Орманды қосымша пайдалануды бақылау



Дата02.07.2017
өлшемі304.25 Kb.
#19784
Тақырып: Орманды қосымша пайдалануды бақылау

Орман адам қоректену үшін немесе шикізат ретінде пайдаланылатын түрлі өнімдердің қайнар көзі болып табылады. Орманда ағашпен бірге саңырауқұлақ, жидек, дәрілік өсімдіктер түрлері, балшырынды – өсімдіктер таралған. Орман қорында сонымен қатар шабындықтар мен жайылымдар көлемі бар. Орман кодексіне сәйкес қосымша пайдалануға ағаш сөлдерін дайындау, жабайы өсетін жемістерді, жидектерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды жинау мен дайындау, дәрілік өсімдіктерді және техникалық шикізатты жинау мен дайындау, омарталарды орналастыру, шөп шабу және мал жаю кіреді.

Қосалқы орман ресурстарын дайындау және орманды қосымша пайдалану орман шаруашылығына зиянын тигізбей жүзеге асырылады және кәсіптік мақсатта тек арнайы рұқсат, орманшылықтарға берілетін орман билеті, бойынша ғана жіберіледі. Орман билетінде пайдалану түрі, мөлшері, мерзімі және орыны, сонымен қатар пайдаланушының міндеттері көрсетіледі. Қосалқы орман ресурстарын дайындау және орманды қосымша пайдалануды жүзеге асыру үшін орман қорының учаскелерін қысқамерзімді (1 жылға дейін) немесе ұзақмерзімді (15 жылға дейін) пайдалануға беріледі.

Қосымша орман пайдалану ресурстары және олардың территориялық орналасуы, сонымен қатар осы ресурстарды пайдаланғандағы жылдық өлшем орман құрумен анықталады және қажет жағдайда орманшылықтармен орман қорының учаскелерін көзбен көріп тексеріледі. Орманды қосымша пайдаланудың ағымдық есебі орманшылықтардағы есеп кітабына тіркеледі. Қосымша пайдаланудың ресурстарын бөлу туралы ұсыныстар орманшылықтарда түскен ұсыныстарды есепке ала отырып жасалынады. Және де ең алдымен орман шаруашылық ұйымдарының қажеттіліктері ескеріледі. Орман билеттері орманпайдаланушылар төлем енгізген соң немесе келісімшарт пен лицензия болған жағдайда беріледі. Орман билеттері қысқа мерзімді пайдалануда бір жылға дейін беріледі, ұзақ мерзімді пайдалануда – жыл сайын беріледі. Орман билеттері қатаң есептегі бланкі болып табылады және белгіленген тәртіпте сақтауға жатады.

Орман пайдаланушылар рұқсат етілген орында, рұқсат етілген ресурстарды, рұқсат етілген мерзімге дейін пайдалануға міндетті. Қажет болған жағдайда орманшылықпен келісілген жерлерде уақытша типтегі құрылысты жабдықтауға болады. Барлық ғимараттар мен құрылыстар пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін үш айдын ішінде жиналуы қажет, олай болмаған жағдайда орманшылыққа өткізіледі.

Орманшылықтар қосалқы орман ресурстарын дайындау және орманды қосымша пайдалану ережелерінің сақталуын бақылап отыруға міндетті. Осы мақсатта пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін 20 күн ішінде жыл сайын учаскелерді куәландыру жүргізіледі және сәйкес форма бойынша акт құрылады. Куәландыру актісі орманшылық жетекшісімен бекітіледі және пайдаланылған өнім үшін орман пайдаланушының соңғы есебі үшін негіздеме болып табылады. Қосымша орман пайдалану уақытында ағаттықтар кеткен уақытта орманбұзушылық туралы хаттама жазылады. Орман пайдаланушылардың қосалқы орман ресурстарын дайындау және орманды қосымша пайдалануын бақылау мемлекеттік орман қорғаумен басқарылады.



Тақырып: Орман территориясында шөп шабу жұмыстары

Орманда шөп шабу және мал бағу жұмыстары орман шаруашылығының иелігіндегі малдарды азықтандыруда және ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін қосымша азық қорын алу үшін маңызды рөл атқарды.

Пайдалану мерзіміне және сапасына байланысты шөп шабатын жерлер тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты пайдаланудағы шөп шабатын жерлердің құрамына орман қорының ағашпен көмкерілмеген, ұзақ мерзімдік (10 жылдан аз емес) шөп шабу үшін жарамды, орман шаруашылығын құру материалдарында жеке жер категориясы ретінде бөлінген учаскелер кіреді. Уақытша пайдаланудағы шөп шабатын жерлерге кесілген орман учаскелері, орман ішіндегі ашық жерлер, сонымен қатар шөп шабу үшін жарамды батпақтар т.б. жерлер жатады. Шабындықтар бір жылдан аса уақыт мерзімге берілген жағдайда, орман шаруашылықтары пайдаланушыларды шабындықтардың сапасын жақсарту бойынша шаралар жүргізуге міндеттей алады.

Табиғи азықтық пайдаланымдағы жерлерде шалғынды гүлдену уақытында шауып алған дұрыс. Бұл фазада азықтық қоспалардың үлкен мөлшерін ғана алып қоймай, жақсы сападағысын да алуға болады. Гүлденгеннен кейін жапырақ және сабақтар қатаяды, ондағы ақуыздың мөлщері 15-25 пайызға төмендейді, ал жасунық 20-25 пайызға жоғарылайды. Кеш шабылған шөппен малдар аса қоректенбейді.

Орманшылықта шабындықтың түрлі типтері болған жағдайда алдымен құрғақ шалғыннан бастау керек, одан кейін орманның ашық алаңдарында, одан кейін көл және өзен бойындағы шалғындардан шабу керек.

Табиғи азықтық пайдаланымдағы жерлерді рационалды пайдалану жайылым мен шабындықатрды сақтауды ғана қарастырмай, орманшылық, орман мелиоративтік, су шаруашылық және басқада шаралар жолымен оның өнімділігін жоғарылатуды қарастырады. Шалағай және түпкілікті жақсартудың қажеттілігін анықтау орман құру жұмыстары кезінде орман қорының шалғындық және жайылымдық жерлерінде орман патологиялық тексеру жолымен жүргізіледі.

Азықтық жерлерді шалағай жақсарту өнімділіктің және өсімдіктердің азықтық артықшылықтарын біршама жақсартылуын қамтамасыз етеді. Оған артық ылғалданған учаскелерді кептіру, бұталардан тазарту, томарларды қопару, беткейді теңестіру, минералды тыңайтқыштарды енгізу, арамшөптермен күресу, шымды және бағалы азықтық шөптердің егістігін күту жатады.

Түпкілікті жақсарту өте шымданған, жекен (осоко), мүк, түрлі шөптер өскен учаскелерде жүргізіледі. Бұл нысандарда шалағай жақсарту шаралары қажет нәтижені бермейді. Пайдаланымдағы жерлерді түпкілікті жақсарту жаппай қайта жыртумен ары қарай көпжылдық шөптердің қоспасын егумен тұжырымдалады. Қайта жыртуды жаздың аяғында немесе күздің басында 30-35 см тереңдіктегі қыртыс айналымымен соқалармен жүргізіледі. Одан кейін қыртысты күзде немесе көктемде ауыр дискілі тырмалармен немесе фрезалармен бөлшектейді. Шөптерді еккен соң топырақ бетін тегістейді, тырмалайды және тегіс катоктармен жүріп өтеді, минералды тыңайтқыштар енгізеді. Қажет болған жағдайда топырақты әктейді. Түпкілікті жақсарту шараларының кешені азықтық пайдаланымдағы жерлердің өнімділігін 4-5 есеге жоғарылатады және азық сапасын жақсартады.



Тақырып: Орман территориясында мал жаю

Орманда мал жаю көбінесе орман алқабының өнімділігіне және биологиялық төзімділігіне кері әсерін тигізеді. Бұл топырақ жабындысының құртылуымен, орман төсенішінің бұзылуымен, топырақтың беткі қабатының нығыздалуымен байқалады. Сондықтан малды жаюды ұйымдастырғанда белгіленген ережелерді орындау қажет.

Мал жаю қорықтардан, қорықтық орман учаскелерінен, ұлттық парктерден, жасыл желектерден, ғылыми және тарихи мәнге ие ормандардан, табиғи ескерткіштерден, мемлекеттік қорғаныштық орман жолақтарынан, эрозияға қарсы ормандардан, ерекше бағалы орман массивтерінен, генетикалық резерваттардан т.б. басқа барлық ормандарда, орманмен көмерілмеген мемлкеттік орман қорының жерлерінде рұқсат етіледі.

Орман тұқымдық плантацияларда, сонымен қатар орманның табиғи жаңару шаралары жүргізіліп жатқан учаскелерде; тіршілікке қабілетті өскіндер дамып келе жатқан табиғи жас алқаптарда; мал жаю топырақтың эрозиясына әкелетін немесе орман топырақтарын батпақтандыратын, орманның санитарлық жағдайын төмендететін жағдай туғызса мал жаюға рұқсат етілмейді.

Мал жаю нормасы жергілікті атқарушы органдармен орманшылықтардың ұсынымы бойынша анықталады.

Орман мал жайылымдарында және шабындықтарында шөптердің қоры аса көп емес және ол топырақ жағдайына, өсіп тұрған алқапқа байланысты болады.

Топырақ – гидрологиялық жағдайы бірдей, бірақ ағаштар мен бұталар өспеген учаскелер өнімді келеді. Құнарсыз құмды топырақтарда өсетін алқаптарда шөп қоры аз болады және мал жаю мен шөп шабуға жарамсыздау келеді. Шөп жабындысы қайыңды, теректі және басқа да жарық сүйгіш тұқымдастардың құнарлы топырақтарында жақсы өседі. Аса жоғары өнімділік мемлекеттік орман қорындағы өзендердің және көлдердің бассейндерінде орналасқан шалғындарға тән.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
шөп шабу және мал жаю ережесі

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаюдың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Орман пайдаланушылар) шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану тәртібін белгілейді.

         1) өртең - алқаағашын өрт жойып жіберген, ал орманның жаңа түптері әлі көтеріле қоймаған орман алқабы;


     2) гендік орман резерваты - гендік-селекциялық тұрғыдан алғанда бағалы өсімдіктер түрі, қосымша түрлері бар орман учаскесі;
     3) орман пайдалану - орман ресурстарын және орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөнінде заңдық және экономикалық тұрғыдан реттелген қызмет;
     4) орман пайдаланушы - Қазақстан Республикасының Орман кодексі белгілеген тәртіппен уақытша орман пайдалану құқығы берілген заңды немесе жеке тұлға;
     5) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
     6) қаша - мемлекеттік орман қорының ауыл шаруашылығы жерлерінің жайылымдық айналымында мал жаюға арналған алқап.

  2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу


және мал жаю үшін жарамды алқаптарды анықтау

Шөп шабуға және мал жаюға болатын мемлекеттік орман қоры учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен бекітілген орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер анықтайды.

    Шөп шабу үшін ең алдымен осы мақсатқа жарамды мемлекеттік орман қорының құрамына енетін ауыл шаруашылық жерлерінің алқаптары бөлінеді, сондай-ақ алаңқайлар және ормандарды табиғи және жасанды жолмен қалпына келтіру немесе шөп шабу басталғанға дейін оларды жақсарту жөнінде басқа да шаралар жүргізу көзделмеген орман көмкермеген басқа да жерлер, сондай-ақ қайта жаңартуға арналмаған құндылығы аз алқаағаштардың жекелеген учаскелері пайдаланылуы мүмкін.

    Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде шөп шабу мүмкін болатын алқаптарды орман орналастырудың жоспарлау-картографиялық материалдарының, сондай-ақ түгелдеу материалдарының және ормандардың басқа да зерттеулерінің негізінде орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады.

Мал жаюға мемлекеттік орман қоры учаскелерінде (ормансыз, орман көмкерген және орман көмкермеген) осы Ережеге қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде мал жаю нормаларына сәйкес рұқсат етіледі, бұл ретте мал жаю үшін учаскелерді таңдау орман жайылымдықтарын маусымдық пайдалану мүмкіндіктері, жайылым айналымдары және оларға жеткілікті жүктемені ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.

    Жайылымдық айналымы жайылымдық жерлерді неғұрлым тиімді пайдалану, олардың шығымдылығын арттыру, топырақтың эрозияға ұшырауын төмендету немесе оны болдырмау мақсатында енгізіледі.


     Жайылымдық айналымының алқабы:
     өсу кезеңінің табиғи-климаттық жағдайларын;
     жайылымдықтардың бітік өсу, оларға мал жаю деңгейін;
     эрозияға ұшырау процестерінің ықтимал мүмкіндігі және нақты байқалуы;
     жабайы өсетін шөптердің ерекше құнды тұқымдарын жинау мүмкіндігі;
     "демалыс" берудің қажеттігі, яғни жыл бойына мал жаюды, шөп шабуды толық болдырмау ескеріле отырып, белгіленеді.

    Орманды дала мен шоқ ағашты ормандардың оңтүстік бөлігінде алаңдарды шөп шабу үшін және оның орнын мал жаю үшін пайдаланбаған жөн. Жайылымдықтарды пайдаланудың негізгі тәсілі үш мәрте және бір мәрте мал жаюды алмастырып отыру болып табылады.

    Орманды даланың солтүстік бөлігінде төрт кезекті жайылымдық айналымы ұсынылады.

Жартылай шөлейт аймақта екі танапқа екі-үш рет мал жаюды және үш танапқа бір рет мал жаюды алмастырып отыратын бес кезекті жайылымдық айналымы ұсынылады.

    Эрозияға жол бермеу немесе оның ықтимал мүмкіндігін төмендету үшін мал жаюды жайылымдық айналымының қабылданған жүйесі бойынша жүргізу қажет. Эрозияға ұшырайтын жайылымдықтарда мал жаю мөлшерін төмендету, ал тым күшті байқалған эрозиялық процестерде - мүлдем мал жаймау дұрыс болады.

    Мал жаюға: биосфералық және сепортер-қорықтарды, мемлекеттік табиғи орман ескерткіштерін қоса алғанда мемлекеттік табиғи қорықтардың ормандарында, гендік резерваттарды, аса құнды орман алаптарын қоса алғанда ғылыми маңызы бар орман учаскелерінде;


     мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің және мемлекеттік табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи орман резерваттарының, мемлекеттік табиғи орман аймақтарының қорық режимі аймақтарында;
     мемлекеттік табиғи қорықтар құруға не мемлекеттік табиғи-қорық қорының, ерекше құнды табиғи және басқа да кешендердің объектілерін сақтау үшін қалдырылған мемлекеттік қорық аймақтарының учаскелерінде;
     орман парктерінде, орман жемістері екпелерінде, қала ормандарында, жасыл аймақтардың орман паркі бөліктерінде, сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау ормандарында және курорттардың санитарлық қорғау ормандарында, мемлекеттік қорғаныштық орман жолақтарында, эрозияға қарсы және субальпілік ормандарда, аса құнды орман алқаптарында, өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектілерінің жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған жолақтарында, ерекше қорғалатын орман учаскелерінде;
     орман дақылдары мен фито-орман мелиоративтік екпелер ұшарбасын мал бүлдіріп кету мүмкіндігіне жол бермейтіндей биіктікке жеткенге дейін солардың алқаптарында, орман тұқымы және дәрі-дәрмектік плантациялар мен учаскелерде, шырша-қарағай-балқарағай, тал, терек, жаңғақ жемісі және жеміс-жидек плантацияларында, сондай-ақ орманның табиғи жолмен қалпына келуіне жәрдемдесу жөніндегі шаралар жүргізілетін учаскелерде;
     жас өскін мен өркен ұшарбасын мал бүлдіріп кетуіне жол бермейтіндей биіктікке жеткенге дейін өміршең өркені дамыған табиғи жас өскіндер мен екпелерде;
     орманды табиғи жолмен қалпына келтіру есебімен ормандарды қалпына келтіру мақсатында ағаш кесуді жүргізу үшін белгіленген екпелерде, сондай-ақ ағашы кесілген жерлерде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесуді жүргізуді айқындайтын нормативтік құқықтық актіге сәйкес табиғи жолмен қалпына келтіруге арналған басқа да орман көмкермеген алқаптарда;
     жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрі-дәрмектік және техникалық шикізаттарды кәсіпшілік мақсатта дайындау аймақтарында;
     топырағын су тез шайып және жел ұшырып кететін алқаптарда тыйым салынады.

Мал жаю үшін тыйым салынған учаскелер тізбесін мемлекеттік орман қоры жерлерінің жай-күйіне қатысты болып жатқан өзгерістерді, сондай-ақ орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мен орман ресурстарын дайындау шараларының жоспарларын ескере отырып, мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде бақташысыз мал жаюға ерекше жағдайларда, шалғайдағы, жол қатынасы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жол беріледі. Осындай аудандардың тізбесін облыстық атқарушы органның ұсынымы бойынша облыстық өкілді орган бекітеді.
     Ұйымдастырылған аңшылық шаруашылығы бар мемлекеттік орман қоры аумағында иттермен мал жаюға болмайды.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ешкілерді арнайы бөлінген қоршалған учаскелерде ғана жаюға болады.

Мал иелері қажет болған жағдайларда мемлекеттік орман иеленушілердің нұсқауы бойынша орман дақылдарын, питомниктерді және мемлекеттік орман қорының басқа да учаскелерін сақтау мақсатында мал айдап өтетін жолдарды, сондай-ақ жайылымдықтарды қоршап қоюға міндетті.

  3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп


шабу мен мал жаю үшін пайдалану тәртібі

    Мемлекеттік орман қоры учаскелері шөп шабу мен мал жаю үшін қысқа мерзімді пайдалануға (1 жылға дейін пайдалану мерзіміне) және ұзақ мерзімді пайдалануға (10 жылға дейін пайдалану мерзіміне) берілуі мүмкін.

Орман иеленушілер Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 36,  41-баптарына сәйкес шөп шабу мен мал жаюға жарамды мемлекеттік орман қоры учаскелерінен оларды алуға құқығы бар орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлеріне шөп шабу үшін қызмет бабындағы жер телімдерін, мал ұстайтын осы қызметкерлерге мал жаю үшін учаскелер, сондай-ақ биологиялық-техникалық іс-шаралар өткізу шеңберінде қатаң жемшөп дайындау үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін бөледі.

    Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу мен мал жаю үшін ұзақ мерзімді пайдалануға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 32 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережесіне сәйкес тендер негізінде жүзеге асырылады.


    

    Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабатын және мал жаятын жерлерді бөлуге мұқтаж орман пайдаланушылар:


     ұзақ мерзімді негізде (ұзақ мерзімді орман пайдалану) тендер өткізуді ұйымдастырушыларға шөп шабу мен мал жаю үшін ұзақ мерзімді пайдалануға мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөніндегі тендерге қатысуға арналған орман иеленушілердің өтінім-лоттарды дайындауы үшін тиісті өтінімдер жібереді;
     қысқа мерзімді негізде (қысқа мерзімді пайдалану) шөп шабу мен мал жаю басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей орман пайдалану үшін учаскелер беру жөнінде өтінішпен орман иеленушілерге жүгінеді.

    Тендерлер өткізуді ұйымдастырушылар шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөнінде жүргізілген тендерлердің нәтижелері негізінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды, оның негізінде тендерлер өткізуді ұйымдастырушылар мен орман пайдаланушылар арасында осы учаскелерді ұзақ мерзімді пайдалану туралы шарт жасалады, оларда осы учаскелерді пайдалану жөніндегі талаптармен және тараптардың өзара қарым-қатынастарының шарттарымен қатар Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігін сақтауды айқындайтын нормативтік құқықтық актіні сақтау, оларға бөлінген шөп шабатын және мал жаятын жерлерді қорғау және олардың сапасын жақсарту шараларын жүргізу жөніндегі соңғыларының міндеттері белгіленеді.

. Шалғайдағы мал шаруашылығы үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөніндегі өтінім-лоттарды дайындау кезінде көршілес аудандардың, облыстардың қажеттілігін ескеру керек.

    Орман иеленушілер өткізілген тендерлердің нәтижелері бойынша жасалған шарттарға сәйкес және орман пайдаланғаны үшін төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде тендерлердің жеңімпаздарына орман билеттерін жыл сайын беріп тұруды және оларға шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің табиғи түрінде берілуін қамтамасыз етеді. Орман билетінде пайдалану алаңы мен орны, төлем мөлшері, шөп шабу мен мал жаюды жүргізу мерзімі мен шарттары көрсетіледі.

Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беру кезінде орман пайдаланушының өтініші және орманды пайдаланғаны үшін төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде орман пайдаланушыларға әрі орман билеті жазып беріледі.

Берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю орман билеттерінде көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылуы тиіс.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю үшін жерлерді пайдалану құқығын үшінші бір тұлғаға беруге жол берілмейді.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
                     мал жаю нормалары

N
р/с

Табиғи аймақтар

Үй жануарла-
рының түрлері

Мал жаю нормала-
ры, 1 басқа га

1

Жартылай шөлейт
және шөлейт

Қойлар
ІҚМ
Жылқы

7
7
5

2

Далалы

Қойлар
ІҚМ
Жылқы

1,5-3,0
1,5-3,0
1,0-2,25

3

Таулы

Қойлар
ІҚМ
Жылқы

0,75-1,5
0,75-1,5
1


Тақырып: Ағаш шырынын дайындау технологиясы

Қайың және үйеңкі шырынын алуда ашық, жартылай жабық және жабық тәсілдер қолданылады.

Ашық тәсілде шырын ағаштан ашық науа арқылы ашық шырын қабылдағышқа бағытталады. Металдық науалар ағаштың діңгегіне бұрғыланған каналдардың астына қағылады, ал ағаштық науалар тікелей бұрғыланған каналға орнатылады. Шырын алудың бұл тәсілі ең қарапайым болып табылады; кемшілігі – жаңбырлы күндері шырын сапасының төмендеуі.

Жартылай жабық тәсілде шырын алу үшін науа ретінде арнайы құарастырылған құрылғы қолданылады, ол тікелей бұрғыланған каналға бекітіледі. Шырынды жинау ашық және жабық шырын қабылдағыштарға жүзеге асырылады (шлангы арқылы).

Шырын алудың жабық тәсілі арнайы науаларды негізделген, ол шланганың көмегімен немесе жеке қабылдағыштармен, немесе магистралды шырын өткізгіштердің көмегімен жалғатырылады. Әдетте қабылдағыш ретінде капрон қақпақпен жабылған шынылы баллондар, немесе полиэтилен қапшықтар пайдаланылады. Мұнда шырын сапасының төмендеуі байқалмайды.

Шырын алуды ұймдастырудың ең тиімді тәсілі болып орталықтандырылған тәсіл табылады, шырын алынып жатқан ағатағы барлық бұрғылама каналдар біртұтас шырын өткізгіш желіге біріктіріледі. Мұндай жағдайда көп ағаштар үшін бір шырын жинағыш орнатылады (цистерна, бөшке т.б.).

Ағаш шырынын дайындау (қайың, үйеңкі) басты пайдалану кесулеріне жататын піскен орман учаскелерінде рұқсат етіледі. Шырын дайындау ағаштың техникалық сапасын сақтауды қамтамасыз ететін тәсілдермен жүргізілуі керек.

Шырын алу үшін 1 және 2 класты бонитетті толықтығы 0,4 кем емес сау орман учаскелері алынады. Шырын алуға биіктігі 1,3 м диаметрі 20 см және одан жоғары бөрікбасы жақсы дамыған ағаштар тағайындалады. Бұндай ағаштардың төменгі бөлігінде тамыр мойынынан 35-50 см биіктікте ағаштың диаметріне байланысты шырын алу саңылауларын жасайды: 20- 26 см – біреу, 27-34 см – екеу, 35- 40 см – төрт саңылау. Каналды бұрғылау алдында тінге (шелқабыққа) зақым келтірмей

балтамен немесе сүргімен қатты қабықты тазартады. Каналдарды шырын қозғалысы бастала салысымен шырынның жақсы ағуы үшін аздаған еңіспен бұрғымен бұрғылайды. Каналдың диаметрі 1 см, тереңдігі – 2-3 см қабықтың қалыңдығын есепке алмай.

Шырын алудың келесі маусымында жаңа саңылауларды ескілерінен 20 см кем емес қашықтықта бұрғылайды. Шырынды шырын қабылдағыштардың толуына қарай жинайды, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес. Шырынды бөшкеге ағызарда екі қабат марлядан сүзіп өткізу керек. Шырын алу маусымы аяқталғаннан соң науалар алынып тасталуы керек, ал саңылауларды ағаш тығындармен бітеліп және аурулардың алдын алуы үшін бақша майы немесе әк қосылған саз жағып қою керек.

Қайыңда шырын қозғалысы қардың қарқынды еру кезімен басталып және әдетте 16-20 күнге созылады. Оның ұзақтығы ауа –райы жағдайына байланысты: күн көзі мол күндер және аязды түндерді көктем шырын қозғалысының кезеңін ұзартады және шырын жинауды ұлғайтуға септігін тигізеді. Шырынның бөлінуі тәуліктің әр уақытында әртүрлі: 12- ден 18 – ге дейін максималды, - түнгі уақытта – минималды. Сөл ағызу маусымында бір ересек қайың 85- 170 л шырын береді (кейбіреуі 250л дейін), орта есеппен 5-6 л/тәу.

Үйеңкінің шырын беру технологиясы қайыңдыкінен аса ерекшеленбейді, ал кейбір айырмашылықтар үйеңкінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Үйеңікі шырынының қанттылығы қайыңдікінен жоғары (орта есеппен 3 пайызға дейін қанта болады). Қайыңмен салыстырғанда үйеңкі жоғары регенеративті қабілетке ие. Диаметрі 2 см дейінгі терең емес шырын ағызу каналдары 2-3 жылдан кейін толықтай бітеледі. Осыған байланысты үйеңкіден шырын алуды алғашқы бұрғыланған каналдарды бірнеше қайтара жаңарту жолымен 70 жыл жүргізуге болады. Үйеңкіде шырынның қозғалысы қайыңға қарағанда ерте басталады, орташа есеппен 5-7 күн бұрын, шырындағы қанттың жоғары болуымен байланысты төменгі температура болғанда да бастала береді (-2оС дейін) .

Ағаш құрылысының ерекшеліктерін есепке алғанда үйеңкіден шырын алудың технологиялық нормативтері біршама басқалай (ядролы ағаш шелқабығы тар): шырын алу каналдарының диаметрі 1-2 см, ал олардың тереңдігі 2см көп емес



Тақырып Дәрілік шикізатты дайындау

Қазіргі күні көптеген дәрілік өсімдіктер емдік тәжірибеде қолданылады. Ауыр жүрек, бүйрек, бауыр ауруларын емдеуге жоғарытиімділіктегі химиялық құралдар мен антибиотиктермен қатар жабайы өсімдіктерден дайындалатын дәрілік препараттар да пайдаланылады. Дәрілік заттар өсімдіктердің түрлі органдарында әртүрлі жинақталады. Сондықтан өсімдіктердің дәрілік заттар көп жинақталған бөлігін және де өсімдіктің белгілі бір даму фазасына сәйкес келетін максималды жинақталған уақытында жинайды. Дәрілік шикізаттардың келесідей топтары ажыратылады: бүршіктері, гүлдері, жапырақтары, шөптері, жемістері мен тұқымдары, қабығы, тамырсабағы, тамыры және түйнектері.

Бүршіктерді бөрту уақытында (наурыз – сәуір) жапырақтар шыққанға дейін бүршік қабыршақтары жарылғанға дейін жинау керек. Бүршікті дайындау олардың ұшы көгере бастағанда, яғни олардың өсуі бастала бастағанда тоқтатады. Әдетте қарағайдың, қайыңның, теректің, қара қарақаттың бүршіктері пайдаланылады. Қыста бүршіктерді жинау жақсы нәтиже бермейді, өйткені оларда бұл уақытта эфир майы мен шайыр аз болады.

Жапырақтарды өсімдіктің гүлдеу және шанақтану уақытында жинаған жөн, ал гүлдер мен гүл шоғырларын – гүлдену уақытының басында, оларды гүлтағанымен бірге қайшымен қиып алу арқылы жинау керек. Қолмен жинап керек емес, өйткені шөптесін өсімдіктер көбінесе тамырымен бірге жұлынып кетуі мүмкін. Міндетті түрде гүлшоғырлары мен гүлдердің жалпы санынын 20-25 пайыз қалдыру керек.

Шөп деп шөптесін өсімдіктердің жапырақ және гүл өсетін сабақтарын айтады. Оларды өсімдіктің гүлдену кезінде, топырақтан біршама қашықтықта пышақпен немесе бау қайшымен кесу арқылы дайындайды. Оларды жинау құрғақ ашық ауа райында шық түскеннен соң, тәуліктің бірінші жартысында жүргізілген дұрыс.

Жемістер мен тұқымдар дәрілік заттарға аса бай. Оларды толық пісіп жетілгенде жинайды. Қара жидекті, қарақатты, таңқурайды, құлпынайды таңертең ерте жинау керек, өйткені олар жоғары температурада жылдам бұзылады.

Ағаштардың және бұталардың қабықтарын көктемгі шырын қозғалысы кезінде дайындайды: бұл уақытта ол ағаштан оңай ажыратылады және әрекет ететін заттардың мөлшері көп болады. Емен мен талдың (ива) қабықтарын кесілген ағаштан жинайды.

Тамырсабақ, түйнек және тамырды кеш күзде және ерте көктемде, өсімдіктің жер асты бөліктері белсенді заттардың максималды мөлшеріне ие болғанда қазып алады. Ұсақ тамырларды тұтас кептірсе, ірілерін тігінен және көлдеңенінен ұсақ бөліктерге кеседі.

Жиналған дәрілік шикізатты жылдам кептіріп алу керек, өйткені дымқыл күйінде сақталса оның сапасы төмендейді. Құрғақ ауа райында ашық ауада, күн сәулесін тікелей түсірмей табиғи түрде кептіруге болады. Шикізатты шатырда немесе жақсы желдетілетін сарайда кептірген жөн. Шикізаттың кейбір түрлері арнайы кептіргіш камераларда кептіргенді талап етеді.

Тақырып Саңырауқұлақтарды дайындау және өңдеу

Жеуге жарамды саңырауқұлақтар адамның азықтық рационында өзіндік орын алады. Саңырауқұлақтардың азықтық құндылығы олардағы ақуыз қосылыстарының болумен анықталады, олардың құрамына бірқатар бағалы аминқышқылдары кіреді. Саңырауқұлақтар минералды тұздарға бай, ферменттер, қанттар, майлар, эфир майлары, дәрумендер, каротиндер және т.б. – дан тұрады. Барлық саңырауқұлақтарды жеуге жарамды, шартты жеуге жарамды (улы немесе қатты бұзғыш заттары бар, сәйкес өңдеу барысында алып тастауға болады), жеуге жарамсыз (ашты дәмді, жағымсыз иісті) және улы деп бөледі. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың барлығы дәмдік сапасы бойынша бірдей емес.

Саңырауқұлақтар кезең – кезеңмен пайда болады: маусымдық (масақталар), шілделік (жөке гүлдеген кезде), жапырақ түскен уақыттағылар (тамыз және алғашқы үсікке дейін). Соңғы кезең түсімді келеді.

Саңырауқұлақтардың пайда болуын ағашты және шөптесін өсімдіктердің фенофазасымен болжайды.

Саңырауқұлақтарды жинаудың ең қолайлы уақыты таң ертеңгісін, шықпен. Сонымен қатар саңырауқұлақтарды бұлыңғыр, тіпті жаңбырлы кезеңде де жинаған жақсы.

Саңырауқұлақтарды тиімді дайындау және өңдеуді ұйымдастыру үшін дайындағыш – саңырауқұлақ қайнатқыш пункттер болуы керек, олар орманмен көмкерілген аумақтың 1,5-3,0 мың.га қызмет көрсете алуы керек. Пункттер арнайы жабдықтар мен тәжірибелі мамандармен қамтамасыз етілуі керек.

Уақытша типтегі дайындағыш – саңырауқұлақ қайнатқыш пункттер қажетті жабдық және инвентармен жарақтандырылған ғимараттан тұрады. Пункт дайындалған саңырауқұлақтарды ғана қабылдап қана қоймай, оларды қайнатуды, кептіруді, тұздауды және маринадтауды, арнайы ыдысқа салуды жүргізеді. Заманауи дайындағыш – саңырауқұлақ қайнатқыш пункттер маусымына 15 тоннаға дейінгі саңырауқұлақты дайындап, өңдейді. Пунктке келіп түскен саңырауқұлақтар 2 сағатқа дейін ғана сақталады және қабылданған күні өңделе бастайды.

Кептіру – өңдеудің ең қарапайым және сенімді тәсілі, ол саңырауқұлақтардың дәмдік және азықтық сапаларын жоғалтпай сақтауға мүмкіндік береді. Кептіріліетін саңырауқұлақтарды жууға болмайды. Оларды щеткамен қоқыс пен құмнан тазартады, және біруақытта тексеріп, бұзылғандарын лақтырады.



Тақырып Орманда ара өсіру шаруашылығы
Ара шаруашылығы , ара өсіру – ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т.б.) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азияелдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар – Б.Герасимов, П.А. Ермаков, Е.П. Михаэлис, А.Н. Федоров, т.б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді. Ол Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын алдырып, оны жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа құрал-жабдықтар әкелдірді. 1915 – 16 ж. оның басшылығымен Оңт.-батыс Алтай ара өсірушілерінің 2-съезі өткізілді. Бал араларын өсірумен атағы шыққан алғашқы қазақ Алматы облысы Қабанбай ауылының тұрғыны Ә.Құрманбаев болды. 1934 жылға дейін Ара шаруашылығы республиканың тау және тау етектеріндегі аудандарда ғана дамыды. Кейін омарталар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында және Солтүстік Қазақстан облысының орманды, егінді алқаптарында қанат жайды. Араның балы тағам ретінде, ал балауызы өнеркәсіптің металлургия, радиотехника, автомобиль, химия, т.б. салаларында шикізат ретінде пайдаланылады. Ал прополис, ара уы, т.б. осы сияқты ара өнімдері медицинада, ветеринарияда және косметикада кеңінен қолданылады. [1]

Орман омарта шаруашылығы орманды қосымша пайдаланудың маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Орман баларасын өсірудің негізгі өнімі ферменттердің әсерімен гүлді өсімдіктердің шырынынан өндірілетін бал болып саналады. Балдың құрамына адам ағзасына өте пайдалы 300- ге жуық түрлі заттар кіреді.

Омарташылықтың басқа да өнімдері кең қолданысқа ие: гүл тозаңы, перга, прополис, балауыз, ара уы, аналық сүті. Бұлар медицинада, парфюмер – кометика өндірісінде қолданыс тапқан.

Омарта шаруашылығының азықтық базасы. Балшырынды флораның құрамы, сонымен қатар олардың гүлдену уақыты мен кезектілігі бал жинау уақытын анықтайтын негізгі факторлар болып табылады. Бал шырынды өсімдіктердің байлығын және әртүрлілігін омартаны дұрыс орнату кезінде есепке алу керек.

Омарта – бал арасын өсіретін шаруашылықтардың өндірістік бірлігі. Омартада ара ұясы, омарташының үйі, әр түрлі құрылыстар (ара қыстайтын, құралдар қоятын, бал сақтайтын кәрез, т.б.) көшіп-қонуға арналған жиналмалы үйшіктер, Омарталық шеберхана, т.б. болады. Омарта Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында көбірек орналасқан.[1]

Омарта негізінен балды өсімдіктер көп өсетін алқапқа жақын құрғақ, жел көп тимейтін, ағаш, бұтасы қалың жерлерге орналасады; тұрақты және көшпелі болып бөлінеді. Тұрақты Омартаны табиғи балды өсімдіктер көп өсетін арнайы, жол қатынасы қиын жерлерге (тау, тайга, т.б.) орналастырады. Көшпелі Омарталар қосымша бал жинау үшін өсімдіктің гүлдеу кезеңіне байланысты және ауыл шаруашылығы өнімдерін тозаңдандыру үшін бір жерден екінші жерге көшіріліп отырады. Ара шаруашылығының мамандандырылуына байланысты Омарта шаруашылығының әр түрлі өндірістік бағыттары анықталды. Бал жинау бағытындағы Омарта тауарлы бал өндіруге мамандандырылған. Ондай Омарталар бал шырынды өсімдіктері мол жерлерде орналастырылады, онда 1 ара ұясынан 100 кг-ға дейін бал алуға болады. Өсімдік тозаңдандыруға арналған Омарта бақ, көкөніс тұқымын өсіретін жылыжайларда, жеміс-жидек шаруашылықтарында ашық және қорғалған алаңдардағы дақылдарды тозаңдандыру үшін ұйымдастырылады. Ара тұқымын өсіретін Омарта басқа Омарталар үшін негізгі ара үйірін құрып, араларды көбейтумен, аналық ара өсірумен шұғылданады. Тәжірибелік Омарталарда ғылыми-зерттеу, ара өсіру шаруашылығы жетістіктерін іске асыру, жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Омартаның көлемі табиғи және екпе балды өсімдіктер қорына, шаруашылық қажеттілігіне, өндірістік бағытына байланысты.

Ара еркін ұшып, бал жинауы үшін 2 км-дей жер керек. Омартада ара ұялары бір-бірінен 6 м, қатар аралығы 4 м қашықтықта, жерден 20 – 25 см биіктікте, ішіне жаңбыр суы құйылмайтындай етіп, сәл еңкейтіліп орналастырылады. Омартаның санына, көлеміне қарай бригадалар, бөлімдер құрылады.



Тақырып: Шайыр жолдарының анатомиясы.
Шайыр жолдары паренхима жасушаларымен түзілген, шайырмен толтырылған жіңішке ұзын жасушаралық каналдардан тұрады. Шайыр жолдарына (вертикалды және горизонталды) қарағай, шырша, сағызқарағай (лиственица) және кедр ие; мына қылқандылардың сүрегінде шайыр жолдары жоқ майқарағай (пихта), тисс, арша.
http://www.drevesinas.ru/images/stories/woodproperty-21.jpg

1 сур. Қарағай және сағыз қарағай ағаштарының көлденең кесінділеріндегі вертикалды шайыр жолдары: а—шайырдан босатылған қарағай ағашы, б — шайырмен толтырылған қарағай ағашы; в — сағызқарағайда: 1 — төселетін жасущалар; 2 — өлі жасушалар; 3 — паренхиманы ілестіретін жасушалар; 4—жол каналы; 5 — трахеидтер; 6 — өзек тәрізді сәуле.
Қарағайда вертикалды шайыр жолдары ағаш паренхимасының үш қабат жасушаларымен түзілген: ішкі қабат; өлі жасушалардың сақинасы және сыртқы қабат. Қарағай шайыр жолдарының ішкі қабаты немес эпителийі төсеме жасушалардан тұрады, олар жұқа қабырғалы көпіршіктері түріне ие, және де шайыр жолдарының каналына түрлі тереңдікте беріледі. Жолдардың шайырмен толтырылуы үлкен қысыммен жүргізілсе олар тегіс болып келеді, ал бос келсе каналдарға бір бірімен жанасқанша беріледі. Қарағайдың төсеме жасушалары жұқа целлюлозалы қабырғадан тұрады және үлкен ядролы қою түйірлі протоплазмаға толы болаыд; осы жасушалар шайыр бөледі. Шырша мен сағызқарағайда төсеме жасушалардың қабыршықтары қалыңдайды және сүректенеді, сол себепті олар жолдардан шайыр шығару қабілетін жоғалтуы мүмкін. Өлі жасушалапрдың сақинасы, протоплазмдаан айырылған және ауамен толтырылған болып келеді, шайыр жолының эпителиін қоршайды.

Сыртқы қабат паренхиманы ядромен, қою протоплазмамен және қорлық қоректік заттермен (крахмал, май) ілестіретін тірі жасушалардан тұрады. Төсеме жасушалардың ұзындығы ағаштың бойлық кесінділерінде көлденең кесіндінің өлшемдерінен біраз асады, өлі жасушалар жіңішке және ұзын, ал ілестіргіш жасушалар өлі жасушалардан бірнеше рет ұзынырақ және олардан біршама жалпағырақ. Келе – келе вертикалды шайыр жолдарының диаметрі өзекшеден қабыққа қарай ұлғаяды. Горизонталды шайыр жолдары өзекше сәулесімен өтеді және әдетте тек екі қабат жасушадан түзіледі: эпителий және өлі жасушалардың қабаты.

Горизонталды жолдардың ұзындығы ағаштың және шелқабықтың өсіне байланысты ұлғаяды; олардың шелқабықта тұрған сыртқы соңы (конец) төсеме жасушалардың жайылып өсуімен тұйықталады. Горизонталды шайыр жолдарының диаметрі орташа есеппен вертикалды жолдардың диаметірінен 2,5-3 есе аз. Қарағайда горизонталды жолдардың диаметрі 36—48μ, сібір кедрында 48—64 μ, шыршада 20—32 μ, сағызқарағайда 24—48 μ; 1 мм2 тангенциальды кесіндіде, қарағайда, шыршада және кедрда бірден үшке дейін, ал сағызқарағайда бірден төртке дейін шайыр жолдары болады.

Горизонталды шайыр жолдары вертиккалдымен түйіседі (2 сур) , және бірыңғай шайыр жүйесін түзеді.
http://www.drevesinas.ru/images/stories/woodproperty-22.jpg
2 сур. Шайыр жолдары және камбий жасушалары: а —қарағайдың өзекше сәулесіндегі горизонталды шайыр жолдары; б — ағаштың тангенциалды кесіндісінде вертикалды және горизонталды шайыр жолдарының қосылыстары; в — камбий жасушасының формасы (схема); 1 — төсеме жасушалар; 2 — өлі жасушалар; 3 — горизонталды жол каналдары; 4 — вертикалды жол каналдары; 5 — тангенциалды кесіндідегі камбий жасушаларының форамсы ; 6 — радиалды; 7 — тангенциалды кесінділер.

Орманды өсіп тұрғанда пайдаланудың тараған түрлерінің бірі болып шырын алу табылады, ол ағаштардың тіршілік әрекеті кезінде өнім алу мақсатында вегетация кезенінде ағаш діңгегіне жүйелі түрде арнайы жарақаттарды салудан тұрады. Ол көбінесе қылқандыларда кең тараған (қарағай, оның түрлері).

Шайыр - сағыз ( табиғи шайыр) қарағайдың тіршілік әрекетінің өнімі болып табылады. Ол түссіз, тұтқыр сұйықтықтан және өзіне тән иістен тұрады. Ауада шайыр – сағыз жылдам қоюланады және қанты шөккен балға ұқсай бастайды. Ауа да ұзақ уақыт болса, ол баррас деп аталатын қатқыл және сынғыш массаға айналады. Сағыз – шайырды өңделмеген күйінде пайдалануға шектеу қойылған. Оның аз мөлшері типография краскасы, сиясы, мастик, пластырь, жақпамай, кейбір сургуч сорттарында пайдаланылады. Сағыз- шайырдың негізгі массасын скипидиар мен канифольға өңдейді.

Скипидиарды сағыз – шайырды су буымен айыру арқылы, ары қарай сілтімен тазартып және ажырату арқылы алады. Скипидиар химиялық құрамы бойынша терпендердің күрделі қосылысынан тұарды. Тазартылған скипидиар – тығыздығы 0,86 г/ см3 түссіз сұйықтық. Ол суда ерімейді, бірақ көптеген органикалық заттармен араласады (эфир, бензин). Скипидиар негізінен көптеген өнімдердің синтезі үщін шикізат ретінде пайдаланылады. Әсіресе ол лак және бояу жасау өндірісінде кеңінен қолданылады. Жақсы еріткіш ретінде май мен олифаның жылдам кебуіне септігін тигізеді. Тоқыма өндіріснде скипидиар мақта – мата және жүн киімдерге толықтырғыщ ретінде, медицинада синтетикалық камфор алу үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Скипидиардан хошиісті заттар синтезделеді. Химиялық өңдеу жолымен одан инсектицид, ұшақтардың қозғалтқыштары үшін жақпа май алуға болады.

Канифоль скипидиарға қарағанда тапшы өнім болып келеді. Канифоль қатқыл, сынғыш және өзіне тән жылтыры бар түссіз зат. Оның түсі ашық сарыдан қызыл реңі бар қоюға дейін өзгереді. Канифоль көптеген органикалық заттарда жақсы ериді. Канифольдың негізгі тұтынушысы – қағаз өндірісі (жалпы пайдаланудың 30 пайызға жуығы). Оның біршама мөлшері мұнайхимиялық және лак және бояу өндірісінде пайдаланылады. Резеңке өндірісінде канифоль линолеум жасауда, сонымен қатар резеңке бұйымдарға серпінділік пен аязға төзімділік қасиет беру үшін пайдаланылады. Шайыр- сағыз канифолы жоғары электр оқшаулағыш қасиетке ие, сондықтан оқшаулағыш материаолдар дайындауда қолданылады. Канифоль сонымен бірге дәнекерлеуде және жалатуда, типографиялық бояуларды дайындауда, теріалмастырғышатрыд, консистент жақпаларды дайындауда қолданылады.

Тақырып Қылқанды пайдалану


Қылқан – топырақты ұлпалау үшін таптырмас материал және қордалау арқылы органикалық тыңайтқыштардың өндірісі.

Әсірісе әуесқой бақша шаруашылығында бүлдіргенді ұлпалауда қылқанды пайдалану үлкен тәжірибеге ие. Көктемнен бүлдіргеннің ескі жапырақтарын жұлып тастаған соң, топырақты қопсытқан соң барлық жүйек 4-5 см қылқан қабатымен жабылады. Қылқаннан соң арамшөптер өспейді, жаз бойы қопсыту қажеттілігі азаяды, суару қысқарады, өйткені ұлпалаудан кейін ылғал жақсы сақталады. Өнімді жинаған соң қылқандар алынып тасталады; әйтпесе топырақ қышқылданып кетеді, ал өсімдік уақытша азоттық жұтануға шалдығуы мүмкін, себебі топырақта қылқанның органикалық материалдарын бұзатын микроағзалар көбейеді. Сонымен қатар қылқан – ұлпаны пайдаланғанда жидектің дәмі жақсарады.

Қылқанды сонымен қатар жемісті ағаштардың діңгек айналасы шұңқұрларын ұлпалау үшін пайдалануға болады, ол қысқы уақытта тамырды үсуден қорғайды. Бұл жағдайда ұлпа жас ағаштардың діңгек айналасы шұңқұрларына 1 м радиуста, ересек ағаштарда – 1,5-2 м биіктігі 7-8 см жабынды да жабылады.

Қылқанды таза күйінде тыңайтқыш ретінде енгізу өсімдіктің әлсіреуіне әкеледі. Қылқанды тыңайтқыш ретінде тек қордалаған соң ғана пайдалану керек. Қорда жасаудың тәсілі қарапайым: су келмейтін аумаққа ені 1,5-2 м 10-15 см қабатта шымтезек төсейді. Бұл төсенішке 15-30 см қабатта қылқан төгеді, ылғалдандырады, көң қойыртпағымен болса жақсы болады, ол болмаған жағдайда сумен. Одан кейін қылқанды шымтезек немесе топырақ қабатымен көмеді және тағы да тығыздамай қордаланған материал салады, үстінен тағы да шымтезек немесе топырақ себеді, негіздің ені 2-3 м болған жағдайда штабель биіктігін 1,5-2м жеткізеді. Штабель аяқталған соң оны 20-30 см шымтезек немесе топырақпен жабады. Қорданың сапасын жақсарту үшін оған фосфорит ұнын (1,5-2% қорда массасынан), үгітілген әктас, ұнтақ тәрізді бор, доломит (магнезиясы мен кальцит бар минерал) (қордаланатын материалдың салмағынан 2-3%) қосады. Баяу ыдырайтын материалдар үшін, оның ішінде қылқанға, қордалау уақытын 2-3 жылға ұлғайтады. Қорданы мерзім сайын күректеп отырады, және қажет болса ылғалдандырады. Дайын қорда біртекті қошқыл, жақсы ыдыраған массадан тұруы керек.



Қылқан сонымен қатар медицина да, косметика жасауда кең қолданылады.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет