Қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары бар



Дата14.10.2018
өлшемі190.36 Kb.
#87198
Қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары бар

«Казцинк» ЖШС-нің өнеркәсіптік қалдықтар полигоны» жобасы бойынша ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР ХАТТАМАСЫ
 

Өткізілген ай-күні: 25 сәуір 2014 ж., сағат 11-00.



Өткізілген жері: Курчатов қ., Красноармейская к-сі, 2, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның акт залы (корпус 54).
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырушылар: ШҚО әкімдігі, Курчатов қ. әкімдігі.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат бұқарағы мыналар арқылы жеткізілді: «Спектр резонанс» №13 (343), 04.04.2014 ж., «Курчатов көкжиегі» №13 (194 04.04.2014. газеттеріндегі хабарландырулар және ШҚО әкімдігі, Курчатов қ. әкімдігі сайттары.



Қатысты:

  • Курчатов қ. әкімі.

  • «ШҚО бойынша экология Департаменті» ММ-нің басшысы, «ШҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының», мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің өкілдері (Семей қ.).

  • Курчатов қ. әкімі аппаратының басшылары мен мамандары, бақылау және қадағалау мемлекеттік органдарының, құқық қорғау органдарының өкілдері.

  • Облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары, ШҚО қоғамдық Кеңесінің мүшелері.

  • Өңірдің өенркәсіп кәсіпорындары өкілдері.

  • «Рудный Алтай», «Дидар», «Вестник Компании», «Спектр резонанс», «Курчатов көкжиегі» газеттерінің, «Кен-металлургия өнеркәсібі» журналының, «Қазақстан Өскемен» телеарнасының, «Курчатов» бейнестудиясының тілшілері.

  • «Казцинк» ЖШС-нің өкілдері.

  • «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның қызметкерлері.

  • Курчатов қаласының тұрғындары, медициналық, мәдениет және білім беру мекемелерінің өкілдері.

Қатысушылардың толық тізімі бар тіркеу парақтары көшірмелері хаттамаға қосымшада келтірілген.
Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

  1. «Казцинк» ЖШС-нің өнеркәсіптік қалдықтар полигонын салу жобасы» фильмін көрсету (15 мин).

2 Баяндама: «Қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары бар «Казцинк» ЖШС-нің өнеркәсіптік қалдықтар полигоны» жобасы», баяндамашы – «Казцинк» ЖШС бас экологының орынбасары (5 мин).

3 Жарссөздер (30 минутқа дейін).



  1. Сұрақтарға жауаптар (15 мин).


Тыңдауларды Курчатов қаласының әкімі Гариков Дмитрий Александрович ашты.

Тыңдаулар тәртібі мен күн тәртібі жарияланды, қоғамдық тыңдаулар төрағасы мен хатшысының кандидатуралары ұсынылды және бекітілді. Қала әкімі қоғамдық тыңдаулар өткізілгенге дейін «Қоғамдық тыңдаулар өткізу ережелеріне» сәйкес барлық қажетті рәсімдердің орындалғандығынан хабардар етті.
«Казцинк» ЖШС дайындаған фильм көрсетілгеннен кейін жоба туралы сөз баяндамашыларға берілді.
Сөйлегендер:

  1. Тәкеев Қазтай Баязиұлы, «Казцинк» ЖШС бас экологының орынбасары.

«Казцинк» ЖШС-нің қалдықтармен жұмыс саласындағы кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі – қалдықтарды кәдеге жарату мен зарарсыздандыру екендігіне тоқталды, ал қоймалаудың полигондық әдісі әлемде өңдеу технологиясы жасалғанға дейінгі уақытша шара ретінде қарастырылуда. Құрамында күшән бар қалдықтарды көмудің халықаралық тәжірибесімен таныстырды. «Казцинк» ЖШС өзінің зерттеу орталығында мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, ұрамында күшән бар қалдықтардың қауіп деңгейін төмендету тұрғысында да, оларды жер астында көму бағытында да әзірлемелер дайындауда екендігін түсіндірді, ондай әдіс әлемдік тәжірибеде неғұрлым қауіпсіз саналады. «Казцинк» ЖШС-нің өнеркәсіптік қалдықтар полигоны» жобасының техникалық ерекшеліктерімен таныстырды.

Қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін жобаны мемлекеттік уәкілетті органдар қарап, содан соң ШҚО экология Департаментінде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтетіндігінен хабардар етті. Жоба қоршаған орта әсерді бағалаудың ұлттық немесе трансшекаралық рәсіміне жатпайды.


  1. Лопаткин Владимир Федорович, ШҚО қоғамдық Кеңесінің төрағасы.

Қазіргі кезде Семей сынақ полигонының тек болар-болмас аумағын ғана ауылшаруашылығы айналымына қайтару мүмкіндігі бар екендігін хабарлады. Басқа аумақ пайдалануға жарамсыз, сондықтан бұл жерлерді оңалту, тегістеу жөнінде іс-шаралар жүргізу қажет. Сол себепті ауылшаруашылығы айналымына жарамайтын полигон жерлерін өнеркәсіптік мақсатқа пайдалануды дұрыс шешім деп есептеймін. «Казцинк» ЖШС-нің бұл жобасы полигон жерлерін үнемді пайдаланудың үлгісі деп білемін. «Казцинк» ЖШС-нің өз жобасында барлық қажетті іс-шараларды қарастырды деп сенемін және оны міндетті түрде орындайды. Жобаны қолдауды ұсынамын.


  1. Корешков Геннадий Леонидович, «Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС-нің директоры.

Облыс жұртшылығының «Казцинк» ЖШС барлық жобаларын қадағалап отыратындығын айтты, оның ішінде осы жоба да бар. Жобаның барлық сатыларында адамдар мен табиғат қауіпсіздігінің қалай қамтамасыз етілетінін Компанияның хабарлап отыратындығы өте дұрыс шешім. Кәсіпорынның барлық жобаларының айтарлықтай нәтиже беріп келе жатқанын тәжірибе көрсетуде. «Казцинк» ЖШС-нің қалдықтарын бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағында қоймалаудың неғұрлым тиімді нұсқа екендігін атап өтті.


  1. Крижановская Ольга Львовна, «Азия экологиялық-аудиторлық компаниясы» ЖШС-нің директоры.

«АЭК» ЖШС-нің «Казцинк» ЖШС өнеркәсіп қалдықтары полигоны жобасының қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізгендігін хабарлады. Жобада қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын жан-жақты қорғаныс шаралары қарастырылғандықтан, оның қоршаған ортаға қаупі жоқ деп ойлаймыз. Шаңдануды, нөсерлер ағындарын бұру жөніндегі іс-шаралар да қарастырылған. Ластағыш заттардың топырақ пен жерасты суларына түспеуі үшін сенімді сіңіруді болдырмайтын экран құруға да жете назар аударылған. Оның қоршалуы мен жарықтануы және күзеті де қажетті шарт. Демек, тек қоршаған ортаны ғана емес, адамдар мен жануарлардың да оған емін-еркін кіруін болдырмау жағы да ойластырылған. Жұмыстар дұрыс ұйымдастырылса, полигонна қауіп болмайды.


  1. Солдатов Сергей Федорович, ШҚО мәслихатының депутаты, АПК, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану комиссиясының мүшесі.

Бұл жоба тек «Казцинк» ЖШС өндірісі үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл өңірге де пайдалы деп есептейді. Оны қолдау керек, себебі, ол тек өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты ғана емес, қоршаған орта қауіпсіздігін де қамтамасыз ететін шара. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі, әлеуметтік кепілдіктер береді және Компанияның тиісті салықтары есебінен жергілікті бюджетті толықтырады. Ал қоршаған ортаны қорғау тұрғысында Казцинк өз мүмкіндігін сан рет дәлелдеген. Тіпті егер жергілікті жұртшылық қажет деп тапса, мемлекеттік экологиялық бақылаудан басқа, жергілікті жұртшылық пен депутаттар тарапынан мониторинг жүргізуге де болады.


  1. Субботин Сергей Борисович, ҚР ҰЯО РМК радиациялық қауіпсіздік және экология институты геоақпараттық технологиялар зертханасының бастығы.

Қызығушылық танытқандарды полигон салынбақ телімді кешенді экологиялық тексеру қорытындыларымен таныстырды. Жұмыстар барысында Ұлттық ядролық орталық сынақ полигоны аумағында бұрын жүргізген жұмыстар талданып, қосымша дала жұмыстары атқарылды. Полигондағы экологиялық жағдайды анықтауға мүмкіндік беретін алдыңғы жұмыстар ескеріле отыра, қажетті өлшеулер орындалды, ауа, грунт, топырақ, жерасты сулары, өсімдік қабаттары сынамалары алынып, талданды, тұрғындарға және таңдап алынған телімде полигон салушыларға үлесті жүктемелерді бағалау жүргізілді. Жан-жақты бағалау нәтижесінде мұндай нысандар салуға «Казцинк» ЖШС таңдаған жер телімінің ыңғайлырақ болатындығы анықталды. Жинақтағыш ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамсыз жерде, елді мекендер мен су көздерінен қашықта салынбақ, жерасты сулары бұл телімде 20 м-ден астам тереңдікте жатыр. Осының бәрі жобаның қауіпсіз болатындығына кепілдік бола алады. Өсімдік қабаттары мен жерасты және жерүсті суларындағы, атмосфералық ауадағы радионуклидтердің қаупі жоқ. Бұл телімді өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға болады. одан басқа мұндай жобаларды жүзеге асыру бұрынғы ССП аумағындағы жұмысты жандандырудың болашағы бар бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан жобаны қолдау керек деп есептейді.
Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертпелері:

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтарына әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президент А.П. Лазарев және бас экологтың орынбасары Қ.Б. Тәкеев жауап берді.
АЭИ ҰЯО өкілдерінің сұрағы: Өнеркәсіптік қалдықтар полигонын салған кезде Курчатов қаласының мамандары тартыла ма? Атап айтқанда, ҚР ҰЯО РМК кәсіпорындарының?

Жауап: Казцинк полигон салу үшін жер телімін таңдаудан бастап ҰЯО-мен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Барлық жобаалды жұмыстары: полигонды зерттеу, лицензия алуға қажетті материалдар әзірлеу, радиациялық бақылау бағдарламаларын жасау, аумаққа кешенді экологиялық тексеру жүргізу – бәрі ҚР ҰЯО РМК радиациялық қауіпсіздік және экология институты мамандарының көмегімен атқарылды. Құрылысқа әзірлік сатысында да инженерлік-геологиялық, топырақ зерттеу жұмыстарын осы мекеме жүргізуде. Құрылысқа бас мердігер ретінде "Байкал" ЖШС тартылмақ. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген кездегі радиологиялық қадағалауларды да ҰЯО орындайтын болады. Болашақта, полигонды пайдалану кезінде де радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (жеке дозиметриялық бақылау, жұмыс орындарындағы радиациялық қауіпсіздік, т.б.) ҰЯО-ның көмегімен жүргізілмек. Орталықты болашақ қалдықтар жинақтағышы ауданындағы қоршаған орта Будет рассмотрена возможность привлечения центра к работам по мониторингісі бойынша жұмыстарға да тарту мүмкіндігі де қарастырылатын болады. Нысандағы пайдалану жұмыстарын орындауға "Байкал" ЖШС тартылмақ.
Сұрақ (аты-жөні жазылмаған): Қалдықтарды көмеу орны таңдалған кезде мүмкін болатын сейсмикалық жағдай ескерілді ме? Тыңдаулар кезінде құрылыс орнының сипаттамасын егжей-тегжейлі естісек деп едік.

Жауап: Бұл аумақ сейсмикалық қауіпті ауданға жатпайды. Құрылыстың сейсмикалық беріктігі – 5-6 балл. ҚНМЕ сәйкес мұндай телімдерде антисейсмикалық іс-шаралар жасау қарастырылмаған. Алайда, сіңімділік экранының бұзылу тәуекелін мүлде болдырмау үшін жобада үлдір төсеу қарастырылған, тіпті топырақ қабаты жылжыған жағдайдың өзінде жыртылып ктепеу үшін үлдірдің құрылыс құрылмаларымен түйісетін жерлерін бекіту үшін арнайы байламдар қолданылатын болады.
Сұрақ (аты-жөні жазылмаған): Жобада қалдықтардың теміржол көлігімен тасылатыны жазылыпты. Бірақ бұл тек Курчатов қаласына дейін, ал әрі қарай «Балапан» алаңшасына дейін қандай көлікпен тасымалданбақ, соңғы аялдамаға дейінгі жолдың жағдайы қандай, жол бойындағы қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілмек.

Жауап: Қалдық қоймаланатын орынға дейін жабық вагондарда Дегелен ст. арқылы Угольная ст. дейін теміржол көлігімен тасылатын болады. Угольная ст.-на бастап полигонға дейін 15 километрлік теміржол тармағы тартылмақ. Тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін материалдар «биг-бег» түрінде полиэтилен төсеніші бар арнайы жұмсақ жүкқораптарға салынып қапталатын болады. Әрбір «биг-бег» саңылаусыз металл жүкқорапқа салынады да ол вагондарға тиеледі.
Сұрақ (аты-жөні жазылмаған): Полигон қандай заңды тұлға түрінде тіркелмек («Казцинк» ЖШС филиалы ма, әолде басқаша ма) және салық аударымдары қандай мақсатқа жұмсалмақ: экология, жерлерді жалға алу, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау?

Жауап: Қазіргі жағдайда салық салу нысаны ретінде, яғни, «Казцинк» ЖШС жер телімі орналасқан жердегі (Семей қ.) салық басқармасына салық төлеуші ретінде есепке тұрады. Заң бойынша филиал тіркелмейді. Тиісінше, аталған салық басқармасының бюджетіне жер телімін пайдаланумен байланысты салықтар аударылатын болады. Басқа салық түрлері «әлеуметтік аударымдар» деп аталатын, Казцинк тіркелген жер бойынша заңнамаға сәйкес төленетін болады. «Казцинк» өз өндірістері бар барлық қалаларда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Курчатов қаласында тігін өндірісін ашу мәселесі қарастырылуда. Осы және Курчатов қаласындағы көкейтесті әлеуметтік жобаларды қаржыландыру жөніндегі басқа да міндеттемелер міндетті түрде ШҚО әкімдігі мен «Казцинк» арасында жасалатын өзара ынтымақтастық туралы меморандумда көрсетілетін болады.
ИРБЭ ҰЯО өкілдерінің сұрағы: «Казцинк» ЖШС-нің бұрынғы ССП жерлерін пайдалану жөнінде басқа жоспарлары бар ма?

Жауап: Біз өз жобамыз арқылы ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлерді пайдаланудың үлгісін көрсеттік деп ойлаймыз. Әлемдік металлургия өнеркәсібінде қалдықтарды өтелге шығару және көму жөнінде арнайы кәсіпорындар құру тәжірибесі кеңінен қолданылуда. Германияда, Канадада мемлекеттік органдардың рұқсатымен пайдаланылмайтын кенішті немесе тұзды шахтаны алып, қалдықтар қоймасы етіп жабдықтайды да өнеркәсіп орындарынан шарт негізінде қалдықтар қабылдайды. Бұл да ойлануға тұрарлық дұрыс бағыт. Қала да мүмкін соны негізге алатын болар.
Сұрақ (аты-жөні жазылмаған): Қалдықтарды бұрынғы Белогор кен байыту комбинатының шахталарында сақтау мүмкіндіктері қарастырылған жоқ па?

Жауап: «Казцинк» ЖШС-ің өзінің де қалдықтар қоймалауға жарамды кені алынған кеңістіктері бар. Бұл мәселені қазір қарастырудамыз, қажетті зерттеулер жүргізілуде, ондай жобаны мемлекеттік органдармен келісу керек болады. Басқа меншік иесінің шахталарын пайдалану қажеттігін көріп отырғамыз жоқ.
Дмитропавленко Н.И. («Надежда» балалар қоры): «Казцинк» ЖШС Курчатовта қайырымдылықпен айналыса ма, талантты балаларды қолдау және т.б.?

Жауап: «Казцинк» ЖШС-нің өндірісі бар жерлердің бәрінде, Компания әлеуметтік жауапкершілікті бизнес ретінде жұмыс істейді. Сондай барлық қалаларда тұрмысы төмен отабасылардағы азаматтарды емдетуге, дарынды балаларды қолдауға, көптеген әлеуметтік іс-шараларды қаржыландырамыз – жайларды, балалар алаңдарын жөндеу, медициналық мекемелерге жабдықтар сатып алу, жаттығу залдарын жабдықтау, мәдениет үйлерін дыбыстық және сахналық жабдықтармен қамтамасы ету және т.б. Сіздердің қалаларыңыз да Компания үшін бөтен емес. Қазірдің өзінде Курчатовта тігін цехының филиалын ашу мәселесі қарастырылуда, ол болашақта біздің Компанияны арнайы киіммен қамтамасыз ететін болады.
«Байкал» ЖШС филиалы өкілдерінің сұрағы: Полигон жұмысы ластанған аумақта жүргізілмек, оны салушылар үшін бұл қауіпті емес пе?

Жауап: Сергей Борисовичтің (Субботиннің) болашақ құрылыс алаңының кешенді экологиялық тексеру нәтижесі жөніндегі баяндамасына қарағанда чаталған телімдегі радио-экологиялық жағдайдың тұрғындарға да, жұмысшыларға да ешқандай қаупі жоқ деуге болады.
Талқылау нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар:

  1. «Қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары бар «Казцинк» ЖШС-нің өнеркәсіптік қалдықтар полигоны» жобасы» жұртшылық назарына жеткізілді.

  2. «Казцинк» ЖШС жобада құрылыс кезінде де, одан кейінгі пайдалану кезінде де адамдардың полигон аймағына емін-еркін кіруін болдармайтын күзеттік іс-шараларды қарастырсын.

  3. Полигонды пайдалану кезіндегі әсері туралы білгісі келетіндер ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте хабардар етілсін.

  4. Жоғарыда баяндалғандарды ескере келе, жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаның ластануына апарып соқпайды және оның кент тұрғындарының денсаулығына әсері болмайды.

  5. Жоба бойынша қарсылық жоқ.



Қоғамдық тыңдаулар төрағасы,

Курчатов қаласының әкімі Д.А.Гариков


Қоғамдық тыңдаулар хатшысы И.Х.Юсупова



МО

28.04.14










Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет