Оспанқызы Нұрбану



Дата26.10.2018
өлшемі65.46 Kb.
Оспанқызы Нұрбану,

"№45 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ

қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі




Ы.Алтынсарин "Атымтай жомарт". Жомарттық пен сараңдық


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5 А/И 1

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: әдеби шығармадағы екі нәрсе салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулер туралы түсінік алады, өз ойымен сәйкестендіреді.

Оқушылардың көпшілігі: әңгімедегі қарама-қайшы ұғымдарды салыстырады, ажыратады, сөз мағыналарын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: әдеби шығармадағы байлық пен кедейлік, жомарттық пен сараңдық секілді ұғымдарды ажыратып, өмірмен байланыстыра талдап, қорытынды пікірлерін дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

*Салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеулерді әдеби шығарма арқылы нақтылайды.

* әңгімедегі қарама-қайшы ұғымдарды салыстырады, айырмашылығын түсінеді.

* жомарттық, сараңдық секілді ұғымдардың мағынасын ажыратып, өмірмен байланыстырады, талдайды, тұжырымды пікір айтады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: "Атымтай жомарт" әңгімесіндегі қарама-қарсы айтылған ұғымдарды ажыратып, салыстырады, ой толғайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көңілге жел кіру, ескі-құсқы, жарлы, әбірет, пұл, кем-кетік, тұтынсам

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Әңгімедегі Атымтай жомарт айтқан төрт түрлі себептерден қандай ой түйдің?

2. Қазіргі заманда Атымтай жомарт сияқты адамдар бар деп ойлайсыңдар ма, нақты дәлел келтіре аласың ба?

3. Әңгімеде салыстыра, қарама-қарсы суреттеулер қалай көрініс табады?



Құндылықтарға баулу

Оқушы бойына еңбек, жауапкершілік, денсаулық, достық, өмірбойы білім алуға дайын болу құндылықтарын сіңіріп, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, ұлттық педагогика

Алдыңғы оқу

Ы.Алтынсариннің "Атымтай жомарт" әңгімесі.

"Серпілген сауал" әдісі арқылы өтілген тақырыпқа шолу.



Сабақ барысы




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1. Тренинг. "Мен қандаймын?" (оқушылар өздерінің бойларындағы жағымды, жағымсыз бір - бір қасиетін айтып шығады. мысалы: мырзамын, сараңмын, қызғаншақпын, ақылдымын т.с.с)

С. "Ашық микрофон"

  • Салыстыра суреттеу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қарама-қарсы суреттеулер қандай суреттеулер?

  • Ы.Алтынсариннің "Атымтай жомарт " әңгімесінде осындай суреттеулер бар ма? Қай тұсынан аңғардыңдар? Дәлелді пікір айт!

  • Жомарттық пен сараңдықтың айырмашылығы қандай?

Салыстыра суреттеу дегеніміз- ұқсату арқылы адамның ішкі және сыртқы әрекеттерін байланыстыруға мүмкіндік беретіндіктен, заттар мен құбылыстарды салыстыра суреттеу.

Қарама-қарсы суреттеу дегеніміз - антонимдес суреттеулер.

Оқушылар ойын білгеннен кейін, теориялық түсінік беріп, сабақ мақсатымен таныстыру.





овальная выноска 86

Сабақтың ортасы

30 минут


С. "Сен-маған, мен-саған" әдісі арқылы сыныпқа ортақ сауалдар беріледі.

-Атымтай жомарттың бойынан қандай ізгі қасиет байқадыңдар? ------Сендердің бойларыңда сондай қасиеттер кездесе ме?

-Ы.Алтынсариннің Атымтай жомарты, дәлел

-Бүгінгі күннің Атымтай жомарттары, дәлел



Керемет! Жарайсың! Пікірің құнды!
Т.

1-топ: «Жылқы сұлбасы» стратегиясы.

1. Жылқының 4 аяғына әңгімедегі 4 себепті жазыңыз.

2. Жылқының басына әңгімедегі маңызды ақпаратты қысқаша жазыңыз.

3. Жылқының ішкі құрылысына әңгімедегі салыстыра суреттеулерді жазыңыз.

4. Жылқының құйрығына әңгіме бойынша қорытынды пікір жазыңыз.

2-топ: «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жұмыс жүргізеді

«Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір.

Әңгіме мәтінін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.



2. Дәлел.

Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.



3. Мысал.

Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.



4. Қорытынды

Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.



Дескриптор

*дәлелі бар сөйлемдер жазады;

*пікірлерін өмірмен байланыстырады;

*ойларын жүйелі жеткізеді.



Екі жұлдыз бір тілек (кері байланыс)

3-топ: "Үш жақты күнделік"

Мәтіндегі ең маңызды өздеріңе ұнаған жерінен үзінді келтір

Түйінін анықта



Үзіндіге сай келетін мақал-мәтелдер жаз










Бармақ арқылы кері байланыс орнату

Ж.Ж. ҚБ тапсырмасы

Жұбыңызбен ақылдаса отырып, әңгіме мазмұнын салыстыра суреттеуге 3 дәлел, қарама-қарсы суреттеуге 3 дәлел табыңыз



Салыстыра суреттеу

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел













Қарама-қарсы суреттеулер

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел













Дескриптор

-шығармадан салыстыра суреттеуге үш дәлелді анықтайды;

-шығармадағы қарама-қарсы суреттеуге қатысты үш дәлелді анықтайды.



А3 парағы

Сызба кесте

Парақшалар



Сабақтың соңы

10 минут

Бекіту тапсырмасы

Ж. "Пікір сызығы" әдісі арқылы берілген сауалға оқушылар өз пікірлерін дұрыс, бұрыс деп пікір айтады.

Қалай ойлайсыңдар, егер бізде қажетті дүниенің барлығы болса да, Атымтай жомарт сияқты күн сайын бір мезгіл үстімізге ескі киімдер киіп жұмыс жасағанымыз дұрыс па, неліктен, не себепті?



Рахмет! Пікірің құнды! Жарайсың! Керемет!

Рефлексия

"Маңыздылық аймағы"

Ішкі шеңбер-ең маңызды Ортаңғы шеңбер-маңыздырақ

Сыртқы шеңбер-маңызды емес




Кері байланыс суреті



Қосымша мәлімет

Ы.Алтынсариннің өзге де әңгімелерін оқу




Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет