Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 955 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 шілдедегі
№ 955 қаулысымен
бекітілген
Орман қорының аумағында өрттен
келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу тәртібін белгілейді.
2. Орман иеленушілер осы Қағидаларға сәйкес орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу мен анықтауды жүргізеді.
3. Орман өртінен келтірілген толық материалдық залалдарға:
1) тікелей материалдық шығын:
орта жастағы, толысып келе жатқан, өсіп-жетілген және қураған екпе ағаштардың, тамырынан зақымданған сүректердің жойылуынан келетін залал;
табиғи және қолдан өсірілген жас шыбықтардың, тұтас емес орман екпелерінің және алаңдағы өскіндердің зақымдануынан келетін залал;
екінші дәрежелі орман ресурстарының зақымдануынан келетін залал;
орман қорының аумағында жанама орман пайдалану ресурстарының зақымдануынан келетін залал;
жанып кеткен және бүлінген құрылыс объектілерінен, техникалардан, жабдықтар мен басқа да материалдық құндылықтардан келетін залал;
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуынан келетін залал;
2) жанама материалдық залал:
орман өрттерін сөндіру шығыстары;
ормандарды өсіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу шығыстары;
суды сақтау, алқап- және топырақ қорғау, генетикалық, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және орманның басқа да пайдалы функцияларының төмендеуінен келетін залал кіреді;
3) әлеуметтік материалдық залал – өндірістік қызметтен еңбек ресурстарының шығып қалуының нәтижесінде пайдаланылмаған мүмкіндіктерден келетін шығындарды қоса алғанда, адамдардың қаза табуының және жарақаттауының салдарынан іс-шаралар жүргізуге, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар төлеуге арналған шығындардың, санаториялық-курорттық емдеуге, мүгедектерге, сондай-ақ асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша зейнетақылар төлеуге арналған шығыстардың құны.
4. Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу мен анықтау орман өрті сөндірілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде жүргізіледі. Сонымен бірге, өрт болған орман қорының орналасқан учаскесі мен ауданы анықталады және нақтыналады, шекарасын жақын орналасқан орман жолына немесе басқа да бағдарға байланыстырыла өрттің схемалық сызбасы жасалады. Жоспарлы-картографиялық материалға орман өртінің нұсқасы түсіріледі және орманның табиғи түлеуіне ықпалы жөніндегі іс-шаралармен, тұтасқан немесе тұтаспаған орман ағаштарының, алқаптардың табиғи өсіп-өнген жас шыбықтарды оттың шарпып өткен ауданы анықталады.
5. Орманды орналастыру материалдары бойынша сүректің негізгі тұқымы, орташа биіктігі, шеңбері және өрттен зақымданған орман ағаштарының запасы анықталады. Санитарлық іс-шаралар және зақымданған учаскелерде орман өсіру жөніндегі іс-шараларды өткізудің шарты мен мерзімдері белгіленеді.
6. Орман өртінің түрі мен қарқындылығы осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген ағаштардың, олардың жеке бөліктерінің және биоценоздың әр түрлі компоненттерінің бүліну немесе жану белгілері бойынша анықталады.
7. Орман өртінің зиянын есептеуде түбірімен босатылатын сүрек төлемақысының қолданыстағы ставкалары, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасын бұзылуымен келтірілген зиянды өтеу ставкаларының мөлшері, жергілікті өкілді органдар бекіткен орман пайдаланғаны үшін төлем ставкалары пайдаланылады.
2. Тікелей материалдық залалды анықтау тәртібі
8. Өсіп тұрған сүректің шығындары сүректің жалпы запасына пайызбен есептегенде өрттің түрін, оның қарқындылығын, екпедегі басым тұқымды және оның орташа диаметрін ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген орман өрттері кезіндегі өсіп тұрған сүрек шығындарының көрсеткіштеріне сәйкес анықталады.
9. Өрт болған аудандағы сүректердің жалпы запасы, от зақымдаған сүрекдіңнің басым көпшілігінің орташа диаметрі орман орналастыру материалдары бойынша анықталады.
10. Егер өрт бірнеше бағалық орамдардан тұратын екпе ағаштарды орап алса және өрттің ауданы бір орамнан аспайтын болса, сүректердің жалпы жойылуы әр орам бойынша есептелетін, жойылу жиынтығы ретінде анықталады. Олар орамдағы сүректердің жалпы қорынан немесе оның бөлігінен және қордың жойылу пайызынан есептеледі. Есептеу оның басым көпшілігінің орташа диаметрін есепке ала отырып жүргізіледі.
11. Егер өрт бірнеше орамды немесе оның бөліктерін шарпыса, сүректердің жойылуы орамдар немесе олардың бөліктері бойынша есептеліп, содан кейін қосылады. Мұндай жағдайда, жалпы әр орам немесе оның бөлімі үшін ағаштың басым көпшілік тұқымы басым сүректер қоры және оның орташа диаметрі белгіленеді.
12. Сүректердің жойылуынан келетін залал «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 506-бабында көзделген сүректердің бір текше метрі үшін төлем ставкалары сүректердің жойылу көлеміне көбейту жолымен анықталады.
13. Өрттен зақымданған сүректерді өткізу мүмкін болған жағдайда, өткізуге жататын түбірден алынған сүректердің құны шығын көлемінен есептеледі.
14. Табиғи және қолдан өсірілген жас шыбықтары, тұтас емес орман екпелері және алаңдағы өскіндерінің (бұдан әрі – жас шыбықтар) зақымданған кезіндегі залалдары, өсірілген жас шыбықтардың тамыр жайғанға дейінгі шығындар бойынша анықталады.
15. Жас талдардың зақымдануынан келетін залалды анықтау зақымданған жас талдардың жасын ескере отырып жас талдарды бөрікбастарының ұштасу жасына дейін өсіруге жұмсалған шығындарды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ормандарды қалпына келтіруге жұмсалатын шығындардың тиісті коэффициентіне көбейту жолымен жүзеге асырылады.
16. Екінші дәрежедегі орман ресурстарының зақымдануынан келетін залал, тиісті орман тұқымының түбірден ағаш сүрегіне босатылу төлем ставкасының 20 % мөлшерінде есептеледі.
17. Орман өртінің орман қоры аумағындағы жанама орман пайдалану ресурстарын зақымдауынан келетін залал жергілікті өкілді органдар бекітетін орман ресурсының бірлігі үшін төлемақы ставкаларының негізінде жанама орман пайдаланудың әрбір зақымданатын ресурсы бойынша анықталатын залал сомасы ретінде есептеледі.
18. Орман өртінің мемлекеттік немесе жекеше орман иеленушілердің ормандағы құрылыс объектілерін, техникасын, жабдықтарын және басқа да материалдық құндылықтарын (шектеу белгілері, аншлагтар, маңдайшалар, көрнекі үгіт пен насихаттың басқа да заттарын, шағын сәулет нысандары) зақымдап немесе жойып келтірген залалдың көлемі олардың нарықтық бағасы басшылыққа алына отырып анықталады.
19. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуынан келетін залалдар Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасының бұзылуынан келтірілген залалды өтеу ставкаларының мөлшеріне және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға сәйкес анықталады.
3. Жанама материалдық залалды анықтау тәртібі
20. Орман өртін сөндіру шығыстары:
1) орман өртін сөндіруге басқа ұйымдар мен кәсіпорындардан тартылған жұмыскерлердің, басқа санаттағы тұрғындардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес төленетін еңбекақысын;
2) орман өртін сөндіру кезінде пайдаланылған машина мен тракторлар қызметінің иелерінің шот-фактурасымен расталған құнын;
3) орман өртін сөндіру кезінде жұмсалған, нарықтық бағасымен есептелген жанар-жағармай материалдарының, өрт сөндіру құралдарының және тамақ өнімдерінің құнын қамтиды.
21. Ормандарды өсіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу шығыстары осы салада маманданған жобалау-іздестіру ұйымдары әзірлеген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалар негізінде анықталады, бұл ретте 1 гектарға шаққанда көрсетілген іс-шараларды өткізуге қажетті шығындар өрт өткен алаңға көбейтіледі.
22. Суды қорғау, алқап- және топырақ сақтау, генетикалық, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және орманның басқа да пайдалы функциялары төмендеуінен келетін залал осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес есептелген сүректердің түбірінен жойылуы мен жас шыбықтардың зақымдануы жиынтығын осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ормандарды қорғау санаты бойынша залалды айқындау үшін экологиялық маңыздылық коэфициентіне көбейту арқылы анықталады.
4. Әлеуметтік материалдық залалды анықтау тәртібі
23. Орман қорының аумағында өрттен келтірілген әлеуметтік материалдық залал «Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына сәйкес анықталады.
5. Орман қорының аумағында өрттен
келтірілген залалды есепке алу тәртібі
24. Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залал туралы мәліметтер осы Қағидалардың 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша орман өрті туралы хатамада, орман қоры аумағындағы орман өрттерін есепке алу журналында көрсетіледі.
25. Орман өрті туралы хаттаманы орман иеленушілер екі нұсқада жасайды, бұл ретте бірінші данасы құқық қорғау органдарына беріледі, ал екінші данасы орман иеленушіде қалады.
26. Орман қоры аумағындағы орман өрттерін есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі, орман иесінің қолымен және мөрімен расталады.
6. Орман өртінен
келтірілген залалды өтеу тәртібі
27. Жеке және заңды тұлғалардың қасақана өрт салуы немесе олардың ормандағы өрт қауіпсізді талаптарын бұзуы салдарынан орман қорының аумағында өрттен келтірілген тікелей және жанама материалдық залал өтеуге жатады.
28. Жеке және заңды тұлғалардың қасақана өрт салуы немесе олардың ормандағы өрт қауіпсізді талаптарын бұзуы салдарынан орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды өтеу Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес ерікті түрде және сот тәртібімен жүргізіледі.
___________________
Орман қорының аумағында өрттен
келтірілген залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
1-қосымша
Ағаштардың, олардың жеке бөліктерінің және биоценоздың әр түрлі компоненттерінің жарақаттану немесе жану белгілері
Өрт түрі
мен оның интенсивтілігі
|
Өрт қауіптілігінің классы
|
Жанатын орман материалдарының
түрі, олардың өзгешелігі мен жану ерекшеліктері
|
1
|
2
|
3
|
Төменгі жүгірмелі:
|
әлсіз
|
I-II
|
Жерге түскен жапырақтар, бұтақшалар, мүктер, қыналар, өткен жылғы құрғақ шөп жанады, жалынның биіктігі 0,5 мерге дейін, оттың таралу жылдамдығы минутына 1 метр. 1 м2 жану материалдарының запасы 0,3-1,2 килограмм.
|
орташа
|
II-III
|
Жерге түскен жапырақтар, бұтақшалар, мүктер, қыналар, бұтақтар, шөп төсеніштерінің үстіңгі қабаты жанады, жалынның биіктігі 0,5-1,5 метр дейін, күйген ағаш діңінің биіктігі 1-2 метр, оттың таралу жылдамдағы минутына 3-5 метр. 1 м2 жану материалдарының запасы 0,3-2,5 килограмм.
|
күшті
|
III-IV
|
Жалынның биіктігі 1,5-2 метр, күйген ағаш діңінің биіктігі 2 метрден жоғары, оттың таралу жылдамдығы 3-5 метр. 1 м2 жану материалдарының запасы 0,3-2,5 килограмм.
|
Төменгі тұрақты:
|
әлсіз
|
II-III
|
Жоғарыда көрсетілген жану материалдарынан басқа топырақтың үстіңгі қабатындағы тірі төсеніштер, төсеніштің шіри бастаған қабаты жанады. 1 м2 жану материалының запасы 0,5-3,6 килограмм құрайды.
|
орташа
|
III-IV
|
Қосымша орман төсенішінің жартылай шіріген қабаты жанады, ал ағаш діңгегі айналасындағы, түбір мен ағаштар қалдығы жердің минералдық қабатына дейін жанады, күйген ағаш діңінің биіктігі 10-12 метр.
|
1
|
2
|
3
|
күшті
|
IV-V
|
Орман төсеніші жердің минералдық қабатына дейін толық жанып кетеді, ағаштардың тамыр жүйелері де күйеді, олардың жекелегендері құлайды. Күйген ағаш діңінің биіктігі 10-12 метрден жоғары.
|
Топырақтық
(топырақтық-шымтезек):
|
әлсіз
|
III
|
Сфагнум 7 сантиметр тереңдікке дейін жанып кетеді, тамырлар арасындағы шымтезек 30 сантиметр тереңдікке дейін күйеді.
|
орташа
|
IV
|
Сфагнумнан басқа шымтезек 25 сантиметр тереңдікке дейін жанып кетеді. Көптеген ағаштардың айналасында, олардың кесекті шымтезек бөлімі топырақтың минералды қабатына дейін жанады. Жекелеген ағаштар құлайды.
|
күшті
|
IV-V
|
Шымтезек қабаты толығымен топырақтың минералдық бөліміне дейін жанып кетеді. Ағаштардың жаппай құлауы байқалады.
|
Жоғарғы:
|
әлсіз
|
III
|
Ағаштың ұшар басының тұтастығы шамалы қылқан жапырақты, немесе құрамына жапырақ тұқымдылар кіретін екпелерде туындайды. Қылқан жапырақтылардың топтаса орналасқан учаскелері өрттен зақымданады.
|
орташа
|
III-1V
|
Орман дақылдарында және табиғи жолмен өнген қылқан жапырақты тұқымдарда туындайды. Ағаштың үстіңгі қабатындағы өрт көлденеңінен де таралады, сонымен қатар төменгі қабат өртінен жиі алға шығып кетеді. Сүрекдіңнің басым бөлігі үстіңгі қабат өртінен зақымданады.
|
күшті
|
IV-V
|
Сүрекдің шымылдығы толығымен жанып кетеді. Күшті жел кезінде өрт тез таралады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |