Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі



Дата05.06.2018
өлшемі63.69 Kb.
#74388


Өзгерістер және толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарының

Тізбесіне

1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 23 қаңтардағы

№ 45 бұйрығымен

бекітілген

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі


Р/с №

Біліктілік талаптар мыналардың болуын:

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану бойынша

1.

қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламенті

заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылған қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламенті



2.

меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік база (ғимарат, үй-жайлар).

Өндірістік база өтініш берілген кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуға және мыналарды қамтуға тиіс:



меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі





тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін - инженерлік құрылыстар, машиналар, тетіктер, құралдар, арнайы көліктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процесс

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны






пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін:

1) лицензия немесе жарылғыш заттарды сақтауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт;

2) ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогы


Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны






ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату үшін; ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін - тиісті технологиялық жабдықтардың

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны






химия өндірістерін пайдалану үшін:

1) тетіктер, технологиялық желілер, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғылары, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылықтар, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде;


2) өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхана

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны



3.

мыналарды: машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; еңбек қауіпсіздігін бақылауды; метрологиялық бақылауды; маркшейдерлік жұмыстарды (күші «химия өндірістерін пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды); технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды (күші тау-кен өндірісінің қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды) қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың немесе қызметте; қоршаған ортаны қорғау.

осы қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмесі



4.

тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін - тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін - кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесі

заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен расталған штат кестесі және мынадай ақпаратты қамтитын жиынтық кесте: тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы



Өнеркәсіп саласындағы

қызметті жүзеге асыру үшін

біліктілік талаптарын және оларға

сәйкестікті растайтын

құжаттар тізбесіне

қосымша


Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1. Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану бойынша қызмет үшін:

1) тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін:

Инженерлік құрылыстардың, машиналардың, тетіктердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестің болуы туралы ақпарат __________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

(инженерлік құрылыстарды, машиналарды, тетіктерді, құралдарды, арнайы көліктерді және өзге жабдықтарды көрсету);

2) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізуге:

жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмірі_____;

шарттың нөмірі_________________________________________________;

шарттың жасалған күні___________________________________________;

жарылғыш заттарды сақтауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы____________________________________________________;

ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат______________________________________________________________ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 4) жолдар толтырылмайды;

3) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату үшін;

ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін:

тиісті технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат____________

____________________________________________________________________

(қолда бар жабдықты көрсету);

4) химия өндірістерін пайдалану үшін:

тетіктердің, технологиялық желілердің, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде болуы туралы ақпарат _______________________________________

____________________________________________________________________

(қолда бар тетіктерді, қондырғыларды және басқа жабдықты көрсету);

өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың аттестатының нөмірі және берілген күні______________________________________________________;

аккредиттелген зертханамен жасалған шарттын нөмірі________________;



аккредиттелген зертханамен шарттың жасалған күні__________________.

3), 4) жолдары ақпарат меншікті зертханасы болмаған жағдайда толтырылады.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет