Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесi Жалпы ережелер



Дата18.03.2017
өлшемі335.51 Kb.


"Орал ќаласыныѕ аумаєын абаттандыру Ережесін" бекіту туралы

Орал қалалық мәслихатының


2012 жылғы
N шешiмiмен бекiтiлдi

Орал қаласының аумағын абаттандыру
Ережесi

1. Жалпы ережелер

1. «Орал қаласының абатnандырудың осы ережесі /әрі қарай-ереже/ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстеріне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына және де өзге де Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес шығарылды.

      Ереже Орал қаласын абаттандыру саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейдi және жауапкершiлiгiн анықтайды және меншiк нысанына, жалгерлердiң, құрылыс жүргiзушiлердiң, ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың иелерiне немесе азаматтығына қарамастан барлық шаруашылық жүргiзу құқығындағы субъектiлерге орындауға мiндеттi болып табылады.
      Орал қаласы аумағында абаттандыру бойынша жұмыстарды реттеу және ұйымдастыру жұмыстарын қала әкiмдiгiнiң, басқарудың уәкiлеттi органдары, мекемелердiң басшылары, қаланың көркейту мен санитарлық тазалық кәсiпорындарының лауазымды тұлғалары жүргiзедi.     

2. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi
ұғымдар мен түсiнiктер

      2.1.Абаттандыру - адамның өмiр тiршiлiгiне ыңғайлы, жайлы және қауiпсiз ортаны қамтамасыз ететiн элементтер мен жұмыстар кешенi. Бұл жұмыстар кешенi абаттандыру элементтерi мен нысандарды қорғау және жөндеу, пайдалану, ұстау, ұйымдастыруды келесi негiзгi бағыттар бойынша ескередi: инженерлiк абаттандыру, сыртқы абаттандыру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақтарды абаттандыру.


      2.2. Сыртқы абаттандыру - қала аумағындағы адамдардың өмiр тiршiлiгiне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған элементтер мен жұмыстар кешенi.
      2.3. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және iрi көлемдi қалдықтарды шығару шарты - тапсырысшы мен қоқыс шығаратын мердiгерлiк ұйыммен жасасқан заңдық күшi бар жазбаша келiсiм.
      2.4. Бекiтiлген аумақ - осы Ережемен, Орал қаласы әкiмдiгiнiң қаулысымен белгiленген шекараларда тазарту және күтiп ұстау жұмыстарын жүргiзу үшiн, бекiтiлiп берiлген жер телiмi.
      2.5. Қала шегiнде бекiтiлген объектiлер болып табылатындар:
      қала көшелерi жағындағы бөлiнген телiмдер шекарасынан, өтпе жолдық шетiмен шектелген, жетiлдiрiлген төсемдерi бар көшелер үшiн немесе өтпе жолдық ортасына дейiнгi жетiлдiрiлмеген төсемдерi бар көшелер үшiн аумақ
      орамiшi аумақтарының телiмдерi;
      аула iшiлiк аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кiр жаю, контейнер алаңшаларын, автокөлiк аялдатуларын, сәндiк құрылғылар орнату, үйге кiретiн жолдар, аулаға енетiн жолдар үшiн пайдаланылатын (бiр аулада бiрнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекiтiлген аумақтық шекарасы пайдаланылатын аумақ шекарасы бойынша үйлесiмдi түрде немесе тараптардың келiсiмiмен анықталады) жерлер;
      уәкiлеттi органдардың рұқсатымен сақтау, жинақтау үшiн және басқа да мақсаттарға уақытша пайдаланылатын аумақ
      iргелес жатқан аумақ
      жер үстi жылу желiлерiнiң қорғалатын аумақтары.
      2.6.Бекiтiлген аумақтық субъектiлерi болып жеке тұлға сияқты, заңды тұлға да бола алады:
      пәтер иелерi кооперативтерi (одан әрi - ПИК);
      ғимараттар мен орын-жайлардың иелерi;
      жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берiлген тұлғалар.
      Аумақты бекiтiп беру Орал қаласы әкiмдiгiнiң қаулысымен заңды және жеке тұлғалардың келiсiмiмен жүзеге асырылады.
      2.7. Ғимарат - көтергiш және қоршау құрылғыларынан тұратын, мiндеттi түрде жер үстi тұйық көлемiн жасайтын, функционалдық қызметiне қарай адамдардың тұруы немесе болуына, өндiрiстiк iстердi орындау үшiн, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлiгi болуы мүмкiн.
      2.8. Жердi пайдаланушы - мақсаты мен меншiк түрiне қарамастан (кәсiпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсiпкерлер, жеке меншiк секторындағы үй иелерi, пәтер иелерi кооперативтерi және басқалар) қала шекарасында жер телiмдерiн пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      2.9. Көшелердiң санаты - қала жолдарын, көшелерiн және кiру жолдарын көлiк қозғалысының үдемелiлiгi мен олардың пайдаланылуы мен күтiп ұсталуына қойылатын ерекшелiктерiне байланысты жiктеу.
      2.10. Контейнер - стандартты қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылық.
      2.11. Iрi көлемдi қалдық (бұдан әрi - IКҚ) - өзiнiң тұтыну қасиеттерiн жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметiнiң қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).
      2.12. Шағын сәулеттiк нысандар - көлемi жағынан кiшкене әсемдiк, сондай-ақ iске жарамды сипаттағы объектiлер:
      сәндiк құрылғылар - мүсiндер, бұрқақтар мен әсемдiк су тоғандар, стелалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;
      iске асыру сипатындағы құрылғылар - демалу орындары, павильондар, дүңгiршiктер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер мен үйлердiң жарнама тақтайшалары, пошта жәшiктерi және басқалар.
      2.13. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар), алаңдар, көлiк аялдамалары және т.б.
      2.14. Жөн-жосықсыз төгiлетiн қоқыстар үйiндiлерi - заңды және жеке тұлғалардың қызметi кезiнде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды, IКҚ, өндiрiс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркiмен (жөн-жосықсыз төгiлетiн) шығару (орналастыру) немесе үю.
      2.15. Бөлiнген аумақ - жер пайдаланушының (кәсiпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға және т.б.) иелiгiне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған, уәкiлеттi органдардың құқықтық шешiмдерiне сәйкес пайдалану үшiн, өзiне жататын объектiлердi орналастыруға берiлген жер телiмi.
      2.16. Өндiрiстiк және тұтыну қалдықтары (одан әрi- қалдықтар) - өндiру және тұтыну кезiнде пайда болған шикiзат, материалдар, жартылай өңделген өнiмдердiң, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерiнiң тұтыну қасиеттерiн жоғалтқан тауарлар (өнiмдер).
      2.17. Аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).
      2.18. Iргелес жатқан аумақ - ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объктiлерiне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы меншiгiнде, иелiгiнде, жалға алып пайдаланылуындағы басқа объектiлер шекараларына (периметрi бойынша 5 метр шекарадағы) тiкелей жанасып жатқан аумақ.
      2.19. Өту жолдары, өтетiн жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар iшiндегi қалалық құрылыс объектiлерiне көлiк құралдарының кiруiн қамтамасыз етушi жол элементi.
      2.20. Қатты тұрмыстық қалдықтарды, IКҚ жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдықтарды контейнерлерден арнайы автокөлiктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кiретiн жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау.
      2.21. Жолдарды күтiп ұстау - нәтижесiнде талапқа сай келетiн, жол мен жол құрылғыларының көлiктiк-тұтыну жағдайы сақталатын, жұмыстар жиынтығы.
      2.22. Орын-жай - өндiрiстiк үрдiстердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердiң уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған көлемдi, жазықты немесе тiзбектi салынған жасанды құрылыс (жер үстi, су үстi немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндiк-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкiн.
      2.23. Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрi - ҚТҚ) - тұтынудың ұсақ тұрмыстық қалдықтары.
      2.24. Жаяужолдар - жаяу жүргiншiлердiң жүруiне арналған, жолға жалғасып немесе одан гүлкестемен бөлiнiп жатқан жолдық бөлшегi.
      2.25. Уәкiлеттi орган - коммуналдық шаруашылық саласындағы өкiлеттiлiгi Орал қаласы әкiмдiгiмен анықталатын мемлекеттiк мекеме.

3. Қала аумағын тазарту тәртiбi

      3.1. Жер телiмдерiн пайдаланушылар арасындағы аумақтардың тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекiтiлiп берiлген аумақтарға сәйкес, осы Ереже негiзiнде орындалады:


      көше-жол желiлерi, алаңдарға қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, тынымбақтар, жағажайлар) бойынша - коммуналдық шаруашылығының уәкiлеттi органымен мемлекеттiк тапсырыс көлемiнде;
      орамiшi аумақтары мен басқа да аумақтарды тазартудың шекарасы Орал қаласы әкiмдiгiнiң қаулыларымен анықталады.

3.2. Көп қабатты тұрғын үйлердің ішкікварталдық, аулалық аумақтарын жинау пәтер иелері кооперативтеріне жүктеледі.


      3.3. Тазарту жұмыстары осы Ереженiң талаптарына, уәкiлеттi органмен бекiтiлген нұсқаулар мен технологиялық ұсынымдарға сәйкес жүргiзiледi.
      3.4. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерiн енгiзедi:
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      2) iрi көлемдi қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      3) сыпыру;
      4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсiмдiктердi шабу және шығару;
      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.

4. Көшенiң өту жолдарын тазарту

4.1. Жолдардың өту жерлерiн барлық енi бойынша тазарту, алаңдардың, көшелердiң және қалалық көше желiлерiн, сондай-ақ жағалаулар, көпiрлер, жол желiлерiн күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстардың өндiрiсiнде уәкiлеттi органмен жасасқан мемлекеттiк тапсырыс жасау шарты негiзiнде мердiгер-кәсiпорындар жүргiзедi.


      4.2. Соңғы автобус бағыттарының тұратын-айналу алаңдарын тазартуды осы маршруттарға қызмет көрсетудi жүзеге асыратын кәсiпорындар жүргiзедi.
      4.3. Жол төсемдерiн үзiлiссiз қоқыстан, батпақтан, қардан, технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн халықтық жаппай баратын объектiлерiне жақын орналасқан магистральды көшелерiнiң бойына күнделiктi сағат 23.00-ден 7.00-ге дейiн автокөлiк құралдарын қоюға тыйым салынады;
      тыйым қажеттi жол белгiлерiн қоюмен белгiленедi.
      4.4. Магистральдардың, көшелердiң және кiру жолдарының жол төсемдерiн, осьтiк және резервтiк жолақтарын, жиектемелерiн сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейiн, уәкiлеттi органмен бекiтiлген кестеге сәйкес жүргiзiледi.
      4.5. Жолдық жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиiс. Қозғалыс сызығымен белгiленген, осьтiк және резервтiк жолақтары тұрақты түрде құм мен әр түрлi ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
      4.6. Жолдардың жиектерi iрi көлемдi және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет.
      Жұмыстарды жүргiзу кезiнде қоқысты көшенiң және өту жолдарының жағына шығаруға тыйым салынады.

5. Жаяужолдарды тазарту жұмыстары

      5.1. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүлкестемен бөлiнген  және тұрғын жай ғимараттарының кiре берiсiнен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсiпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектiлерiнде орналасқан жаяужолдарды, жағалаулық кәсiпорындарға iргелес жатқан қоршауына тiкелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргiзетiн кәсiпорындармен жүргiзiледi.


      5.2. Көпiрлердегi, жол желiлерiндегi жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлiк құрылғыларға  және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды (кiре берiс жолдарын) тазарту, осы инженерлiк құрылғылардың иесi болып табылатын кәсiпорындармен жүргiзiледi.
5.3. Көшенiң жол жағындағы гүлкестемен бөлiнген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кiре берiсiнен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсiпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектiлерiнен шығатын жерлердiң жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргiзу Орал қаласы әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiлiп берiлген аумақтарға сәйкес орындалады.
      5.4. Көшелер мен өту жолдарының бойына орналасқан басқа жаяужолдар бойынша тазарту жұмыстары жүретiн жолдарды күтуге жауапты кәсiпорындармен жүргiзiледi.
      5.5. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әр түрлi қоқыстан тазартылуы қажет.

6. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      6.1. Қалалық жолаушылар көлiгiнiң аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарын жолдарға тазарту жұмыстарын жүргiзушi ұйымдар атқарады. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөнiндегi жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетiледi. Отырғызу алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әр түрлi қоқыстан тазартылуы қажет.


      6.2. Жолаушылар павильондары мен оларға iргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлiгi аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстары олардың иелерiмен жүргiзiледi.

7. Басқа қала аумақтарын тазарту

      7.1. Iргелес жатқан және бөлiнiп берiлген аумақтарды, қала көшелерiнiң оларға кiретiн жолдарын, заңды және жеке тұлғалар меншiгi мен пайдаланылуында ғимараттары бар, бөлiнiп берiлген телiмдерге орнатылған аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары өз күштерiмен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсiпорынмен орындалады.


      7.2. Жеке тұрған жарнама объектiлерiне iргелес жатқан аумақты, жарнама құрылғысынан радиусы 5 метрдей жердi тазарту жұмыстарын, жарнама таратушылар және жарнама таратушылармен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргiзушi мамандандырылған ұйымдар орындайды.
      7.3. Сыртқы жарықтық бағаналарының құрылғысы мен дiңгегi аумағын және жаяужолдарда орнатылған байланыс желiлерiнiң маңайын тазарту жұмыстарын жаяусоқпақтарды тазартуға жауапты кәсiпорындар жүргiзедi.
      7.4. Трансформаторларға немесе бөлiп бергiш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс iстейтiн басқа инженерлiк орын-жайларға (қызмет көрсететiн персоналсыз), сондай-ақ тоқ беру желiлерiнiң бағаналарына iргелес жатқан аумақтарын тазарту жұмыстарын осы объектiлердiң иелерi жүргiзедi. Жер үстi құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желiлердiң иелерiмен жүргiзiледi.
      7.5. Сауда объектiлерiне iргелес жатқан, уақытша көшедегi сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендерi, шатырлар, дүңгiршектер және т.б.) көшедегi жүру жолдарын қоса, сауда объектiлерiнiң иелерi тазартады. Iргелес жатқан гүлкестелерге, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгiршектерге және басқа сауда объектiлерiне жәшiктердi үюге жол берiлмейдi.
7.6. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын тазарту жұмыстарын иелерi мен осы объектiлердi пайдаланушы ұйымдар жүргiзедi.
      7.7. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуу бекеттерiне, құю кешендерiне және iргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейiн) кiретiн және шығатын жерлерiне тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектiлердiң иелері жүргiзедi.
      7.8. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерiлмеген аумақтарды, ғимараттарды бұзғаннан кейiнгi аумақты тазарту мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлiнiп берiлген жер пайдаланушылар немесе тапсырысшы немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысатын мердiгер кәсiпорындар жүргiзедi.
      7.9. Жапырақ түскен уақытта бекiтiлiп берiлген аумақтарды тазартуға жауапты кәсiпорындар, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарындағы түскен жапырақтарды сыпырып-сиыру жұмыстарын жүргiзедi. Ағаштар мен бұталардың түбi жағына жапырақтарды жинауға тыйым салынады.
      7.10. Заңды және жеке тұлғаларға және iргелес жатқан ғимараттарға, орын-жайларға және басқа объектiлерге бекiтiлiп берiлмеген, пайдаланылмайтын және бөлiнiп берiлмеген аумақтардың тазарту мен күтiп ұстап жұмыстары бюджет қаражаты есебiнен бөлiнген қаражаттар шегiнде орындалады.
      7.11. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлiк желiлердегi апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, оларды жоюға жауапкершiлiк бұзылуға жол берген ұйымдарға жүктеледi.
      7.12. Жол жөндеу жұмыстарын жүргiзген кездегi асфальттың жарықшақтары, осы жұмыстарды жүргiзушi ұйымдармен: қаланың бас магистральдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан - тәулiк мерзiмiнде шығарылады.
      7.13. Суаққы желiсiн қоқыс басуын болдырмау үшiн суаққы коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға тыйым салынады.

8. Қысқы кездегi қала көшелерiн тазартудың ерекшелiктерi

      8.1. Қала көшелерiнiң өту жолдары мен кiру жолдарын қыста тазарту жұмыстары осы Ереже талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын уәкiлеттi органмен бекiтiлген нұсқауларға сәйкес жүргiзiледi.


      8.2. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезiнде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл желектердiң сақталуы мен ерiген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етiледi.
      8.3. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кiшi сәулеттiк формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйiрлерiндегi жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
      8.4. Жаяу жолдар мен жолдық жүру жағындағы көшелердегi инженерлiк желiлерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және су басуға себепшi болған ұйымдармен шығарылады. Жарылған мұзшықтар белгiленген орындарға шығарылады.
8.5. Қар үйiндiлерiн жасауға болмайтын жерлер:
      бiр деңгейдегi барлық жолдар мен көшелердiң және кiру жолдарының қиылыстарында және темiр жолға жағын жолдарда;
      көлiктiк қоршаулармен жабдықталған немесе көтерiңкi жиектемелерi бар жол учаскелерiнде;
      жаяужолдарда.
      8.6. Жаяужолдар мен гүлкестелерге қар шығаруға рұқсат етiлмейдi.

8.7. Магистральдар, көшелер мен өту жолдарының, тротуарлардың және газондардың өту бөліктеріне сауда нысандарынан, құрылыс алаңдарынан, кәсіпорындар мен ұйымдар аумақтарынан, аулалық аумақтардан, шкі кварталдық өту жолдарынан тазаланатын қарларды шығаруға немесе итеруге, тыйым салынады. Тротуарларда, қалалық жолаушы көлігінің отырғызу алаңдарында, саябақтарда, тынымбақтарда, аулаларда және жаяу өту, көгалдандыру аймақтарында техникалық тұзды және сұйық хлорлы кальцийді мұзға қарсы реагент ретінде пайдалануға, ластанған және тұздалған қарды лақтыруға, орын ауыстыруға, газондарға, гүлбақтарға, бұталар мен өзге де жасыл көгалдарға мұз ойындыларын лақтыруға тыйым салынады .



  8.8. Қар шығарудың технологиясы екi кезеңнен тұрады:
      бiрiншi кезекте қарды (таңдап) шығару жұмыстары орындалатын жерлер: қалалық жолаушыларды тасымалдау көлiгi алдамаларынан, жер үстi жаяужүргiншiлер өтпелерiнен, көпiрлерден және жол желiлерiнен, халықтық жаппай баратын орындарынан (iрi әмбебептардан, базарлардан, мейрамханалардан, қонақ үйлерiнен, сапаржайлардан, театрлардан және т.б.), ауруханаларға кiретiн жолдардан және басқа да әлеуметтiк маңызы бар объектiлерден;
      соңғы (жаппай) қар шығару жұмыстары бiрiншi кезектегi қар шығару жұмыстарынан кейiн, уәкiлеттi органмен қойылған кезекке сәйкес орындалады.
      8.9. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы дайындалған алаңшаларда жүргiзiлуi тиiс. Белгiленген тәртiпте көрсетiлмеген жерлерге қар шығаруға тыйым салынады.
      8.10. Қарды уақытша шығаруға берiлген орындар, қар ерiгеннен кейiн қоқыстардан тазартылып, көркейтiлуi керек.
      8.11. Жаяужолдар мен көпiрге шығатын жерлердегi баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
      1) жаяужолдар мен көпiр құрылғыларына шығатын жерлердегi баспалдақтар жаға жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздақтарының пайда болуы) дейiн барлық енiне дейiн тазартылуы қажет;
      2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпiр құрылғыларына шығатын жерлердегi баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделiп және жаяу жүргiншiлер жүруi үшiн тазартылуы керек;
      3) тайғақ болатыны немесе болу мүмкiндiгi жөнiнде хабарландырылған жағдайда, бiрiншi кезекте баспалдақтар, содан кейiн жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуi керек.
      8.12. Жаяужолдар, аула аумақтары мен кiру жолдары қар мен мұздақтан асфальтқа дейiн тазартылуы тиiс, қар мен жарықшақ қар үйетiн жерге шығарылуы тиiс. Мұздақ пайда болған жағдайда (тайғақ) ұсақ құм себу жүргiзiледi.
      8.13. Аула аумақтары мен iшкiорамдардан тазартылған қарды 3 күнтiзбелiк көк iшiнде шығарылуымен автокөлiктiң қозғалысына және жаяулардың жүруiне кедергi келтiрмейтiн орындарға уақытша үюге рұқсат берiледi.
      8.14. Аула iшiнде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру керек.
      8.15. Қысқы кезде ғимарат иелерiмен және жалдаушыларымен уақытында шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгiлерден тазарту жұмыстары ұйымдастырылуы қажет.
      8.16. Жаяу жүгiншiлер жағындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, пайда болған кезде, қатерлi учаскенi қоршау арқылы жүргiзiлуi керек.
      8.17. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздақтарды тазарту жұмыстары жаяужолдарға түсiру, тек күндiзгi уақытта жүргiзiлуi мүмкiн. Қарды басқа сырғанау жағынан, сондай-ақ жазық шатырлардан түсiру аула аумақтарында жүргiзiлуi керек. Қарды түсiрер алдында жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларын жасау қажет.
      Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүлгiлер жедел түрде жол жағына қарай жиналады және одан әрi көшенiң жолын тазартушы ұйыммен шығарылуы үшiн орналастырылады.
      8.18. Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға тыйым салынады.

9. Тазалық пен тәртiптi қамтамасыз ету

      9.1. Заңды және жеке тұлғалар қала аумағының барлық жерiнде, соның iшiнде жеке меншiк үй иелерiнiң аумақтарында тазалық пен тәртiптi сақтауы қажет/ғимараттың периметрі бойынша 10 метр радиуста/,газондар мен жасыл желектерді күтуді, су құюды, ұстауды қамтамасыз етеді, абаттандыру элементтерiн Зақымдауға және бұзуға жол бермеу (жолдарды, жаяужолдарды, гүлзарларды, кiшi сәулеттiк нысандарды,жарықты, суқашыртқыларды және т.б.).


      9.2. Меншік тұріне қарамастан заңды және жеке тұлғалар тазалық пен тәртіпті сақтап, күн сайын нысан аумағын және кем дегенде радиусы 10 метр болатын нысанның қоршауын /іргелес аумақтар/ жолдың өту бөлігінің шетіне дейін жинауға міндетті.

9.3.Орал қаласының жергiлiктi атқарушы органдары арнайы белгiлеген жерлерден басқа жерлерге қала аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндiрiстiк қалдықтарды, жәшiктердi, ағаш үгiндiлерiн, жапырақтарды, қарды қала аумағына шығаруға жол берiлмейдi.


      9.4. Кәсiпорындардың және жеке меншiк үй иелерiнiң iшкi аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшiктердi, өндiрiстiк қалдықтарды жағуға, алау жағуға тыйым салынады.
      9.5. Тоғандарға өндiрiс кәсiпорындарының тазартылмағансуларын ағызуға жол берiлмейдi.
      9.6. Көлiк құралдарын тұрғын-жай орамдары iшiнде және жалпы пайдаланылатын жерлерде су жiбергiш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге тыйым салынады.
      9.7. Автокөлiк кәсiпорындары мен автокөлiк құралдарының иелерi көлiк құралдарын қала көшелерiне таза күйiнде шығаруға мiндеттi.
      9.8. Жолдарды ластауға жол бермеу мақсатында топырақтарды, қоқыстарды, төгiлмелi құрылыс материалдарын, жеңiл жәшiктердi, жапырақтарды, ағаш үйiндiлерiн брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз тасымалдауға тыйым салынады.

9.9. Жалпы пайдаланылатын орындарда, балалардың ойын алаңдарында, көшелерде, алаңдарда үй жануарларымен серуенге шығуға тыйым салынады.

9.10. Үй жануарларының қалдықтарын және де өзге де қалдықтарды оларды сақтауға арнайы арналмаған орындарда қалдыруға тыйым салынады.

9.11.Қаланы санитарлық ағымдағы ұстау мамандандырылған кәсіпорындармен жүзеге асырылады және қамтамасыз ететін шараларды өткізуді жүзеге асырады:

-автомагистральдарды, жолдарды, көшелерді, инженерлік құрылымдарды /көпірлер, бөгеттер, жол құбырлары және т.б/, көшелік жарықтандыру нысандары, шағын сәулет формалары, өзге нысандар;

- бейіттерді ұстау,

- көгалдандыру және жасыл желектерді ұстау;

- қала аумағынан қоқыстардан жинауды және оларды уақтылы шығаруды ұйымдастыру;

- қаланы тиісті жайластыруды: тұтыну қалдықтарын жинау үшін алаңдарды абаттандыру, қалдық салатын контейнерлерді жайластыру /қоқыстарды тікелей автомобильмен жинауды ұйымдастырғаннан басқа жағдайдарда/, нормативтік талаптарға сәйкес жалпы пайдаланылатын орындарда урналар орнату, үй жануарларын серуенге шығару, киім-кешектерді кептіру;

-қала аумағын жинау, су құю, қоқыстарды жинау, қысқы кезеңдерде қарды жинап, шығару, көшелердің өту бөлігін және жаяу өту тротуарларын мұзға қарсы қоспамен өңдеу, тұтыну қалдықтарын белгіленген орындарға шығарып, көму, өзендерді, каналдарды, астауларды, канализация және өзге десу өткізу құрылғыларын қоқыстардан тазалау, нормативтік санитарлық-қорғау зоналарының шеңберінде аумақтарды жүйелі ұстау бойынша жұмыстар жүргізу;

- қала аумағын жинау, су құю, қоқыстарды жинау, қысқы кезеңдерде қарды жинап, шығару, көшелердің өту бөлігін және жаяу өту тротуарларын мұзға қарсы қоспамен өңдеу, тұтыну қалдықтарын белгіленген орындарға шығарып, көму, өзендерді, каналдарды, астауларды, канализация және өзге де су өткізу құрылғыларын қоқыстардан тазалау,

- нормативтік санитарлық-қорғау зоналарының шеңберінде аумақтарды жүйелі ұстау бойынша жұмыстар жүргізу;

- жалпы қалалық шаралар өткізу кезінде жүзеге асырылатын бірыңғай жұмыстар жүргізу;

9.12. Инженерлік жүйелер мен кәсіпорындардың аумақтарынан жаңбыр және канализация суларын шығару канализациялық желіні пайдаланатын кәсіпорындармен шарт және келісім болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

9.13. Өндірістік кәсіпорындардың тазаланбаған суларын су қоймасына шығаруға жол берілмейді.


    1. Барлық ұйымдастыру-құқықтық формалардағы заңды тұлғаларға, жеке тұрғын үй иелеріне, заңды тұлғаларға Орал қаласының аумағын абаттандыру ережесінің талаптарына сәйкес:

- өздеріне бөлінген немесе іргелес аумақты жеке қаражат есебінен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен келісімшартқа отыру арқылы ұстауды қамтамасыз ету, кез-келген меншік нысандарына ұқыпты қарау;

-мемлекеттік меншік нысандарына зиян келтірілген жағдайда, тиісті органдарға ақпарат беру;

-үйлердің көшелері, нөмірлері көрсетілген тақтайшаларды таза және техникалық дұрыс жағдайда ұстау;

-қоршаулар /қақпалар/ мен шағын сәулет формаларын тиісті жағдайда ұстау;

9.15. Күрделі және уақытша нысандардың иелері өздеріне бөлінген немесе іргелес аумақты жеке қаражат есебінен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен келісімшартқа отыру арқылы шығаруды күн сайын жүргізеді.

10. Қалалық аумақтардағы қалдықтарды жинау,
уақытша сақтау, шығару және iске жарату

      10.1. Жеке меншiк түрiне және қызметiне қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, қала аумағында қызмет етушi жеке тұлғалар өз аумақтарынан қатты тұрмыстық қалдықтар шығаруды қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт бойынша немесе арнайы техникасы (қоқыс шығаратын көлiк) болса өз бетiмен шығаруды қамтамасыз етуi қажет. Iрi көлемдi қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсiпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негiзiнде қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргiзiледi.

      10.2. Жылжымайтын объектiлердi салу және (немесе) жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке  және заңды тұлғалар қоқыстарды iске жарату жөнiнде оны өздiгiнен шығару немесе қоқыс шығарушы ұйыммен шығару жөнiндегi шарттарын жасау қажет.
      10.3. Жеке және заңды тұлғаларға құрылыс қалдықтарын және құрылыс материалдарын қала аумағында жинауға тыйым салынады.

10.4. Кәсіпорындар, ұйымдар, ПИК-тер, кондоминиумдар, жеке үй иелері мен бизнес нысандарының иелері біртіндеп европалық контейнерлерді пайдалануға көшулері қажет, оларға бекітілген аумаққа контейнер орнату үшiн көлiк өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңшалар бөлiнуi қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшiн металдан жасалған немесе пластикалық қақпағы бар евроконтейнерлердi қолдану керек.


      10.5. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығарушы көлiктермен, сұйық қалдықтар кәрiзсiз үй-жайлардан бөшкелерi бар сорғы көлiктерiмен шығарылады.
      10.6. Аумақтарында (бөлiнiп берiлген, бекiтiлген, аулаiшiлiк) контейнерлiк алаңшалары бар кәсiпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етушi субъектiлер келесi талаптарды орындаулары қажет:
      - өз қаражаттары есебінен евроконтейнерлер алып, орнату тиіс, контейнерлiк алаңшалар, кiреберiстерi мен оларға өтетiн жолдардың қатты төсемдерiнiң болуы тиiс;
      - контейнерлiк алаңшалар iргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшiн жаппай қоршалуы тиiс;
- қатты тұрмыстық қалдықтарды, iрi көлемдi қоқыстарды шығаруға, сыпыруға уақытында шарт жасасуға;
      - контейнерлердегi тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
      - жылдық қысқы мерзiмiнде контейнерлiк алаңшаға арнайыландырылған автокөлiктiң жұмысына және халықтық пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кiреберiстер мен оларға өтетiн жолдардың қар мен мұздан тазарылуын қамтамасыз етуi керек.
      10.7.Контейнерлiк алаңшалар мен контейнерлер иелерiне:
      -контейнерлердi уақытында жөндеуге және одан әрi пайдалануға, жарамсыздарды ауыстыруға;
      -қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңшаларды және жинағыштардың (контейнерлердiң) астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, зарарсыздандырылуын және шыбындарға қарсы бұқырлануын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауы қажет.
      10.8. Контейнерлер орнату үшiн алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңшаларынан және халықтық дем алатын орындарынан кем дегенде 20 метрдей қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемi қажеттi контейнерлер санын орнатуға есептелуi қажет.
      10.9. қалдықтарды уақытша сақтау орындарын орнатуды мемлекеттiк санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау органдарымен, пәтер иелерi кооперативтерiмен келiсу қажет.
      10.10.Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезiнде түсiп қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын ҚТҚ, IКҚ шығаруды ұйымдастыратын ұйымның қызметкерлерi жүзеге асырады.
      10.11. Аулалық, кәрiздендiрiлмеген және қоғамдық әжетханалар тұрғын-жайлардан және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және халық демалатын алаңшалардан кем дегенде 20 метр және жүз метрден артық емес қашықтыққа алыстатылуы қажет. Аулалық әжетханаларды, шұңқырларды толған кезде, жарты жылда бiр реттен кем емес тазарту қажет.
      10.12. Қоқыс шығару құбырына сұйық тұрмыстық қалдықтар мен iрi көлемдi қоқыстарды тастауға тыйым салынады.
      10.13. Қоқыс қабылдағыш камера құлыпқа салынуы қажет, бөтен адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кiруiне тыйым салынады.
      10.14. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелiгiнде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
      10.15. Пайдаланушы ұйым:
      - қоқыс шығару құбырының және қоқыс қабылдағыш камерасының дұрыс жұмыс iстеуiн;
      - шусыз жұмыс iстеуiн, ол үшiн баспалдақ алаңындағы қоқыс шығару құбырының салатын қақпақтарының саңлаусыз, тығыз жабылатын резеңке төсемдерiмен жабдықталған болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      10.16. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану Орал қаласының қоқыстарын көму мен қайта пайдалану жөнiндегi полигонда iске асырылады.
      10.17. Жөн-жосықсыз үйiндiлерге, қалдықтардың жағылуына кiналы тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады. Жөн-жосықсыз үйiндiлерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкiндiк болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөн-жосықсыз үйiндiлер орнын қалпына келтiру жұмыстары уәкiлеттi органдармен бекiтiлген мерзiмде аумақ иесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      10.18. Вокзалдарда, базарларда, аэропортта, саябақтарда, демалыс орындарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және өзге де адамдар көп жүретін орындарда, көшелерде, қоғамдық жолаушы көлігінің аялдамаларында, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету нысаналарына кіреберіс орындарда, меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда қоқыс салатын урналар орнатылуы /урнаның құрылысы мен дизайні ТҮКШЖКжАЖ бөлімімен келісілуі қажет/ тиіс.

10.19.Сапаржайларда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, бiлiм беру, денсаулық сақтау мекемелерiнде және көпшiлiк баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгi аялдамаларында, сауда объектiлерiне кiреберiстерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек. Халық көп келетiн орындарда қораптар бiр-бiрiнен 50 метрдей қашықтықта; аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейiнгi арақашықтықта қораптар орнатылады. қалалық жолаушылар көлiктерi аялдамаларында және сауда объектiлерiне кiреберiстерде екi қораптан орнатылады.


      10.20. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттiк тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелiгiндегi немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргiзу субъектiлерiмен, мердiгермен жүргiзiледi. Қораптарды тазарту жұмыстары осы кәсiпорындармен олардың толуына қарай орындалады.

11. Ұсақ бөлшек сауда, ұсақ базарлар үшiн
уақытша орын-жайларды орнату және күтiп ұстау

      11.1. Ұсақ бөлшектiк уақытша сауда нүктелерiнiң объектiлерiн (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.


      11.2. Сәулеттiк және түстерi туралы шешiм Орал қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлiмiмен келiсiледi. Ұсақ бөлшектiк сауда объектiлерiн жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелерi есебiнен, Орал қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлiмiмен келiсiлген сыртқы түрi мен түсi шешiмiн сақтауды ескере отырып,орындалуы тиiс.
      11.3. Ұсақ бөлшектiк сауда объектiлерi мен кешендерiне көлiктiк қызмет көрсету, iргелес жатқан магистральдар мен жаяу жүргiншiлер бағыттарындағы, көлiк қозғалысы мен жаяужүргiншiлердiң қауiпсiздiгiне кедергi келтiрмеуi қажет. Тауар жеткiзудi жүзеге асыратын автокөлiктiң тұрағы, сауда нүктелерiнетауар артуды Орал қалалық IIБ Жол полициясы басқармасы бекiткен кiреберiс алаңдарынан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда жаяужолдарда, жүргiншiлер жолы мен гүлзарларды пайдалануға тыйым салынады.
11.4. Сауда нүктелерiнiң иелерi iргелес жатқан аумақтық (бекiтiлiп берiлуiне сәйкес) көркейтiлу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауға мiндеттi. Iргелес жатқан абаттандыру объектiлерiне, жасыл желектерге, гүлзарларға және т.б. зиян келтiрген сауда нүктелерiнiң иелерi, абаттандыру объектiлерiн өз қаражаты есебiнен алғашқы қалпына келтiруi қажет.
      11.5. Шағын базарлар мен басқа да сауда жасауға арналған уақытша алаңшалар аумақтары қоршалуы керек, нәсерлiк және ерiген сулардың ағуын қамтамасыз ететiн қатты төсемi болуы керек, дүңгiршектермен, қалқалармен, сүрелермен, контейнерлiк алаңшалармен, қоқыс салғыш қораптармен, тұрақты қоғамдық немесе жылжымалы әжетханалармен, кешкi жарықпен жабдықталуы қажет. Базар аумақтарына жағын жерлерде Орал қаласы IIБ Жол полициясы басқармасының келiсiмiмен автокөлiк үшiн автотұрақтар орналасуы керек.
      11.6. Ұсақ бөлшектiк сауда ғимараттарының иелерiне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшiн осы қызмет түрлерiмен айналысушы ұйымдармен шарт жасауы керек немесе өз күштерiмен атқарулары тиiс.

11.7. Абаттандыру элементтерін сәулет және қолданбалы –гүлмен безендіру, жалпы пайдаланылатын демалыс орындарының аумағын жобалауға өзгеріс енгізу Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісіледі.



12. Шағын сәулет нысандарын күтiп ұстау

      12.1. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, тынымбақтар, көшелер, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттiк нысандармен - демалу орындарымен, көлеңкелейтiн қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерiмен, қоршаулармен, телефон будкаларымен (қалқалармен), автокөлiк көтуге арналған павильондармен жабдықталады.


      12.2. Шағын сәулет нысандары тұрақты және жылжымалы болуы мүмкiн; олардың саны мен орналасуы аумақтарды абаттандыру жобаларымен анықталады.
      12.3. Қоғамдық құрылыс аумақтарына, алаңдарға, көшелерге, тынымбақтар мен саябақтарға, жағалауларға арналған шағын сәулет нысандары жеке жобалар бойынша дайындалады.
      12.4. Жаға құрылыс салу кезiнде құрылыс жүргiзiлiп жатқан учаске шегiнде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орнату жұмыстары тапсырысшымен бекiтiлген жобалау-смета құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      12.5.Шағын сәулет нысандарының сындарлы шешiмдерi олардың орнықтылығын, қолдану қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi қажет.
      12.6.Заңды және жеке тұлғалар - шағын сәулет нысандарының иелерi өз есебiнен оларды ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргiзуге мiндеттi.

13. Ақылы автотұрақтарды және гараж
кооперативтерiн орнату және абаттандыру

      13.1. Жеке меншiк иелерiнiң жеңiл автомашиналарының гараждарын, көзетiлетiн ашық автотұрақтардың, автокөлiктердiң уақытша тұрақтарын (ақылы және ағысыз) орналастыру қолданыстағы экологиялық, санитарлық және қала құрылысы нормаларымен және ережелерiмен, белгiленген тәртiпте әзiрленген және келiсiлген жобалау құжаттарына сәйкес орындалады.


      13.2. Ұйымдар, кәсiпорындар мен мекемелер, сауда мен қоғамдық тамақтану объектiлерi, демалу орындары мен бұқаралық орындар келушiлер үшiн ақысыз аялдатулармен жабдықталуы қажет.
      13.3. Жеке меншiк иелерiнiң гараждары, гараж кооперативтерiне бiрiгедi (серiктестiк). Гараж кооперативтерiнiң аумағын абаттандыру және оларды күтiп ұстау кооперативтердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      13.4. Жеңiл автокөлiктерiнiң ашық ақылы тұрақтарын тұрғын-жай мен қоғамдық құрылыстарға дейiн санитарлық аралықты сақтап орнату қажет.
      Автотұрақтардың қатты төсемi, қоршауы, күзетуге арналған жайы мен сыртқы жарығы болуы қажет. Автомобильдердi қоятын орындардың үстiне жеңiл құрылымдардан қалғандар салуға жол берiледi.

14. Құрылыс алаңшалары мен учаскелерiн күтiп ұстау

      14.1. Құрылыс салушы (жөндеу, жаңғырту жұмысы кезiндегi объектiнiң иесi) объектiнiң (жаңа құрылыс, жаңғырту, жөндеу, құрылысты бұзу) құрылыс алаңын абаттандыру жұмыстарына кiрiспей тұрып, келiсiм алу үшiн және белгiлi бiр жұмыс түрлерiн жүргiзуге рұқсат алу үшiн қажеттi құжаттарды уәкiлеттi органға ұсынуы қажет.


      14.2. Рұқсат алғаннан кейiн құрылыс жүргiзушi-тапсырысшы (жөндеу, жаңғырту жұмысы кезiндегi объектiнiң иесi) қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес құрылыс алаңшасын мынадай қажеттi талаптарды сақтай отырып, абаттандыру керек:
      - құрылыс алаңшасы бөгде адамдардың енуiне жол бермейтiн және iргелес жатқан аумаққа ластық шығуына жол бермейтiн болып, барлық периметрi бойынша толық қоршалады; адамдардың көп өтетiн жерлерiндегi қоршауға жаппай қорау қалғанын орнату қажет;
      - қоршау металдан жасалған профильденген беттерден немесе қоршауға арналған темiрбетон қабырқаларынан дайындалуы керек;
      - қоршау құрылғысы мықтап бекiтiлiп және ұзынынан, көлденеңiнен түзетiлiп, боялуы және ұқыпты түрде болулары керек;
      - құрылыс алаңшасынан екiншi кезектегi көшелерге қақпа орнату немесе шлагбаум орнату арқылы ең аз кiру және шығу жолдары қарастырылады;
      - шығатын жерлерiне ақпараттандыру тақталары орнатылады;
      - жарық барлық периметр бойынша екi жаққа түсуi керек;
      - алаңшаiшiлiк жолдар және құрылыс алаңшасына кiретiн жолдардың қатты төсемi болуы керек, олардың қалалық асфальттанған жолдармен қиылысуын қамтамасыз ету қажет;
      - шығаберiстерiнде көлiк құралдарының дөңгелектерiн жуу (тазарту) бекеттерi орналастырылады;
      - құрылыс алаңшасының аумағы таза және тәртiпте ұсталуы қажет, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды жинау үшiн контейнерлер, жинағыш қорабы орнатылуы және қоқыстарды уақытында шығару жұмыстары ұйымдастырылуы керек; құрылыс алаңшасына iргелес жатқан аумақ та, сондай-ақ қалыпты жағдайда ұсталынып, мерзiмдi тазартылып отырылуы қажет;
      1- құрылыс алаңшаларының сыртына құрылыс материалдарының, қоқыстардың (синтетикалық пленкалардың, сүректер, жаңқалар, орау материалдары және т.б.) шығарылуына (желмен және басқа) жол бермеу шаралары қарастырылуы қажет;
      - жабық лотоктар мен жинағыш-қоймаларды қолданбай қалдықтар мен қоқыстарды тастауға жол берiлмейдi;
      - ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерiнде жұмыс жүргiзген кезде, осы мақсаттарда қолдануға арналған, қасбетке бекiтiлген немесе орнатылған ағаш конструкцияларына бекiген, тордан жасалған торлы қоршау қарастырылуы қажет; қоршаулардың қисаюы мен салбырауына жол берiлмейдi;
      - қажет болған жағдайда жүргiншiлер жолы, төсемдер, таяныштар, айналып өту және уақытша жүру жолдары жасалады және олар түзелген жағдайда ұсталады.
      14.3. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шегiнде орналастырылады, шығарылған топырақ (құнарлы топырақтан басқа) тез арада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына немесе коммуналдық шаруашылықтық уәкiлеттi органының келiсiмiмен бекiтiлген басқа учаскелерге шығарылады.
      14.4. Құрылыс жүргiзушi немесе мердiгер тиiстi полигондарға уақытында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, қар мен мұзды шығару жұмыстарын ұйымдастыру үшiн құрылыс алаңшаларын жасауға рұқсат алған кезде осы жұмыс түрлерiн жүргiзуге рұқсат қағаздары бар арнайыландырылған кәсiпорындармен шарт жасасады.
      14.5. Коммуналдық шаруашылықтық уәкiлеттi органымен келiсiлген кестеге сәйкес қатаң түрде құрылыс, тұрмыстық қоқыс, қар шығарылуы қажет.
      14.6. Құрылыс аяқталғаннан кейiн құрылыс жүргiзушi құрылыс алаңшасына iргелес жатқан аумақтағы, сондай-ақ уақытша жүруге пайдаланылған, жүргiншiлер өтетiн жерлер, материалдарды қою үшiн уақытша пайдаланылған орын-жайлар аумақтарының бұзылған абаттандыру жұмыстарын, инженерлiк желiлерiн жән басқа қажеттiлiктерiн қалпына келтiруге мiндеттi.

15. Қала аумағындағы жол төсемдерiнiң,
жаяужолдардың, гүлзарлардың және басқа да
объектiлердiң, қалалық шаруашылық элементтерiнiң
бұзылуымен, инженерлiк желiлердi, орын-жайларды
және коммуникацияларды күтiп ұстаумен
байланысты жер жұмыстары және басқа да
жұмыстар өндiрiсiнiң тәртiбi

      15.1. Қала аумағындағы жол төсемдерiнiң, жаяужолдардың, гүлзарлардың және басқа да объектiлердiң, қалалық шаруашылық элементтерiнiң бұзылуымен байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргiзетiн барлық заңды және жеке тұлғалар қала әкiмдiгiнiң қаулысымен анықталған, тиiстi қалалық қызметтерден жұмыстарды жүргiзуге рұқсат алуға мiндеттi. Жұмыстар қала әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiлген жол төсемдерiнiң, жаяужолдардың, гүлзарлар және қалалық шаруашылық элементтерiнiң басқа да нысандарының бұзылуымен байланысты жер және өзге де жұмыстар өндiрiсiнiң талаптарына сәйкес жүргiзiлуi қажет.


      15.2. Шаруашылығында инженерлiк коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар қаланың абаттандыруын бұзуға әкелiп соғатын инженерлiк желiлер мен орын-жайлардың техникалық жағдайын әрдайым қарап отыруы қажет, атап айтқанда: аумақты су басуына және мұздың пайда болуына жол бермеу, берiлген және қорғалатын аймақтардың санитарлық тазалығын бақылау, люктердiң қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындылары, нәсерлiк кәрiздердiң торлары қатты төсеммен бiр деңгейде болуы және түзу қалыпта ұсталуы, құрастыру Ережелерiн сақтамаған жағдайда бұзылып қалуы мүмкiн жер асты желiлерiнiң бетiндегi қатты немесе жер топырағының қалпын, қайта жабылуы мен қолданылуын бақылауға, жерүстi инженерлiк коммуникацияларына, құрастырмалар мен құрылғыларға уақытында жөндеу, тазарту және сырлау жұмыстарын жүргiзуге.
      15.3. Жер бетiнiң қатты қабатына күрделi жөндеу немесе жаңғырту жұмыстарын жүргiзген кезде инженерлiк желiлердiң құдығының люктерiн керектi өлшемдерге жеткiзу жұмыстары жөндеу жұмыстарының тапсырысшысы есебiнен орындалады.
      15.4. Қала аумақтарынан жер үстi және жер асты суларын әкетуге арналған арықтарды, құбырлар мен сорғытқыларды жинау мен тазарту, нәсерлiк кәрiздерлердiң коллекторларын, жауынқабылдағыштар құдықтарын тазарту жұмыстары пайдаланушы кәсiпорындармен; аула аумақтарында - пәтер иелерi кооперативтерiмен; жеке меншiк учаскелерде және кәсiпорын аумақтарында - аумақтық иелерiмен жасалады.

16. Тұрғын жай орамдары мен
шағын аудандарды абаттандыру

      16.1. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары қоқыс контейнерлерiн қоятын, кiр кептiретiн, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшiн алаңшалармен жабдықталады.


      16.2. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиiс, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келiсiлуi керек.
      16.3. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртiп сақталуға мiндеттi:
      -көтермелердiң, жаяужолдардың, жүргiншiлер жолының, орамiшiлiк кiреберiстерi мен жолдарының төсемдерiн қалыпты жағдайда ұстауға;
      -аулаларға өздiгiнен түрлi шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
      -аулаiшiлiк аумақтарды құрылыс материалдарымен үйiп тастауға жол бермеуге;
      -өзiнiң балансындағы (шаруашылық жүргiзушi немесе жедел басқару) инженерлiк желiлердi қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
      -шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға. Олардың сыртқы түрiнiң ұқыптылығын сақтауға.
      16.4. Аулаiшiлiк аумақта:
      - аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 7-ге дейiн, тыныштық пен тәртiптi бұзатын жұмыстарды жүргiзуге;
      - аулаiшiлiк және iшкiорам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргiншiлер жолына қызметтiк және жеке меншiк автокөлiкпен кiруге, қоюға;
      - көлiк құралдарын қоюға және аялдатуға арнайы бөлiнбеген және белгiлермен белгiленбеген орындарға қоюға тыйым салынады.

17. Апатты жұмыстарды жүргiзу

      17.1. Апат туындаған жағдайда инженерлiк коммуникациялар мен құрылғылардың иесi, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауға мiндеттi. Бұл жағдайда мыналар қамтамасыз етiлуi тиiс: адамдар мен көлiк қозғалысының қауiпсiздiгi, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты және жерүстi орын-жайларының, инфрақұрылым объектiлерiнiң, жасыл желектердiң сақталуы.


      17.2. Апаттық бригаданы апат орнына жiберумен қатар пайдаланушы ұйым апаттық сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүстi құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлiгi қызметiне, Орал қалалық IIБ Жол полициясы басқармасына, Орал қаласы коммуналдық шаруашылығының уәкiлеттi органдарына және басқа да мүдделi қызметтерге хабарлайды.
      17.3. Аймағында жерасты немесе жерүстi коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, хабарды алғаннан кейiн апат орнына өздерiнiң орындалған сызбаларымен бiрге уәкiлдерiн жiберулерi керек, ол осы жердегi орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуi керек.
      17.4. Апат маңайында материалдарын немесе басқа бағалы заттарын сақтаушы қожайындар, апат жұмыстарының басшысының бiрiншi талабы бойынша учаскенi босатуға мiндеттi.
      17.5. Егер де апатты жою жұмыстары жолдық толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, Орал қалалық IIБ Жол полициясы басқармасы жолдық уақытша жабылуы туралы, көлiктiң айналып жүру бағыты және Зақымдалған желiлердiң қожайындарымен бiрге Зақымның жою мерзiмiн бекiту жөнiнде жедел шешiм қабылдайды.
      17.6. Апат жұмыстары жүргiзiлетiн орын қалғандармен немесе белгiленген үлгiдегi апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түстi шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенiң (магистральдың) жол жағына Жол полициясы басқармасының келiсiмiмен қажеттi жол белгiлерi қойылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейiн, апатты жою жұмыстарын жауап берушi тұлғалар апаттық жарықтандыру, қоршау (қалған) орнату, жол белгiлерiнiң қойылу жұмыстарына жауапты.
      17.7. Апаттық салдарын жою және аумақтық абаттандырылуын қалпына келтiру үшiн, апат болған күннен бiр тәулiктен қалдырмай, жер жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алуы қажет. Көрсетiлген мерзiмге дейiн жер жұмыстарын жүргiзуге рұқсат қағазын жасамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн-жосықсыз болып саналады және кәсiпорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
      17.8. Бұзылған жол төсемдерi мен басқа да абаттандыру элементтерiн қалпына келтiру жұмыстары осы кәсiпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейiн тез арада жасалады.
      17.9. Апатты деп жоспарлы жұмыстарды жүргiзуге қатаң түрде тыйым салынады.

18. Ғимараттар мен орын-жайлардың
қасбеттерiн күтiп ұстау

      18.1. Ғимараттар мен орын-жайлары бар кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен орын-жайлардың қожалары аталған объектiлердiң және олардың жекелеген элементтерiне (балкон, лоджий, сарқынды су құбырлары және басқалары) жаңғырту, жөндеу және қасбеттерiн сырлау жұмыстарының жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерiнде орнатылған ақпаратты тақтайшалардың, ескерткiш тақталарының таза және қалыпты жағдайда ұстауы керек.


     18.2. Ғимараттарға кіру орындарында кәсіпорын саласын, оның фирмалық атауын, тауарлық белгісін /тауарлар мен қызметтердің тізімін пайдаланбай/, тұтынушыны кәсіпорынның орналасқан орны мен оған кіру орны туралы ақпараттандыратын сыртқы жарнамалық тақтайшасы кәсіпорын орналасқан ғимараттың қасбетінде кіре беріс орнында орналасады.

     18.3. Сыртқы /визуальдық/ жарнамалық нысандар және іргелес аумақтарға және ғимараттарға, жарнамалық тасымалдағыштарға орналастырылған ақпараттар таза ұсталып, түнгі уақытта арнайы жарықтандыру құралдарымен жарықтандырылуы тиіс.

18.4. Тыйым салынады:

-жергілікті атқарушы органның келісімінсіз өз еркiмен ғимараттардың қасбеттерi мен құрастыру элементтерiн қайта жабдықтауға;

-ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін сәулеттік элементтерін алдын ала қалпына келтірмей сырлауға;

-табиғи және жасанды тастармен қаланған, әшекей, жарық терразиттік сылақпен қаланған қасбеттерді сырлауды жүргізуге.

18.5. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және орын-жайлары бар жеке меншiк иелерi мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелерiндегi жылжымайтын объектiлердi қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтерi мен ережелерi, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргiзуге, соның iшiнде оларға жататын ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерiн жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебiнен немесе тартылған қаражат есебiнен жүргiзуi керек.
      18.6. Егер де заңды немесе жеке тұлғалардың меншiгiнде, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқаруында жеке тұрғынсыз жайлар тұрмайтын немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда осы тұлғалар ғимараттың алып тұрған ауданына қарай қасбетiнiң жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргiзуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргiзген кезде, үлестiк қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға бағытталатын қаражатты, сәйкесетiн аудандармен қаражаттарын қосуларына болады.
      18.7. Ғимараттарды, орын-жайларды және құрылғыларды жалға алушылар, жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерiн жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргiзуге мiндеттеме алады.
      18.8. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткiштерi болып табылатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерiн жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстары Қазақстан Республикасының және Орал қаласының құқықтық актiлерiмен бекiтiлген, қорғау мiндеттемелерiне сәйкес Орал қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi және Орал қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлiмiнiң келiсiмiмен орындалады.
      18.9. Орал қаласы коммуналдық шаруашылығының уәкiлеттi органы ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерiн жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жыл сайын қабылданатын бюджеттiк бағдарлама негiзiнде атқарады. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерiн жөндеу мен жаңғыту жұмыстарының бағдарламасы Орал қаласы әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiледi.
      18.10. Ғимараттардың қасбеттерiн сырлау жұмыстары Орал қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлiмiмен берiлетiн колерлiк төлқұжаттармен жүргiзiлуi мүмкiн.
     

19. Сыртқы жарық пен бұрқақтарды күтiп ұстау

      19.1. Орал қаласы коммуналдық шаруашылығының уәкiлеттi органы бекiткен кестеге сәйкес көшелердiң, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектiлердiң сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтық көлемiнiң азаюы кезiнде кешкi ымырт кезiнде 20 люкске дейiн, ал сөнуi - таңғы күңгiртте 10 люкске дейiн берiледi.


      19.2. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегi, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 5 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желiлерiнiң элементтерi тазалықта ұсталуы қажет, тот баспауы және сырлануы керек.
      19.3. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар - доқалы сынапты шам (ДСШ), металлдық диодтары бар доқалы шам (ДИШ), доқалы натрийлi (ДНАТ), люминесценттi шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы жайларда сақталып, одан әрi қайта өңделуi үшiн арнайы кәсiпорындарға жеткiзiлуi қажет. Аталған шамдар түрлерiн қалалық полигон аумағына шығаруға тыйым салынады.
      19.4. Жарық пен электрлi көлiктердiң байланыс желiсiнiң құлап қалған бағаналарын шығару жұмысын негiзгi магистральдарда кешiктiрiлмей баған иесiмен жүргiзiледi, сондай-ақ басқа аумақтардағы бұзылған бағаналар - тәулiк iшiнде.
      19.5. Бұрқақтардың жағдайы мен пайдаланылуына жауапкершiлiк пайдаланушы ұйымға жүктеледi.
      19.6. Бұрқақтарды қосу мерзiмi, олардың жұмыс тәртiбi, табақтарын жуу мен тазарту кестесi, техникалық үзiлiстерi мен жұмысының тоқтатылуы Орал қаласы коммуналдық шаруашылығының уәкiлеттi органымен белгiленедi.
      19.7. Бұрқақтардың жұмыс iстеуi кезiнде су бетiн қоқыстардан тазарту жұмыстары күнделiктi орындалады. Пайдаланушы ұйымдар бұрқақтарды сөндiрген кезде де тазалығын сақтауға мiндеттi.

20.Суреттік ресімдеу және жарнама

20.1. Сыртқы /визуальды/ жарнама нысандары және ақпараттары қазіргі талаптарға сай форматта болуы тиіс және көлемдері кем болмауы тиіс:

-лайтбокстар /0,75x1.5 м./

-сити-формат /1,2x1,8 м./

-сити-формат /2,7x3,7 м./ көшенің 1 км-не 1 құрылымнан аспайтындай.

20.2. Сыртқы /визуальдық/ жарнамалық нысандар және іргелес аумақтарға және ғимараттарға, жарнамалық тасымалдағыштарға орналастырылған ақпараттар таза ұсталып, түнгі және кешкі уақытта арнайы жарықтандыру құралдарымен /неондық немесе өзге де/ қалаға сәулеттік келбет пен қосымша жарық беретіндей болып жарықтандырылуы тиіс.

20.3. Жарнамалық құрылымды бұзғаннан кейін жарнамалық құрылым иесі абаттандыру аумағын немесе орналастыру нысанын қайта қалпына келтіруі тиіс.

20.4. Ғимараттарға, қоршауларға, қалалық жолаушы көлігінің павильондарына, жарықтандыру тіректеріне ағаштарға қандай да бір хабарландыру, жарнамалар, үгіт-насихат сипатындағы тақтайшалар жапсыруға, ілуге тыйым салынады. Жоғарыда аталған нысандарды өзге орындарға орналастыруға иесінің немесе Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің келісімімен жүргізіледі.

20.5. Баспалық үгіт материалдарын лақтыруға тыйым салынады.

21. Ережені бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғалардың жауаптылығы

21.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Осы Ережені сақтауды бақылау қоршаған ортаны қорғау, ішкі істер, сәулет-құрылыс бақылау, өртке қарсы және санитарлық қадағалау органдарымен, сондай-ақ, өзге мемлекеттік органдармен өз құзыреттілігі шеңберінде жүзеге асырылады.

21.2. «Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес қаланың абаттандырылуына жалпы басшылық, мемлекеттік-бақылау органдарының комиссиялық іс-әрекетін үйлестіруді /соның ішінде тексеруге шығу т.б/ өкілетті орган жүргізеді».

21.2. «Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесінің» 7.1, 7.5, 7.7, 9.1, 9.2, 9.14, 10.6, 10.18, 11.4, 11.5, 18.1, 18.4, 18.8, 20.1, және 20.2 тармақтарын бұзған заңды және жеке тұлғалар әкімшілік немесе өзге де жауаптылыққа тартылады.



21.3. Тиісті бөлімдер және қала әкімдігінің қызмет орындары /Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы, мәдениет бөлімдері, Орал қаласының санитарлық-эпидемологиялық қадағалау басқармасы, Орал қаласының ішкі істер бөлімі/ осы Ереже қалалық газет беттеріне жарияланған күннен бастап осы абаттандыру ережесінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.


Каталог: fileadmin -> user upload
user upload -> Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы
user upload -> Астана Елбасы деп соққан жүрегі
user upload -> Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу
user upload -> Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері
user upload -> Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі №546 бұйрығы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет