Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы



бет1/4
Дата14.06.2018
өлшемі0.66 Mb.
#74893
  1   2   3   4
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 14:54:10
Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы

238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 5 қаулысы

 

«Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ орталық депозитарийдің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

2010 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі

1. Қоса берілген Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінде:

1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

2-тармақ алынып тасталсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«3. Орталық депозитарийдің ұйымдастыру құрылымына мыналарды жүзеге асыратын жекелеген бөлімшелер енгізіледі:

1) депозитарлық қызмет;

2) жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізу бойынша қызмет;

3) қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу барысында және оларды өтеу, сондай-ақ депоненттерінің және олардың клиенттерінің ақшасын есепке алу және сақтау үшін ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу барысында қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу үшін ақшаны аудару;

4) ішкі бақылау - ішкі аудит қызметі.

Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген бөлімшелердің бірінің қызметкерлерінің басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін қоса атқаруға жол берілмейді.»;

мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3 және 3-4-тармақтармен толықтырылсын:



«3-1. Орталық депозитарий меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін құрамы үш адамнан кем емес инвестициялық комитетті құрады.

3-2. Инвестициялық комитеттің құрамына мыналар кіреді:

1) орталық депозитарийдің атқарушы органының мүшелері;

2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын орталық депозитарийдің бөлімшесінің басшысы.

3-3. Инвестициялық комитеттің құрамы орталық депозитарийдің директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

3-4. Инвестициялық комитеттің қызметінің тәртібі орталық депозитарийдің ішкі құжаттарымен белгіленеді.»;

7-тармақтың екінші бөлігіндегі «толықтыруларды» деген сөздерден кейін «сондай-ақ ұсынылатын қызметтерді төлеу мөлшері мен тәртібіндегі өзгерістер туралы» деген сөздермен толықтырылсын;

10-тармақта:

мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

12-тармақта «10» деген цифрлар «11» деген цифрлармен ауыстырылсын;

14-тармақта:

1) тармақшада:

«12» деген цифрлар «13» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«шарт» деген сөз «шартқа сәйкес депонентпен ұсынылған қосалқы шотты ашуға бұйрық» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы Ереженің 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар кастодиандық қызмет көрсету шартына сәйкес депонентпен ұсынылған қосалқы шотты ашуға берілген бұйрықтың негізінде мыналардың атына ашылады:»;

22-тармақта:



бірінші бөлігінде:

бірінші сөйлемде мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

екінші сөйлем алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:



«22-1. Орталық депозитарий күн сайын бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашылған шотта бар және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған әрбір клиенттің ақша сомасы туралы брокерлерден және (немесе) дилерлерден мәліметтерді қабылдауды қамтамасыз етеді.

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашылған шотта бар және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған әрбір клиенттің ақша сомасы туралы брокерлер және (немесе) дилерлер ұсынған мәліметтерді орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі клиенттің қосалқы шоты жабылған күннен бастап бес жыл ішінде сақтауы тиіс.»;

26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«26. Мемлекеттік бағалы қағаздарды және олар бойынша құқықтарды есепке алуды орталық депозитарий Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;

35-тармақта:



8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) тіркеушінің электрондық өкімінде көрсетілген бағалы қағаздар оқшауланғанда;».

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың 8) тармақшасының талабы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органның актісі негізінде бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастау көзделген тіркеушінің электрондық өкіміне қолданылмайды.».

3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін қаулының 1-тармағын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.



4. Орталық депозитарий 2010 жылғы 1 мамырға дейін Агенттікке осы қаулымен бекітілген, Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптар туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтірілген орталық депозитарийдің ішкі құжаттарын ұсынсын, сондай-ақ пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді осы қаулымен бекітілген Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптар туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтірсін.

5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

 

 

Төрайым

Е. Бахмутова

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы



ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы

5 қаулысымен



бекітілді

 

 



Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі

нұсқаулық

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулықтың мақсаты орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруға қойылатын талаптарды анықтау болып табылады.

2. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және орталық депозитарийдің органдарына, бөлімшелеріне және қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару саласында жүктелген міндеттерді орындау үшін жағдай жасайды.



3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттық жүйе - орталық депозитарийдің директорлар кеңесіне, атқарушы органына және қызметкерлеріне өз міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ тіркеушілерге, эмитенттерге, орталық депозитарийдің депоненттеріне және олардың клиенттеріне қызметінің барысында қажет қаржылық және операциялық ақпаратты жинақтауды, сақтауды, есептеуді, уақытында ұсынуды және ашуды қамтамасыз ету арқылы орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуі;

2) баға тәуекелі - қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарықтарындағы жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын, орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының құны өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

3) бедел тәуекелі - жағымсыз қоғамдық пікір немесе орталық депозитарийге деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

4) бэк-тестинг - орталық депозитарий бойынша тарихи деректерді пайдалану арқылы және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;

5) валюталық тәуекел - орталық депозитарий қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі валюталар бойынша позицияларды құнының мәнінде асыра бағалаудан туындайды;

6) клирингтік операциялар - есептесулерді жинау, салыстырып тексеру, сорттау және растау, сондай-ақ өзара есеп айырысуды жүргізу мен клирингке қатысушылардың анық позицияларын анықтау жөніндегі операциялар;

7) коммуникациялық жүйе - орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері, тіркеушілері, эмитенттері, депоненттері және орталық депозитарий арасындағы ақпаратты беру процестерін, сондай-ақ орталық депозитарийдің өзге жүйелерін басқару үшін бағытталған орталық депозитарийді бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету;

8) корпоративтік басқару - орталық депозитарийдің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге орталық депозитарийдің қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасау мүмкіндігін беретін, жоғарғы орган, басқару органы, атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені ретінде сипатталатын, орталық депозитарийді стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;

9) кредиттік тәуекел - своптар, опциондар, форвардтар және кредиттік тәуекелге ұшыраған өзге қаржы құралдары бойынша серіктестің міндеттемелерін орындамауына байланысты және осы бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары есеп айырысуды реттеу кезеңінде туындайтын шығындар тәуекелі кіретін, бағалы қағазды шығару талаптарымен белгіленген мерзімде бағалы қағаздың ұстаушысына тиесілі негізгі борыш пен сыйақыны эмитенттің төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

10) құқықтық тәуекел - орталық депозитарий Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, оның ішінде орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуі, орталық депозитарийдің қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі, ал Қазақстан Республикасының резиденттері еместеріне қатысты - басқа мемлекеттердің заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан шығыстар (шығындау) туындау тәуекелі;

11) меншікті активтерді инвестициялау саясаты - инвестициялау объектілерінің тізбесін, орталық депозитарийдің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;

12) операциялық тәуекел - орталық депозитарий қызметінің сипаты мен ауқымдарына және (немесе) қолданыстағы заңнама талаптарына, операцияларды және басқа мәмілелерді жүргізудің ішкі тәртіптеріне және рәсімдеріне сәйкес келмеуі, оларды орталық депозитарий қызметкерлерінің және (немесе) өзге тұлғалардың бұзуы (алдын ала ойластырылмаған немесе қасақана іс-әрекеттердің немесе іс-әрекетсіздіктің салдары), орталық депозитарийдің ақпараттық, коммуникациялық және басқа жүйелерімен және (немесе) олардың бас тартуларымен (қызмет істеуді бұзуларымен) қолданылатын функционалдық мүмкіндіктерінің сай келмеушілігі (жетіспеушілігі), сондай-ақ сыртқы оқиғалардың ықпалы нәтижесіндегі шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

13) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелі - орталық депозитарий өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтiмдiлiгiн жоғалту тәуекелі олардың төмен шығындарымен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу мүмкіндігімен анықталады;

14) «stop-loss» лимиттері - меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялары бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;

15) стресс-тестинг - орталық депозитарийдің қаржылық жай-күйіне орталық депозитарийдің қызметіне әсер етуі мүмкін болатын ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдістері;

16)  стресстік жағдайлар - орталық депозитарий жүйесінің жұмысындағы шамадан артық жұмыс істеу, іркілістер, қателердің және (немесе) өзге ақаулардың пайда болуынан күтпеген жағдайлар;

17)  «take profit» лимиттері - меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің шекті рұқсат етілген деңгейі бойынша лимиттерді белгілеу саясаты;

18)  тәуекелдерді басқару жүйесі - төрт негiзгi элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі енгізілетін процесс;

19)  уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

20) ішкі аудит қызметі - Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған орталық депозитарийдің бөлімшесі;



21)  ішкі бақылау жүйесі - орталық депозитарийдің рентабельдіктің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын және Қазақстан Республикасының заңнамасын, орталық депозитарийдің ережелер жиынтығын, орталық депозитарийдің саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, шығындар тәуекелін немесе орталық депозитарийдің бедел тәуекелін төмендетуге ықпал ететін қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдауды қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі;

22)  ішкі құжаттар - орталық депозитарий, оның органдары, бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар.

4. Орталық депозитарий жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есепті береді, ол мыналарды:



1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесін;

2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуін (сәйкес келмеуін) дербес бағалануын;

3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда, түзетілуі тиіс кемшіліктерді, оларды жою жөніндегі іс-шараларды, жауапты тұлғаларды және іс-шаралар орындалуының нақты мерзімдерін көрсетіп, кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтиды.

5. Баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, орталық депозитарийдің қаржы құралдарына инвестициялаған активтер бойынша валюталық тәуекел жөніндегі стресс-тестинг осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес тоқсанына бір реттен  кем емес есептеледі.

6. Осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес ресімделген баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, орталық депозитарийдің қаржы құралдарына инвестициялаған активтер бойынша валюталық тәуекел жөніндегі стресс-тестингтің нәтижелері есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға беріледі.

7. Қаржылық құралдар бойынша есептеулерді жүргізу, қаржылық құралдарды есепке алу және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі мәліметтерді көрсету бөлігіндегі операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін, жеке шоттардың бірыңғай жүйесі мен орталық депозитарийдің өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерін стресстік жағдайларды іріктеуге, қиыстыруға және моделдеуге және осы жүйелер элементтерінің жұмыс істеу параметрлерін тестілеуді қоса алғанда, оның ішінде желілік бірігуге, операциялық жүйеге, деректер базасына, жүйелерге авторластыру (қол жетімділік) деңгейіне, пайдаланушылар санына, ақпарат ағыны мен көлемдеріне, негізгі және (немесе) қосымша серверге (критикалық жүктеме деңгейін көрсетіп) түсетін жүктемені қоса алғанда тоқсанына бір реттен кем емес жүргізеді.

8. Осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес ресімделген операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг нәтижелері уәкілетті органға есептік жарты жылдықтан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

 

 

2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын негізгі талаптар



 

9. Орталық депозитарийдегі тәуекелдерді басқару жүйесінің бар болуы орталық депозитарий қызметінің корпоративтік басқару талаптарына сай келуін, лицензияланатын қызмет түрлері аясында операцияларды жүзеге асыру тәжірибесі, активтер мен міндеттемелерді басқару тәжірибесі, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі, бірыңғай жеке шот жүйесі мен орталық депозитарийдің басқа да ақпараттық және коммуникациялық  жүйелерінің болуын ескереді.

10. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:



1)  қаржылық құралдармен және ақшамен есеп айырысу процесін жүргізу мен  басқару;

2) орталық депозитарийдің тіркеушілері, эмитенттері, депоненттері  ұсынатын ақпаратты жинауды, енгізуді, сақтауды және таратуды;

3)  басқа номиналды ұстаушылар үшін номиналды ұстауды жүзеге асыру процесі қызметінің үзіліссіздігін, кідіріссіздігін, эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алуды, қаржы құралдарындағы есептеулерді, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдері жүйелеріндегі мәліметтердің көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне, жеке шоттардың бірыңғай жүйесіне және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелер мен технологияларға тұрақты мониторинг жүргізу;

4)  орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін, жеке шоттардың бірыңғай жүйесін және өзге ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғандағы орталық депозитарийді бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуіне аудитті;

5) орталық депозитарийді есепке алу жүйесінің, жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің және өзге ақпараттық, коммуникациялық жүйелердің, басқа номиналды ұстаушылар үшін номиналды ұстауды жүзеге асыру процесін, эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алу, қаржы құралдарындағы есептеулер, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі мәліметтердің көрсетілуі, орталық депозитарийде жасалатын жекелеген операцияларды автоматтандыру, сондай-ақ ақпаратты жинау, енгізу, есепке алу, сақтау және орталық депозитарий қызметінің өзге бағыттары бөлігіндегі орталық депозитарий қызметін әрі қарай дамытуға және жетілдіруге бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру;

6) орталық депозитарийдің меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялауды;

7) орталық депозитарийді басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымын құруды және жетілдіруді;

8) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеуді және бекітуді;

9) орталық депозитарийдің мүдделі органдары шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратты беруді және орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері арасында ақпаратпен алмасуды;

10) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет