Өндірісті басқару дегеніміз өндірістік ұжымдарға экономикалық, табиғи, техникалық және басқа заңдарды саналы түрде пайдалануға негізделген мақсатқа лайық ықпал ету болып табылады
Өндірісті басқару дегеніміз өндірістік ұжымдарға экономикалық, табиғи, техникалық және басқа заңдарды саналы түрде пайдалануға негізделген мақсатқа лайық ықпал ету болып табылады.
Өндірісті басқару дегеніміз өндірістік ұжымдарға экономикалық, табиғи, техникалық және басқа заңдарды саналы түрде пайдалануға негізделген мақсатқа лайық ықпал ету болып табылады.
Өндіріс дегеніміз – ол күрделі динамикалық жүйе. Өндірістік жүйе ретіндегі анықтамасы оны әртүрлі өзара байланысқан элементтерден тұратын бірыңғай тұтас нәрсе деп қарауды көрсетеді. Адамдар, әртүрлі заттар мен еңбек құралдары, оның ішінде жабдықтар мен машиналар осы элементтерге жатады. Өндіріс дегеніміз барлық осы компоненттерді ерекше бір жиынтығымен өзара байланысы.
Сонымен, жүйе дегенді компоненттердің өзара әрекеті жеке алғанда өздерінде болмайтын жаңа сапалар туғызатын олардың белгілі бір жиынтығы деп түсінуге болады.
Өндірістің негізгі ұясы кәсіпорындар болып табылады. Өндіріс құрал-жабдықтарының жұмысшы күшімен тікелей бірігу процесі нақ осында болады.
Әрбір шаруашылық жүйесі мен әрбір өндірістік буын екі көмекші жүйенің: басқарылатын және басқарушы жүйелердің (басқарудың объектісі мен субъектісі) бірлігі болып табылады. Мысалы, кәсіпорын жүйесінде шахта, карьер басқармасының директорлардан бастап бүкіл басқару аппараты – басқарушы жүйеге, ал цехтар мен учаскелер – басқарылатын көмекші жүйеге жатады. Учаскеде учаске басшылары – басқарушы жүйені, ал жұмыс орындары – басқарылатын жүйені құрайды.

Осы келтірілген жағдайлардың бәрінде де басқарылатын және басқарушы жүйелердің арасындағы қатынастар – ол ең алдымен адамдар арасындағы қатынастар.
Жұмыс орындарында басқарудың басқа түрі – еңбек құралдарын басқару жүзеге асырылады, мұны заттарды басқару деп атайды. Қазіргі заманғы өндірісте негізгі еңбек құралы – машина. «Адам-машина» жүйесінде адам басқарудың субъектісі ретінде, ал машина оның объектісі ретінде болады. Мұнда адам тікелей немесе приборлардың жәрдемімен машинаның жұмысы жайында ақпарат алады, шешім қабылдайды және басқа жұмыстарды істейді.
Сонымен, адам мен техниканың іс-әрекеті жүзеге асырылатын шеңбердегі өндірістік ұя жұмыс орны болып табылады.
Заттарды басқару дегеніміз – ол керекті өнім өндіру мен қызмет көрсету мақсатында еңбек заттарына тікелей ықпал жасау процесі ретіндегі өндірістің өзі. Ол басқарылатын жүйе болып табылады. Бұдан басқарушы жүйе ретіндегі өндірісті басқаруға тек адамдарды басқаруды ғана жатқызу керек екені шығады. Басқарудың осы екі түрінің арасындағы айырмашылық 2-суретте көрсетілген.
Классикалық анықтамаға сәйкес (П.Самуэльсон) экономика – бұл пайдалы өнімдер өндіру үшін қоғам қалай белгілі, шектеулі ресурстарды пайдаланады және оларды адамдардың әр түрлі топтар арасында бөлетіні туралы ғылым.

Ұлттық экономика дегеніміз әр елдің өзгешілігіне тән еңбектің қоғамдық бөлінісі, ғылыми-техникалық дамуы, халықаралық ынтымақтастығы нәтижесінде қалыптасқан өзара байланысты салалардың бірыңғай кешені.
Құрылымдық жағынан ұлттық экономиканы құқықтық, салалық және кеңістік ұйымдастыру көзқарастан қарастыру болады.
Құқықтық жағынан ұлттық экономика - заңды тұлға статусы бар ұйымдардың, кәсіпорындардың жиынтығы (коммерциялық немесе коммерциялық емес).
Экономиканың барлық даму кезеңінде кәсіпорын экономиканың негізгі басты буыны болып қалады. Кәсіпорында ғана өнім шығарылады, әр түрлі қызмет көрсетіледі, жұмыскерлер өндіріс құралдарымен тікелей байланыс жүргізеді. Дербес кәсіпорын деп өндірістік-техникалық тұтастығына, ұйымдастыру-әкімшілік және шаруашылық дербестілігіне ие болатын өндірістік бірлігін түсінуге болады. Кәсіпорын қызметін өз бетімен іске асырады, шығарылатын өнімді, салық және басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі қалған пайданы тиісті орнына жұмсайды.

1. Бірінші орынға икемділік проблемаларды, сыртқы орта өзгеруіне бейімделуін (адаптация) көтермелеу. «Қатал» және «Жұмсақ» басқару түрлерін біріктіру.
1. Бірінші орынға икемділік проблемаларды, сыртқы орта өзгеруіне бейімделуін (адаптация) көтермелеу. «Қатал» және «Жұмсақ» басқару түрлерін біріктіру.
2. Кәсіпорынды тұтас жұйе ретінде қарастыру. Бұл кәсіпорынды және оның бөлімшелерін, олардың сыртқы ортамен байланысын бірлік ретінде зерттеу.
3. Басқаруға ситуациялық көзқарасты пайдалану. Оған сәйтес кәсіпорын ішінде ұйымдастырудың барлығы сырттан әр түрлі әсерлерге реакциясы.
4. Кәсіпорын стратегиялық басқару жүйесін құру мен іске асырудың керектігін мойындау. Бірінші жағынан, кәсіпорында стратегиялық жоспарлау бар болуы. Екінші жағынан, кәсіпорын басқару құрылымы, оның бөлімшелерінің жұйесі мен өзара әрекет механизмі солай құрылуы керек, ұзақ мерзімді стратегияны, сол стратегияның ағымдағы өндірістік – шаруашылық жоспарларға айландыруын қамтамасыз ету.
6. Кәсіпорын келешегі үшін инновациялық менеджментің құрылуын және іске асырылуын мойындау.
7. Кәсіпорынды басқару кезінде басқарушы жетекшінің маңызды рөлін сезіну.
8. Менеджменттің әлеуметтік жауапкершілігін мойындау.
Менеджмент айқындамасы (позициясы) көзқарасынан барлық кәсіпорындар жалпы сипатқа ие-олардың барлығы ұйымдар.
Менеджмент айқындамасы (позициясы) көзқарасынан барлық кәсіпорындар жалпы сипатқа ие-олардың барлығы ұйымдар.
Ұйым- еңбек пен міндеттерді бөлісу, бастапқы құрымым, құрылыс, басқа да ережелер мен тәртіптер негізінде белгілі бір бағдарламаны немесе мақсатты іске асыру, әлдебір міндетті шешу үшін біріктірілген адамдардың, олардың топтарының жиынтығы. Ол кез-келген меншік нысанындағы қоғамдық бірлестік.
Ұйымдастыру – белгілі бір жұмысты орындау үшін қажетті функциялар мен іс-қимылдарды жоспарлау, айқындау, сондай-ақ осы функциялар мен іс-қимылдарды топтың, бригаданың, бөлімнің және басқа құрылымдық бірліктің қолына біріктіру деген сөз.
Ұйым- адамдар тобы, олардың қызметі жалпы мақсатқа (немесе мақсаттарға) жету үшін саналы түрде үйлестіріледі. Ұйымдардың барлығында жалпы сипаттамасы болады: ресурстар, сыртқы ортаға тәуелділігі, еңбектің деңгейлес және сатылас бөлінісі, бөлімше, қажеттілік, басқару.
Осы жағынан кәсіпорын басқаруды жоспарлау, ұйымдастыру, үәждеме және бақылау процессі деп түсінуге болады, олар кәсіпорын мақсатына жету үшін керек.
Басқарудың ортасында қайсы болсын ұйымның негізінде – адамдар (қадрлар, мамандар) тұрады.
Жүйелік көзқарас жағынан барлық кәсіпорындар ашық жүйеге жатады, яғни сыртқы ортамен өзара әрекет жасауымен сипатталады.
Егер басқаруды ұйымдастыруды тиімді, онда түрлендіру процесі кезінде кірістердің қосылған құны пайда болып, қосымша көп мүмкін табыс көріне бастайды (пайда, рыноктың үлесі ұлғайады, сату көлемі көбейеді). Менеджмент жағынан кәсіпорында басқару объектісі болып функцияналдық процестердің бірнеше тобы шығады: маркетинг, зерттеу және дайындау, әзірлеу, өндіріс, қаржы, қызметкерлер.
4-суретте ашық жүйе ретінде кәсіпорын басқару процесі келтірілген.
- қатал директивтік басқару;
- қатал директивтік басқару;
- белгіленген жағдайдан (процестен) ауытқуларға байланысты басқару;
- мақсаттар бойынша басқару, оның ішінде жай мақсатты басқару,бағдарламалық – мақсаттық басқару, регламенттік басқару;
- болашақ жағдайларды талдау және болжауды басқару;
- нәтиже бойынша басқару (барлық бөлімшелердің қызметін үйлестіру және біріктіру функцияларын күшейтуге негізделген);
- корпоративтік мәдениет пен әлеуметтік жауапкершілікті тиімді іске асыру негізінде басқару;
- мүмкіндік стратегиясына бағытталған басқару, ол белгісіздік факторды кішейтеді («Роден принципі» бойынша басқару).
- жоспарлау, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, стратегияны орындауының ағымдағы жоспарлау;
- ұйымдастыру, кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіруді қосқанда;
- тиімді қызмет істеу мен бақылау үшін жұмыскерлерді ұәждемелеу, кәсіпорын қызметін есепке алу және талдауды қосқанда.
Кәсіпорынның сыртқы ортамен және ішкі кәсіпорын қызметімен өзара әрекет белгілі құрылым рамкасында болады.
Басқару құрылымы – кәсіпорын басқару объектілері мен субъектілерінің нақты ұйымдастырушылық нысандарында іске асырылатын және басқарудың тұтастылық пен тиімділікті қамтамасыз ететін тұрақты байланыстар жиынтығы. Басқару құрылыми функциялармен тығыз өзара байланыста болады.
- механикалық – құрылымның бұл түрінде формалды процедуралар мен ережелерді пайдалануымен, ұйымдастыруда қожалықтың қатал баспалдақтарымен (иерархиямен), шешім қабылдауда бір орталықтан бағындыруымен сипатталынады. Осында желілі (сызықтық), функционалдық (атқарымдық), желілі – функционалдық, рынокқа бағытталған аймақтық құрылымын және дивизионалдық құрылымын жатқызу мүмкін;

- органикалық – құрылымның бұл түрі формалды ережелер мен процедураларды орынды пайдалануымен, орталықсызданумен, қожалықтық икемді құрылымымен, төменгі деңгейлердің басқару процесіне қатысуымен сипатталынады. Осы түріне жобалық, матрицалық, бағдарламалық- мақсаттық құрылымдарды жатқызу болады.
Нарықтық ортаның жылдам өзгеруі кәсіпорынның тұрақтылыгын талап етеді.
- холдингтер (көп функционалды ұйымдар, олардың жарғылық капиталы басқа ұйымдар акцияларының бақылау пакеті арқылы қалыптасады);
- холдингтер (көп функционалды ұйымдар, олардың жарғылық капиталы басқа ұйымдар акцияларының бақылау пакеті арқылы қалыптасады);
- қаржы - өнеркәсіптік топтар (ҚӨТ)- сатылас біріктірілген технологиялық құрылымдар.
- өндірісте ілгерішіл (прогрессивтік) материалдар, техника, технология түрлерін жасап шығару, құру, игеру және пайдалану бойынша техникалық қызмет. Бұл қызметте ең басшысы – техникалық ойды (идеяны) шеберлікпен

тудыру. Менеджердің мақсаты – қолынан іс келетін адамдарды іздеу, оларға жұмысты жақсы істейтін барлық жағдайлармен қамтамасыз ету;
- басқару қызметі – іс-қыймылдарды үйлестіру, өндірістік процестің ретке келтіруін және технологияға сай келушілігін қамтамасыз ету. Басқарушылық қызметте жетістікке негіз болатын бағынушы қызметкерлер жігері арқылы нәтиже алуға қол жеткізу (дұрысын айтқанда менеджмент - өндірістің ішкі факторларын басқару);
- тауар және қызмет көрсету рыногында кәсіпорын іс-әрекетін ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық қызмет – бұл стратегиялық басқару жүйесі және рыноктағы кәсіпорын қызметінің тактикасы. Оның ерекше аталуы – маркетинглік басқарушылық қызмет (сыртқы факторларды есепке алған негізінде кәсіпорынды басқару).
1.Бағдарды анықтаумен байланысты жүйелер (өзгерістер болжам негізінде басқару). Басқарудың осы түріне кіреді:
1.Бағдарды анықтаумен байланысты жүйелер (өзгерістер болжам негізінде басқару). Басқарудың осы түріне кіреді:
- ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлау;
- стратегиялық бағдарларды таңдау.
2.Қоршаған ортада жылдам және күтпеген өзгерістерге жауап беретін және уақытында шешім қабылдаумен байланысты жүйелер (икемді және шұғыл шешім негізіндегі басқару). Осы түрі енгізеді:
- стратегиялық міндеттерді саралау негізінде басқару;
- күшті және болымсыз дабыл (сигнал) жөнінде басқару;
- стратегиялық күтпегендік жағдайында басқару.
Басқарудың керекті жүйесін таңдау міндет пен мақсаттың жаңалығы мен күрделілігімен байланысты.
Өндірістік дамыған елдерің тәжірибесін талдау бір жақты мамандандырудан интеграцияға көшетін болса сол елдерде басқарушылық қызметтің мазмұны мен сипаты өзгеретінін дәлелдейді. Қоғамдық өндірістің даму беталысын зерттеу өндірістік технолдогиясының, іске асырылатын әлеуметтік-экономикалық мақсаттардың құрылымы тоқтаусыз күрделендіруін, меншіктің жаңа нысандарының пайда болуын, сол беталыс салдарынан өндеріс ұйымдарының ішкі және сыртқы байланыстар көлемінің өсіре беруін көрсетеді. Осыған сәйкес басқарудың өндірістік – технологиялық және әлеуметтік-экономикалық міндеттер шешу кезінде «тораптар» көлемі мен әртүрлілігі артады. Осындай әр «торап»- жүйенің барлық элементтерінің біріктіруін талап ететін басқарушылық жағдайдың потенциалды дереккөзі.

XXI ғасырдың басы – бәсекенің серпінді жағдайларының уақыты. Нарық тауашасына, жаңашылықтарды жылдамдатуына, өте жоғары біліктілікті мамандарды іздестіруге компаниялардың күш салуы көбейеді.
1.Бұрынғы жетістерді есепке алу- қазіргі өндірістің материалдық, технологиялық базасының маңызын ұғыну. Бұл жағдай өндірістік процесті басқаруды компьютерлендіру ғана емес, тағы ұйым мақсаттарына жетуге техникалық жетістіктің әсер етуінің жалпы артуымен, өнімділік және өнім сапасы ролінің күшеюмен байланысты.

2.Басқарушылық мәдениетке көңіл бөлу ғана емес, тағы басқару демократизацияларының әр түрлі нысандарына, жай жұмыскерлерінің пайда табуға қатысуына, басқарушылық функцияларды орындауға жұмыстарды күшейту.
3.Менеджменттің ұйымдастырушылық нысандарын іздестіру. Мұнда құрылымдық шешімдердің әр алуандылығы көрініп тұр:
«Торлық» ұйымдастырушылық нысандары мен топтық жұмысты басқарудан бөлімшелердің, тәуекелдік « жаңашылық командалардың» (пайда мен зиянға толық жауап беретін) барынша жоғары шаруашылық дербестікке дейін.
4.Басқарудың үйлестіру функциясы ерекше мәнге ие болады, аймақтар мен ел масштабында кәсіпорындардың өзара экономикалық байланыстары өте жоғарлайды.
- алдын алу үйлестіру, мұнда проблемалар, қиыншылықтар және оларды жеңу жолдары болжауланады;
- алдын алу үйлестіру, мұнда проблемалар, қиыншылықтар және оларды жеңу жолдары болжауланады;
- жоқ қылатын үйлестіру, шаруашылық қызметте іркілістерді жоюға бағытталған;
- реттейтін үйлестіру, шаруашылық субъекттердің өзара іс- әрекетінің белгіленген тәрбібін (схемасын) қолдау үшін арналған;
- ынталандыратын (жағдай жасайтын) үйлестіру, кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғырылатын;
5.Басқарушылық жүйе жеке адамдардың бастамасын және тәуекелдігін қолдауға дайындығы. Бұл бағыт кәсіпорын қызметінің барлық тарауларында тиімділікті көтеруге көзделенеді.
6.Кәсіпорын ішінде және оның сыртында басқарушылық қызметінің барлық сапасында интегрциялық процесстердің интенсивті дамуы. Нарықтық қатынастық күрделі жағдайында кәсіпорын қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігін жоғарлатуының басты резерві болып интеграциялық саясат болатыны белгілі.
Өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы – бұл басқару қызметтері мен міндеттерін қамтамыз ететін әр түрлі өзара байланысты буындарының жиынтығы.
Өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы – бұл басқару қызметтері мен міндеттерін қамтамыз ететін әр түрлі өзара байланысты буындарының жиынтығы.
Басқарудың ұйымдық құрылымының негізіне өндірістің өзі жатады. Сонымен қатар өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы басқару еңбегінің жіктелуін, басқарудың әр түрлі қызметтерін сипаттайды. Сөйтіп, басқарудың объектілері мен қызметтері оның ұйымдық құрылымын айқындайды.
Өндірісті басқару объектілері мейлінше сан алуан. Олар тұтас алғанда өндірістік ұяларға, өндірістік сатылары мен факторларына бөлінуі мүмкін.
Өндірістік ұяларға жұмыс орындары, бригадалар, учаскелер, цехтар, кәсіпорындар, концерндер, консорциумдар жатады. Бұл сатылас бойымен алғандағы бөліністер. Кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, кооперативтер, өндіріс саласы еліміздің бірыңғай шаруашылық жүйесінің буындары болып табылады.
Қазіргі жағдайда «ғылым-техника-өндіріс» жүйесі қалыптасуда.
Өндіріс факторларына еңбек, материалдық және қаржы ресурстары, сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпарат жатады.
Қандай да бір өндіріс ұясын, өндіріс сатысын немесе өндіріс факторын басқару жалпы басқару жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады.
Басқару жүйесі дегенді бір-бірімен өзара байланысты, бір-біріне өзара әсер етуші басқару буындарының ретке келтірілген жиынтығы деп ұсынуға болады. Бұл басқару жүйесі басқару органдарының құрамы мен олардың бір-біріне бағыныштылық тәртібі, әрбір басқару буынның құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың өзара қарым-қатынастарын айқындау, ақпарат барысы сияқты басқарудың ұйымдастыру элементтерін қамтиды.
Өндірісті басқару жүйесі иерархиялық (баспалдақ) сипатта болады. Бұл жүйе әр түрлі дәрежелерге бөлінуі мүмкін.
Кәсіпорындағы басқаруды ұйымдастырудың түпкілікті және анықтаушы кезеңі - өндірістік процесс. Ол өзара байланысты негізігі, көмекші, қосалқы, жанама және қызмет көрсету процестердің жиынтығынан тұрады, олардың нәтижесінде өнім өндіріледі, жұмыс орындалады және қызмет көрсетіледі.

Өндірістік процесс қызметкерлер ұжымдары арасында еңбек бөлінісін және олардың арасында құрал-жабдықтың, жұмыс машиналардың, үйлердің, құрылыстардың және тағы басқа тиісті бөлінісін қажет етеді. Осының бәрі бірқатар бөлімшелерді: цехтарды, учаскелерді, қызмет түрлерін құру қажеттілігін тудырады. Олардың құрамы, мөлшері, үлес салмағы, жоспарлауды, өндірістік процесті ұйымдастыру нысанын сипаттайды. Бөлімшелер жиынтығын, олардың құрамы мен нысанынан, өзара байланысынан өнеркәсіп кәсіпорнының өндірістік құрылымы құралады.
Әрбір өндірістік бөлімшенің өндірістік процесте өзінің айқын белгіленген міндеттері болады. Бөлімше қызметкерлері өздеріне бекітіліп берілген негізгі қорлар мен айналым қаражаттарын пайдалана отырып, өндірістік циклді орындайды.
Ұйымдық жағынан оқшауланған өндірістік бөлімшелер кәсіпорнының өндірістік құрылым буындары болып табылады.
Әр кәсіпорнының өзіне тән өндірістік құрылымы болады, олар көптеген факторларға: өндіріс мөлшеріне, автоматтандыру және механикаландыру дәрежесіне, материалдық-техникалық жабдықтау жағдайына, өндірістің сипатына, өнімдердің түріне байланысты.
Өндірістік құрылым цехтық, цехтық емес, корпустық және филиалдық болуы мүмкін. Шағын кәсіпорындарында цехтық құрылымы мүмкін. Мұндай жағдайда тиісті басшының басқаруымен үштен алтыға дейін басқару сатылары құрылады: директор –цех бастығы – бөлім бастығы – учаске бастығы – аусым бастығы – мастер. Цехтық емес құрылым жағдайда цехтардың орнына өндірістік учаскелер болады.
Кейбір кәсіпорындарда, бірнеше цехтен немесе өндірістік учаскелерден корпус (өндіріс) құрылған кезде өндірістің корпустық құрылымы болады. Оның бастығы тікелей кәсіпорнының директорына немесе оның орынбасарына бағынады.

Өндірістің филиалдық құрылымын құру кәсіпорны қызметі көлемінің территориялық жағынан кеңейту арқылы жұмыс тиімділігін арттыру, өндірісті кен өндіретін көздеріне, өнім тұтынушыға жақындату қажеттілігінен туады. Кәсіпорын филиалдарының әр түрлі мамандыру сатысы болады және олар белгілі бір шаруашылық дербестікке ие болады. Олар дайындаушы өндіріс немесе құрастырушы алаңдар да болуы мүмкін. Олардың шаруашылық қызметі ішкі өндірістік шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырылады. Филиалдардың басқару аппараты, әдетте, үлкен болмайды, негізгі басқару міндеттерінің барлығын кәсіпорнының басқару аппараты атқарады.
Нарықтық экономикасы жағдайында әрбір кәсіпорны ішкі құрлымдық бөлімшелердің әр қайсысының өндіріс процесіндегі орны мен қызметтерін негізге алып, мақсаттарын, құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Кәсіпорнының басқару жүйесін басқару аппараты көрсетеді, ол біршама оқшауланған бөлімдерге-басқару органдарына бөлінеді.
Кәсіпорнының басқару жүйесін басқару аппараты көрсетеді, ол біршама оқшауланған бөлімдерге-басқару органдарына бөлінеді.
Кәсіпорындарының ішкі басқаруы өндіріс ұйымдары сатыларына сәйкес келетін басқару сатыларының болуын көздейді. Әр саты келесі жоғары сатыға бағынады: өзінің «баспалдақтардан» тұратын басқару жүйесі осылай құрылады. Сөйтіп, кәсіпорындарды басқару құрылымы дегеніміз басқару жүйесінің әр түрлі сатыларында орналасқан және өндіріс жүйесі ретінде кәсіпорнының міндеттерін атқаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты басқару органдарының жиынтығы деген сөз.
Өндірістік учаске кәсіпорнының маңызды өндірістік бөлігі болып табылады. Ол бір тұрпатты өнім шығаратын немесе технологиялық жағынан текті жұмыс процестерін жүргізілетін, оқшау территоряға орналасқан белгілі жұмыс орындарының санын көрсетеді. Учаскелердің құрамы, көлемі және олардың өзара қарым-қатынастары тұтас алғанда кәсіпорнының шешетін міндеттеріне байланысты белгіленеді.

Өндіріс құрылымының ең бірінші элементі жұмыс орны болып табылады. Бұл осы жұмыс орнында орындалатын жұмыс сипатына лайықты бар құралдар мен басқа құрал-жабдықтарды қоса алғанда бір жұмысшыға немесе жұмысшы бригадасына бекітіліп берілген өндірістік алаңының бір бөлігі.
Өндірістік учаскені сызықты дара басшы болып саналатын учаске бастығы басқарады, ол цех бастығына бағынуы мүмкін немесе тікелей кәсіпорын директорына бағынады.
Мастер өндіріс пен еңбектің толық құқылы басшы және тікелей ұйымдастырушы. Ол өз учаскесінде өндіріс жоспарының орындалуына және өнім сапасына жауап береді.
Мастер учаскенің шаруашылық қызметінің негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштерін, оның ішінде еңбек өнімділігін, жалақы шығынның, өнімнің өзіндік құнын, өнімнің еңбек сайымдылығын, ақаудан пайда болатын шығынды және басқаларын жақсы білуге міндетті.
Нарықтық экономика жағдайда мастерге қойылатын талаптар едәуір өсті. Ол техника мен экономиканы, адамдардың мінез-құлығын білуі, ұжымды топтастыра білуі тиіс.
Мастердің басқару міндетіне адамдарды жұмыс орындарына бөлу, оларға разрядтар мен нормалар белгілеу, бүкіл ауысым бойынша жұмысшылардың еңбек өнімділігі мен қарқынына бақылау жасау ісі кіреді. Оперативтік басқару ісін жүзеге асыра отырып, мастер жұмыс бөледі, жоспардың орындалуын бақылайды, жұмыс орындарын дайындау, материалдарымен және жабдықтардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қадағалайды, техникалық нұсқау жұмысын жүргізеді, жұмысшыларға еңбек операцияларын орындау тәртібі мен тәсілін түсіндіреді, қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау ережелерінің сақталуын бақылап отырады.
Мастер өндірістік қуаттардың барынша толық пайдалануын, олардың толық жұмыс істеуін және жабдықтардың дұрыс іске қосылуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол белгіленген технологияның, өндірістік және еңбек тәртібінің, іс ретінің, жұмыссыз тоқтап тұрушылық пен материалдар мен энергия шығындарынан сақтандырады.
Мастердің құқықтары сан алуан, бұл құқықтар оған басқарудың барлық әдістерін, оның ішінде материалдық және моральдық жағынан көтермелеудің әр түрлі нысандарын пайдалануына мүмкіндік береді.
Өндіріс процестегі жедел өзгерістер басқару процесі мен басқару құрылымын үнемі жетілдірудің қажеттігіне себепті болады. Өндіріс процесінің ұйымдастырылуы өзгереді және басқару буындары бойынша міндеттер бөлісу жайы ескеруі мүмкін. Мұндай жағдайда кейбір қызмет лауазымдары жойылып, жаңа лауазымдар туады, басшылардың өзара бағынушылығы өзгереді.