«Ойнайық та ойлайық» \тренингтер, ойындар \ Мақсаты



Дата21.01.2018
өлшемі30.82 Kb.
«Ойнайық та ойлайық»

\тренингтер, ойындар \



Мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа адамгершілікке, тапқырлыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың ой қиялдарын ұштау, ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: ватман кағазы, түрлі түсті қағаздар, маркер, музыкалық орталық. Жүрек бейнесіндегі жапсырмалар.

Барысы: Құрметті оқушылар біз бүгін сіздермен «Сеземіз, танимыз, ойнаймыз» деп аталатын ерекше сабақ өткіземіз сабағымыз тренинг, ойын, түрінде болады. Тренингтің кезеңдері:

«Менің есімімді ата» жаттығуы.

Мақсаты: Топқа деген жағымды сезімді дамыту.

Нұскау: Қазір мына кішкентай доп сіздердің қолдарыңызға тиеді. Бұл допты ұстаған адам өз есімін айтуы тиіс. Доп барлығына тигеннен соң, доп қайта бір айналады . Сол кезде әрбір қатысушы тренингте қолданатын есімін айтуы тиіс.

«Мен-күнмін» тренингі.

Мақсаты: Оқушының өзіне сенімділігін арттыру. Сыныптың ынтымақтасын, бірігуін

бақылау, ұлдар мен қыздар арасындағы достық, ұлдардың қыздарды қорғауы,

сыйлауын байқау.

Нұсқау: Күннің суретін салып, ортасына оқушы өз есімін жазады. Шашырап түрган әр сәулеге бала өзінің жақсы деген қасиетін, жетістігін, өнерін жазады.

.

«Көргенді тап».



Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту.

Сіздерге тоғыз түрлі фигура, сызықтардан тұратын 1-сурет ұсынылады. 10 сек. Көрсетіледі. Содан соң сондай сызық, фигуралардың саны екі есе көп суреттен (2-сурет) алдыңғы көргендерді табу сұралады.





"Саусақтар"ойыны

Мақсаты: Қатысушыларды ынмақтастыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар шеңбер бойымен қолдарын жұмып отырады, жүргізушінің бұйрығымен бәрі саусақтарын ашады. Топтың қатысушылары бір-бірлеріне қарамай, бір ғана санды саусақтарымен көрсетуге тырысу керек. Қатысушылар бір-бірімен келісуге, "заңсыз" әдістермен өз әрекеттерін үйлестіруге ұмтылуларына тыйым салынады. Өз мақсаттарына жеткенше, ойын жалғаса береді.



"Жіп" ойыны

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйіне жағымды әсер ету.

Екі қатысушы алынады. Олар 1-5 метр қашықтықта, бір-бірлеріне арқаларын беріп отырады. Жүргізуші еденге бір қатысушыдан екіншісіне қарай жіп тартып қояды. Жіптің ұштары екі орындық аяқтарының ортасында жату керек. Жүргізушінің бұйрығымен жіпті кім бірінші болып өзіне тартып алса сол жеңімпаз атанады.


Логикалық сұрақтар

  1. Барлық айлар 30 және 31 күнмен аяқталады. Қай айда 28 күн бар?

(Барлық айда)

  1. Ағашты 12 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек. (11)

  2. Қай жерде қалалар үйсіз, ормандар ағашсыз көрсетіледі? ( картада

  3. Түйеқұс өзін құспын деп айта алама ? ( жоқ өйткені ол сөйлемейді)

  4. Алма ағашында 12 алма, ал үйеңкі ағашында одан аз алма өсіп тұр, Үйеңкі ағашында қанша алма өсіп тұр. ( үйеңкіде алма өспейді)

8. Жаңбырлы күні қоян қандай ағаштың астында отырады? (сулы ағаш)

"Атомдар және молекулалар"

Мақсаты: Сенім атмосферасын құру, топты жұмылдыру. Қатысушылар шеңбер болып тұрады.

Нұсқау: Казір біз атомдар және молекулалар ойынын ойнаймыз. Әрбіреуіңіз бөлмеде атом болып еркін жүресіз. Менің нұсқауым бойынша (шапалақ) жылдам молекула болып жиналасыздар, қолдарыңыздан ұстайсыздар. Әрбір молекуладағы атомдар саны менің нұсқауым бойынша жиналады. Мен шапалақтап "үш" деген санды атасам, үш адамнан топ құрайсыздар

«Жүректен- жүрекке»

Оқушыларға жүрек бейнесіндегі жапсырма қағаздары таратылып беріледі оқушылар өз сыныптағы бір оқушыға арнап тілек немесе ұсынысын жазып тақтада ілініп тұрған ватманға жапсыруы тиіс ( музыка ойнап тұрады)


Қорытынды: психолог сөзі бүгінгі сабағымызды Ж. Баласағұнның мынадай сөзімен қорытындылағым келіп отыр «Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды дейді біріншісі қайырымды ісі, екіншісі жүректен шыққан жылы сөзі» әрқашанда бір бірімізге жылы сөздер айтып бірі -бірімізге қайырымды болайық деп бүгінгі сабағымызды аяқтығым келеді. Осымен «сеземіз, танимыз, ойнаймыз» атты тренинг сабағымыз аяқталды сау болыңыздар.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет