Өнімді инновацияларды ынталандыру



Дата07.11.2017
өлшемі275.1 Kb.





ЖІН-ге 5-қосымша










"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының

АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс

қатысушыларына арналған нұсқаулық

(АҒҚТ және КҒҚТ туралы Ереже)
ДҚҚДБ-нің №8463-KZ Қарыз туралы келісімі

2015 жыл 9 маусым

Астана қ., 2017

Мазмұны





Анықтамалар 2

I. Жалпы ережелер 5

II. Іріктеу жүргізу тәртібі 10

III. Шығындардың сипаттамасы 11

IV. Алаяқтық және сыбайлас жемқорлық 14

V. Кіші жобаларға экологиялық санаттардың берілуі туралы ақпарат 15














Анықтамалар

Бұл нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1. Жоба - «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы (ӨИЫЖ) Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі және Қазақстан Республикасы арасындағы 2015 жыл 9 маусымда жасалған. ҚР 2016 жыл 2 ақпандағы №450-IV Заңымен ратификацияланған Қарыз туралы келісім шеңберінде әзірленген.

2. Аға ғылыми қызметкерлер топтары және кіші қызметкерлер топтарына (бұдан әрі - АҒҚТ/КҒҚТ ГБ) арналған гранттық бағдарлама- таңдалған технологияларды коммерцияландыру мақсатында ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒҒТҚН) қаржыландырудың конкурстық жүйесі. АҒҚТ/КҒҚТ гранттары Қазақстанда технологияны коммерцияландыру нәтижелеріне жету мақсатында ҒЗТКЖ жүргізу үшін ғалымдардың пәнаралық командаларына, өндіріс пен бизнес өкілдеріне, т.б. берілетін болады.

3. Инновация («Осло нұсқаулығы») - белгілі бір жаңа немесе анағұрлым жақсы өнімді (тауар немесе қызметтер) немесе үдерісті, іскерлік тәжірибе, жұмыс орындарын ұйымдастыру және сыртқы байланыстарда жаңа маркетинг әдісін немесе жаңа ұйымдастыру тәсілін қолданысқа енгізу.

4. Коммерцияландыру - Қазақстан Республикасының «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңында Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру ретінде табыс табуға бағытталған нарыққа жаңа немесе жақсартылған тауарлар, үдерістер және қызметтерді шығару мақсатында зияткерлік қызметті қосқанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижелерін практикалық қолдануға қатысты қызмет анықталады.

5. Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес (бұдан әрі - ҒКХК) - Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі және Қазақстан Республикасы арасындағы 2015 жылы 9 маусымда жасалған, ҚР 2016 жылы 2 ақпандағы №450-IV Заңымен ратификацияланған Қарыз туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (әрі қарай - ҚР БҒМ) жанындағы тәуелсіз консультациялық орган. ҒКХК Жобаны іске асыру бойынша нұсқаулық (ЖІН) және ТҚІНЖ-де баяндалған талаптар, критерийлер, ұйымдық құрылым және жұмыс тәртібіне сәйкес АҒҚТ және КҒҚТ гранттары және PhD зерттеулерін жүргізу гранттарына үміткерлерді іріктеу, сондай-ақ, ғылым және коммерцияландыру бойынша олардың жұмысының барысын мониторингтеуді қосқанда Жобаның барлық ғылыми мәселелері бойынша нұсқаулықпен қамтамасыз етеді. ҒКХК Өндірістік сектор консорциумдары мен Инклюзивті инновациялар консорциумдары кіші жобаларын іріктеуде ҚР БҒМ-ді консультациялар беретін болады.

6. Грант - Жобаның гранттық бағдарламаларының мақсаттарын орындау үшін термин АҒҚТ және КҒҚТ кіші жобаларын іске асыру үшін берілетін шартты және өтеусіз қаржыландыру үшін қолданылады. Грант: і) АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықта (Гранттар жөнінде нұсқаулық) көрсетілген критерийлер және тәртіпке сәйкес іріктеледі, іі) Гранттар жөнінде нұсқаулықта көрсетілген және тиісті Грант туралы келісімде берілген тауарлар, консультациялық емес және консультациялық қызметтерді қаржыландыру үшін Гранттар жөнінде нұсқаулықта берілген критерийлерге сәйкес келетін АҒҚТ және КҒҚТ-на беріледі.

7. Грант алушы - грантқа конкурстық іріктеуден сәтті өткен және Грант туралы келісімге қол қойған өтінім беруші;

8. Өтінім беруші - тиісті гранттық бағдарлама шеңберінде өтінім беретін жеке (жеке тұлғалар тобы) және/немесе бірлескен ғылыми-зерттеу топтары;

9. Өтінім - гранттық қаржыландыруға арналған үміткерлердің конкурсқа беретін алдын ала және толық ұсыныстары;

10. Кіші жоба - грант алушының конкурстық іріктеуден өткен соң және Грант туралы келісімге қол қойған соң жүзеге асыратын жобаның қаражаты есебінен қаржыландырылатын технологияны коммерцияландыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

11. Алдын ала ұсыныс - ӨИЫЖ-ның Порталында толтырылатын Конкурстың бірінші кезеңіне арналған өтінім;

12. Толық ұсыныс - Порталда толтырылатын конкурстың екінші кезеңіне арналған өтінім;

13. Грант туралы келісім - ҚР БҒМ Ғылым комитеті мен грант алушы арасындағы белгілі бір кіші жобаны іске асыру үшін гранттық қаржыландыру туралы келісім;

14. Консультант - Жоба компоненттері аясында консультациялық қызметтер үшін тартылатын халықаралық немесе отандық сарапшы;

15. Технология - жаңа немесе жақсартылған тауарлар, жұмыстар және қызметтерді алуға мүкіндік беретін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін үдеріс және (немесе) жабдық кешені;

16. Табиғатты қорғау Іс-шараларының Негіздемелік Жоспары (бұдан әрі - ТҚІНЖ) ӨИЫЖ үшін арнайы әзірленген, жеке кіші жобаларды экологиялық тексеру және экологиялық бағалау тәртібін, Дүниежүзілік банктің талаптарын және жергілікті экологиялық қауіпсіздік ережелерін көрсететін құжат болып табылады. ТҚІНЖ ЖІН-ң ажырамас бөлігі болуы тиіс.

I. Жалпы ережелер


1. АҒҚТ және КҒҚТ Грант бағдарламасының мақсаты қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен кәсіпкерлердің пәнаралық командаларына ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының және Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын өзге де мекемелерінің ҒЗТКЖ перспективалы нәтижелерін коммерцияландыруда қолдау көрсету болып табылады. Бағдарлама өндіріспен, отандық және жаһандық нарықтармен байланыстарды нығайтуға бағытталған ғылымның басым бағыттары бойынша отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруды ынталандыруға бағытталған. Бағдарлама белсенді халықаралық ынтымақтастықты қолдайды.

2. Гранттық бағдарламаларының мақсаттарына мынадай іс-шаралар нәтижесінде қол жеткізуге болады:


  • Кіші жоба нәтижелерін коммерцияландыруға қол жеткізу үшін ғалымдар мен кәсіпкерлер тобын қалыптастыру;

  • Зерттеу үшін зертханалық жабдықтарды жалға алу. Өндіріс орындарын пилоттық өндіріс үшін жалға алуды қоса алғанда Қазақстан Республикасының ҰИЖ қолданыстағы ғылыми инфрақұрылымын пайдалану;

  • Заманауи эксперименталды жабдықтарды (тәжірибелік-өндірістік) сатып алу және техникалық қызмет көрсету. Сонымен қатар, зертханалық жабдықтар осы гранттық бағдарламасының қаржыландыруында басымдыққа ие болмайды;

  • Өнеркәсіптік ҒЗТҚЖ жүргізу және өнеркәсіптік үлгі алу;

  • Нарыққа табысты шығу үшін нарық қонъюнктурасын зерттеу, әлеуетті өнім/қызмет/нарықты табуды қарастыратын өтінімдер маңызды болып табылады;

  • Технологияны/өнімді және т.б. өндіріске енгізу үшін әлеуетті халықаралық әріптестерді іздеу;

  • Одан әрі іске асыру мақсатында дайын өнім өндіру немесе қызмет көрсету;

  • Өнімді/өндірісті сертификаттау және стандарттау;

  • Ғылыми зерттеулер сапасын арттыру үшін арнайы маманданған шетелдік мамандар/ғалымдарды тарту;

  • Әлемдік нарықта ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ілгерілету үшін халықаралық көрмелер мен семинарларға қатысу;

  • Зияткерлік меншікті қорғау және лицензиялық келісімдерді рәсімдеу;

  • Коммерцияландыру мамандарының біліктілігін арттыру және сертификаттау бойынша шығындар.

3. Гранттың түрлері мен максималды сомалары мынадай:

- АҒҚТ гранты 230 000 000 (екі жүз отыз миллион) теңге;

- КҒҚТ гранты 180 000 000 (жүз сексен миллион) теңге.

Әрбір топтың қаржыландыру көлемі ұсынылатын жұмыстардың көлемі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Сұралған қаражат көлемі ХҒКК алдында презентация түрінде қорғалады және негізделеді. Топтар келісілген жүзеге асыру кезеңдерінің табысты өтуімен байланысты үш жылға дейін қаржыландыру алады. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің зерттеулердің қанағаттанарлықсыз нәтижелеріне немесе грант туралы келiсiмнiң шарттарын бұзудың анықталған фактілеріне, сондай-ақ өнім/қызметті одан әрі коммерцияландыру үшін мүмкіндіктердің жоқтығына байланысты ХҒКК ұсынымдары бойынша кіші жоба үшiн қаржыландыруды тоқтатуға/тоқтата тұруға құқығы бар. Қоса қаржыландырудың болуы гранттық бағдарламаның 2 раунды үшін міндетті болып табылады және АҒҚТ және КҒҚТ Грантын алуға конкурсқа қатысушыларға арналған нұсқаулықта көрсетілген.

4. Грант берудің максималды мерзімі - 3 жыл.

5. Грант туралы келісімге қол койғанға дейін грант алушы мыналарды орындауы тиіс:

а. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – Серіктестік) түрінде заңды тұлғаны құру;

б. Грант алушы екінші деңгейдегі банктерде ұлттық валютада арнайы шот (бұдан әрі - арнайы шот) ашуы керек. Арнайы шот – бұл екінші деңгейдегі банкте кіші жобаны қаржыландыру және есептілікті қамтамасыз ету мақсатында ғана ғана ашылған жеке шот.

Келісім жасасу алдында Өтінім беруші төлем кестесіне сәйкес бұрын жарияланған қоса қаржыландыру көлемінің болуын растау керек. Бұл үшін, Өтінім беруші заңды тұлғаны құрғаннан кейін өтінімде бекітілген кестеге сәйкес, кіші жоба бойынша қоса қаржыландыру қаржысы жинақталатын осы заңды тұлғаның жеке есеп айырысу шотын ашады. Осы есеп айырысу шотына өтінім берушінің өз қаражаты және/немесе серіктестің қоса қаржыландыру қаражаты салынады. Егер де қоса қаржыландыру қаражаты серіктес тарапынан берілетін болса, жаңадан құрылған заңды тұлға мен серіктес арасында ынтымақтастық туралы келісім немесе төлем кестесіне сәйкес қаржыландыру мөлшері мен шарттарын растайтын басқа құжат жасалады.

Осы келісімнің немесе басқа құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі ЖБТ-ға тапсырылады. Жарияланған қоса қаржыландырудың болмауы жобаны қабылдамау үшін негіз болып табылады.

Технологияларға тапсырыс беруші болған жағдайда, Грант туралы келісімге қол койғанға дейін, жаңадан құрылған заңды тұлға немесе/және бизнес әріптес пен Технологияларға тапсырыс беруші арасындағы келісімнің немесе ынтымақтастықты растайтын басқа құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі тапсырылуы керек.

Осы келісімнің немесе басқа құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі ЖБТ-ға тапсырылады.

Іріктеу кезінде мынадай жобалар басымдыққа ие болады:


  • беріліп отырған кіші жоба бойынша зерттеулері аяқталған зертханалық жағдайында дәлелденген нәтижелері немесе технологиялар трансферті жағдайында басқа елдерде коммерцияландырылған нәтижелері бар. Ұсынылған технология немесе инновациялар мен даму фазасы бойынша тиісті құжаттама технологиясын дәлел ретінде қоса тіркелуге тиіс.

  • Ұсынылған технология немесе инновация және әзірлеу кезеңдері (патент немесе патенттік өтінімдер, сертификаттар, жарияланымдар, техникалық сызбалар мен жобалар, пайдалану сынақтарының нәтижелері, прототипті тестілеу) туралы тиісті құжаттамаларды технология дәлелі ретінде қоса беру қажет. Ілеспе құжаттаманың болмауы жобаның басымдығын айтарлықтай азайтады.

  • айтарлықтай ғылыми жетістіктері бар және өнеркәсіптік сынақтар жүргізуге дәлелденген әлеуеті бар;

  • әзірлемені аяқтау және ұсынылған технологияны/инновацияны/өнімді/қызметті коммерцияландыру жобаның 3-жылдық кезеңінде мүмкін екендігіне жеткілікті дәлелдемелері бар;

  • жобаны қоса қаржыландыруға дайын бизнес-әріптесі (тері) бар;

  • жергілікті және/немесе сыртқы нарықтарға бәсекеге қабілетті өнім немесе қызмет көрсетуге бағытталған;

  • ұсынылып отырған технологияға/инновацияға/өнімге әлеуетті тапсырыс берушілер тарапынан қызығушылығы бар;

  • Қазақстанның ғылыми, экономикалық және өнеркәсіптік дамуы үшін өзекті және жергілікті және/немесе шетелдік коммерциялық компаниялармен серіктестік орнатуға әлеуеті бар;

  • Қазақстан Республикасы аумағында іске асырылатын.

Мынадай кіші жобалар:

- ғалымдардың жаңа ұрпағын даярлау мақсатында түлектер мен университет студенттері зерттеулерге тарту;

- пәнаралық зерттеулер жүргізуде әлеуеті мен мүдделілігі бар;

- жоғары оқу орындарында, орта мектептерде және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру бойынша іс-шаралар қарастырылған кіші жобалар ынталандырылатынын болады.

Әрбір кіші жоба:

- ХҒКК таңдап алынуы, бағалануы және осы нұсқаулықта және Дүниежүзілік Банктің ережелерінде қарастырылған қағидаттары мен рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылуы;

- ТҚІНЖ талаптарына сәйкес келуі және жүзеге асырылуы тиіс.

6. АҒҚТ-ға қойылатын талаптар: топ саны 7 адамнан артық емес штатта жасақталуы және топ жетекшісін қоса алғанда топ құрамының кемінде 50%-ы Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс. Кіші жобада штат санының 7 адамнан артық болуы ХҒКК алдында жеке негізделеді және Грант туралы келісімде көрсетіледі. Сондай-ақ кіші жобаларды іріктеп алу бойынша хабарландыруда қаржыландырудың шекті көлемінсіз болжамды бюджет көрсетілуі тиіс. Рецензияланатын журналдарда жарияланымдары (команда жетекшісінің немесе мүшесінің халықаралық журналдарда жарияланымдарының болуы артықшылық береді), ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе PhD дәрежесі, Грант туралы келiсiмге қол қою кезінде 35 жастан асқан, ҒҒТҚН коммерцияландыруға қабілетті командасы бар адам кіші жобаның жетекшісі бола алады. АҒҚТ жетекшісінің әлеуетін ХҒКК кіші жобаны табысты іске асыруға әсер ететін барлық факторларды ескере отырып бағалайтын болады.

Топ құрамына мынадай мамандар кіруі тиіс:

- бизнесте тәжірибесі бар (3 жылдан кем емес), маркетингтік зерттеулер жүргізуге қабілетті, маркетингтік стратегия, коммерцияландырудың бизнес-үлгісін жасауға қабілетті және сатуға қол жеткізуге және/немесе инвестициялар тартуға қабілетті коммерцияландыру жөніндегі маман. Коммерцияландыру жөніндегі маман технологияларды коммерцияландару бойынша нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады және оның кандитурасын тек қана ЖБТ және бекітеді. ЖБТ коммерцияландыру жөніндегі маман үшін кіші жобаны қаржыландыру көлемінде ынталандыру пакеті үлгісін әзірлейтін болады. Коммерцияландыру жөніндегі маманның жұмысы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда ЖБТ оны ұстап тұру шығындарын жаңа маманның кандидатурасы бекітілгенге дейінге тоқтата алады.

- аға ғылыми қызметкер - ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе PhD дәрежесі бар, зерттеу жұмыстары бойынша 5 жылдан кем емес тәжірибесі бар ғалым;

- кіші ғылыми қызметкер - ғылым кандидаты немесе PhD дәрежесі, зерттеу жұмыстары бойынша 2 жылдан кем емес тәжірибесі бар ғалым;

- зерттеуші - осы мәселе бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысушы қызметкер, студент, магистрант немесе аспирант;

- инженер/технолог - 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, өндірістік процестерді дамыту және ұйымдастырумен айналысатын маман.


7. КҒҚТ-ға қойылатын талаптар: топ саны 7 адамнан артық емес штатта жасақталуы және топ жетекшісін қоса алғанда топ құрамының кемінде 50%-ы Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс. Кіші жобада штат санының 7 адамнан артық болуы ХҒКК алдында жеке негізделеді және Грант туралы келісімде көрсетіледі. Жобаның жетекшісі Грант туралы келiсiмге қол қою кезінде жасы 35-тен аспаған, ғылым кандидаты, PhD, магистр, жоғары білімді маман дәрежесі және 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, ҒҒТҚН коммерцияландыруға қабілетті командасы бар ғалым болуы тиіс. АҒҚТ жетекшісінің әлеуетін ХҒКК кіші жобаны табысты іске асыруға әсер ететін барлық факторларды ескере отырып бағалайтын болады. Жоба жетекшісін ауыстыру мәселесі ХҒКК-пен келісілуі тиіс.

Топ құрамына мынадай мамандар кіруі тиіс:

- бизнес саласында жұмыс тәжірибесі бар (3 жылдан кем емес), маркетингтік зерттеулер жүргізуге қабілетті, маркетингтік стратегия, коммерцияландырудың бизнес-үлгісін жасауға қабілетті және сатуға қол жеткізуге және/немесе инвестициялар тартуға қабілетті коммерцияландыру жөніндегі маман. Коммерцияландыру жөніндегі маман технологияларды коммерцияландару бойынша нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады және оның кандитурасын тек қана ЖБТ және бекітеді. ЖБТ коммерцияландыру жөніндегі маман үшін кіші жобаны қаржыландыру көлемінде ынталандыру пакеті үлгісін әзірлейтін болады. Коммерцияландыру жөніндегі маманның жұмысы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда ЖБТ оны ұстап тұру шығындарын жаңа маманның кандидатурасы бекітілгенге дейінге тоқтата алады.

- кіші ғылыми қызметкер - ғылым кандидаты немесе PhD дәрежесі, зерттеу жұмыстары бойынша 2 жылдан кем емес тәжірибесі бар ғалым;

- зерттеуші - осы мәселе бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысушы қызметкер, студент, магистрант немесе аспирант;

- инженер/технолог - 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, өндірістік процестерді дамыту және ұйымдастырумен айналысатын маман.

Жоба жетекшісін қоспағанда, Топ қызметкерлерін ауыстыру ЖБТ-мен келісілуі тиіс. Өтінім беру кезінде бір қызметкер тек қана бір кіші жобаға қатыса алады.

8. Кіші жоба басшысын ХҒКК бағалайтын болады. Кіші жоба басшысы және кіші жобаны іске асыру үшін құрылған заңды тұлғаның бірінші басшысы кіші жоба мақсатына қол жеткізуге, қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландырылуына тікелей жауапты. Кіші жоба басшысы Қазақстанда 1 айдан астам мерзім болмаған (шетелдерде оқу, тұрғылықты жерін өзгерту және т.б.) немесе қандай да бір себептермен өзінің функционалдық міндеттерін атқара алмаған (балаға күтім жасау бойынша еңбек демалысы, сырқаттану, өлім және т.б.) жағдайда ХҒКК келісімі бойынша кіші жоба басшысы сәйкес біліктілігі және тәжірибесі бар басқа маманға ауыстырылады. ХҒКК кіші жоба басшысын бекіту немесе ауыстыру туралы соңғы шешімді кандидаттың әлеуетін бағалау негіздемесіне сүйене отырып қабылдайды.

Кіші жоба басшысының Қазақстаннан тыс жерлерде (кіші жобаны іске асыруға қажетті мерзімнің 50%-нан артық мерзімге) болуы кіші жоба жабылуына және гранттық қаражаттың қайтарылуына әкеп соғады. Кіші жоба басшысы кіші жобада 100% жұмыс істеуі тиіс.

9. Топта Технологияға тапсырыс беруші болуы мүмкін. Технологияға тапсырыс беруші – кіші жоба әзірлеген соңғы өнімді/технологияны/қызметті сатып алуға, немесе лицензиялық келісім немесе коммерциялық қолданудың басқа да үлгілерін жасауға қызығушылық білдірген жеке немесе заңды тұлға.


II. Іріктеу жүргізу тәртібі

10. Конкурсқа қатысушылардың санын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жүргізіліп, Жобаның және ҚР БҒМ ҒК сайттарында бекітілген үлгі бойынша конкурс шарттары сипатталған хабарландыру жарияланады (Дүниежүзілік Банкпен келісілуге тиіс). Содан кейін кем дегенде 20 жұмыс күнінің ішінде ағылшын және мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жоба Порталында (бұдан әрі - Портал) алдын ала ұсыныстарды қабылдау жүзеге асырылады. Бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету және ұсыныстар көлемін арттыру үшін, сондай-ақ өтінімдерді берумен байланысты техникалық проблемалар болған жағдайда ҚР БҒМ ҒК (ЖБТ) өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартуға құқылы.

11. Өтініш берушінің тарапынан немесе оның бизнес серіктес/инвесторы жағынан ақшалай түрде қаржыландыру болған жағдайда ақша қаражататының бар болуын растайтын құжаттар немесе грант қаражатын алған жағдайда бизнес серіктес/инвестордың қажет соманы қаржыландыру туралы кепілдік хаты ұсынылады. Технологияға тапсырыс беруші бар болған жағдайда Өтінім беруші конкурс кезінде технологияға Тапсырыс берушімен ынтымақтастық ниетін растайтын хат көшірмесін ұсынады.

12. Алдын ала ұсыныстарды қабылдау және қарау Портал арқылы тек электронды түрде жүзеге асырылатын болады.

13. Алдын ала ұсыныстар белгіленген әкімшілік өлшемдер бойынша қаралады:


  • Кіші жобаның жетекшісі Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;

  • Бір ғана өтініш беруші екі және одан да көп кіші жобаларға қатыса алмайды;

  • АҒҚТ және КҒҚТ гранттық қаржыландыру бағдарламаласы аясында топ мүшелері тек бір алдын-ала ұсынысқа енгізілуі мүмкін;

  • Бағдарлама аясында басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша бұрын қаржыландыру алған жобалар қаржыландырылмайды;

  • темекі, алкоголь өнімдерін, қару-жарақ және оқ-дәрілер өндірумен және/немесе сатумен, құмар ойындар және қосарланған мақсаттағы тауарларға қатысы бар жобалар қаржыландырылмайды;

  • мәжбүрлеп қоныс аударуға қатысы бар жобалар қаржыландырмайды;

  • алып келуі мүмкін Дүниежүзілік Банктің Қауіпсіздік саясатына сәйкес экологияның елеулі нашарлауына санаты "А" ретінде жіктелген жобалар қаржыландырылмайды. Алдын-ала экологиялық бағалау өткізудің нысанасы ұсыныс пакетінің бір бөлігі болып табылады. Ол Кіші жобаның пайда алушыларына жіберілуі тиіс;

  • ТҚІНЖ бойынша жарамсыз деп анықталған, Дүниежүзілік Банктің Ерекше тізімінде аталған жобалар қаржыландырылмайды;

  • Аталған Нұсқаулықпен бекітілген тіілде алдын ала ұсыныстың болуы (ағылшын, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде).

Алдын ала ұсыныстар әкімшілік талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өтінімді ЖБТ қабылдамайды.

14. Кіші жоба аясындағы барлық құрылатын немесе берілетін (мысалы, Құқықты басқаға беру туралы шарт) зияткерлік меншік нысандары грант алушылардың Серіктестігіне тіркелуі тиіс.

Сараптама әдістемесін ХҒКК әзірлейді және жобаны іске асыру барысында толықтырады.

ХҒКК мүшелері алдын ала ұсыныстарды бағалау нәтижесінде конкурстың келесі кезеңіне жіберілген алдын-ала ұсыныстардың қысқа тізімі әзірленеді.

Алдын ала ұсыныстардың бағалау нәтижелері Порталда жарияланады. Іріктеуден өткен өтініш берушілер толық ұсыныс және ауызша презентацияны дайындайды.

15. Толық ұсыныста сұратылған гранттың сомасын өзгертуге болмайды, өтінім берушіге гранттық қаражатты шығындар санаттары бойынша қолайлы түзетуге болады.

16. Толық ұсыныстарды Қабылдау мерзімі ХҒКК-мен анықталады және Порталда жарияланады. Толық ұсыныстар мемлекеттік немесе орыс және ағылшын тілдерінде Портал арқылы толтырылады. Бекітілген мерзімнен кейін жіберілген толық ұсыныстар кері қайтарылылатын болады.

Толық ұсыныстар мен презентацияларды ХҒКК мүшелері бағалайды. ХҒКК мүшелері алдында жобаларды таныстыру Порталда жарияланған кестеге сәйкес өткізіледі. Жобаларды таныстыру іріктеудің соңғы кезеңі болып табылады. ЖБТ өкілдері шешім қабылдау құқығынсыз презентацияларды тыңдауға қатыса алады (қаржыландыру көлемін және кіші жобаларды іске асыру мерзімдерін нақтылау үшін).

ХҒКК мүшелері кіші жобаның іске асыру мерзімдеріне және қаржыландыру көлеміне түзету енгізуге, өтініш берушілерге жобаларды қаржыландыру үшін орындалуы тиіс шарттарды қоюға құқылы. Презентациялар аяқталған соң, қаржыландыруға ұсынылатын жеңімпаздардың тізімі жасалып, ҚР БҒМ ҒК тиісті грант туралы келісімдерді жасасу үшін жіберіледі. Бұл ретте, ҚР БҒМ ҒК мына себептер негізінде кіші жобаны кез келген сатысында қабылдамауға құқылы: а) ұқсас қызмет үшін бұрын қаржыландыру алғаны расталған жағдайларда; б) алаяқтық жағдайларында; в) қатысушылардың негізгі құрамы өзгергенде; г) прогресс болмағанда; д) қаражаттың заңсыз иемдену жағдайларында; е) ХҒКК келісімі бойынша, жобаның бастапқыда мәлімделген бағытынан елеулі ауытқығанда. Кіші жоба жеңімпаздарының тізімі Порталда жарияланады. Басқа өтінім берушілердің барлығына Портал немесе электрондық пошта арқылы өтінімге қатысты кері байланыс берілетін болады.

III. Шығындардың сипаттамасы



Дербес сыйақы

- Салықтар, алымдар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қосқанда, кіші жоба басшысының сыйақысы айына 550 000 теңгеден аспауы тиіс.

- Салықтар, алымдар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қосқанда, коммерцияландыру бойынша маман, инженер/технолог, аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкердің сыйақысы айына 400 000 теңгеден аспауы тиіс.

- Салықтар, алымдар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қосқанда, зерттеуші (жұмылдырылатын студенттер) сыйақысы айына 200 000 теңгеден аспауы тиіс.

Жоғарыда көрсетілген сыйақылар толық жұмыс күніне есептелген. Қызметкер толық емес жұмыс күніне тартылатын болса, оған берілетін сыйақының өлшемі де пропорционалды түрде азаяды. Жалған шарттарды әзірлеу жағдайлары қаржыландырудың толық тоқтатылуына әкелуі мүмкін. Грант қаражатынан сыйақыларды, демалыс, жәрдемақы, материалдық көмек ақыларын төлеуге тыйым салынады (ЖБТ-ның келісімімен, коммерцияландыру бойынша нәтижелерге қол жеткізгені үшін технологияны коммерцияландыру бойынша маманды қоспағанда).

Жабдық

Зертханалық зерттеулер үшін жеке меншік жабдықтар, немесе, ҚР-да аналогтары болмаса, шетелдік зертханаларды қосқанда, ашық типті зертханалардың жабдықтары қолданылады. Бұл санат бойынша жабдықтарды, компьютерлерді, кеңсе жиһаздарын және аксессуарлар, қосалқы бөлшектерді сатып алу, салықтар, алымдар, көліктік шығындар, кедендік тазарту (кедендік брокерлердің қызметтері), сақтау, орнату, монтаж және толық жөндеу шығындары қаржыландырылады. Егер жабдық ақысыз алынатын болса, оны жеткізу, орнату, монтаждау, жөндеу және қосу бойынша шығындар қаржыландырылады. Кіші жүйе сәтті іске асырылған болса, аяқталған соң, сатып алынған барлық жабдықтар Серіктестіктің меншігінде қалады. Шетелдік жабдықтарды қолдану қажеттілігі туындаған болса, жалға алу және соған байланысты логистикалық шығындар төленеді. Грант қаражатынан көлік құралдарын (ҒКХК-мен келісілетін) кіші жоба үшін қажетті арнайы техниканы қоспағанда), жер телімдерін және жылжымайтын мүлікті сатып алуға тыйым салынады.



Грант қаражаттары есебінен сатып алынатын құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар:

- жабдық жаңа және ҒЗТКЖ мақсаттарына сәйкес келуі тиіс;

- құрал-жабдықтың барлық қажетті агрегаттары болуы тиіс;

- жабдықты жеткізу, орнату және іске қосу (инсталляция) және жобаны іске асырудың барлық кезеңі үшін қызмет көрсету құны сатып алынатын жабдықтардың құнына кіруі тиіс;

- жабдықтың құнына елеулі зиян келтірусіз бөлшектеу және қайта жөндеу мүмкіндігі қарастырылуы қажет;

- жабдық шығарылатын өнімдердің қазақстандық немесе халықаралық стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етуі тиіс;

- зауыт-өндірушінің немесе Қазақстан Республикасы аумағындағы ресми дилердің сертификаты міндетті түрде болуы тиіс;

- кепілді және сатудан кейінгі кепілді қызмет көрсету, персоналды оқыту, жедел жөндеу, ақаулықтарды жою, т.б. мүмкіндігі міндетті түрде болуы тиіс т.б.

- жабдықтың орнатылуы және қызмет етуі табиғат қорғау стандарттары мен талаптарына сәйкес келуі тиіс

Зертханалық және шығын материалдары

Бұл санат бойынша, салықтар, алымдар, көліктік шығындар, кедендік тазалауды (кедендік брокерлер) қоса алғанда, зертханалық шығын материалдарын, зертханалық ыдыстарды, керек-жарақтарды, кеңсе тауарларын, жуу құралдарын, сондай-ақ картридждерді, т.б. сатып алу және сақтау қаржыландырылады.

Зертханалық қызмет ТҚІНЖ-ң G Қосымшасына (Зертханаларда қалпына келтіру жұмыстары салдарын жеңілдету бойынша шараларды орындау және зертханалда жұмыс бойынша озық халықаралық тәжірибе) сәйкес болуы тиіс.

Іссапар шығындары

Бұл санат бойынша кіші жобаны іске асыруға қатысты ҚР және одан тыс іссапарға шығудағы шығындар, визаны алу үшін төлемдер, консулдық алымдар, семинарлар, конференцияларда қатысу үшін тіркеу жарналары үшін төлемдер қаржыландырылады. Топтың қызметкерлері үшін де мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін мекемелердің қызметкерлері үшін бекітілген тәуліктік ақы, тұрғын-жай және жол ақысының нормалары қолданылады. ҚР-дан тыс шетелдерге іссапарлар ЖБТ-мен келісіледі. ЖБТ-ның рұқсатынсыз ҚР-нан тыс мемлекетке іссапарға барған жағдайда, шығындарды кіші жобаның есептеу шотына қайтару қажет.



Кіші құрылыс жұмыстары

Қосымша инфрақұрылымды жөндеу, соның ішінде құрылыс материалдарын сатып алу, жабдықтарды орнату және басқа да шығындармен байланысты аудандар мен кеңістіктерді жаңғыртуға арналған төлемдер қаржыландырылады. Осы санаттағы шығындар жалпы қаржыландырудың 5%-нан аспауы тиіс. Ғимараттарды жөндеу және жаңғыртуға байланысты барлық жұмыстар ТҚІНЖ-ға сәйкес жүргізілуі тиіс.



Консультанттарды жалдау

Консультанттарды жалдау кіші жобаның құрамында мұндай мамандардың болмаған жағдайында жүзеге асырылады және ЖБТ келісімімен ғана ғылыми-техникалық мәселелер және ҒҒТҚН коммерцияландыру мәселелрі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жалданатын консультанттың қызмет аясы кіші жобаның тақырыбына сәйкес болуы тиіс.



Патенттер мен басылымдарды тіркеу

Патенттік қызметті қолдау, ұсыну, қабылдау және төлеуге байланысты қаржыландырылатын шығындарды осы санатта пайдаланады. Алайда, кіші жоба тақырыбына сәйкес келетін патенттік өтінімдерді ғана төлеуге рұқсат етіледі. Кіші жоба аясында құрылатын барлық зияткерлік меншік (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) заңды тұлға болуы керек.

Шығындардың бұл санатына зерттеу нәтижелерін рецензияланатын журналдарда жариялау құны кіреді. Қорғау құжатын алуға өтінімді беруден бұрын ашық баспасөзде материалдарды, құрылған зияткерлік меншік нысандарын жариялауға тыйым салынады. Кіші жоба аясында жарияланған барлық материалдардың мынадай сілтемесі болуы тиіс: «Бұл басылым Дүниежүзілік банк және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен іске асырылатын «Өнімді инновациялар ынталандыру» жобасының шеңберінде қаржыландырылатын (Кіші жобаның атауы) кіші жоба аясында жарияланып отыр.» Өтінімдер Дүниежүзілік банк және/немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми позициясын көрсетпеуі мүмкін.

Оқыту және семинарлар

Бұл санат бойынша топтың өзі өткізетін осы кіші жобаның тақырыбына қатысты семинарлардың шығындары және топ мүшелерінің біліктілікті арттыру курстарына және басқа ұйымдар ұйымдастырған тренингтер мен семинарларға қатысу құны төленуі мүмкін. ҚР аумағынан тыс өткізілетін семинарларға, тренингтерге және оқыту курстарына қатысу ЖБТ-мен келісіледі. ЖБТ-ның рұқсатынсыз ҚР аумағынан тыс өткізілген семинарлар, тренингтер және оқыту курстарына қатысу жағдайындағы шығындар кіші жобаның есептеу шотына қайтарылуы тиіс.



Бөгде ұйымдар мен тұлғалардың қызметтері

Бұл санат бойынша, өнімді стандарттау және сертификаттауды қосқанда, кіші жобаны іске асыруға қажетті бөгде ұйымдардың қызметтерін сатып алу қаржыландырылады. Тым жоғары бағадағы, сондай ақ жеткізушінің лицензиялау, аккредиттеу, сертификаттау саласы бойынша тиісті рұқсат құжаттарынсыз қызметтерді сатып алуға тыйым салынады.



Үстеме және басқа да шығындар

Үстеме шығындар Грант сомасының 20%-нан аспауы тиіс және кеңсе, зертханалық үй-жайлар, коммуналдық қызметтер, почталық қызметтер, байланыс қызметтері және телекоммуникациялық қызметтер, картридждерді толтыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, компьютерлер мен кеңсе техникасын сатып алу және техникалық қолдау, бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтері, бухгалтерлік, аударма қызметтері, сондай ақ, салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді, банктік қызметтерді, кіші жобаны іске асыруға қатысты басқа да шығындарды қамтиды. Грант қаражатын топтың салықтық міндеттерін жабу үшін, оның ішінде мүліктік, жер және көліктік салықтарды төлеу үшін пайдалануға тыйым салынады. Оған қоса, бұл санаттан зертханалық және кеңсе жиһазын алуға рұқсат етіледі.



Қоса қаржыландыру қаражатынан төленетін шығындар

Қоса қаржыландыру қаражатынан төмендегі шығындар категориясын қаржыландыруға болады:



  1. Құрал-жабдық;

  2. Зертханалық және шығындық материалдар;

  3. Іссапар шығындары;

  4. Өндірістік және зертханалық жабдықтарды орнатуға, жөндеуге байланысты құрылыс-жөндеу жұмыстары;

  5. Стандарттау және сертификаттау;

  6. Ғимаратты жалға алу, жалға алынатын ғимарат қоса қаржыландыруды ұсынатын ұйымның жеке меншігі/оған қатысты болмауы тиіс;

  7. Жалақы;

Сонымен қатар, қоса қаржыландыру қаражатынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу Дүниежүзілік Банктің сатып алу ережелеріне сәйкес, Грант алушыларға арналған фидуциарлық нұсқамаға сай жүргізілуі тиіс.

IV. Алаяқтық және сыбайлас жемқорлық

Жоба аясында Грант алушы, сондай-ақ жобаға қатысушы, жеткізушілер және кеңесшілер, сатып алу және келісім-шарттарды орындау кезінде ең жоғары этикалық нормаларды сақтауға тиіс. Осы саясаттың арқасында, Банк төменде көрсетілген мынадай шарттарды қамтамасыз етеді:



  1. «сыбайлас жемқорлық» басқа тараптың іс-әрекеттеріне ықпал ету мақсатында қандай болса да құнды затты тікелей немесе жанама түрде ұсынуды, тартуды, алуды немесе бопсалаушылықты білдіреді;

  2. «алаяқтық» әдейі немесе абайсызда адастыратын немесе, ең алдымен, қаржылық немесе басқа да пайда алу үшін басқа тарапты адастыру немесе міндеттемелерді болдырмау үшін жасалған әрекет немесе әрекетсіздікті білдіреді;

  3. «сөз байласу дағдысы» бұрыс мақсатқа жету үшін әзірленген екі немесе одан да көп тараптардың арасындағы келісім, оған қоса басқа тараптың іс-әрекеттеріне лайықсыз ықпал ету болып табылады;

  4. «мәжбүрлеу дағдысы» сатып алу үрдісіне немесе контракт орындауға ықпал ету мақсатында жеке тұлғаға немесе олардың жеке меншігіне тікелей немесе жанама зиян келтіру немесе қауіп қатер тудыруды білдіреді;

  5. «обструктивтік дағды»

(aa) Дүниежүзілік банктің сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, мәжбүрлеу немесе сөз байласу айыбына байланысты тергеуге едәуір кедергі келтіру мақсатында дәлелдерді қасақана жою, бұрмалау, өзгерту немесе жасыру, немесе жалған мәлімдеме беру; тергеуге қатысты мағлұматтарды ашуды болдырмау үшін қандай болса да тарапты бопсалау, жәбірлеу немесе қорқыту, немесе

(бб) Дүниежүзілік банктің бақылау немесе аудиторлық құқықтарын іске асыруда айтарлықтай кедергі жасауға бағытталған әрекеттер.


V. Кіші жобаларға экологиялық санаттардың берілуі туралы ақпарат

Дүниежүзілік Банкінің Операциялық нұсқаулықтың «Экологиялық бағалау» 4.01 Операциялық саясатына сәйкес барлық кіші жобаларға экологиялық санат берілуі тиіс. «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының шеңберінде Табиғат қорғау Іс-шараларының Негіздемелік Жоспарына (ТҚІНЖ) сәйкес «В» және «С» санаттағы кіші жобалар ғана қаржыландырылады. «А» санаттағы кіші жобалар қаржыландырылмайды. В санатына жататын кіші жобалар экологиялық бағалауды өткізуге және қоршаған орта қорғау жоспарын дайындауға міндетті.

Қаржыландырылмайтын А санатына жататын қызметтер:

Егер кіші жобаның жүзеге асырылуы қоршаған ортаға және халық денсаулығына елеулі, жан-жақты және/немесе ұзақ мерзімді келеңсіз зиян салдарларына әкелу мүмкіндігінің ықтималдығы жоғары болса, және кіші жобаны қарастыру кезеңінде оның ауқымын анықтау қиын болса, ондай кіші жобалар А санатына жатқызылады. Мұндай салдар кіші жобаның жүзеге асырылуы аумағын ғана қамтымауы мүмкін, сонымен қатар оның маңындағы аудандарды қамтуы мүмкін. Осындай салдарды төмендету шараларын қолдану күрделі және елеулі шығындарды талап етуі мүмкін.

Көрсетілгеннен басқа, ҚР Экологиялық кодексінің 40-бабына сәйкес I санатқа жататын жобалар сияқты мұндай жобалар толық қоршаған ортаға әсерді бағалауды (бұдан әрі – ҚОӘБ) талап етуі мүмкін. Сонымен қатар, егер алдын-ала экологиялық бағалау Нысанында қамтылған ақпарат жобаны жүзеге асыру және оған іргелес аумақтарда ауыр экологиялық жағдайды көрсететін болса, ал оның қоршаған ортаға әсер етуі елеулі болса, мұндай кіші жобаны қаржыландыру өтінімі қабылданбайды. Осыған байланысты ҚР Экологиялық кодексінің 40-бабына сәйкес II, III немесе IV санаттағы кіші жобалар А санатына жатқызылуы мүмкін, алайда, бұл туралы шешім әрбір жағдайда жеке түрде қабылданады.

В+ санатындағы қызметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ҚОӘБ өткізу нәтижелері бойынша оң қорытындысын шығарған жағдайда немесе қоршаған ортаға әсері қысқа мерзімді болып табылатын болса (ҚОӘБ қорытындысы және/немесе қоршаған ортаны қорғау Жоспары (бұдан әрі - ҚОҚ) талап етіледі) қаржыландырылуы мүмкін.

Бұған жағымсыз және/немесе қысқа мерзімді экологиялық салдары бар, жобаны қарастыру кезеңінде ауқымын анықтау кейде қиынға соғатын кіші жобалар жатады. Кіші жобаны іске асыруға мүдделі тұлға ҚОӘБ (егер мұндай бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен немесе облыстың (қаланың) деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдармен ұсынылса) және/немесе ҚОҚ Жоспарын дайындайды. Қоршаған ортаға әсерді бағалау және ҚОҚ Жоспары кіші жобаны іске асырудың экологиялық салдарын жеңілдету бойынша шараларының құнын есептеуін қамтиды. Қажет болған жағдайда, кешенді экологиялық тексеру құжаттамасына өнімді сынау сипаттамасы және бағалауы енгізілуі қажет.

В- санаттағы қызметіне жататын кіші жобалар қаржыландырылуы мүмкін (ҚОӘБ қорытындысы және/немесе ҚОҚ Жоспары талап етіледі).

Бұл санатқа тұрақты немесе бірен-саран зиянды заттардың орташа көлемі ндегі, сондай-ақ құрылыс жұмыстарына сәйкес экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін кіші жобалар жатады. Бұл санатқа келесі жобалар жатқызылуы мүмкін:

a) ҚОҚ толық жоспарларын талап ететін әр түрлі ғимараттар мен инфрақұрылымдарды тұрғызу (мемлекеттің ішкі құқықтық нормалар ҚОӘБ жүргізуді талап ететін жағдайлардан басқа);

b) Қоршаған ортаны қорғау жоспарының бақылау жаршысын толтыруды талап ететін бұрыннан бар ғимараттарға (оларды жөндеуге, қайта жаңартуға және т. б.) жеке инвестициялар;

c) Қоршаған ортаны қорғау жоспарларын дайындауды талап ететін, монтаждау жұмыстарын орындауды қамтитын барлық жобалар. Мұндай жоспарлар жұмыс барысында пайдаланылатын материалдарды мен процестерді, сондай-ақ ұсынылған инженерлік және зертханалық стандарттарды сипаттайды. Тиісті бақылау жаршысы барлық пайдаланылатын материалдар қауіпсіздігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Қажет болған жағдайда, кешенді экологиялық тексеру кезеңіне өнімді сынау сипаттамасы және бағалау енгізілуі тиіс.

Егер радиоактивті материалдар медициналық немесе фармацевтикалық зерттеулерді жүргізу барысында радиоактивті материалдар пайдаланылса, бұл материалдарды пайдалану егжей-тегжейлі нұсқаулықты талап етеді. Сонымен қатар, осындай материалдармен жұмыс жасау үшін лицензия, тиісті зертханаларды аккредиттеу құжаттары қоршаған ортаны қорғау Жоспарына қосымшалар ретінде берілуі тиіс. Жануарларға қатысты зертханалық сынақтарға осы қағидалар сақталуы қажет.

Гранттық бағдарламалар шеңберінде С санатына жататын қызметтерге қаржыландыру жүзеге асырылуы мүмкін.

Мұндай кіші жобаларға қоршаған ортаға әсері тіптен мардымсыз аз және экологиялық бағалауды қажет етпейтін кіші жобалар жатады. Мысал ретінде, мұндай жобалар ретінде бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуді және басқа да зияткерлік қызмет түрлерін атауға болады.

Кіші жобаларға қатысты Табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарлары (ТҚІНЖ, ҚОҚЖ) бенефициарлармен бірге Грант туралы келісімнің бөлігі болуы тиіс. Сондықтан ол Грант туралы келісім жасалғанға дейін дайындалуы тиіс.

Сондай-ақ, төмендегі қызмет түрлері үшін қаржыландыру берілмейді:

• жойылып бара жатқан жабайы жануарлар және өсімдіктер түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенциямен тыйым салынған жабайы жануарлар, өсімдіктер және олардан жасалған өнімдермен сауда жасау;

• генетикалық түрлендiрiлген ағзаларды табиғи ортаға енгізу;

• тыйым салынған пестицидтер мен гербицидтерді өндіру, тарату және оларды саудалау;

• теңіз суында аумен балық аулау;

• радиоактивті өнімдерді өндіру, өңдеу және жою;

• қауіпті қалдықтарды сақтау, өңдеу және жою;

• құрамында Монреаль хаттамасының күшіне түсетін хлорфторкөміртек, галон және т.б. реттелуші заттар болатын жабдықтар мен құрылғыларды өндіру;

• құрамындағы полихлорланған бифенил жалпы массасының 0,005% асатын электр жабдықтарын өндіру;

• құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар жобалар;

• құрамында асбест бар өнімдерді өндіру;

• ядролық реакторлар және олардың қосалқы бөлшектері;

• өңделген немесе өңделмеген темекі;

• темекіні өңдеуге арналған құрылғы;



• атыс қаруын өндіру.
Каталог: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет