Қосымша білім беру жүйесі- қазіргі заманғы әлеуметтік мәдени жағдайларда балалардың әлеуметтік бейімделуін және кәсіби жолын анықтауын қамтамасыз ету факторы



Дата24.10.2018
өлшемі30.87 Kb.
Құрметті тамыз конференциясына қатысушылар!

Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын!


Бүгінгі менің тарқататын тақырыбым:


Қосымша білім беру жүйесі- қазіргі заманғы әлеуметтік мәдени жағдайларда балалардың әлеуметтік бейімделуін және кәсіби жолын анықтауын қамтамасыз ету факторы.

Бүгінгі күні адамзат өркениетінің ұлы жемісі өз ұрпағына бүкіл дүниедегі барлық жақсылық атаулыны тілей отырып, көзі ашық, көкірегі ояу, санасы биік, толыққанды азамат болып тәрбиеленіп шығуында көрінеді. Қай ел болмасын өз қоғамындағы жас ұрпақ өкілдерінің жан –жақты жетілген, ақыл парасаты кемелденген, ойлау өрісі ғаламдық талаптарға сай, мәдениетті, білімді, еңбекқор азамат ретінде қалыптасуын басты негіз деп санайды. Халықтың әдет-ғұрпын, дәстүрін аяқ асты еткен жастарымыз қазіргі таңда жетіп артылады. 70 жылдан астам уақыт үстемдік еткен үкімет өмірден кеткенде, Тәуелсіздікке енді қол жеткенде жастарымыздың жанын қандай жаман қылықтар бойлап, ойларын санасыздық басты?

«Қуанышпен қайғы қатар келеді» дейді дана халқымыз. Қазіргі кезде жастарымыздың анасын қарттар үйіне өткізуі, түнгі клубтарға деген құмарлық, нашақорлық, себепсіз қараусыз жүру т.б. жаман қылықтарға әуестенуі көбейе берсе, тарихтан ұлттық болмысымыздың жоғалатыны айтпасада түсінікті. Осындай жан түршігерлік құбылыстардан құтылудың бір жолы –амалы - тәрбие.

Біздің Тасқала аудандық балалар саз мектебі қосымша білім беру саласында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтап,оны дамытуға, кәсіби қызығушылығын тұрақты қалыптасуына, тәрбиеленушілердің тұлғалық рухани-адамгершілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектепте, Халық аспаптар: (домбыра, қобыз, сазсырнай, сырнай). Классикалық аспаптар: (фортепиано, скрипка)Теориялық білім: сольфеджио, музыка әдебиеті, хор, оркестр сабақтары жүргізіледі. Бәйгеге баптап қосқан сәйгүлігінің, оза шапқанын көру -АРМАН.Біздің, Тасқала аудандық балалар саз мектебінде - жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деп танып, тілеуін тілеп, бағына бабын сайлап отыратын ұстаздар еңбек етуде. Өнер ордамызда ЖОҒАРЫ САНАТТЫ: Айтжанова Мендықыз Шарипқызы, Буланова Рая Амандаулетқызы, Мулдабекова Бақтыгүл Мұратқызы. БІРІНШІ САНАТТЫ: Жадаева Райгүл Серікқызы, Шукурова Уміт Сағынғалиқызы, Самиева Маншүк Табылдықызы секілді ұлағатты-кеңпейілді мұғалімдеріміз білім беруде.

«Өнерлі өрге жүзеді» дегендей біздің оқушыларымыз талай жетістікке қол жеткізді. Ұстаз жеңісі де, жемісі де- шәкірт жетістігі екені анық. 2012жылдың Наурыз айында ,Орал қаласында өткен 46- облыстық «Жас музыкант» байқауында мектебіміздің халық аспаптар оркестрі І- жүлделі лауреаты атанса,2013 жылы Алматы қаласында өткен республикалық «Ақ көгершін» байқауында жүлделі I орынға ие болды. Астана қаласында өткен халықаралық «Ақ көгершін» байқауында II ші орынды қанжығаларына байлады. Сондай- ақ 2013жылдың ақпан айында Облыс орталығында 47- облыстық «Жас музыкант »байқауына қатысқан Тасқала аудандық балалар саз мектебінің хор ұжымы Алғыс хатпен марапатталды. Оқушыларымыз- аудандық ,облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаттары. Атап айтсам: Домбыра класы- Ирменов Данияр, Султанов Сәбит, Айтжанова Аяжан, Нарушев Жалғас. Сырнай класы: Айтжанова Еңлік. Қобыз класы:Мұхамбетрақымқызы Інжу. Фортепиано класы:Аспендиярова Аяулым, Ерлан Нұртілек, Кенжетаева Дильназ, Мұратова Аружан. Эстрадалық вокал және скрипка класы: Сериков Ақжол, Нұрлан Асем. Осы өнерлі өрендеріміз балалар саз мектебінің мәртебесін биіктетуде. Дарынды және талантты білім алушылармен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына қолдау көрсетіп, оқушылардың мәдени-көпшілік шараларына қатысуын ұйымдастырамыз. Біздің атқаратын қызметіміз-балалардың мектептен тыс бос уақытын тиімді, пайдалы өткізу үшін зор тәрбиелік үлесін қосып отырған білім ордасы екендігіміз. Балалар саз мектебімізде білім алған шәкірттеріміз, бүгінгі таңда еліміздің түкпір түкпірінде, шет елдерде өнер жолын жалғастырып, еңбек етуде. Соның ішінде биылғы оқу жылының түлектері Аронов Мирас, Нұрлан Асем М.Өтемісов атындағы Батыс Қазакстан Мемлекеттік Университетінің өнер факультетінің грант иегерлері атанды. Азбергенева Гүлшат Құрманғазы атындағы саз колледжін үздік бітіріп, Қазақ Ұлттық музыка академиясының грантын иеленді.



Алдағы уақытта да көптеген оқушыларымыз эстетикалық тәрбие алып өнер жолын жалғастырады деген сенімдіміз. Тәуелсіз мемлекетіміз үшін жан- жақты қаруланған, жоғары білімді шәкірттерді даярлап шығару, біздің басты мақсатымыз.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға-мыңда бір рахмет .


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет