"Опорный орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
Өткізген: Есениязова А.
Тақырып: "Ұлттық әшекейлер" сайысы
Мақсаты:
1.Қазақ ұлтының әшекей бұйымдары туралы түсінік беру.
2.Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Міндеттері:1.Қазақ ұлтының әшекейлерінің қадір-қасиетін
ұғындыру.
2.Ұлттық әшекейлерді тағу,оны күтіну.
Негізгі бөлім:
1.Ұйымдастыру
Психологиялық сәт: Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
4сынып оқушылар арасынан 3 топ құрып тапсырмалар беру.
I топ-"сырға"
Сырға-әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі,сәнді зергерлік бұйым.Ел ішінде кең таралған әндердің бірінде мынадай жолдар бар:
"...Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға..."

II топ "білезік,сақина"
Жүзік-саусақ сұғатын шеңбері таза алатын не күмістен соғылып,саусақ сыртына қараған бетіне асыл тастан көз салынған,әр түрлі пішінде әзірленген алақаны бар,саусаққа сәндік үшін киілетін зергерлік бұйым.
Сақина-саусаққа салатын зергерлік бұйым.Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып,көбіне бетіне тас қондырылмайды.
Білезік-әйел адамдардың білек буынына тағатын әшекейлі,сәнді бұйым."Білезік" сөзінің шығу төркіні-білек және жүзік сөздерінен құралады ма деп тапшылаймыз.

III топ "моншақ"
"...Тақияға тізілтіп,
Тақты меруерт моншақты..."
Моншақ-мойынға тағылатын сәнді бұйым.Моншақ ұсақ,түрлі түсті,формасы да әртүрлі болады.Моншақ неолит дәуірінде мастан және сүйектен,қола дәуірінде металдан жасалған.
Сайыс жүрісі:
I.Таныстыру
1.Әр әшекейдің қадір қасиеті туралы
2.Жасалу жолы,күту
3.Көрініс I.Сырға салу
II.Құдағай жүзік
III.Көз моншақ
IV.Тұмар сақтау
Ән: Мен,қазақ қыздарына қайран қалам
II.Қолдан жасап көрсету
сым,жіп ,түрлі-түсті қағаз пластиленнен,түрлі-түсті бояудан
III.Қорытынды.
Марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |