«ontustik startup» инновациялық жобалар байқауын өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер



Дата10.04.2018
өлшемі189.17 Kb.

«ONTUSTIK STARTUP»

инновациялық жобалар байқауын өткізу туралы

Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже инновациялық жобалар байқауының (бұдан әрі - Байқау) мақсатын, міндеттерін, қатысушылар санатын, өткізу тәртібі мен талаптарын анықтайды.

2. Байқау ұйымдастырушысы - Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ОҚОФ, ОҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасы (бұдан әрі - Ұйымдастырушы).

3. Байқауға қатысуға өтінімдер 2017 жылдың 03 қарашадан бастап қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2017 жылдың 13 қарашаға дейін жалғасады.

4. Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ережелер бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.



2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
5. Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамассыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерді арттыру. Жастарды кәсіпкерлікке баулу.

6. Байқаудың міндеттері:

- ғалымдардың, инженерлік-техникалық жұмысшылардың, өнертапқыштардың, аспирант, студенттер мен оқушылардың инновациялық ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;

- жастарды ғылыми-зерттеу қызметі мен ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу;

- жастардың зияткерлік әулетін Қазақстан Республикасының ғылыми- техникалық және әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларын шешу жолында қолдануға жағдай жасау;

- отандық инновациялық жобаларды іске асыруда көмектесу, олардың коммерцияландыруына және ұлттық кәсіпорындарда енгізуге көмектесу;

- энергия және ресурс үнемдеу технологияларды, ғылымды қажет ететін

экономиканы дамытуға бағытталған прогрессивті және жаңашыл жобаларды қолдау.


3. Байқау бағыты

7. Байқауға қатысуға келесі тақырыптардағы инновациялық жобалар қабылданады:

- қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі;

- жасыл энергетика (энергетика және энергияны үнемдеу);

- химиялық технология, нанотехнология және биотехнология;

- өнеркәсіптік және құрылыстық технология және өндіріс;

- агроинновация (өнеркәсіптік технология және өндіріс);

- IT және авиағарыш технологиясы;

- медицина, медициналық техника және технология, фармация;

- табиғатты тиімді пайдалану, ресурсты үнемдеу;

- робототехника;

- жол қозғалысының қауіпсіздігі;

- үздік лайфхак;

- 3D баспа және жаңа материалдар;

- гаджеттерге арналған мобильдік қосымшалар;

- экологиялық инновация;

- наноимпульс – нанотехнологиядағы инновация;

- білімдегі инновация.

8. Жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңге.
4. Байқау қатысушылары

9. Байқауға 14 және 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының резиденттері қатыса алады.

10. Байқауға қатысуға жобаның бір авторымен қатар, 3 адамнан аспайтын авторлар тобы (авторлық топтың жетекшісі анықталуы тиіс) да жіберіледі.

11. Әр қатысушы бір өтінім жібере алады.

12. Байқауға реферат түріндегі жұмыстар қабылданбайды.

13. Байқауға жаңа материалдар, өнімдер, процестер, құрылымдар,

қызметтер, жүйелер немесе әдістер және олардың одан әрі жетілдіруі,

нәтижелерін коммерциялық тұрғыда қолдануға бағытталған ғылыми жобалар ұсынылады.

14. Байқауға қатысушылар мыналарды жүзеге асыруға құқылы:

Байқаудың өткізілу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;

Ереже тармақтары бойынша Ұйымдастырушыларға жүгінуге;

Байқауға қатысуға материалдар жіберуге.

15. Байқау қатысушыларының міндеттері:

Байқауға қатысуға ұсынылған Байқаудың міндеттері мен талаптарымен танысу; Осы Ережедегі талаптарға сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;

осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

16. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды

сақтамағаны үшін.
5. Байқау ұйымдастырушысы

17. Ұйымдастырушы:

Байқау туралы осы Ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала

отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға құқылы.

18. Ұйымдастырушының міндеттері:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария

етілуіне жол бермеу.

19. Байқау жеңімпазын анықтау мақсатында Ұйымдастырушы

қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
6. Конкурстық комиссия

20. Байқауды қорытындылау үшін Конкурстық комиссия құрылады.

Конкурстық комиссия белгілі қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері, кәсіпкерлерден, ғалымдардан құрылады.

21. Конкурстық комиссия құрамы ОҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының қаулысымен бекітіледі.

22. Байқаудың Конкурстық комиссиясы:

1) инновациялық критерийлері бойынша жобаларды іріктейді;

2) Байқауға ұсынылған жобаларды сараптайды;

3) қатысушылардың жобаларын бағалау критерийлері бойынша

бағалайды;

4) Сараптамалық комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша Құрама кесте жинақтайды.

23. Байқаудың Конкурстық комиссиясы:

1) іріктеуден өткен қатысушылардың жобалары бойынша баяндамаларды

тыңдайды;

2) қатысушылардың жобаларын бағалау критерийлері бойынша

бағалайды;

3) осы Ережеде сипатталған Байқаудың номинациялары бойынша

жеңімпаздарды анықтайды.

24. Байқауға қатысуға жіберілген өтінімдер бойынша ақпаратты анықтау мақсатында Эксперттік және Конкурстық комиссиялар Байқау

қатысушыларынан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
7. Өтінімге қойылатын талаптар

25. Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

27. Байқауға қатысуға өтінім ішінде келесі ақпарат болу керек:

1) осы Ереженің 1 Қосымшасына сәйкес форма бойынша қатысушының сауалнамасы;

2) жобаның сипаттамасы, құрамында:

жобаның атауы;

жобаның тематикалық бағыты;

жобаның жүзеге асырылуы орны;

жобаның мақсаты мен міндеттері;

жобаның өзектілігі;

әлеуметтік-экономикалық тиімділігі;

техникалық сипаттамалары мен технологиялардың баяндауы;

зияткерлік меншік жөніндегі ақпарат (бар болған жағдайда).

26. Бар болған жағдайда зияткерлік меншік құқығын растайтын құжаттар (патенттер, сертификаттар және т.б.), мінездеме, пікір, жобаға қатысты хаттамалар, БАҚ-та, ресми ғылыми мекемелер және мемлекеттік органдар сайттарында жарияланған ақпараттарға сілтемелер (бар болған жағдайда) Portable Document Format форматында сканерленген түрде осы өтінімге қоса тіркеледі.

27. Жобаның ендірілген тәжірибелі үлгісі бар болған жағдайда эскиз,

сызба, нұсқама, суреттер, видео (3 минуттан аспайтын), график, есептеме,

тестілеудің есебі (акт және хаттама) және т.б. қоса тіркеу қажет.

28. Жобалар Ұйымдастырушыға хабарландыруда көрсетілген мерзімінен

кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Байқау тақырыптарына сай келмейтін және

уақытынан кейін жіберілген материалдар Байқауға жіберілмейді.

29.Байқауға жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.
8. Байқаудың өткізілу тәртібі мен шарттары

30. Байқауға қатысуға өтінімдер 2017 жылдың 13 қарашаға дейін m.tursunbekova@palata.kz, ontustik-startup@mail.ru электронды мекенжайда қабылданады.

31. Байқауға өтінім жібергендер Ұйымдастырушыға Байқауға қатысу

жөніндегі өтінімді дайындау мен рәсімдеу мәселелері бойынша хабарласуға құқылы.

32. Өтінімдерді тіркеуден кейін, Байқау Ұйымдастырушысы материалдарды жинақтап, Конкурстық комиссияға ұсынады.

33. Байқаудың өткізілу тәртібі:

Байқаудың I кезеңіндегі өтінімдерді қарау Конкурстық комиссиясымен

жүргізіледі. Конкурстық комиссия мүшелерінің бағалау қорытындылары бойынша әрбір өтінім жиналған баллдарына байланысты іріктеліп, ең жоғары баллға ие 21 қатысушы жобаның II кезеңіне өткізіледі. Егер екі немесе одан көп қатысушы бірдей балл жинаса, I кезеңнің жеңімпаздары Конкурстық комиссия мүшелерінің ашық дауысқа салуымен анықталатын болады.

34. Байқаудың II кезеңінде (телевезизиялық форматта) қатысушылар өз жобаларын ауызша баяндама және презентация түрінде ұсынады. Уақыт тәртібі – 6 минуттан аспауы тиіс.

Байқау жеңімпаздарын анықтау қатысушылардың презентациясы мен баяндамаларын бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

Конкурстық комиссия шешімімен ең жоғары баллға ие 7 қатысушы жобаның III кезеңіне (финалдық) өткізіледі. Егер екі немесе одан көп қатысушы бірдей балл жинаса, II кезеңнің жеңімпаздары Конкурстық комиссия мүшелерінің ашық дауысқа салуымен анықталатын болады.

Байқаудың финалдық кезеңінде 7 қатысушы өз жобаларын Конкурстық комиссия алдында қорғайды. Қатысушылар өз жобаларын ауызша баяндама және презентация түрінде ұсынады. Уақыт тәртібі – 6 минуттан аспауы тиіс.

Байқау жеңімпаздарын анықтау қатысушылардың презентациясы мен баяндамаларын бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

35. Отырысқа Конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігі қатысқан жағдайда оның жұмысы заңды, ал шешімдері нақты болып табылады.

36. Байқау қатысушылары жобаларының бағалау қорытындылары комиссия хатшысына тапсырылып, қорытындылар хаттамасына жинақталады.

Жобаларды бағалау бойынша отырысқа қатысқан Конкурстық комиссия мүшелері және Конкурстық комиссия хатшысы қорытындылар хаттамасына қол қояды.


9. Байқауға қатысу жөніндегі өтінімдерді бағалау критерийлері

37. Бірінші кезеңге жіберілген инновациялық жобаның негізгі бағалау

өлшемдері:

Байқау қатысушыларының өтінімдерін бағалау критерийлері:

 Инновациялық жобаның жаңалығы және бірегейлігі;

 Инновациялық жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

нысаналы аудиториясы, атаулығы;

 бизнесте жұмыс істеу тәжірибесі (ұқсас бизнестегі жұмыс тәжірибесінің болғаны жақсы).

38. Байқау қатысушыларының өтінімдерін бағалаудың әр критерийі 0-ден (нөлден) 2-ге (екіге) дейінгі балдармен бағаланады, мұндағы 0 (нөл) – өтінімнің критерийге толықтай сәйкес келмейтінін, 1 (бір) – критерийге ішінара сәйкес келетінін, 2 (екі) критерийге толықтай сәйкес келетінін білдіреді.

39. Қандай да бір критерий бойынша ақпараттың аз болуы немесе жоқтығы тұтас алғанда инновациялық жобаға берілген баллдың төмендеуіне әсер етеді. Сарапшылардың қорытындысында көрсетілген қорытынды баға әр бағалау критерийі үшін жиналған баллдар қосындысынан құрылады.

40. Балдарының саны тең түскен өтінімдер болған жағдайда, Байқау қатысушыларын айқындау жөніндегі шешімді Байқау комиссиясының мүшелері қабылдайды.

41. Екінші кезеңге жіберілген инновациялық жобаның негізгі бағалау

өлшемдері:

Байқауқатысушыларының презентацияларынбағалау критерийлері:

 Инновациялық жобаның жаңалығы және бірегейлігі;

 Инновациялық жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

 ашылатын жұмыс орындарының саны;

 іс жүзіндегі нәтижелерге бағдарлануы: өтелімділігі, рентабельділігі, төлем қабілеттілігі және т.б.;

 нысаналы аудиториясы, атаулығы;

 бәсекелестері;

 бизнесте жұмыс істеу тәжірибесі (ұқсас бизнестегі жұмыс тәжірибесінің болғаны жақсы).

42. Байқау лауреатының бизнес-идеясын бағалаудың әр критерийі 1-ден (бірден) 10-ға (онға) дейінгі балдармен бағаланады.

43. Балдарының саны тең түскен Байқау қатысушыларының презентациялары болған жағдайда, Байқау лауреаттарын айқындау жөніндегі шешімді Байқау комиссиясының мүшелері қабылдайды.

44. Үшінші кезеңге жіберілген инновациялық жобаның негізгі бағалау

өлшемдері:

Байқау қатысушыларының презентацияларын бағалау критерийлері:

 Инновациялық жобаның жаңалығы және бірегейлігі;

 Инновациялық жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

 ашылатын жұмыс орындарының саны;

 іс жүзіндегі нәтижелерге бағдарлануы: өтелімділігі, рентабельділігі, төлем қабілеттілігі және т.б.;

 нысаналы аудиториясы, атаулығы;

 бәсекелестері;

 бизнесте жұмыс істеу тәжірибесі (ұқсас бизнестегі жұмыс тәжірибесінің болғаны жақсы).

45. Байқау лауреатының бизнес-идеясын бағалаудың әр критерийі 1-ден (бірден) 10-ға (онға) дейінгі балдармен бағаланады.

46. Балдарының саны тең түскен Байқау қатысушыларының презентациялары болған жағдайда, Байқау жеңімпаздарын айқындау жөніндегі шешімді Байқау комиссиясының мүшелері қабылдайды.
10. Байқау қорытындыларын шығару

46. Байқаудың екінші кезеңіне өткен барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

48. Байқаудың үшінші кезеңіне өткен барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, жеңімпаздарға қаржылай сыйақылар беріледі.

11. Байқауды өткізу уақыты мен кезеңдері

I кезең (2017 жылғы 03 қараша – 2017 жылғы 13 қараша) Байқауға қатысу

үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу;

Конкурстық іріктеу – 2017 ж. 14 қараша;

II кезең (2017 жылғы 15 қазан – 21 қарашаға дейін) жобаларды сараптау және іріктеу;

III кезең (2017 жылғы 27 қарашаға дейін) Байқаудың нәтижелерін бекіту, жеңімпаздарды марапаттау;


12. Медиа-ресурстар

Байқаудың ақпараттық қолдауын партияның медиа-ресурстары, ақпараттық серіктестері қамтамасыз етеді.


13. Ұйымдастырушының байланыс ақпараты

Байқау Ұйымдастырушысы: Байқауға қатысу үшін Шымкент қаласы, Қонаев бульвары, 83/1 орналасқан Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасында өтінім үлгісін толтыру қажет (эл.почта – m.tursunbekova@palata.kz, ontustik-startup@mail.ru).

Өтінім нысанының үлгісі, оны толтыру тәртібі және құжаттар топтамасының тізімі Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерінде бар.

Сондай-ақ сіз өтінім нысанын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының http://shymkent.atameken.kz ресми сайтынан жүктеп ала аласыз.



c:\users\karim\desktop\_rkjqlvbd7e.jpg


«Ontustik Startup» инновациялық жобалар байқауы» жөніндегі ережелердің

1 қосымшасы





«Ontustik Startup» инновациялық жобалар байқауының ұйымдастырушыларына



«Ontustik Startup» инновациялық жобалар байқауына қатысу жөніндегі өтінім
Беріліп отырған өтінімді қарастыруды және оны «Ontustik Startup» инновациялық жобалар байқауына қатысушылардың тізіміне қосуды сұраймын.


Өтінім берушінің аты-жөні (толықтай):




Жобалық топтың құрамы (болған жағдайда, Жобалық топтың барлық мүшелерінің аты- жөндері (толықтай), туған күндері көрсетілсін):




Өтінім берушінің тұрғылықты мекенжайы (іс жүзіндегі):




Өтінім берушінің пошталық мекенжайы:




Өтінім берушінің байланыс телефоны (үй):




Өтінім берушінің байланыс телефоны(ұялы):




Өтінім берушінің е-mail мекенжайы:




ЖК-ді тіркеу туралы куәліктің бар-жоғы (болған жағдайда, куәліктің көшірмесі қоса тіркелсін):




Ұсынылып отырған Инновациялық жобаның атауы:




Қызметтің түрі: (өндіріс, сатылымдар, қызметтер, т.б.):




Өтінім берушінің/Жобалық топ мүшелерінің инновациялық жобаға қатысы бар жұмыс тәжірибесі (болған жағдайда):




Инновациялық жобаның негізгі мәнісі (көп дегенде 400 сөз):




Инновациялық жобаның жаңалығы және бірегейлігі (көп дегенде 200 сөз):




Инновациялық жобаның әлеуметтік маңыздылығы:




Ашылатын жұмыс орындарының саны:




Нысаналы аудитория, клиенттер:




Бәсекелестер:




Инновациялық жобаны іске асыруға қажетті қаражат:




Қосымша ақпарат (жетістіктер, өткерілген қиындықтар, ұсынылып отырған инновациялық жобаныіске асырудағы жеке мақсат) (көп дегенде 200 сөз):




Презентация (доклад):




Осы өтінімге Өтінім берушінің/Жобалық топ мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін/көшірмелерін және түйіндемесін, түрлі-түсті суретті/суреттерді, сондай-ақ Өтінім берушінің/Жобалық топтың әр мүшесінің (дербес деректер субъектісінің/субъектілерінің) Байқау ұйымдастырушыларына өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге берілген, осы өтінімнің № 1 қосымшасы болып табылатын келісімді қоса тіркеймін.

Мен «Инновациялық жоба байқауы» Байқауы жөніндегі ережелерде жазылған Байқаудың талаптарымен танысқанымды және олармен келісетінімді растаймын.

Осы өтінімде берілген бүкіл ақпараттың шынайы және өтінім берілген сәтте қолданыста болғанын растаймын.

Мен «Ontustik Startup» инновациялық жобалар байқауының телевизиялық бағдарламасының түсіріліміне қатысуға келісемін.

Байқау комиссиясы мен қазылар алқасының мүшелері Байқаудың қатысушылары, Байқаудың жеңімпаздары жөнінде қабылдаған шешімдерінің түпкілікті болатынымен келісемін.
Өтінім берушінің аты-жөні (толықтай):

Қолы:



*өтінімнің әр бетіне қол қою қажет



Өтінімдерді бағалау хаттамасы

«Ontustik Startup» инновациялық жобалар байқауы» жөніндегі ережелердің

2 қосымшасы







Шымкент қ. « » _ 2017 ж.



Рет- тік





Өтінім берушінің аты- жөні


Ұсынылатын бизнес- идеяның атауы және оның мәнісі


1-критерий


2-критерий


3-критерий


4-критерий



Шешім

1






















2






















3























БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ:

  1. аты-жөні

  2. аты-жөні

  3. аты-жөні

  4. аты-жөні

  5. аты-жөні

  6. аты-жөні

  7. аты-жөні



«Ontustik Startup» инновациялық

жобалар байқауы»

жөніндегі ережелердің

3 қосымшасы



Байқау қатысушыларының презентацияларын бағалау хаттамасы
Шымкент қ. « » _ 2017ж.


Рет- тік





Өтінім берушінің аты- жөні


Ұсынылатын бизнес- идеяның атауы және оның мәнісі


1-критерий


2-критерий


3-критерий


4-критерий


5-критерий


6-критерий

7-критерий



Шешім

1































2
































БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ:

  1. аты-жөні

  2. аты-жөні

  3. аты-жөні

  4. аты-жөні

  5. аты-жөні

  6. аты-жөні

  7. аты-жөні


Ontustik Startup» инновациялық

жобалар байқауының

логотипі

c:\users\karim\desktop\_rkjqlvbd7e.jpg


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет