Қосмекенділер класы



Дата13.01.2019
өлшемі17.84 Kb.
#97853
Қосмекенділер класы

Қосмекенділер- алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар.Олар екі ортада суда да құрлықта да кездесетіндіктен,қосмекенділер деп аталады.Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды.

Қазіргі кезде қосмекенділердің 5000-нан астам түрі Жер шарының тропиктік,субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі.Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған.Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен,Қазақстанның Қызыл кітабына 2010 тіркелген.

Қосмекенділердің қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі болып,4 бөлімге бөлінеді.Олар бассүйек,омыртқа жотасы,иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңқасынын құралады.Омыртқа жотасы мойын,тұлға,сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген.Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады.Құлыққа шығуына байланысты,аяқтарының сүйектері бірімен –бірі буын арқылы қозғалмалы байланысқан.Алдыңғы аяқтары тікелей иық белдеуімен байланысады.Жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан.

Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады.Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан,қосымша терісі арқылы тыныс алады.Ауыз-жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.

Құрлшықта атмосфералық аумен тыныс алуына байланысты қанайналым жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған.Қогсмекенділердің жүрегі 3 қуысты(2 құлақша,1 қарыншадан тұрады),екі қанайналым шеңбері бар.Қосмекенділерде алған рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған.Қосмекенділер құрылысына,тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді.Олар:аяқсыз,құйрықты және құйрықсыз қосмкенділер.Аяқсыз қосмекенділердің 170-тей түрі Африкада,Америкада,Үндістанда,Цейлонда тіршілік етедеі.Оларға сақиналы құртпошым жатады.Олар іштей ұрықтанады.



Құйрықтылар отрядының 400-дей түрі бар. Оларға тритондар мен саламандралар жатады.Өкілінің бірі-жетісулық бақатіс.Дене тұрқы 20-25 см.Басы-жалпақ,тұмсығы –доғал.Қазақстанда мекендейтін жетісулық бақатіс өте сирек кездеседі.Қазақстанның Қызыл кітабына 2010 жылы тіркелген.

Құйрықсыз қосмекенділер отрядының 4000-дай түрі бар. Олардың ересектерінде құйрық болмайды.Оларға бақа,тоған бақасы,құрбақалар жатады.Жасыл құрбақа кеңінен таралған. Даната құрбақасы Қазақстанның Қызыл кітабына 2010 жылы тіркелді.Ол Зайсан,Балқаш,Алакөл өңірінде таралған,бірақ саны барлық жерде аз.Қазақстанда бұл тұқымдастың 5 түрі мекендейді.Олар көл бақа,сүйнрістұмсық бақа,шөп бақа,сібірлік бақа,қызылаяқ бақа.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет