызметтерін сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі:

осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген шығындардың түрлеріне жататын;



өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін кемінде 2 (екі) жыл бұрын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындар туралы мәліметтерді қамтитын өтімдерін қарауға жол беріледі.

10. Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады, оған:



1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не салыстыра тексеру үшін оның түпнұсқасын ұсына отырып көшірмесі;

2) ақысын төлеуге жұмсаған шығындар өтеуге арналған өтінімге енгізілген жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыра тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, олардың көшірмелері;

3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар/қызметтер актілерінің, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің осы жұмыстарға/ қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелері;

4) экспортты жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (экспорттық келісімшарт, валюталық түсімнің түскені туралы банк анықтамасы);

5) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін тауардың шығу тегін растайтын құжаттарының көшірмелері қоса беріледі.



Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері қызметтің бағыттары бойынша мынадай құжаттарды қосымша ұсынады:

1) өнімді және тауар белгісін (бренд) шетелде тіркеуге арналған шығындар бойынша – тіркеу құжаттарының көшірмелері;

2) өнімді сертификаттауға арналған шығындар бойынша – сертификаттаудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, рұқсаттар және өзгелері не берілген сертификаттар бойынша салыстыра тексеру актілері);

3) шетелдік көрмелерге қатысуға арналған шығындар бойынша – шетелдік көрмеге қатысқандығы туралы бейне және/немесе фото-есептер, үлестірме материалдарының түпнұсқа даналары, сондай-ақ осы көрмелерге қатысатын компания - индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі қызметкерлерінің ұшып келуін және тұруын растайтын материалдардың көшірмелері;

4) отандық өнімнің, қызметтердің шет елдегі жарнамасына арналған шығындар бойынша – отандық өнімнің жарнамасы (оның ішінде импортталатын өнімдер туралы мақалалар) бар каталогтардың, газеттердің, журналдардың және осы сияқтылардың түпнұсқалары, телевизиялық жарнаманың бейненұсқалары (компакт-дискілер және сол сияқтылар), қоғамдық орындарда өткізілген жарнама туралы бейне және/немесе фото-есептер;

5) мамандарды оқытуға арналған шығындар бойынша – оқудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;

6) франшиза сатып алуға арналған шығындар бойынша – франчайзер таңбасымен жұмыс істеуге арналған лицензияның көшірмесі;

7) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған шығындар бойынша – интернет-ресурсты құрумен, тіркеумен, іске қосумен және қолдаумен байланысты құжаттардың (шарт, техникалық тапсырма) көшірмелері;

8) маркетингтік зерттеулерге арналған шығындар бойынша – маркетингтік зерттеулердің жүргізілуіне байланысты құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ сыртқы нарықтарға шығу жөніндегі іс-шаралар жоспары.

11. Өтінім және қоса тіркелетін құжаттар құжаттардың тізімдемесін қоса бере отырып, қағаз тасығыштарда ұсынылады.

12. Өтінімдер мен құжаттарды (бұдан әрі – өтінім) Экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институты қабылдайды (бұдан әрі – ұлттық институт).

13. Уәкілетті органның тапсырмасы бойынша ұлттық институт өтінімді және қоса тіркелетін құжаттарды қабылдау орнын, оларды қабылдауды жүзеге асыратын ұлттық институттың атауын, өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күнін, сондай-ақ толық ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсете отырып, өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына орналастырады.



Бұл ретте өтінімдерді қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кейін кемінде бір айдан соң аяқталуы тиіс.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі сәйкес келуі тиіс талаптар, өтінім нысаны мен оған қоса берілетін құжаттардың және материалдардың тізбесі уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет-ресурстарына орналастырылады.

14. Егер өтінімді қарау нәтижесінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарын өтеудің болжанған сомасы ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген сома мөлшерінен асып түскен жағдайда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің алғаш түскен өтінімдері басым болады.



Өтінімдерді қабылдау күні аяқталғаннан кейін түскендер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жіберіле отырып, кері қайтаруға жатады.

15. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда ұлттық институт өтінім берілген сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жібереді. Егер өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін ескертулер жойылмаса, ұлттық институт индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтінімді кері қайтару туралы хабарлама жібереді.

16. Өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі дұрыс емес құжаттарды бергенде кері қайтарылуы мүмкін.

17. Ұсынылған өтінімнің толықтығы және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру үшін уәкілетті органның шешімімен уәкілетті органның және ұлттық институттың өкілдері қатарынан жұмыс тобы құрылады.

18. Ұлттық институт өтінім түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің түйіндемесін дайындайды және өтінім мен өтінімнің түйіндемесін жұмыс тобына тексеруге жібереді. Өтінім мен өтінімнің түйіндемесі негізінде жұмыс тобы он жұмыс күні ішінде өтінімге қоса берілген құжаттарды тексеруді жүргізеді және қорытынды шығарады.

Қорытынды индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауын, түрлерін және келтірілген шығындардың сомаларын, өтелуге болжанатын соманы қамтуы тиіс.

19. Комиссия өтінімнің түйіндемесін және жұмыс тобының қорытындысын қарайды. Комиссияның отырыстары өтінімдерді қабылдаған күннен бастап тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

Комиссия индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы ұсынымды өтінімнің түйіндемесі және жұмыс тобының қорытындысы негізінде шығарады және ұсынымдарды шығарғаннан кейін жеті жұмыс күнінің ішінде шешім қабылдау үшін оларды уәкілетті органға жібереді.

20. Уәкілетті орган Комиссияның оң ұсынымын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдайды.

21. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдерінен жұмыс тобы, Комиссия немесе уәкілетті орган бас тартқан жағдайда ұлттық институт бас тарту себептерін көрсете отырып, оған тиісті хабарлама жібереді.

22. Шешім кабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үлгілік келісімге сай жасалатын қаражат аудару туралы келісім жасасады, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шотына өтелетін соманы аудару соған сәйкес жүргізіледі.

23. Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға қызметтерді көрсету кезінде ұлттық институт шеккен әкімшілік шығыстарды өтеу көрсетілген шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен ұлттық институт ұсынған сметаға сәйкес жүзеге асырылады.



_________________________


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «2» тамыздағы

1017 қаулысымен

бекітілген
Сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Отандық өңделген тауарлардың тізбесі


СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

1

2

0201

Ірi қара малдың етi, жас немесе тоңазытылған

0201 10 000

ұша және жартылай ұша

0201 20

сүйегi сылынбаған өзге де шабылған ет

0201 30 000

сүйегі сылынған ет

0202

Мұздатылған ipi қара малдың етi

0202 10 000

ұша және жартылай ұша

0202 20

сүйегi сылынбаған өзге де шабылған ет

0202 30

сүйегi сылынған ет

0203

Шошқаның жас, тоңазытылған немесе мұздатылған етi

0203 11

ұша және жартылай ұша

0203 12

сан етi, жауырындары және олардың сүйегi сылынбаған шабылған еттерi

0203 19

өзгелері

0203 21

ұша және жартылай ұша

0203 22

сан етi, жауырындары және олардың сүйегi сылынбаған шабылған еттерi

0203 29

өзгелері

0204

Жас қой немесе ешкi етi, тоңазытылған немесе мұздатылған

0204 10 000 0

қозылардың ұшасы немесе жартылай ұшасы, жас немесе тоңазытылған

0204 21 000 0

ұша және жартылай ұша

0204 22

сүйегi сылынбаған өзге де шабылған ет

0204 23 000 0

сүйегi сылынған ет

0204 30 000 0

қозылардың ұшасы немесе жартылай ұшасы, мұздатылған

0204 41 000 0

ұша және жартылай ұша

0204 42

сүйегi сылынбаған өзге де шабылған ет

0204 43

сүйегi сылынған ет

0204 50

Ешкiнiң етi

0205 00

жылқылардың, есектердiң, қашырлардың немесе лошактардың етi, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған

0206

Іpi қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкiлердiң, жылқылардың, есектердiң, қашырлардың немесе лошактардың жас тағамдық қосымша, тоңазытылған немесе мұздатылған өнiмдерi

0206 10

iрi қара малдың жас немесе тоңазытылған

0206 21 000 0

тiлдерi

0206 22 000

бауыры

0206 29

өзгелері

0206 30 000

шошқаның жас немесе тоңазытылған етi

0206 41 000

бауыры

0206 49 000

өзгелері

0206 80

жас немесе тоңазытылған өзгелері

0206 90

мұздатылған өзгелері

0207

0105 тауар позициясында көрсетiлген үй құсының етi және тағамдық қосымша өнiмдерi, жас тоңазытылған немесе мұздатылған

0207 11

бөлiктерге мүшеленбеген, жас немесе тоңазытылған

0207 12

бөлiктерге мүшеленбеген, мұздатылған

0207 13

жас немесе тоңазытылған ұшаның бөлiктерi қосымша өнiмдерi

0207 14

ұшаның бөлiктерi мен қосымша ет өнiмдерi, мұздатылған

0207 24

бөлiктерге мүшеленбеген, жас немесе тоңазытылған

0207 25

бөліктерге мүшеленбеген, мұздатылған

0207 26

ұшаның бөлiктерi және қосымша ет өнiмдерi, жас немесе тоңазытылған

0207 27

ұшаның бөлiктерi және қосымша ет өнiмдерi, мұздатылған

0207 41

бөлiктерге мүшеленбеген, жас немесе тоңазытылған

0207 42

бөліктерге мүшеленбеген, мұздатылған

0207 43 000

семiз бауыр, жас немесе тоңазытылған

0207 44

өзгелері, жас немесе тоңазытылған

0207 45

өзгелері, мұздатылған

0207 51

бөлiктерге мүшеленбеген, жас немесе тоңазытылған

0207 52

бөліктерге мүшеленбеген, мұздатылған

0207 53 000

семiз бауыр, жас немесе тоңазытылған

0207 54

өзгелері, жас немесе тоңазытылған

0207 55

өзгелері, мұздатылған

0207 60

цесаркалар

0208

Өзге де ет және тағамдық қосымша ет өнiмдерi, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған

0208 10

үй қояндарының немесе қояндардың

0208 50 000 0

рептилиялар (жыландар мен тасбақаларды қоса алғанда)

0208 60 000 0

түйелер және басқа түйе тұқымдастардың жануарлары (Camelidae)

0208 90

өзгелері

0209

Арық еттен сылынып алынған шошқа тоң майы мен үй құсының тоң майы, шыжғырылмаған немесе басқа тәсiлмен алынбаған, жас, тоңазытылған, мұздатылған, тұздалған, тұздық судағы, кептiрiлген немесе ысталған:

0209 10

шошқа

0209 90 000 0

өзгелері

0210

Тұздалған, тұздықтағы, кептiрiлген немесе тұздалған ет және тағамдық қосымша ет өнiмдерi; еттен немесе қосымша ет өнiмдерiнен жасалған майда және iрi тартылған тағамдық ұн

0210 11

сан етi, жауырындары және олардың шабылған етi, сүйегi сылынбаған еттерi

0210 12

Төстiктер (алқалар) және олардың шабылған етi

0210 19

өзгелері

0210 20

iрi қара малдың етi

0210 93 000 0

рептилдер (жыландар мен тасбақаларды қоса алғанда)

0210 99

өзгелері

0302

0304 тауар позициясының балық сүбесi мен балықтың өзге де етiн қоспағанда, жас немесе тоңазытылған балық

0302 11

патшабалық (Salmotrutta, Oncorhynchusmykiss, Oncorhynchusclarki, Oncorhynchusaguabonita, Oncorhynchusgilae, Oncorhynchusaрache және Oncorhynchuschrysogaster)

0302 21

сутiл (Reinhardtius hiррoglossoides, Hiррoglossus hiррoglossus, Hiррoglossus stenoleрis)

0302 22 000 0

теңiз түйетабаны (Pleuronectes р1аtessa)

0302 23 000 0

теңiз тiлi (Solea spp.)

0302 24 000 0

тюрбо (Psetta maxima)

0302 29

өзгелері

0302 31

ұзын қауырсынды тунец немесе альбакор (Тhunnus alalunga)

0302 32

сары қауырсынды тунец (Тhunnus albacares)

0302 33

скипджек немесе ала тунец

0302 34

үлкен көздi тунец (Тhunnus obesus)

0302 35

көк немесе кәдiмгi тунец, және тынық мұхитының көгілдір тунец hunnusthynnus, Thunnusorientales) 

0302 36

оңтүстiктiң көк тунеці (Thunnus maccoyii)

0302 39

өзгелері

0302 41 000 0

майшабақ (Сluреа harengus, Сluреа pallasii)

0302 42 000 0

анчоустар (Engraulis spp.)

0302 43

сардина (Sardinapilchardus, Sardinopsspp.), сардинелла (Sardinellaspp.), килька немесе шпроттар (Sprattus sprattus)

0302 44 000 0

скумбрия (Scomber scombrus, Scomber australasicus, Scomber japonicus)

0302 45

ставрида (Trachurus spp.)

0302 46 000 0

кобия (Rachycentron canadum)

0302 51

нәлiм (Gadus morhua, Gadus ogas, Gadus macrocephalus)

0302 52 000 0

пикша (Melanogrammus aeglefinus)

0302 53 000 0

сайда (Pollachius virens)

0302 54

мерлуза (Merluccius spp.) және америка нәлімі (Urophycis spp.)

0302 55 000 0

минтай (Theragra chalcogramma)

0302 56 000 0

путассу (Micromesistius poutassou, Micromesistius australis)

0302 59

өзгелері

0302 71 000 0

тилапия (Oreochromis spp.)

0302 72 000 0

жайын (Pangasius spp., Silurus spp., Clarias spp., Ictalurus spp.)

0302 73 000 0

тұқыбалық (Cyprinus carpio, Carassius carassius, Ctenopharyngodon idellus, Hypophthalmichthys spp., Cirrhinus spp., Mylopharyngodon piceus)

0302 74 000 0

жыланбалық (Anguilla spp.)

0302 79 000 0

өзгелері

0302 89

өзгелері

0302 90 000 0

бауыр, уылдырық және молоктар

0303

Мұздатылған балық, 0304 тауар позициясының балық сүбесi мен балық етiн қоспағанда:

0303 11 000 0

қызыл немесе нерка (Oncorhynchus nerka)

0303 12 000 0

тынық мұхитының албырт балығының өзгелері (Oncorhynchusgorbuscha, Oncorhynchusketa, Oncorhynchustschawytscha, Oncorhynchuskisutch, Oncorhynchusmasou және Oncorhynchusrhodurus)

0303 13 000 0

атлант албырт балығы (Salmo salar) және Дунай албырт балығы (Hucho huсhо)

0303 14

патшабалық (Salmotrutta, Oncorhynchusmykiss, Oncorhynchusclarki, Oncorhynchusaguabonita, Oncorhynchusgilae, Oncorhynchusaрache және Oncorhynchuschrysogaster)

0303 19 000 0

өзгелері

0303 23 000 0

 тилапия (Oreochromis spp.)

0303 24 000 0

жайын (Pangasius spp., Silurus spp., Clarias spp., Ictalurus spp.)

0303 25 000 0

тұқы балық (Cyprinuscarpio, Carassiuscarassius, Ctenopharyngodonidellus, Hypophthalmichthysspp., Cirrhinusspp., Mylopharyngodonpiceus)

0303 26 000 0

жыланбалық (Anguilla sрр.)

0303 29 000 0

өзгелері

0303 31

сутiл (Reinhardtius hiррoglossoides, Hiррoglossus hiррoglossus, Hiррoglossus stenoleрis)

0303 32 000 0

теңiз түйетабаны (Рleuronectes рlatessa)

0303 33 000 0

теңiз тiлi (Solea sрр.)

0303 34 000 0

тюрбо (Psetta maxima)

0303 39

өзгелері

0303 41

ұзын қауырсынды тунец немесе альбакор (Thunnus alalunga)

0303 42

сары қауырсынды тунец (Thunnus albacares)

0303 43

скипджек немесе ала тунец

0303 44

үлкен көздi тунец (Thunnus obesus)

0303 45

көк тунец немесе кәдiмгi және тынық мұхитының көк тунеці hunnusthynnus, Thunnusorientales) 

0303 46

оңтүстiктiң көк тунеці (Thunnus maccoyii)

0303 49

өзгелері

0303 51 000 0

майшабақ (Cluрea harengus, Cluрea рallasii)

0303 53

сардина (Sardina рilchardus, Sardinoрs sрр.), сардинелла (Sardinella sрр.), килька немесе шпроттар (Sрrattus sрrattus)

0303 54

скумбрия (Scomber scombrus, Scomber australasicus, Scomber jaрonicus)

0303 55

ставрида (Trachurus spp.)

0303 56 000 0

кобия (Rachycentron canadum)

0303 63

треска (Gadus morhua, Gadus ogac, Gadus macroceрhalus)

0303 64 000 0

пикша (Melanogrammus aeglefinus)

0303 65 000 0

сайда (Рollachius virens)

0303 66

мерлуза (Merluccius sрр.) және америка нәлiмi (Uroрhycis sрр.) 

0303 67 000 0

минтай (Theragra chalcogramma)

0303 68

путассу (Micromesistius poutassou, Micromesistius australis)

0303 69

өзгелері

0303 89

өзгелері

0303 90

бауыр, уылдырық және молоктар

0304

Балықтың сүбесi және балықтың өзге де етi (фаршты қоса алғанда), жас, тоңазытылған немесе мұздатылған

0304 31 000 0

тилапия (Oreochromis spp.)

0304 32 000 0

жайын (Pangasius spp., Silurus spp., Clarias spp., Ictalurus spp.)

0304 39 000 0

өзгелері

0304 41 000 0

тынық мұхитының албырт балығы (Oncorhynchus nerka, Oncorhynchus gorbuscha, Oncorhynchus keta, Oncorhynchus tschawytscha, Oncorhynchus kisutch, Oncorhynchus masou және Oncorhynchus rhodurus), атлант албырт балығы (Salmo salar) және дунай албырт балығы (Hucho hucho)

0304 42

патшабалық (Salmotrutta, Oncorhynchusmykiss, Oncorhynchusclarki, Oncorhynchusaguabonita, Oncorhynchusgilae, Oncorhynchusaрache және Oncorhynchuschrysogaster)

0304 43 000 0

түйетабан тектестер (Pleuronectidae, Bothidae, Cynoglossidae, Soleidae, Scophthalmidae и Citharidae)

0304 44

балық тұқымдастары (Bregmacerotidae, Euclichthyidae, Gadidae, Macrouridae, Melanonidae, Merlucciidae, Moridae и Muraenolepididae

0304 49

өзгелері

0304 51 000 0

тилапия (Oreochromis spp.), жайындар (Pangasius spp., Silurus spp., Clarias spp., Ictalurus spp.), тұқы балық (Cyprinus carpio, Carassius carassius, Ctenopharyngodon idellus, Hypophthalmichthys spp., Cirrhinus spp., Mylopharyngodon piceus), жыланбалық (Anguilla spp.),ніл латесі (Lates niloticus) және жыланбас балық (Channa spp.)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет