Ол «Бəйтерек» Девеломпмент» АҚ арқылы спмк-70



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата09.02.2019
өлшемі320.5 Kb.
  1   2   3

Ол  «Бəйтерек»  Девеломпмент»  АҚ    арқылы    СПМК-70 

шағын  ауданынан  салынып  жатқан  көпқабатты 12 тұрғын  үйдің 

құрылысымен  танысты.  Нысан  басында  қала  əкімі  Нұрлыбек 

Нəлібаев  қалада  салынып  жатқан  құрылыс  барысын  жəне 

инфрақұрылым  жүйесін  қайта  жаңғырту  жұмыстарын  баянда-

ды.  Уақыт өткен сайын шаһарымыз гүлденіп, жаңа нысандардың 

көптеп  бой  көтеріп  жатқандығын  айтқан  ол,  биыл  пайдалануға 

берілген  жəне  құрылысы  аяталуға  тиісті  нысандарға  тоқталды. 

Сондай-ақ,  қалада  ауыз  су,  жылу  мəселесі  бір  жүйеге  түсіп  келе 

жатқандығын жеткізді.

– «Нұрлы  жол»  бағдарламасы  аясында  қалада 3 млрд. 

теңгеден  аса  қаржы  бөлініп, 11 шақырым  жылу  жүйелері  қайта 

жаңғыртылып  жатыр.  Сондай-ақ, 3 млрд  теңгеден  аса  қаржыға 

жаңадан  22 шақырым ауыз су тартылуда. 22 ұңғыма бұрғыланып, 

4 су тораптары салынбақ. Жыл аяғына дейін біз қаланы толық са-

палы,  таза  жер  асты  суымен  қамтамасыз  етеміз  деп  отырмыз, – 

деді қала əкімі.

Одан  əрі  нысан  басында  жұмыс  жасап  жатқан  құры-

лысшылармен  тілдескен  Б.Сапарбаев  олардың  еңбектеріне 

алғысын  айтып,  сапалы  дүние  күтетіндіктерін  тілге  тиек 

етті.  Сондай-ақ,  ол  қолына  қалақ  алып,  бір  үйдің  алғашқы 

кірпішін  қалады.  Айта  кетейік,  бұл  аудандағы 12 үйдің 7-і 

жаңа  жылға  дейін  пайдалануға  беріледі  деп  күтілуде.  Ал 

қалған 5-і алдағы жылдың көктеміне дейін аяқталады деп жо-

спарланып отыр.

Мұнан  соң  Премьер-министрдің  орынбасары  кеше  ғана 

пайдалануға  берілген  «Ипподром»  мөлтек  ауданындағы    №278 

орта  мектепке  келді.  Мектеп  базасы  заман  талабына  сай,  соңғы 

үлгіде  жабдықталған. 900  баланы қамтитын бұл білім ордасының 

ашылуын аталмыш мөлтек аудан тұрғындары асыға күтті. Ғимарат 

ішін аралап көрген Қырымбек Көшербаев пен Бердібек Сапарбаев 

арнаулы кабинеттерге бас сұғып, оқушылармен тілдесті. 

Сондай-ақ,  Үкімет  басшысының  орынбасары  Сыр  елінің  бай 

кітап қорымен танысуды да назардан тыс қалдырмады. Ə.Тəжібаев 

атындағы облыстық əмбебап кітапхананың ішінен ашылған Қалтай 

Мұхамеджановтың жеке кітапханасында болды. 

Іс-сапар соңында Б.Сапарбаев 900 орындық мектеп пен «Ата-

мекен»  балалар  ауылын  аралап  көріп,  Қызылорда  облысының 

даму қарқынына оң баға берді.

Айта  кетейік,  өңір  республика  бойынша  əлеуметтік  саланы 

қаржыландырудан көш бастап тұр. Жыл ішінде құрылыс қарқыны 

3,5  есе  артты.  Сондай-ақ,  жыл  ішінде 22 мектеп  пайдалануға 

беріліп, 2 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.

Əсел АБЗАЛ.

апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

қыркүйек


сенбі

5

№68 (1168)

2015 жыл

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



•       Қызылорда қалалық газеті        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

САН  КӘСІПТІҢ  СЫРЫ

ЕЛ ТЫНЫСЫ

Ит – адамның сенімді серігі, айнымас досы. Əсіресе, кинолог 

мамандар төртаяқты досы бағалайды. Өйткені, қызметтік тапсыр-

маны екеуі бірлесіп орындайды. Олар жайындағы деректерді жан-

жақты білуге тырысады. Мəселен, иттердің  көру қабілетінен иіс 

сезу  қабілеті артығырақ. Жалпы, иттің  тұмсығындағы иіс сезу тор-

шалары  230 миллион екен. Ал, адамдарда  ол сезім небəрі 10 мил-

лион. Егер арнайы маманданған  адамдар мен  тумасынан иіс  сезу  

қабілеті бар адамдар  бірнеше  жүз иісті ажырататын  болса, ит-

тер жарты миллион иісті  оңай ажыратады. ХХІ ғасыр техниканың 

қарыштап дамыған кезеңі  болса да, осы күнге дейін  иісті иттен де 

жақсы сезетін ешбір құрал ойлап табылмаған. Иттерді қызметтік 

мақсатқа  пайдалану  Ежелгі  Рим  мен  Грекиядан  басталғаны 

белгілі. Ал тұқымына қарай сұрыптап, шаруашылықтың əр сала-

сына  пайдалану ХІХ ғасырда жандана түсті. Иттің анатомиясы 

мен  физиологиясын  зерттейтін  кинология  ғылымы  осы  дəуірде 

қалыптасты.  1911 жылы халықаралық федерация құрылып, оған 

əлемнің бірқатар елдері мүше болды. Біздің елімізде де «Қазақстан  

кинологтар одағы» жұмыс істейді. Қазір республиканың əр облы-

сында бұл бағытта қызмет орталықтары бар. 

Кинология – ит  өсіру  туралы  ғылым.  Кинолог – иттерді  

дайындайтын арнайы мамандар. Оларды  дайындайтын арнайы  

оқу  орны    болмағанымен,  қызығушылық    танытып,  қазірде  

сүйікті кəсібіне айналдырған жандар  жоқ емес.  Кинологтың  

жұмысымен танысу  үшін  «Оңтүстік өңірлік  аэроұтқыр  жедел  

құтқару  жасағына қарасты кинология бөлімшесіне аттандық. 

Бізді  осы аталмыш мекеменің бастығы Серік Байжұманов  күтіп  

алды.  Ғимарат  ішімен  таныстырып,  аздаған  оқу-  жат тығуларын  

көрсетті.  10  жыл  бұрын  бой  көтерген  орталықта  іздеу-құтқару 

бөлімінде 3 ит бар. Соның біреуі – Шанель. Ол 1,5 жаста. Голден-

ретривер  тұқымынан.  Кинология  орталығының  басшысы  Серік 

ағамыз жаттықтыру мен үйретуге көбіне неміс овчаркасы, спаниель 

жəне лабрадор-ретривер тұқымындағы иттер қолайлы екенін айта-

ды. Ал, оларды асырап-баптау үшін аз қаражат кетпейтін көрінеді. 

Өйткені, иттер құрамы пайдалы дəрумендер мен элементтерге аса 

бай тағамдарын жейді. Қазақстанда жасалған «Гурман пёс» деген 

арнайы тамақтары бар, сонымен қоректенеді. 

– Оған қоса, өзіміз ит мықты болуы үшін сүйекті қайнатып, 

ішіне күріш салып береміз.  Біздің орталықта Элси атты ит бар. 

Екі жасқа енді толады. Екі рет сертификациялауға барып кел-

ген.  Лабрадор  тұқымынан.  Суда  кемінде  жарты  сағат  жүзеді. 

Суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде адам тырнама-

уды да үйретіп жатырмыз,– дейді С.Байжұманов.

Германияда дəріс алып келген Қайрат Пірімжановтың дай-

ын дап жатқан Мачо есімді иті де сенімді серікке айналған. Ол 

Бельгиядан əкелінген. Малинуа тұқымынан шыққан бельгиялық 

овчарка. Қазір 1,5 жаста. Өте ақылды. Адамның көңіл күйіне 

қарап  жұмыс  істейді.  Айқайлап  сөйлегенді  жақтыртпайды. 

Ондай  кезде  қырсығып  қалады.  Бұйрықты  мүлдем  орында-

май  қояды.  Ал,  көңіл  күйін  жақсы  болып,  онымен  жайдары 

сөйлессең  одан  артық  дос  жоқ. «Бұл  тұқымдағы  иттердің  бір 

жақсы  жері  жыл  сайын  ашыла  береді.  Адам  жатырқамайды. 

Олар  үшін  ең    қиыны  ауа-райының  қолайсыздығы.  Қатты 

ыстық пен қатты суыққа төзімсіз. Бірақ үйреткен нəрсенді лез-

де қағып алады. Адам іздеуді ойын түрінде үйретеміз. Бірінші 

ойыншық доппен əбден ойнатып аламыз. Сонан соң сол допты 

адам қолына беріп, оны тығып қоямыз. Допты табу мақсатында 

ит  адамды  іздейді.  Сөйтіп  көздегеніне  жетеді.  Биіктіктен 

секіреді.  Қатты  жүгіреді.  Жүгіртуге  келгенде  аяушылық  жоқ. 

Итті жүгіруіне қарап тануға болады.  Оған қоса, иттерді қала 

ішілік  балабақша  мен  мектептерге  апарып  тұрамыз.  Баланың 

да  иттің  де  бір-біріне  көзі  үйренеді.  Жалпы,  біздің  киноло-

гия  орталығы  үш  бағытта  жұмыс  жасайды.  Біріншісі,  іздеу-

құтқару, екіншісі із басу, яғни, балабақша, мектеп, үй маңынан 

жоғалып кеткен балаларды иттің көмегімен іздеу, үшіншісі та-

уда іздеу болып табылады» дейді мамандар. 

Негізінен  иісшіл  хайуандар  ша¬мамен 8 жыл  қызмет 

етеді екен. Осынша уақыттан кейін иіс сезу қабілеті төмендей 

бастаған иттер «құрметті» демалысқа шығады.

Жас  кинолог  Қанат  Тұрғанбайдың  айтуынша  кинологтар 

бұл салаға кездейсоқ келе алмайды. Ең бастысы, итпен тіл та-

быса  білу  керек.  Бұл  орталықта  он¬дай  мамандар  да  аз  емес. 

Кинолог-мамандар ит бір секунд иіскеген иісті 5 жылға дейін 

ұмытпайды  дейді.  Адаммен  салыстырғанда  сезу  қабілеті 10 

мың  есе  күшті.  Түнгі  уақытта  біз 5 метрден  көретін  болсақ, 

олар 100 метрге  дейін  қозғалған  қыбыр-сыбырды  байқап, 25 

метрге дейін дауысты ажыратады. 

–  Мəселен,  жаз  маусымында  Сырдария  жағалауында 

сағат 16:00-ден кешкі 22:00-ге дейін итпен барып тұрамыз. 

Адам суға кетіп бара жатса біздің иттер үре бастайды. Адам 

байқамағанды иттер тез байқайды. Ит иесіне адал. Қызметтік 

иттер бір адамға үйреніп, сол адамның ғана бұйрығын орын-

дайды.  Ал  екінші  адамға  үйрену  үшін  2-3 жыл  уақыт  ке-

рек, – дейді Қ.Тұрғанбай. 

Бүгінгі  таңда  əлемде  иттердің 500-ден  астам  тұқымы  бар 

көрінеді.  Ванкувердегі  Британдық  Колумбия  университетінің 

ғалымдары  иттердің 250 сөз  бен  ымды  ұғатынын  жəне  бес-

ке  дейін  санауды  білетінін  анықтаған.  Сондай-ақ,  иттер 

қарапайым математикалық есептерді шеше алады екен.

Зерттеу  жұмыстарының  жетекшісі,  профессор  Стэн-

ли  Корин   иттердің  ақыл-ойының  дамуы  екі  жасар  баланың 

ақылымен  бірдей  екендігін  анықтаған.  Қазақы  тазылардың 

иісшілдігі тарихтан белгілі. Бірақ, өкініштісі, оларды əлі ешкім 

жоғары деңгейде зерттеп көрген жоқ.



Ə.АБЗАЛҚЫЗЫ.

КИНОЛОГТАР 

ДАРИЯНЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫ

БЕРГІ ЖАҒЫ...



ҒАРЫШ КЕМЕСІНІҢ 

ТҮЙІСУІ

2015  жылғы 2 қыркүйекте  Аста-

на  уақыты  бойынша  сағат 10.37-де 

Байқоңыр  ғарыш  айлағынан  сəтті 

ұшырылған  «Союз-ТМА-18М»  бас-

қарылатын  ғарыш  кемесі  қазіргі 

уақытта 2 тəуліктік  схема  бойынша 

ХҚС-қа жақындап қалды, деп хабарла-

ды «Роскосмос» баспасөз қызметі.

Бұдан  бұрын  хабарланғандай,  кеше 

бортында  Роскосмос  ғарышкері  Сергей 

Волков,  ЕҒА  астронавты  Андреас  Мо-

генсен (Дания) мен Қазғарыш ғарышкері 

Айдын  Айымбетов  бар  ғарыш  кемесінің 

жолына 1989 жылы  ұшырылған  жапон 

зымыран  тасығышының  фрагменті  кез 

болған.

Соқтығысуды  болдырмай,  траекто-



рияны  дəл  анықтау  жəне  бүгінгі  ХҒС-

пен  түйісу  мүмкіндігін  жасау  үшін 

ресейлік ҰБО баллистиктері мен олардың 

америкалық əріптестері - НАСА маманда-

ры бірлескен жұмысы жүргізілді.

Маневр  Мəскеу  уақыты  бойынша 

сағат 8:40-та  жүргізілді,  Мəскеу  уақыты 

бойынша  сағат 11:30-11:40-та  нысан-

дарды  қауіпсіз  ажырату  жұмыстары 

ұйымдастырылды. «Союз-ТМА-18М»  

кемесінің  ХҚС-қа  штатты  ұшырылымы 

жалғасуда,  деп  атап  өтеді  баспасөз 

қызметі.

«Союз-ТМА-18М»  кемесі  ХҒС-пен 

кеше, 4 қыркүйекте,  Астана  уақыты 

бойынша  сағат 13.35-те  түйісті.  Оны 

көпшілік  «Роскосмос»  сайтының  тікелей 

эфирінен (жəне  РОССИЯ-24 телеарнасы-

нан бақылады.

«ҚАЗАҚПАРАТ» 

АРНАЙЫ ЖОБА 

АШТЫ

«ҚазАқпарат»  халықаралық  ақ-

параттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың 2015 жылы  Қазақ 

хандығы құрылуының 550 жылдығын 

өткізу  туралы  бастамасына  орай 

«Қазақ хандығына 550 жыл» атты ар-

найы жобаны іске қосты. 

Бұл  жоба  аясында  «Бабалар  сөзі», 

«Қазақ  хандары», «Ежелгі  қалалар  тари-

хы», «Халық  қазынасы»  қатарлы  жаңа 

айдарлар  ашылды. «Бабалар  сөзі»  айда-

ры негізіне «Мəдени мұра» бағдарламасы 

аясында  шыққан 100 томдық  ауыз 

əдебиетінің 

жыр-толғаулары, 

қисса-


дастандар,  сөз  ұстаған  шешендер  мен 

билерімізден  қалған  нақылдар,  тари-

хи  жəдігерлер  алынды. «Қазақ  хандары» 

айдарында  тарихымызда  еліне  қорған 

болған хандардың өмірі туралы деректер 

беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» ай-

дарына  қазақ  даласындағы  өркениеттің 

ордасы  болған  көне  қалалардың  та-

рихы  туралы  жазбалар  жариялана-

ды. «Халық  қазынасы»  айдары  бой-

ынша  Қазақстандағы  тарихи,  мəдени 

ескерткіштер,  қазақ  халқының  салт-

дəстүрлері,  қолөнер,  қару-жарақтары  ту-

ралы  мағлұматтар  берілмек.  Жоба  ма-

териалдары  қазақ  тілінде  (қазақша  жəне 

төте  жазумен)  агенттік  сайтында  жария-

ланады.

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ 



ДАМУ ҚАРҚЫНЫН 

ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ



Қызылордаға жұмыс сапарын Байқоңыр 

қаласынан бастаған Үкімет басшысының 

орынбасары Бердібек Сапарбаев облыс 

орталығында болып,  бірқатар 

нысандарды аралады. 

БАСТЫ НАЗАРДА

Қалалық коммуналдық шар уа  -

шылығы, жолаушылар көлігі жəне 

автомобиль  жолдары  бөлімінің 

мəліметіне сүйен сек,  қала көше-

лерін  күтіп  ұстауға,  ағымдағы, 

орташа  жəне  қайта  жаңғырту 

жұмыстарына  толығымен  қаржы 

қаралған. 

Осының  нəтижесінде,  қа-

лада 47 көшеге  жол  жөндеу 

жұмыстары  жүргізілген.  Атап 

айтсақ, 1,75 шақырым  болатын 

Жібек  жолы,  Сұлтан  Бейбарыс, 

Амангелді  көшелеріндегі  жол-

ды  орташа  жөн деу  жұмыстары 

толық аяқталған. Ал, 2 шақырым 

болатын 


Тасбөгет 

кентіндегі 

С.Бейбарыс көшесінен Сапарбаев 

көшесіне  дейінгі  айналма  жол  да 

аяқталып,  пайдалануға  берілген. 

Сондай-ақ  8,9 ша қырым болатын 

15  көше  бойынша  орташа  жол 

жөндеу  жұмыстары  бітіп,  комис-

сия тобы қабылдау үстінде. 

Қала 


əкімінің 

орынба-


сары 

Асылбек 


Шаменов: 

«Қорқыт  ата,  Хон  Бен  До 

жəне  Торайғыров  бойындағы 

жол  құрылысы  жаңа  заманауи 

технологиялық  жобаға  сəйкес 

жүргізілуде. Бұнда 24 жаңа аял-

дама, 160 түңгі  жарық  шам-

дары  тұрғызылды.  Халықтың 

ұсынысына  сəйкес  жаяу  жүр-

гіншілер  үшін  асфальт  жол  са-

лынды.  Аталмыш  көшелерді 

қайта жаңғырту үшін облыстық 

бюджеттен 1 млрд. 126 млн 

теңге 


қаралған 

болатын. 

Жаңғырту  жұмыстарын  «УАД» 

ЖШС жүргізіп жатыр», – деді.

Бүгінгі  күні  өзекті  бо-

лып  тұрған  қаланың  көлік 

инфрақұрылымын  реттеу  мə -

селесі.  Осы  орайда,  кең  ау-

қымда  қолға  алынған  жөндеу 

жұмыстарының  жүргізілуі  мен 

жаңа жолдардың  салынуы шаһар 

шырайын арттыра түспек.

  

Ə.ТАҢНҰР.

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ



Жуырда қала 

əкімінің орынбасары 

Асылбек Шаменов 

қаладағы жол жөндеу 

жұмыстарымен танысты. 

Ол С.Торайғыров, 

Қорқыт ата жəне Хон 

Бен До көшелерін аралап 

шықты.  Маусым айында 

басталған қайта жаңғырту 

жұмыстары қыркүйектің 

15-не дейін аяқталмақшы. 

Қазіргі атқарылған жұмыс 

95 пайызды құрайды.

Кез-келген дамыған елдерді алып қарасаңыз, өзен бойына 

орналасқан қалалары өзіндік кескін-келбетімен, көзтартар 

сəулеттілігімен  ерекшеленеді.  Осыған  байланысты  соңғы 

жылдары  Сыр  өңірінің  бас  қаласының  сол  жағалауын 

дамыту ісінің қолға алынуы көңілге қонады. Иə, расында да 

біздің  облыста  ірі  жобалар  жүзеге  асып  келеді.  Келешекте 

Қызылорданың  қос  жағалауы  заман  талабына  сай  көркейе 

түспек. Сол жақ бөлігінде заманауи ғимараттар бой көтерді 

деп  күтілуде.  Осыған  байланысты  Ғ.Мұратбаев  көшесі 

бойынан  Сырдария  өзені  үстіне  салынып  жатқан  көпір 

құрылысы  басталып  кетті.  Ол  келешекте  қос  жағалауын 

жалғаған орынға айналатын болады. 

2-бетте

“АРАЙ” 


ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ

4-бетте

ТӨЗІМДІЛІККЕ 

ТӘРБИЕЛЕЙТІН 

ӨНЕР


2-бетте

ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹68     5 ҚÛÐÊҮÉÅÊ, 2015 ÆÛË

ӘËÅÓÌÅÒ

2

Облыстық ішкі 

саясат басқармасы, 

«Жастар ресурстық 

орталығы» жəне 

«Нұр Отан» 

партиясы «Жас 

Отан» жастар қанаты 

қалалық филиалының 

ұйымдастыруымен 

қазақстандық 

ғарышкер Айдын 

Айымбетовке қолдау 

көрсету мақсатында 

жастар акциясы өтті.

ЖАСТАР ҒАРЫШКЕРДІ ҚОЛДАДЫ

Акция  «Байқоңырдан  ға рышқа,  қанат  қағып 

қарышта»  ұранымен  басталды.  Шараға  облыстық  ішкі 

саясат бас қармасы басшысының орынбасары Еркебұлан 

Меңлібаев  пен  «Жас  Отан»  Жастар  қанатының 

облыстық  филиалының  атқарушы  хатшысы  Абылай-

хан  Сабан баев  қатысып,  жастарды  акцияға  белсенді 

атсалысуға шақырды.

Өздеріңіз  білетіндей, 2 қыркүйекте  «Союз 

ТМА-18М»  ғарыш  кемесіндегі  экипаж  құрамында 

қазақстандық  А.Айымбетов  екінші  бортинженер 

ретінде көкке ұшқан болатын.

Акция  барысында  жастар  ғарышкерімізді 

«аман-есен  елге  оралсын»  деген  ниетпен 

жүрек жарды  тілектерін  жазып  əуеге  шарларын 

ұшырды.

Жастар  Айдынның  мемлеке тіміз  үшін  маңызды 



ақпараттармен 

қауышатынына 

нық 

сенімде 


екендіктерін  жеткізді.  Акция  облыстың  шығармашыл 

жас тарының  қатысуымен  концерттік  бағдарламаға 

ұласты. 

Бағлан ЖАРҚАНҚЫЗЫ.

ҚАЛАНЫҢ КЕЛБЕТІ 

КӨРКЕЙЕДІ

Сыр  елінің  бас  шаһары  дарияның  оң 

жағалауын 

бойлай 


салынғаны 

белгілі. 

Сондықтан  бұған  дейін  Сырдария  секілді 

ірі  су  артериясының  жайлы  микроклиматы, 

өзеннің  табиғи  əсемдігі  мен  тартымдылығы 

қаланың  сəулеттік  келбетін  қалыптастыруға 

пайдаланылған жоқ. 

Сол  жағалаудағы 1532 гектар  аумақтың 

түбегейлі  жоспарлау  жобасын  жасаған 

«Урбостиль»  

ЖШС  директоры  Любовь 

Нысанбаева  қала  құрылысының  дамуын-

да  Сырдария  өзенінің  Астана  қаласындағы 

Есіл  өзені  сияқты  табиғи  тартымдылығы 

басым  болуы  қажет  екендігін  айтады.  Бұл 

жоғарыда аталған қала құрылыстық жоспар-

да  қарастырылған  көрінеді.  Сонымен  қатар, 

нақты  кезеңде  қала  тұрғындарының  саны 

246,8 мың адамға жетіп отыр. Ал, 10 жылдан 

соң бұл көрсеткіш өсіп, 310-350 мың адамды 

құрайды деп жоспарлануда.  

Мамандар  осы  қарқынды  өсуді  негізге 

ала  отырып,  қаламыздың  перспективалық 

параметрі 2050 жылға  қарай 400 мың  адамға 

жетуі бек мүмкін дегенді айтады. Бұл – қалада 

тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін қосымша 

аумақтар  қажет  болады  деген  сөз.  Осыған 

орай,  жоспарға  сəйкес,  облыс  орталығының 

перспективалық 

дамуы 


дарияның 

сол 


жағалауындағы  бос  аумақтарда  жүзеге  асы-

рылады.  Облыс  қазынасынан  қажетті  қаржы 

қаралып,  оған 2013 жылы 1532 гектарды 

құрайтын  аумаққа  инженерлік  геологиялық 

жəне  геодезиялық  зерттеу  жұмыстары  жүр-

гізілген.  Өткен  жылы  Сырдария  өзенінің 

сол  жағалауындағы 1532 гектар  аумақтың 

егжей-тегжейлі  жоспарлау  жобасын  əзірлеу 

жөніндегі  жұмыстар  қолға  алынып,  оны 

Алматы   қаласындағы  «Урбостиль»  жобалау 

мекемесі  жобалап,  толықтай  аяқтап  шыққан 

болатын. 



ҚОС БӨЛІГІН ЖАЛҒАҒАН

Қаланың  қос  бөлігін  жалғаған  көпір 

құрылысын 

«Мостоотряд-25» 

компания-

сы жүргізуде. Жаңа көпірдің ұзындығы – 387 

метр, ені 22,4 метрді құрайды. Осындай алып 

көпірді  салу  елімізге  белгілі  компанияға 

жүктеліп  отыр.  Аталған  нысанның  салыну 

мерзімі – 26 ай. 

Көпір  құрылысы  басталып  та  кетті.  Ел 

қазынасынан  биылғы  жылы  да  қомақты 

қаражат қаралып отыр. Жаңа қонысты кешенді 

түрде  игеру  осы  көпір  пайдалануға  берілген 

соң  басталатын  болады.  Сонымен  бірге, 

жобада   құрылысы  басталған  көпірден  бастау 

алып,  тікелей  «Батыс  Еуропа-Батыс  Қытай» 

халықаралық  автокөлік  дəлізіне  қосылатын 

6  жолақты  автокөлік  жолы  салынбақшы.  Ол 

үлкен  күре  жолдан  қаланың  жаңа  жəне  ескі 

орталықтарына 

жолаушылардың 

тікелей 

шығып,  уақыт  үнемдеуіне  мүмкіндік  береді. 

Бұл  дегеніңіз,  өңірдің  өркендеуіне  зор 

ықпалын  тигізетін  сол  жағалауды  игеру  ісі 

таяу уақытта қолға алынады деген жоспар бар.

ТӨБЕСІ КӨК ТІРЕГЕН 

ҒИМАРАТТАР

Жоспарға  сəйкес,  сол  жағалауда  тиімді 

инвестициялық  климатты  қалыптастыратын 

əкімшілік-офистік, мəдени ойын-сауық, сауда-

көрме, спорттық, коммуналдық, рекреациялық 

жəне  шағын  бизнес  нысандарын  салу 

көзделген.  Сонымен  қатар,  мешіттер  мен 

этно  орталықтар, 3-4 жұлдызды  қонақ  үйлер 

жəне  элиттік  тұрғын  үй  кешендері,  білім, 

денсаулық  жəне  əлеуметтік  нысандар  мен 15 

мың  көрерменге  арналған  стадионның,  тағы 

басқа да нысандардың құрылыстарын жүргізу 

жоспарда бар. 

Айта кету керек, мұнда жоспарлы тұрғын 

үйлер  салынбайды.  Орнына 5, 9 жəне 12 

қабатты  тұрғын  үй  кешені  бой  көтеремек. 

Жалпы,  сол  жағалау, 15 шағын  ауданнан 

тұрады. Оның ішінде 11-і тұрғын аудандар, 1-і 

индустриялық аймақ, қалған 3-і ірі парк жəне 

бульварлар болып қарастырылған. 

Жоба  бойынша  сол  жағалауда  жаяу 

жүргіншілерге  арналған  бульварлар,  су  бұр-

қақтары, шағын формалар мен жасыл аймақтар, 

мейрамханалар  желісін  орнату  жоспарлану-

да.  Ең  бастысы,  мұндағы  жаңа  қала  барлық 

озық талаптарға сай келеді. Жаңа қалада 2016-

2025 жылдар аралығында халықтың санын 51 

мыңға  жеткізу  көзделген.  Демек,  келешекте 

сол жағалау толықтай игерілген кезде онда 155 

мыңдай адам қоныстанады деген сөз.

Сонымен, қаланың сол жағалауын дамы-

ту  жобасы  іске  аса  бастады.  Енді  Сырдың 

бас  қаласы  жаңаша  келбетке  ие  болады.  Ең 

бастысы,  қаланың  аумағы  кеңеюімен  қатар 

оның  экономикалық  дамуы  да  қарыштап 

алға басады. 



Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

ДАРИЯНЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫ, 

БЕРГІ ЖАҒЫ...

Осы орайда жуырда Сыр жұртшылығы 

ҚР  Президенті  Əкімшілігінің  Қазақстан 

халқы 


Ассамблеясы 

Төрағасының 

орын басары,  хатшылық  меңгерушісі 

Ералы   Тоғжановпен  кездесті.  Қорқыт 

ата  атындағы  ҚМУ-дың  Студенттер  са-

райында  өткен  кездесуге  «Нұр  Отан» 

партиясы  төрағасының  бірінші  орынба-

сары  Н.Байқадамов,  қалалық  мəслихат 

хатшысы  И.Құттықожаев,  этно-мəдени 

бірлестік  жетекшілері,  ғалымдар,  ҮЕҰ 

өкілдері қатысты.

Кездесу  барысында  Ералы  Лұқ-

панұлы 

барша 


қатысушыларды 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

20 жылдық мерекесімен құттықтады. 

Сонымен   қатар,  жыл  басынан  бері 

Ассамблея  

аясында 


республика 

көлемінде  атқарылып  келе  жатқан 

жұмыстарға  тоқталды.  Елбасының 

сарабдал саясаты, «100 нақты қадам» 

Ұлт  жоспарының  маңыздылын  атап 

өтті.


Жиынға  қатысқан  Батыр  аналар 

мен  ақсақалдар  елімізде  жүргізіліп 

жатқан сая сатты қолдайтынын жеткізіп, 

болашақ 


иелері 

жастарға 

ақыл-

кеңестерін  айтты.  Сонымен  қатар, 



жиналғандар  бірлік,  ынтымақтастық 

тақырыптарын 

аша 

отырып, 


Ас-

самблеяның  тарихи  қалыптасуы  мен 

қоғамдағы орны жайында сөз қозғады.

Кездесу  соңында  бірқатар  азамат-

тар  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

20  жылдығына  арналған  мерекелік 

медалімен марапатталды. 


Каталог: storage
storage -> Наименование Реквизиты регистрационного удостоверения
storage -> Директорлар кеңесі 2013 жылдың 10 қаңтарында (№1/2013 хаттама) Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысы өткізілді, онда төмендегі мәселелер қарастырылды: «Автоматты басқару жүйесі «Энергодиспетчерлік тартым»
storage -> Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарты
storage -> В россии заболеваемость достигает 14-15 ‰
storage -> Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы
storage -> Сценарийлер жинағы Сборник сценариев Көкшетау 2015 Әож 821. 512. 122-93 кбж 84 (5 Қаз) е 74
storage -> Оқу-әдістемелік құрал Қасен Гүлжазира Аманжолқызы Астана 2013 ж Алғы сөз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет