Қосбаз №25 бөлімше кітапханасы



Дата05.02.2019
өлшемі11.98 Kb.
Қосбаз №25 бөлімше кітапханасы

Қосбаз ауылының іргетасы 1931 жылы екі мал базы салынып, сол екі баздың атымен Қосбаз атанған. Қосбаз №25 бөлімше кітапханасы 1966 жылы 870 дана кітап қорымен ашылған, алғашқы кітапханашысы Кадиша Айткулова. 1970-1975 жылдар аралығында Гулсара Ақтолова, 1975-1978 жылдары Қажғалиева Тыныштық, 1978-1981 аралығында Мұқамбеталиева Гүлнар кітапханашы қызметін атқарған. Әртүрлі маман иелеріне дихан, механизатор, дәрігер, инженер, тігінші т.б. мамандар туралы әдебиеттерді насихаттауда «Еңбекпен есейген жандар» тақырыбында кездесу кештерін ұйымдастырса, «Мамандықтардың бәрі жақсы», «Еселі еңбек селода» атты әдебиеттерге шолулар жүргізген. 1981-1991 жылдары Төлегенова Бибігүл қызмет жасаған кездерінде отанды қорғау әр азаматтың борышы, оқушылар арасында еңбексүйгіштік тақырыптарында тәрбиелік мәні зор мәдени-көпшілік шаралар өткізілген. 1992 жылдан арнаулы орта білімді маман Оразбаева Змарзат жасаған уақыттарында оқырмандар конференциясы, түрлі тақырыптық әдеби кештер оқырмандарға тұрақты өткізіліп отырды. 1994 жылы шілде айынан бастап орта білімді Нұғманова Нұрсұлу кітапханашы қызметін атқаруда. Клуб ғимаратының бір бөлігінде кітапхана орналасқан. Қазіргі таңда кітап қоры – 5319 дана, Нұрсұлу Серікбайқызы жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Ш.Мұртазаның туғанына 80 жыл толуына орай «Аса талантты тұлға» атты ауызша журналды көпшілік оқырмандар арасында өткізсе, ақын, әдебиетші Сағынғали Сейітовтің 95 жасқа толуына орай «Дәуірмен қанаттас ақын» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. «Бір ел-бір кітап акциясы» аясында марғасқа жазушы О.Бөкейдің «Кербұғы кітабының тұсаукесері» т.б шаралар өткізілді.dsc_0058


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет