Ойындар «Соқыр теке» ойыны



Дата01.04.2018
өлшемі88.28 Kb.
Ойындар


  1. «Соқыр теке» ойыны

Ойынның шарты: Ойнашылар шеңбер жасап, ортасына «теке» қойып, көзін байлап жатқанда, олөлең айтады.

Әй! Қараңғада көзім жоқ

Тілім кетсе сөзім жоқ,

Маған жақын келіңдер

Бір қыз ұстап беріңдер
«Текенің» көзін байлаған кезде, ызаландырып отырып өлең айтады.
Соқыр, соқыр-соқырақ

Өз көзіңе топырақ

Топырағым алайын

Ал ұстап көр батырын

Міне келе жатырмын!
Осы кезде ойыншының біреуі «ткені» итереді, ол сол кезде оны ұстап алуы керек, ұсталған адам «теке» болып, жаңа «текені» ұстауға тырысады. Ойын осылай жалғаса береді.


  1. Қоян

Ойынның шарты: Жүргізуші жалпы топтан қояндарша киінген 8 баланы бөлек шығарып алады да ересек төртеуін қоян, 4 баланы қоянның көжектері етіп белгілейді. Саздық алғашқы екі тактісіне үйдің төрт бұрышынан (үй бұрыштарын қояндардың іні ретінде есептеу керек) екі-екіден қояндар секіріп-секіріп шыға келеді. Қалған балалармен тәрьиеші «Қоян» деп аталатын әнді айта бастайды.
Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді

Қояндар елеңдеп жан-жағына қарасады, әннің қайталануында ытқып, секіріп өздерінің жүрістерін салады. Ән айтып тұрған балалар 1,2 рет қол шапалақтайды.
Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің

Қояндар жалтақтап артына, бір-біріне қарасады. Әннің қайталнуында қоянның көжектері болып- жұрген балалар үлкен қояндарының алды- артына шығып, секіріп ойнайды, бөлейді


  1. Ақ серек, көк серек

Ойынның шартты: Ойвн ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30-40 метірдей жерде бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Көз қатар қол ұстасып тізіліп тұрады. Жеребе бойынша ойында бастаған топтың балалары әндете өлең айтады.

-Ақ серек,көк серек

Бізден саған кім керек?...

Екінші топтағылар бір ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығыпекпін дегі жүгіріп келеді де қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады.Келесі кезекті ойынды екінші топ әлгі әдіспен бастайды. Осылайша ойыын жалғаса береді. Қайтоп өз ойыншыларынан айырылып қалса жеңілген болып есептеледі.




  1. Арқан түю

Ойының шрты: Ойыншылар шеңбер жасап дөңгелене тұрғаннан кейін, қолында арқаны бар ойының жүргізуші топ ортасына шығады да:

-«Ойынды бастадым»- деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан үстап шеңбер бойымен айналдырады, ал ойыншылар болса, секіріп түрып, арқанда аяқтарының астарынан өткізіп жібереді. Кімде-кім арқанды өткізе алай, аяғына тигізіп алса, онда айап тартады.

Көпшіліктің ұйғарымымен ортаға шығып өнер көрсетеді және оның жүргізушілермен орын ауыстырады. Осылайша, ойын одан әрі жалғаса береді.


  1. Тас кімде.

Балалар қолдарын артқа ұстап, араларын 30-40 сантеметірдей Қашыықтықтар бір қатарға тізіліт тұрады. Қасында кішкене тас ұстаған бастаушы балаларының сырт жағынан, өзгелерге білдіртпей біреушінің қолына тасты ұстайды. Тасы бар бала ұсталмай қатардан қалып шығуы керек .Егер екі жағындағы балалар оын орыныпан тырп еткізбей ұстап қалса ұсталған бала бастаушымен орындарын ауыстырады. Егер ұстатпаса қайтадан орынына келкіп тұрып,ойын әрі қарай жалғаса береді.


Сергіту сәті


  1. Бала, бала балақан

Кәне қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былй ойнат.


  1. Кім жылдам

Хат Сөзіне құлаққа сыбырлап айтылады. (Мұғалім мен баланы бір – біріне жақындатады, жақындық сезімі оянады.


  1. Бір дедім биіктедім

Екі дедім елендедім

Үш дедім үміттендім

Төрт дедім түгелдендім.


  1. Ал балалар тұрайық,

Алақагнды соғайық

Оңға қарай иіліп

Солға қаорай иіліп

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.



  1. Тербелейді ағаштар

Алдынан жел еселейді

Кіп кішкентай ағаштар

Бйік болып өседі

.


  1. Бір, екі, үш

Жинап алып күш

Жалқаулықты тастаймыз

Жаңа сабақ бастаймыз.



  1. Тік ұста бойынды

Жоғары соз қолынды

Соз қолынды тағы да

Жетеміз жираф басына.

8. Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей иіліп солға бір

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу ойнайық.

9. Аппақ қалың өңірді .

Қар жауды,

Қар жауды.

Көңілді балалар

Қызығып секірді, секірді.


10.Дәптерімізді алайық

Салақтықтан қашайық

Қолға қалам алайық

Көркем етіп жазалық.


11. Ұсталардай тарсылдатып

Шегені де қағамыз

Әшекейлеп, әдемілеп

Жазды да жазамыз.


12. Қатты нөсер басылды

Күн жарқырап ашылды

Неше түрлі әдемі

Кемпірқосап жасалды.

13. Жаздық; жаздық бәріміз

Талып қалды қолымыз

Аздап қане дем алайқ

Орнымыздан тұрайық

1,2 деп басайық, топ-топ басайық

Сәл дем алып болған соң

Орнымызға барайық.
14. Тербеледі ағаштар

Жел алдымнан еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен бопөседі.


15.Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.


16. Балық судан шықты да

Жан-жағына қарады

Қабағын бір түйді де

Шашын жөндеп тарады.


17. Күн күркіреп жаңбыр жауады

Күн жарқ етті

Жаңбыр қатты жауады

Күн ашылды

Жаңбыр басылды.
18. Қоян шықты далаға

Жан-жағына қарады

Жүгірді секірді

Орына барып отырды.


19. Сыңғыр-сыңғыр сырғалар

Құлағымды ырғалар

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік

Бәрін қане санашы.
20. Оңға түзу тұр.

Солға түзу тұр

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары-төмен қарайық

Орнымызды табайық.


21. Орнымыздан тұрайық

Алақанды үрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз бір дем алайық.


22. Екі қолды жоғары

Сыл көтерсек болады

Енді оны бөгмей

Түсірейік төменге

Міне былай, қарайық

Құстай қанат қағайық.


23. Ғабит ата сөзіндей

Біз жазушы боламыз

Жазған аңыз, ертегіңді

Ынта қойып оқимыз.


24. Қарлығаш болып үшамыз

Түлкі болып қашамыз

Қырғауылдай тапқыр боп

Орнымызға қонамыз.

25. Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қаттты-қатты соғайық.


26. Қарлығашқа ұқсайық

Қане қанат қағайық

Қарлығаш болып ұшайық

Ұшып-ұшып алайық.


27. Жел соқты, жаңбыр жауады

Жаңбыр қатты жауды

Жел басылды, күн ашылды.
28. Бір, екі, үш жинап алып күш

Қолға қалам алайық

Әсем етіп жазайық.
29. Аппақ болып таң атты

Түтін тікке үшады

Қарлығаштар қанатын

Биік самғап үшады.


30. 1,2,3, ал қанекей ұш

4,5,6,7 мынау ауыл шеті

8,9,10 ал қанекей қон.
31. Жел соғады бетімізге

Жайқалады ағаштар

Тыныш-тыныш жайқалады

Биік-биік ағаштар.


32. Орманға құлпынай теруге барайық

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.
33. Қомақаны қойдың

Қайда қалап қойдың

Бұлтиып тұр




Ойындар
1. «Теледидар», оқушылар өздері білетін ертегілерді айтады.
2. «Қай әріп жоғалған?» Қа...ық, шыр...а, о...ыншық, ас...қ, бал...пан, қоша...ан, алты...ақан.

Ойынның барысы: тақтада жазылған сөздерге жоқ, әріпті оқушының жазуы көздейді.


3. Қай топ сөзді көп айтса, сол топтың бір қадам алға жылжиды.





Алфавит әріптерін кесте ішіндегі цифрлармен сәйкестендіріп орналастыр.

3

1

13

3

20

16

24

1

19

30

1

16

15

37

19

1

22

1

13

7

1

19

37

1

24

38

18

31

25

37

23

1

3

2

16

24

1

19

10

1

26

37

19

1

18

1

13

11

1

19

25

12

24

38

18









Каталог: 87429809B3314E9A
87429809B3314E9A -> Білімі жоғары, мамандығы инженер экономист
87429809B3314E9A -> 8-ші Наурыз Халықаралық аналар мерекесіне арналған«Ананың жүзі – күлімдеген күн көзі»
87429809B3314E9A -> Домашние животные и птицы. Домашние животные и птицы
87429809B3314E9A -> Қазіргі таңда білім беру үдерісінде инновациялық технологиялардың рөлі Cадықова Р. К. ф.ғ. к
87429809B3314E9A -> 1 Д=0 болғанда неше шешімі бар? А екі b шешімі жоқ c бір
87429809B3314E9A -> Сынып жұмысы. Сынып жұмысы
87429809B3314E9A -> Сабақтың мақсаты: а Оқушыны өз ойын жүйелі жеткізеб ілуге дағдыландыра отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет