Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәнінен оқу-әдістемелік құрал



бет1/9
Дата16.07.2017
өлшемі1.89 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті


Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

пәнінен оқу-әдістемелік құрал

Көкшетау
ӘОЖ 951/959 (5к)

ББК 74.263.4 (5к)

У 82

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті



Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен басылымға ұсынылған

Пікір жазғандар:

тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбуев Қ.Қ.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сейітқасымов А.А.


Утегенов М.З.. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәнінен оқу-әдістемелік құрал. Көкшетау, - 153 бет.

Оқу-әдістемелік құралда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні бойынша өткізілетін аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары, дәрістердің қысқаша мазмұны, семинар сабақтарының жоспары, ОБСӨЖ тапсырмалары, пән курсы бойынша негізгі ұғымдар мен терминдердің анықтамасы, студенттердің өз бетінше жұмыс істеуі үшін тест тапсырмалары, реферат тақырыптары мен әдістемелік нұсқау беріліп, пайдалануға ұсынылатын әдебиеттердің тізімі көрсетілген.

Оқу-әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының тарих мамандығы бойынша оқитын студенттеріне арналған.

© Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

© Утегенов М.З.




Мазмұны:
Кіріспе............................................................................................................. 3
І. Аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық

жоспары........................................................................................................ 5


ІІ. Дәріс тезистері және ОБСӨЖ тапсырмалары................................. 11
IІІ. Семинар сабақтарының жоспары және әдістемелік нұсқау...... 83
ІV. Глоссарий............................................................................................... 103
V. Реферат тақырыптары және әдістемелік нұсқау......................... 108
VI. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер.......................................... 110
VII. Тест тапсырмалары............................................................................ 113
VIII. Тест сұрақтарының жауаптары.................................................... 156


Алғы сөз
Қазіргі уақытта тарих ғылымының алдында тұрған міндеттердің бірі – Отанымыздың тарихи өткеніндегі түрлі оқиғалар мен құбылыстарды, тұтас тарихи үрдістерді, өзекті мәселелерді шынайы түрде жетік меңгерген кәсіпқой тарихшыларды дайындау. Өйткені, еліміздің қоғамдық-саяси және мәдени дамуы мен дүниежүзілік қауымдастықта өзіндік маңызды орнын иеленуі үшін тарихи мұраларымызды сақтап, халқымыздың төл тарихын танып-білудің алар орны ерекше.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы болашақ тарихшы мамандардың арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндердің қатарына жатады. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы курсында VI-XVII ғғ. қазақ даласында мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасуы, дамуы, өркендеуі және құлдырауы төңірегіндегі мәселелер қарастырылады. VI ғ. – XІІI ғ. басы Қазақстанның орта ғасырлар тарихына түрік дәуірі деген атпен енді. Бұл кезең Орталық Азияда Түрік қағанатының құрылуы, гүлденуі мен күйреуі сияқты тарихи оқиғалардан бастау алып, артынша Ұлы далада өмір сүрген Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қарахан, Қыпшақ мемлекеттерінің тарихымен ұласады.

VI ғ. – XІІI ғ. басындағы түрік тайпаларының отырықшы және көшпелі мәдениетінің, түрік өркениетінің қазақ этногенезіндегі, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен даму үрдісіндегі алатын орны ерекше.

Қазақстанның XIV-XVII ғғ. аралығындағы тарихи кезеңі қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы, Қазақ хандығының құрылуы, нығаюы, өркендеуі мен құлдырауы, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің дамуы сияқты тарихи құбылыстармен сипатталады.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы курсының мақсаты – Қазақстан жерінде түркі мемлекеттерінің құрылуы, монғол үстемдігі кезіндегі қазақ даласы және Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы тарихынан студенттердің жүйелі білімдерін қалыптастыру.

Осы мақсатқа байланысты курстың келесі міндеттері туындайды:

орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының хронологиялық шеңберін, оның басты тарихи кезеңдерін анықтау;

орта ғасырлардағы Қазақстан тарихындағы түрік өркениетінің орны мен рөлін түсіндіру;

монғол шапқыншылығы мен монғол ұлыстарының құрылуы, оның Қазақстан аумағындағы халықтардың дамуына тигізген әсері жайлы білім беру;

қазақ этногенезінің негізгі тарихи кезеңдеріне тоқталу;

қазақ мемлекеттігінің құрылуының тарихи алғышарттары мен заңдылықтарын көрсету;

Қазақ хандығының қалыптасуы мен даму үрдісіне талдау жасау;

қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетімен танысу.



Оқу-әдістемелік құралда аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары, дәрістердің қысқаша мазмұны, семинар сабақтарының жоспары, ОБСӨЖ тапсырмалары, пән курсы бойынша негізгі ұғымдар мен терминдердің анықтамасы, студенттердің өз бетінше жұмыс істеуі үшін тест тапсырмалары, реферат тақырыптары мен әдістемелік нұсқау беріліп, пән курсы бойынша пайдалануға ұсынылатын әдебиеттердің тізімі көрсетілген.

Оқу-әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының тарих мамандығы бойынша оқитын студенттеріне арналған.

т.ғ.д., профессор Әбуев Қ. Қ.

Аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары




Мазмұны (тақырып және сұрақтар)

Дәріс сағ./саны

Семинар

сағ./саны



ОБСӨЖ сағ./саны

1.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына кіріспе.

1. Қазақстанның VI-XIII ғғ. тарихының зерттелуі.

2. Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы.


1





1


2.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының деректері.

1. Араб және парсы деректері.

2. Ортағасырлық түркі ғалымдарының еңбектері.

3. Орыс және батыс деректері.



2


1


3


3.

Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.

1. Түрік қағанатының құрылуы.

2. Түрік қағанатының сыртқы саясаты.

3. Батыс Түрік қағанатының этникалық құрылымы және

саяси тарихы.

1

1

2


4.

Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.

1. Түргеш қағанатының саяси тарихы.

2. Қарлұқ қағанатының саяси тарихы.

3. Қарлұқ қағанатының этникалық-тайпалық құрамы.


1

1

2


5.

Оғыздар мемлекеті. Қимақ қағанаты.

1. Оғыз мемлекетінің саяси тарихы.

2. Қимақтардың этникалық құрамы және саяси тарихы.

3. Оғыздар мен қимақтардың

шаруашылығы.


1


1


6.

VІ ғ. – ІХ ғ. 1-жартысындағы отырықшы және көшпелі мәдениет.

1. Көшпелі өркениеттің дамуы.

2. Ерте ортағасырлық қалалардағы қолөнер және сауда.

3. Дін, тіл және жазу.



1


1


2


7.

Қарахандар мемлекеті.

1. Қарахан мемлекетінің құрылуы.

2. Феодалдық қатынастардың дамуы.

3. Сыртқы саясаты.


1

1

2


8.

Қыпшақ хандығы.

1. Қыпшақ тайпалары туралы деректер.

2. Қыпшақтардың қоныстануы.

3. Қыпшақтардың Хорезммен саяси байланыстары.



1


1


9.

Қарақытайлар. Наймандар, керейіттер, жалайырлар.

1. Қарақытайлар Жетісуда.

2. Найман, керейіт және жалайыр ұлыстарының құрылуы.

3. Шыңғыс ханның наймандар мен керейіттерді бағындыруы.


1





1


10.

ІХ ғ. 2-жартысы – ХІІІ ғ. басындағы материалдық және рухани мәдениет.

1. Қалалардың дамуы.

2. Қолөнердің, сауданың, ауыл шаруашылығының дамуы.

3. Рухани мәдениет. Исламның таралуы.


1

1

2


11.

Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы.

1. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемі.

2. Сауда және тауар алмасу.

3. Мәдениеттердің өзара әсері.



1





1


12.

Монғол шапқыншылығы кезіндегі Қазақстан.

1. Монғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы.

2. Ұлыстардың құрылуы.

3. Монғол жаулап алуының әлеуметтік-экономикалық салдары.


1

1

1


13.

Алтын Орда.

1. Алтын Орданың құрылуы және күшеюі.

2. Алтын Орданың мемлекеттік құрылысы.

3. Этникалық құрамы.


1

2


14.

Ақ Орда.

1. Ақ Орданың құрылуы, этникалық құрамы.

2. Ақ Орда Алтын Орданың ыдырауы кезінде.

3. Ақ Орданың құлдырауы.



1

1


2


15.

Моғолстан.

1. Моғолстанның құрылуы, аумағы, этникалық құрамы.

2. Алғашқы моғол хандарының билігі.

3. Әмір Темірдің жорықтары кезіндегі Моғолстан.



1


1


16.

Әмір Темірдің Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуға әскери жорықтары.

1. Әмір Темірдің Моғолстанға әскери жорықтары.

2. Әмір Темірдің Ақ Ордамен және Алтын Ордамен соғыстары.


1




1

17.

Көшпелі өзбектер мемлекеті. Ноғай Ордасы. Сібір хандығы.

1. Көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы).

2. Ноғай Ордасы. Сібір хандығы.


2


1


3


18.

ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің экономикасы мен мәдениеті.

1. Қалаларда қолөнердің дамуы.

2. Керуен жолдары, сауда және ақша айналымы.


1


1


2


19.

Қазақ халқының қалыптасуы.

1. «Қазақ» этнонимінің мағынасы.

2. Қазақ халқының этногенезі, кезеңдері.

3. Қазақ жүздері: пайда болуы және этникалық аумағы.


2

1

3


20.

Қазақ хандығының құрылуы.

1. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.

2. Қазақ хандығының құрылуы.

3. XV ғ. соңғы үштігіндегі Қазақ хандығы.



1


2


21.

ХVІ ғасырдағы Қазақ хандығы.

1. XVI ғ. 1-ші жартысындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.

2. XVI ғ. 2-ші жартысында Қазақ хандығының нығаюы.


2


1

2


22.

ХVІІ ғасырдағы Қазақ хандығы.

1. XVII ғ. басындағы саяси жағдай. Есім хан.

2. XVII ғ. 30-50 жылдарындағы Қазақ хандығы.

3. Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы.


2

1

3


23.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Қазақтардың шаруашылығы.

1. Мал шаруашылығы. Егіншіліктің дамуы.

2. Сауда және ақша айналымы.

3. Әлеуметтік топтарға сипаттама.



1

1

2

24.

Қазақстанның кейінгі орта ғасырлардағы қалалары.

1. XVI-XVII ғғ. Оңтүстік Қазақстанның қалалары.

2. Архитектура. Қолөнер.

3. Сауда және ақша айналымы.



1

1


1


25.

Қазақ халқының ХVІ-ХVІІ ғғ. рухани мәдениеті.

1. Халық шығармашылығы және батырлық эпостар.

2. Халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері.

3. Діни нанымдар, ислам дінінің таралуы.



1


2





Барлығы:

30

15

45


Дәріс тезистері және ОБСӨЖ тапсырмалары.
1-тақырып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы.

Жоспар: 1. Қазақстанның VI-XIII ғғ. тарихының зерттелуі.

2. Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы.
Қазақстанның VI-XIII ғғ. тарихының зерттелуі. Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихын жазудың алғашқы қадамдары XVII ғ. жасалды. Түрік тарихшысы Қадырғали бек Жалайыри ауызша тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің (XIV ғ.) тарихи жинағы негізінде 1602-жылы «Жамиғ ат-Тауарих» еңбегін жазған, онда монғол шапқыншылығынан кейін қыпшақ даласында болған оқиғалар суреттеледі. Хиуа ханы Әбілғазы (XVII ғ.) «Түріктер шежіресі» және «Түрікмендер шежіресі» атты тарихи шығармаларында оғыздардың, қыпшақтардың, қаңлылардың ортағасырлық тарихына едәуір көңіл бөлді.

ХІХ ғ. 2-ші жартысында орыс ориенталистикасында қазақ халқының шығу тегі мәселесіне, оның рулық-тайпалық құрылымын, тарихы мен мәдениетін зерттеуге көңіл бөліне бастады. В. Григорьевтің, А. Левшиннің, Н. Гродековтың зерттеулерінде қазақ халқының құрамына кірген бірқатар рулар мен тайпалардың тарихы, олардың ұрандары мен таңбалары туралы мәліметтер келтірілді. ХІХ ғ. аяғында Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихын зерттеуде Н. Аристовтың түрік тайпалары мен халықтары туралы еңбектері ерекше орын алады. Ол шығыс деректерінің, мұрағат материалдарының, фольклорлық, этнографиялық деректер негізінде түрік халықтарының этникалық құрамы туралы материалдардың толық жинағын жасап, қазақтың үш жүзінің этникалық құрамын зерттеді. Көне түрік эпиграфикасын зерттеу саласында 1892-1903 жж. В. Радловтың бастамасымен орхон-енисей жазбаларын зерттеудің нәтижелері қорытылған іргелі еңбектер шығарылды. П. Мелиоранскийдің Күл-тегін ескерткішін тарихи-филологиялық тұрғыдан түсіндіру жөніндегі еңбегі жарық көрді.

В. В. Бартольдтың еңбектері Отандық және дүниежүзілік шығыстануда түпнұсқа деректер бойынша тарихи сынның қатаң талаптарына сәйкес жазылған алғашқы зерттеулер болды. Ол түркі тайпалары дәуіріндегі Қазақстан тарихының деректеріне түсініктеме жасады. В. Бартольдтың түрік-монғол халықтарының тарихы жөніндегі еңбектерінде Қазақстанның кейінгі орта ғасырлардағы тарихының проблемалары ашып көрсетіледі. Олардың арасында «Жетісу тарихының очерктері», «Орта Азияның түрік халықтарының тарихы жөніндегі он екі дәріс», «Түрік-монғол халықтарының тарихы» және т.б. туындылар бар.

Қазақстандағы тарихи-шығыстанушылық зерттеулердің бастапқы кезеңі А. Чулошниковтың, С. Асфендияровтың есімдерімен байланысты. Бұл ғалымдардың зерттеулерінде қазақтардың этногенезін, Қазақстан аумағында феодализмнің қалыптасу үрдісін қорытуға әрекет жасалды. М. Тынышбаев қазақтардың негізгі тайпалары мен руларының генеалогиясын қысқаша баяндап, тарихи түсініктемелер жасады.

ХХ ғ. 40-50 жж. А. Якубовскийдің және С. Толстовтың Сырдария оғыздары туралы, Алтын Орда тарихы жөніндегі зерттеулері Қазақстанның орта ғасырлар тарихын зерттеуге елеулі үлес қосты. ХІ-ХІІІ ғғ. хорезм-қыпшақ қатынастары, қыпшақтардың шығу тегі, шаруашылығы және этнографиясы мәселелері С. М. Ақынжановтың зерттеулерінде қарастырылды.

Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы. Қазақстанның кейінгі орта ғасырлардағы тарихын зерттеу ХІХ ғ. 2-ші жартысында басталды. Ориенталист В. Вельяминов-Зернов өзінің «Касимов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу» деген төрт томдық тарихи еңбегінде XV-XVI ғғ. Қазақстан тарихына назар аударды. Қазақ ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов өзінің «Қырғыз шежіресі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қырғыздардың көші-қоны туралы» деген еңбектерінде қазақ этногенезінің, қазақ жүздері құрылуының, ру-тайпалардың орналасу мәселелерін зерттеді. Ол қазақ хандарының генеалогиясы, Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасының саяси қатынастары туралы да жазды.

Қазақстан тарихы ғылымы дамуының ХХ ғ. 40-50 жж. жаңа кезеңінде кейінгі орта ғасырлар тарихы жөніндегі зерттеулер деңгейі артты. 1945-жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Тарих, археология және этнография институты ашылды. Қазақ мемлекеттігінің қоғамдық құрылысының даму мәселелеріне, халықтың шығу тегіне ерекше көңіл бөлінді. М. Вяткиннің «Қазақ ССР тарихы жөніндегі очерктер» еңбегінде өзгелермен қатар Қазақ хандығы құрылуының мәселесіне назар аударылған.

Кейінгі орта ғасырлардың саяси тарихы С. Ибрагимовтың қазақ мемлекеттілігінің тарихын, А. Семеновтың қазақ хандарының Шайбанилер әулетімен қарым-қатынастарын зерттеген еңбектерінен көрініс тапты.

Алтын Орда тарихнамасы жаңа зерттеулермен толықты. Г. Федоров-Давыдов, М. Сафаргалиев, И. Греков, Н. Мухамедияров, В. Егоров Алтын Орданың шаруашылық, қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, тарихи географиясы мәселелерін зерттеді.

Жошы ұлысының ыдырауы дәуіріндегі Қазақстанның далалық бөлігінің тарихы Т.И. Сұлтановтың еңбектерінде, Әбілхайыр хандығының тарихы Б.А. Ахмедовтың, Моғолстанның тарихы К.А. Пищулинаның, Ноғай Ордасының тарихы Б.Б. Кочекаевтың еңбектерінде монографиялық тұрғыда зерттелді. Т.И. Сұлтановтың еңбектерінде Қазақ хандығы тарихы мәселелерінің барлық жақтары қозғалды. Қазақтың көшпелі мал шаруашылығы, қоғамның әлеуметтік құрылымы, мемлекеттің әкімшілік құрылысы, көрші елдермен қарым-қатынасының мәселелері шығыс деректері материалдарының негізінде орнықты көрсетілді.
ОБСӨЖ тапсырмалары.

1-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Қадырғали бек Жалайыридың «Жылнамалар жинағы», Әбілғазы Баһадүрдің «Түріктер шежіресі», «Түрікмендер шежіресі» еңбектерінің тарихнамалық маңыздылығын ашып көрсету.

2. Көрнекті ғалым Ш. Уәлихановтың шығармаларындағы қазақ ру-тайпалары, қазақ-ноғай байланыстары, этнография мәселелері.

3. Түрік дәуірінің жазба ескерткіштерінің зерттелуі жайлы шығыстанушы ғалымдардың – В. Радловтың, П. Мелиоранскийдің, С. Маловтың, С. Кляшторныйдың еңбектеріне тоқталу.

4. Түрік дәуіріндегі Қазақстан мен Орта Азия тайпаларының тарихына қатысты мәселелердің зерттелуі. Л. Гумилев, С. Агаджанов, Б. Кумеков, С. Ахинжанов және т. б. еңбектері.

5. В. Бартольдтің ортағасырлық Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына қатысты еңбектеріне сипаттама беру.

6. Монғол жаулап алушылығы мен Алтын Орда тарихына қатысты В. Тизенгаузеннің, И. Грековтың, В. Трепавловтың, М. Сафаргалиевтің, А. Қадырбаевтың және т. б. еңбектері.

7. С. Асфендияров, М. Тынышбаев, М. Ақынжанов, А. Левшин еңбектеріндегі қазақ халқының шығу тегі мен қалыптасуына қатысты ғылыми тұжырымдар.

8. Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның көршілес елдермен (Ресей патшалығы, Жоңғар хандығы) қарым–қатынастарының тарихына арналған зерттеулер. В. Вельяминов-Зерновтың, В. Басиннің, И. Златкиннің, В. Моисеевтің еңбектері.

9. Қазақтардың шаруашылық дәстүрлеріне, орта ғасырлардағы қалалар мәдениетіне, қазақтардың қоғамдық-экономикалық даму тарихына арналған зерттеулер. С. Толыбековтың, В. Шахматовтың, Н. Масановтың, К. Байпақовтың және т. б. ғалымдардың еңбектері.


2-тапсырма. Негізгі ұғымдарға анықтама беру.

Тарихнама, медиавистика, ориенталистика.


3-тапсырма. Кестені толтыру.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының кезеңделуі




Кезеңдер атауы

Хронология-лық шеңбері

Негізгі тарихи оқиғалар

І

Ерте орта ғасырлар








ІІ

Дамыған орта ғасырлар







ІІІ

Кейінгі орта ғасырлар






Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.

2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998.

2-тақырып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет