Основные цели проекта: Для того, чтобы узнать, с книгами и журналами о растениях, произрастающих в районе Шортанды. Для определения растений при ходьбе и исследования. Методы исследования: Видя; Исследуя



Дата08.07.2017
өлшемі101.97 Kb.
#29064
Мазмұны

Абстракт................................................................................... 1

I. Кіріспе бөлім........................................................................ 2

Зерттеу мақсаты........................................................................3

Өлкемде өсетін өсімдіктерге қысқаша шолу....................... 4

II. Зерттеу бөлімі..................................................................... 5

Түймедақ гүлінің аталуы........................................................ 6

Көбеюі...................................................................................... 8

Емдік қасиеті...........................................................................11

Емдік өсімдіктердің пайдасы.................................................13

III. Қорытынды бөлім..............................................................14

IV. Пікір....................................................................................15

V.Пайдаланылған әдебиеттер.................................................16

Абстракт


Өлке өсімдіктері жайлы мәліметтер жинақтау,жүйелеу,емдік өсімдіктер туралы тереңірек ақпараттар беру басты мақсат болды.

Абстракт



Основная цель проекта:

Накопление информации о растениях региона, классификации, очистных сооружений, более глубокой информации было главной целью.

Я хочу знать о растениях моей страны.

Когда я читаю о растениях мне было очень интересно.

Я хочу, чтобы пополнить свои знания.

Основные цели проекта:

1. Для того, чтобы узнать, с книгами и журналами о растениях, произрастающих в районе Шортанды.

2. Для определения растений при ходьбе и исследования.

Методы исследования:

Видя;

Исследуя;

Услышьте;

Удержание.

План исследовании:

1. Для того, чтобы собрать информацию о растениях, произрастающих в районе Шортанды.

2. Определить внешние характеристики этих растений.

3. Изучить лечебные свойства цветка ромашки в.



Ожидаемые результаты:

1. Ознакомившись с видами растений, произрастающих в районе Шортанды.

2. дать ли нам взглянуть на особенности их собственных преимуществ.

3. Затем с этим знанием я буду продолжать дальше работу исследования.

Abstract

The main objective of the Project:

The accumulation of information about the plants of the region, classification, treatment plants, more in-depth information was the main goal.

I want to know about plants of my country.

When I read about the plants I was very interested.

I want to replenish their learning.

The main objectives of the project:

1. To learn with books and magazines about the plants growing in the region of Shortandy.

2. To determine plants with walking and researching.

Research methods:

Seeing ;

Researching;

Hear;

Retention.

Plan of the researching:

1. To collect information about the plants growing in the region of Shortandy.

2. To determine the external characteristics of these plants.

3. To study the medicinal properties of the Chamomile's flower.



Expected results:

1. Familiarized with the types of plants growing in the region of Shortandy.

2. Did give us a look at the features of their own benefits.

3. Then with this knowledge I will continue to further the work of the study.


Кіріспе бөлім

Жерді жасыл планета деп атайды. Бұндай атау өсімдіктерге байланысты берілген. Өсімдіктер әлемі адамға байлық ретінде емдік өсімдіктерді сыйлаған. Олар әр уақытта өмірдің негізі, яғни тағамдық және емдік қасиетімен белгілі. Халықтық фитотерапияның тарихы жалпы адамзат тарихымен тығыз байланысты. Кейбір мемлекеттерде қазіргі кезде де фитотерапия емдеудің негізгі әдісі ретінде қолданылуда. Мысалы, Африка елдерінде, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің тұрғылықты халқы тек қана өсімдіктермен емделеді.

Өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы мәліметтер ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде тапсырылған.

Қазақстан әртүрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті.

Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын түймедағы гүлі.

Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, қазақстанның бренді ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар. Оны тек мақтаныш етіп қана қоймай, қорғауды қолға алуымыз керек.

Зерттеу мақсатым


  • Өз өлкемде өсетін өсімдіктер жайлы білгім келді

  • Өсімдіктер жайлы оқыған кезде қатты қызықтым

  • Өз білмегендерімді толықтырғым келді

Зерттеу міндеттерім



  1. Кітаптар мен журналдар арқылы Шортанды

өңірінде өсетін өсімдіктер жайын білу;

2. Топ серуен мен зерттеу жұмыстары арқылы

өсімдіктерді анықтау.

Зерттеу тәсілдері:


  • Байқау;

  • көру;

  • есту;

  • ұстап көру.

Зерттеу жоспары:

  1. Шортанды өңірінде өсетін өсімдіктер жайында мәліметтер жинақтау;

  2. Осы өсімдіктердің сыртқы сипаттамасы мен олардың пайдасын анықтау;

  3. Түймедағы гүлінің емдік қасиетін зерттеу

Жауқазын

Көктемгі қар суы мен жаңбыр суы топырақты жақсы ылғалдандырып,жер кебе ,күн қыза топырақ астында қыстап шыққан пиязшығы өзек жарып ,сабағы жер бетіне шығып ,жауқазындар даламызды құлпырта түседі. Алайда бұлардың ғұмыры ұзақ болмайды. Гүлі, сабағы қурап, пиязшығын дала тышқаны,қосаяқтар қорек қылады. c:\users\нурзат\desktop\мама ғылыми жұмыс\screenshot_2016-02-15-15-49-13-1.png



Бақ - бақ гүлі

Бақ-бақ ерте көктемде көгалды жерлерде өседі.Оны күн гүлі деп те атайды. Оның себебі бақ-бақтың гүлі бір уақытта ашылып, бір уақытта қайта жабылады.Яғни таңғы бесте ашылып, күндізгі сағат екілерде жабылады.Осыған қарап уақытты ажыратуға болады.



одуванчик

Боз

Боз дала төсіне күміс түс береді. Боз өскен далада жайылған жылқы тез ет алып, қымызының дәмі кіреді деседі.



ковыль

Түймедақ

Жаз мезгілінің жаршысы болып есептелетін түймедақ еліміздің барлық аймағында өседі.

Түймедақ гүлі – көпшіліктің ең сүйікті гүлдерінің бірі. Тіпті гүл өсіруге енді ғана бетбұрыс жасаған гүлпаздың өзі көгалдандыруды түймедақтан бастары анық.

Түймедақ гүлі көгалдандыруда кеңінен қолданылатын көпжылдық шөптесін өсімдік... Бақшаға еккен түймедақ жаз бойы молынан гүлдеп, ерекше көңіл күй сыйлайды.

Қазақ халқы түймедақ гүлін ертеден танып, оны да әсем, ажарлы гүлдер тобына жатқызады. Ол кез-келген күн көзі толық әрі жақсы түсетін өңірлерде, құнарлы топырақты жерлерде өседі. Бұл гүлді үйге, аулаға егуге болады.

Ең оңай жолы көктем мезгілінде түбінен бөлу жолымен көбейту, көшеттерінің арақашықтығы биіктігінің жартысындай деңгейде болуы шарт. Үнемі уақытында суарып, баптап отырғанда, ол масатыдай құлпырып, гүл-гүл жайнап шыға келеді. Гүлзарларға жеке не топтап отырғызса да болады.

Түймедақ тау шалғынында, жол маңайында, бақтарда, үйдің айналасында кездеседі. Сондай-ақ өзендер мен бұлақтардың жағалауларында өседі. Қазақстанда түймедақтың бірнеше түрі бар. Пайдалы өсімдіктердің бірінен саналады.

c:\users\нурзат\desktop\мама ғылыми жұмыс\screenshot_2016-02-15-15-15-14-1.png

Түймедақ гүлінің аталуы

Қазақ халқы түймедақ гүлі туралы да біраз мәліметтерге ие. Бұл гүлдің атын «түймедақ гүл» деп атауының да өзіндік ерекшелігі бар. Түймедақ гүлі маусым айының басынан шілде айының соңына дейін гүлдейді. Гүл шоғы әдемі де әсем жасалған түймеге ұқсайды. Гүл шоғының ортасында сары дағы бар, ақ түсті дөңгелек гүл. Сары дағының жан-жағына ақ көкшіл, әдемі, ұсақ жапырақтар жайып тұрады. Әбден толық гүл жарғанда әдемі түймеге ұқсап, гүлі даланы ару түске бөлеп тұрады. Қазақ бұл гүлдің осы бейнесіне қарап «түймедақ гүл»,«түймедақ», «танагүл», «дала түймесі» деп әр алуан аттармен атаған. c:\users\нурзат\desktop\мама ғылыми жұмыс\screenshot_2016-02-15-15-14-48-1.png

Қазақтың жаңа туылған балаларына Түймебай, Түймегүл, Түймедақ, Танабай, Танагүл деген тәрізді аттарды әдейі ырыммен қоюы осы түймегүлдей әдемі, сұлу, ажарлы, бай-бақытты болсын дегені.



Түймегүлің әп-әдемі түймедей,

Хан-патшаның қыз ұзатқан күймедей.

Ару дала, әсем гүлге оранып,

Түймегүлмен түймеленіп жатқандай.

Түймегүл – ару даланың әсем гүлдері арасынан түймедағы арқылы ерекше көзге түседі. Гүл шоғының ортасындағы сары түймесі арқылы басқа көп гүлдерден ерекшеленеді.

Қазақтар түймегүлін үзіп алып, балаларына тұмар ретінде тағады. Той-томалақ, топты жиылысқа барғанда, ұл бала болса, оның омырауына, қыз бала болса, оның шашына қадап қояды. Солай жасаса, басқалардың тіл мен көзі тимейді, сұғы өтпейді, «Түймегүл - тұмар гүл» деп ырым етеді. Жақсылық және әсемдік ретінде бағалайды.

Көбеюі

Табиғаттағы түрлері өздігінен тұқымы шашылып көбейеді. Ал, көгалдандырудағы сұрыпталған түрлерін көктемде түбін бөлу арқылы көбейткен тиімді, әрі оңай. Көшеттің арақашықтығы биіктігінің жартысындай болу керек. Мысалы: түймедақтың биіктігі 70 см болса, арақашықтығы 35 см болғаны абзал. Түймедақтың түбін жыл сайын көбейтіп тұрмаса, гүлдеуі нашарлап, гүлінің көлемі кішірейіп кетеді.

c:\users\нурзат\desktop\мама ғылыми жұмыс\screenshot_2016-02-16-21-34-39-1.png

Тұқымы немесе түбінен бөлу арқылы көбейтеді.



c:\users\нурзат\desktop\мама ғылыми жұмыс\screenshot_2016-02-16-21-32-24-1.png

Түймедақтың түбін жыл сайын көбейтіп тұрмаса, гүлдеуі нашарлап, гүлінің көлемі кішірейіп кетеді.



c:\users\нурзат\desktop\мама ғылыми жұмыс\screenshot_2016-02-16-21-29-43-1.png

Түймедақ – биіктігі 30-60 см-ге дейін жететін бір жылдық, шөп тектес өсімдік.



c:\users\нурзат\desktop\мама ғылыми жұмыс\screenshot_2016-02-16-21-30-05-1.png

Тамыры тік, жіңішке, ашық қоңыр түсті. Сабағы түзу, бұтақтары көп. Жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан, отырмалы, қауырсын тәрізденіп, жіңішке жапырақшаларға тілімделген. Гүл сабағы ұзын, тостағаншасының шеті ақ түсті, ортасындағылары түтік тәрізді, сары түсті гүл тәжі 5 жапырақшадан тұрады. Жемісі – қоңыр түсті тұқымдар. Мамыр айынан қазан айына дейін гүлдейді.



c:\users\нурзат\desktop\мама ғылыми жұмыс\screenshot_2016-02-15-15-15-05-1-1.png

Гүлінің диаметрі 12 см-ге дейін жетеді



c:\users\нурзат\desktop\мама ғылыми жұмыс\screenshot_2016-02-16-21-31-10-1.png

Түймедақ гүлінің емдік қасиеті

Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады. Түймедақ гүлі өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем.

Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін арттырады. Сонымен қатар:

1) Суық тигенде екі шай қасық түймедақ гүлін 300 г суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелі-кеш астан бұрын ішу қажет.

2) Асқазан ауруына екі ас қасық гүл үгітіндісін бір стақан қайнап тұрған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұқтырып алып ішу көмектеседі.

3) Бел ауырса, түймедақ гүлін ұнтақтап тұзы жоқ сары майға араластырып белге жағуға болады.

4) Тер шығаратын дәрі ретінде бір стақан гүл үгітіндісін қайнап тұрған суға салып, 40 минут бұқтырып алып қолданады. Тұнбаны сүзіп, ыстықтай ішкен дұрыс.
Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады c:\users\нурзат\desktop\мама ғылыми жұмыс\screenshot_2016-02-16-21-32-41-1.png

Дәрілік түймедағы гүлінен дайындалған тұндырма ішуге, шайқауға, ванна қабылдауға, клизма жасауға тұнба күйінде ұсынылады. Асқазан мен жұмсартатын шөптер жиынтығына да қосады. Дәрілік түймедағының экстракты мен эфир майы «Ромазулан» препаратының құрамына кіреді. Сонымен қатар түймедақ гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер ететін қасиеті бар. Және де қан тоқтататын, микробты жоятын да қасиеті бар. Дене сыртындағы іріңді жараларды ванна жасау арқылы, тамақ бездері мен тіс түбіріндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаюға және шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланады7

Төрт түлік малға азық Емдік қасиеттері Қыстық

бар отынымыз



28 28 камин Өсімдіктер

пайдасы

Дәруменге толы азық Оттегі бөледі Үй жиһаздары



28 папортник 1966prew

« Табиғатты қорғау – Отанды қорғау »

Осындай адам өмірінде

маңызы бар өсімдіктер

әлемін қорғау біздің

басты міндетіміз!

Зерттеу нәтижелері

  1. Шортанды өңірінде өсетін өсімдіктер түрлерімен таныстым ;

  2. Олардың өзіндік ерекшеліктерімен танысып ,бізге берер пайдасын түсіндім ;

  3. Енді осы білгендерім арқылы зерттеу жұмыстарымды әрі қарай жалғастырамын.

Пікір

Степной орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы

Назым Мұратқызының эстетикалық бағыттағы «Менің өлкемнің өсімдіктері» - тақырыбында жазған жұмысы әрбір адамды қызықтырары анық.

Бұл зерттеу жұмысында Шортанды өңірінде өсетін өсімдіктер түрлеріне тоқталған.Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын анықтай отырып,адам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланыста екенін аңғартады.Өз өлкемізде өсетін өсімдіктер пайдасын ұғына отырып, оларды қорғауға шақырады. Көптеген мағлұматтар жинай отырып, өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы зор екендігін дәлелдеді. Бұл жұмысты Мұрат Назым қатты қызығушылықпен зерттеді. Болашақта Назымнан үлкен үміт күтуге болады деген сенімдемін.

Жетекшісі: Маденова Ш.С.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 1. “Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары”.

  • Алматы-1978 жыл

  • 2.”Дүниетану” оқулығы 4-сынып Алматы баспасы.

  • 3.”Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы”.

  • 4.”Пайдалы кеңес” журналы.

  • 5.”Сұрақ және жауап”энциклопедиясы.

  • 6. Ғаламтор желісі







Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет