Ойыл ауданының әкімі Күзембаева Бұлбұл Бисембайқызының 2017 жылғы 15 тамыздағы мәслихаттың кезекті он екінші сессиясында жасайтын «Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есері



Дата22.02.2019
өлшемі155.08 Kb.
Ойыл ауданының әкімі Күзембаева Бұлбұл Бисембайқызының 2017 жылғы 15 тамыздағы мәслихаттың кезекті он екінші сессиясында жасайтын «Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есері туралы » баяндамасы

Құрметті депутаттар мен сессияға қатынасушылар !

 

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау және іске асыру бағыттарында жүргізілуде.



Бюджет.

Ағымдағы жылдың 6 айында ауданның жергілікті бюджетінің кіріс жоспары (1 570 404,1 мың теңге), 1 577 814,9 мың теңге болып немесе 100,5 пайызға орындалды.

Оның ішінде, жергілікті бюджетке түсетін салықтардың жоспары 149762, 8 мың теңге болып, 105,2 пайызға орындалды. (өткен жылмен салыстырғанда 107,2 пайыз).

Бюджеттің шығыс жоспары 1 570 150,4 мың тг. 100 пайызға игерілді.

Ағымдағы жылғы өнеркәсіп өнімінің көлемі 596,3 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 97,4 пайызға орындалды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1468,4 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 159,9 пайызға артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 337,4 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе (341,2 пайыз) артық орындалса, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 2564 шаршы метрді құрап, 114,8 пайызға өсті.

Ағымдағы жылы құрылыс саласына облыстық бюджеттен 6 жобаға 735,6 мың тг. бөлінді: жиырма бір бір пәтерлік тұрғын үй салуға 150,4 мың тг., 45 тұрғын үй учаскесіне инженерлік желі жүргізуге 24,2 мың тг., Амангелді ауылына су құбырын жүргізуге 100,0 мың тг., 2 мектептің құрылысына 461,0 млн. тг.
Аудан экономикасының негізін құрайтын ауыл шаруашылығы саласында:

Егіс шаруашылығында барлығы 1795 га дәнді және майлы дақылдар егілді (2016 жылмен салыстырғанда 1175 га артық), соның ішінде суармалы егіс 120 га егілді.

Сондай-ақ 244 га картоп, көкөніс, бау-бақша өнімдері егілді (өткен жылдан 36 га өсім бар).

Ағымдағы жылдың 6 айында аудан шаруашылықтарына 30,7 млн.теңгенің ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуына қолдау көрсетілді.

Тары өнімін өңдеу бойынша «Жақып» ШҚ-мен цех ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бойынша мал азығын дайындау жоспардағы 1,5 жылдық қор жасақтау арқылы дайындалуға тиіс 156,2 тн мал азығының 127,9 мың/тн (82,0 пайыз) дайындалды.

Ауылдық округтер бойынша шөп қажет ететін аула саны нақтыланып , мал азығымен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру бойынша жұмыс тобы құрылып, жұмысын жүргізуде.

Жыл басынан 20 ауылшаруашылығы субьектісіне 24631 га жер учаскесі табысталып, жыл басымен салыстырғанда пайдалануға берілген жер көлемі 562591 га жерді құрап, 21 пайызға өсті.

Жер ресурстарын пайдалану бойынша мемлекеттік қадағалау жұмыстары жалғастырылып, түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 18 ауылшаруашылығы субьектілерінің пайдаланылмай отырған 18404 га жер учаскесі ауданның босалқы жер қорына қайтарылып, 1 шаруа қожалығының пайдаланбай отырған 596 га жер учаскесі облыстық жер инспекциясына ұсынылып, қайтарылды.

Мал шаруашылығы саласында

2017 жылғы 6 айда мүйізді ірі қара 36014 басты құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға , қой-ешкі 168219 басты құрап 101 пайызға, жылқы 7222 басты құрап 114,6 пайызға, түйе 65 басты құрап 101,6 пайызға, құстар 31500 басты құрап 101,6 пайызға артты.

Мемлекеттік бағдарламаларды толық жүзеге асыра отырып, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес мал басының өсуі мен өнімді арттыра отырып, экспортқа шығару бойынша шаралар қабылдауымыз керек.

Ағымдағы жылдың 6 айында:

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 140 бас алу жоспарланып, 62 бас мал алынып, жоспар 44,3 пайызға орындалып отыр. (оның ішінде Ойыл ауылдық округінен «Әділхан» шқ 17 бас, «Әділет 1» шқ 13 бас. Қараой ауылдық округінен «Қоныр кете» шқ 22 бас. Сарбие ауылдық округінен «Сырым» шқ 10 бас ) «Әсел» шқ басшысы Макимов Болат 4,140 000 тг 22 сиыр алуға «Ойыл Несие» ЖШС құжаттарын өткізді.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша бойынша 270 бас алу жоспарланып, Көптоғай ауылдық округі бойынша «Ақниет» шқ 50 бас, Сарбие аылдық округі бойынша «Кенжебай» шқ 101 бас, барлығы 151 бас ҰМҚ мал алынып жоспар 55,9 пайызға орындалды;

«Құлан» бағдарламасы бойынша 40 бас мал сатып алу жоспарланып, қазіргі кезде Саралжын ауылдық округі бойынша «Ербазы» 75 бас жылқы алынып жоспар 188 пайызға орындалды.


2017 жылға асыл тұқымды мүйізді ірі қара малы сатып алу жоспарына сәйкес 400 бас мүйізді ірі қара сатып алуға тапсырма беріліп, Көптоғай ауылдық округі бойынша «Шеркеш» шқ 11 бас, Қайыңды ауылдық округі бойынша «Шағатай» шқ 20 бас, Қараой ауылы бойынша «Әділет» шқ 62 бас, Саралжын ауылдық округі бойынша «Айтан» шқ 120 бас Асыл тұқымды МІҚ малын сатып алып барлығы 213 бас мүйізді ірі қара алынып, жоспар 53,2 пайызға,

Асыл тұқымды ҰМҚ сатып алу бойынша 600бас тапсырма беріліп, Сарбие ауылдық округі бойынша «Кенжебай» шқ 101бас асыл тұқымды ҰМҚ сатып алып, тапсырма 16,8 пайызға орындалды.

Асыл тұқымды жылқы сатып алу бойынша Саралжын ауылдық округі бойынша «Ербазы» шқ 30 бас асыл тұқымды жылқы малын сатып алуға жұмыстанып жатыр.

Мал бордақылау алаңдарына бұқашықтар тапсыру жоспар 1780 бас болса, тапсырылғаны 200 бас болып орындалуы 11,2 пайыз болып отыр.

Жайылымды жерлерді суландыру бойынша 12 шаруа қожалығы құдық қаздыруға сұраныстарын беріп отыр.

Кооперативтер жұмыстары айтар болсақ,

ауданда 14 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып жұмыс жасауда. Олардың ішінде 7 мал шаруашылығы, 7 аралас бағытта жұмыс жасайды.

Өткен жылы Көптоғай ауылдық округінен құрылған «Жаңа қадам 2016» кооперативіне «АгроҚаржылайқолдау Қоры" АҚ арқылы 12 млн 300 мың теңге несие алып, 2 техника (сүт таситын автокөлік, рефрижатор автокөлігін) алуына қолдау көрсетілсе, ағымдағы жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы» 16,0 млн.теңге несие алып, 52 бас мүйізді ірі қара малдарын сатып алды, бүгінде «Ойыл-Несие» серіктестігі арқылы аталған кооперативтің құрылыс салу мен қосымша мал мен техникалар алу жобасы бойынша 18,0 млн.теңге несие алу құжаттары қаралуда, сондай-ақ, «Ақтөбе ауыл шағын несие»қаржылық ұйымы арқылы Сарбие ауылдық округінен «Жекенді» кооперативінің жылқы малын өсіру үшін 18,0 млн.теңге несие алу жобасы мақұлданып, Қараой ауылдық округіндегі «Сатым» кооперативі 18,0 млн.теңге, Сарбие ауылдық округінен «Ағайындылар» кооперативінің мүйізді ірі өсіру мен бордақылау жобасы бойынша 10,0 млн.теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы» Ойыл ауылдық округінен «Наби-Диас» кооперативінің 18,0 млн.теңге несие алу құжаттары қаралуда.

2017 жылы 50,0 млн.теңге инвестициялық жобаны құрайтын «Тәжібай-Агро»ЖШС ет өңдеу бағындағы ауыл шаруашылығы кешенін құру бағытында мал баздарын салып, инфрақұрылым жасақтауда;

Мал дәрігерлік қамту шаралары бойынша жоспардағы белгіленген аурулардың барлық түрлері бойынша алдын алу-емдеу, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бруцеллезге 21231 бас мүйізді ірі қара тексеріліп, оң нәтиже берген 349 бас , 30880 бас қой-ешкі тексеріліп, оң нәтиже берген - 178 бас жойылды.

Ауру малдар анықталған 1505 шаршы метр 219 аула-қораларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Өткен жылғы мәслихаттың сессиясында мал арасында бруцеллез ауруының азаймай отырғаны туралы сұрақтар көтерілген болатын.

Ауруды азайту мақсатында 1 елді мекенге (Құмжарған) 2 шаруа қожалығы («Майдан», «Ақылбек») малдарына шектеу қойылып тиісті іс шаралар жүргізілсе, ағымдағы жылы Ақшатау ауылы мен 2 шаруашылыққа (Сайын-Қалам ӨК және «Көбек»ш.қ) шектеу қойылып отыр.

Дегенмен, малдың тексерумен толық қамтылмауы мен, ауыл тұрғындарының ауырған малдың төлін жоймауы, ауру мал шыққан аула-қораларды залалсыздандыру жұмыстарына немқұрайлы қарауы салдарынан ағымдағы жылы бруцеллез мал саны 2 есе өсіп кетті(2016 ж 16922 бастан-198 бас; 2017 ж 24601 бастан 411 бас).

Оның ішінде Саралжын ауылдық округі бойынша 18 бастан 141 басқа, Ойыл ауылдық округі бойынша 34 бастан 98 басқа, Көптоғай ауылдық округі бойынша 9 бастан 27 басқа дейін өсіп отыр.

Бүгінгі таңда залалсыздандыру жүргізілуге тиісті 219 ауланың 124 ауласына ғана (56,6 пайыз) залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.


Кәсіпкерлік саласы.

Аудан бойынша барлық субъектілер саны 787 бірлікке жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52 бірлікке артып, немесе 107,1 пайызға өсті.

Кәсіпкерлік субъектілердің белсенділігі қазір 97,2 пайызды құрайды. 22 кәсіпкерлік субьектісінің ішінде 10- ы жабылуға жататындар, олармен жұмыс жүргізілуде, қалған 12-сі уақытша тоқтап тұрғандар. Жыл басынан барлығы 42-сі, 6 ШҚ, 36 ЖК жабылды.

Бөлшек тауар айналымы 6 айда 667,3 млн. тг. болып, 100,2 пайызға орындалды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Саралжын ауылдық округінен «Айтан» шаруа қожалығына «ForteBank» екінші деңгейдегі банктен 45,6 млн теңге көлемінде несие алып, 120 бас асыл тұқымды аналық мүйізді ірі сатып алуына қолдау көрсетілді.

Аталған бағдарлама шеңберінде өткізілген мемлекеттік гранттар байқауына 2 жоба ұсынылып, қой жүнін өңдеу жобасы бойынша ЖК Г.Сатыбалдинаға 1,5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алуына қолдау көрсетілді.

Дәстүрлі емес кәсіпкерлік саласында бүгінгі таңда ауданда 4 құс шаруашылығы, 4 сүтті тұқымды ешкі өсіру шаруашылықтары жұмыс жасауда.

Өткен жылы жұмысын бастаған жеке кәсіпкер Ғ.Есенаманов Ойыл орман шаруашылығы аумағынан бал арасын өсіріп өнімін алуда, өткен жылы 1,2 тонна бал арасын алса, биылғы жылы да алғашқы алған өнімдерін халыққа ұсынып Ақтөбе қаласы мен аудан орталығында сатуда.

Балық шаруашылығын дамыту бойынша конкурс арқылы Ақшатау ауылы тұрғынына «Күб» тоғаны бекітіліп, 1 кәсіпкердің Ойыл ауылдық округінен тоған жасап, балық өсіру жобасы бойынша жер учаскесі берілді. Бүгінде «Төлеуіш» ШҚ несие алуға құжаттарын ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қорына тапсырды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бағдарламасы аясында қосымша 5 жоба, сондай-ақ «Кең дала» бағдарламасы бойынша 2, «Жас старт» бағдарламасы бойынша 2 жоба ұсыну тапсырмасы бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіміз керек.


Әлеуметтік салада жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерiне ерекше көңiл аударылуда.

2017 жылға арналған халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспарға сәйкес, 1481 адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралармен қамту жоспарланып, 1 тамызға жоспар 67,6%- ға орындалды, яғни 1002адам. Оның ішінде 402 адам әйелдер, 499 адам 29 жасқа дейінгі жастар.  

I.Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, Өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылатын 11 жобаға жоспар 44 адам, орындалуы 44 адам немесе 100%.

II.Мемлекеттік қолдау шараларын қолданбастан жұмысқа орналастыру (бос жұмыс орындарына) - 452 адам жоспарланды. Бос жұмыс орындарына нақты 223 адам жұмысқа орналастырылды,  немесе 49,3%. Сонымен қатар 15 адам өз бетінше, 6 адам жеке бастама бойынша жұмысқа орналастырылды.

Дегенмен, Көптоғай және Қараой ауылдық округтерінен басқа округтерде маусымдық жұмысқа тартылғандар есепке алынбай отыр.

ІІІ.Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыт: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету». 2017 жылға қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жоспар 45 адам орындалуы 66 адам немесе 146,7 %. Сонымен қатар, 41 адамды техникалық және кәсіптік оқытуға жолдау жоспарланып отыр. Техникалық және кәсіптік оқыту қыркүйек айында басталады.

Екінші бағыт: «жаппай кәсіпкерлікті дамыту».

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 2 - бағыты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 104 адамды оқыту жоспарланып, қазір 81-і оқуды аяқтап, сертификаттарын алды, 23 адам тамыз айында оқуды аяқтайды. Осылардың ішінен 20 адамға шағын несие беру жоспарланған, қазір 2 адам 4,1 млн. тг. алды, қалғандарының құжаттары қаралып жатыр.

22 адамға шағын несие беруге 179000,0 мың теңге жопарланды. Қазіргі күні 19 адамға 99,8 млн теңге көлемінде шағын несие берілді.

Үшінші бағыт: «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту».

48 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, жоспардын 106,7 % құрайды (жоспар 45адам);

63 адам жастар тәжірибесіне бағытталды, жоспардын 180,0 % құрайды (жоспар 35 адам);

инфрақұрылымды және тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығынын дамыту бағыты бойынша 1 білім нысандарын жөндеуге 25,5 млн. теңге қаралып, 7 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

IV. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге барлығы 665 адам жоспарлануда.

35 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, жоспардын 100 % құрайды (жоспар 35адам);

39 адам жастар тәжірибесіне бағытталды, жоспардын 130,0 % құрайды (жоспар 30 адам);

уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыс орындарына 378 адам жіберілді, жоспардын 63 % құрайды (жоспар 600 адам);

2017 жылы 6 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. жәрмеңкеге 41 жұмыс беруші, 256 жұмыссыз қатысты. Оның ішінде 71 адам тұрақты жұмыс орындарына, 90 адам уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыстарға, 1 адам кәсіптік даярлауға, 13 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 27 адам жастар тәжірибесіне жұмысқа жолданды. 41 жұмыс берушіден құрылыс жұмыстарына 37 адам, оператор пистолетші 2 адам, шаруа қожалықтарына механизаторлыққа 3 адам, малшылыққа 4 адам, аудандық бюджеттік мекемелерден тұрақты жұмысқа 83 адамға сұраныс түсті.

Алайда, шаруа қожалықтары ұсынған жұмыс орындарына ауыл жұмыссыздарының бару деңгейі төмен.

Денсаулық сақтау саласында 100,0 мың адамға шаққанда туу көрсеткіші 2,15 бірлікке төмендеуі (2016 ж-154 бала, 2017 ж-150 бала) орын алғанымен, өлім көрсеткішінің 1,6 бірлікке төмендеуіне байланысты табиғи өсім көрсеткіші өткен жылдың деңгейінен төмендеген жоқ.

Тұрғындар арасында туберкулезбен алғашқы сырқаттану деңгейінің өсуі байқалуына байланысты кешенді шаралар қабылдануда. Тұрғындарды туберкулезге қарсы толық тексерумен қамтып, балаларды туберкулез ошағынан оқшаулау шаралары қабылдануда. Ағымдағы жылдың 5 айында 7 бала аудандағы санаторлық топта, 3 бала «Чайка»сауықтыру орынында сауықтырылды.

Аудандық орталық аурухана ұсынысы негізінде туберкулездің әртүрлі нысандарымен және онкологиялық аурулармен ауыратын тұрғындарға жергілікті бюджеттен 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ағымдағы жылдың 6 айында 64 адамға 5786,0 мың теңге қаржылай көмек тағайындалып төленді.

2017 жылдың 6 айында емдеу мекемелеріне орналасқан 5 маманға 794,1 мың теңге көтермежәрдемақы берілді.

Ағымдағы жылы Берсиев дәрігерлік амбулаториясына жаңа жедел жәрдем автокөлігі беріліп, есептік кездесулерде көтерілген мәселе шешілді.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, жарна төлейтін тұрғындарға түгендеу жүргізіліп, статусы анықталуда.

Білім саласы.

2016-2017 оқу жылында аудандағы 13 орта мектеп, 7 негізгі мектеп және 3 бастауыш мектепті 3222 оқушы аяқтады. Мектеп бітіруші түлектердің 27 оқушы «Алтын белгі» және 4 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды және де негізгі мектеп бойынша 36 оқушы үздік аттестат иегері анықталды. Оқу жылын аяқтаушы оқушылардың 924 үздік, 940 екпінділерді құрап, білім сапасы 57,8% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,0 пайызға артты.

11 сыныпты барлығы-223 оқушы аяқтады, олардың 70,9 пайызы немесе 158 түлек ҰБТ-ға қатынасып, қорытындысы бойынша орташа 90,1 баллды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7 баллға жоғары көрсеткіш көрсетті. Облыс бойынша алғашқы орын.

2017 жылғы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша 1-10 сыныптардағы 3002 оқушының 2815 оқушыны немесе 90,2 пайызы қамтылуда. Оның ішінде алғаш рет «Спартак» шаруа қожалығының көкөніс плантациясында 20 оқушы 2 ай ақылы жұмыспен қамтылып, жасақталған шатырлы лагерьде 100 оқушы демалды.

23 мектепке дейінгі ұйымдарда тәрибиеленуші бала саны 1079 құрап, 3 пен 6 жас аралығында балалар мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен толық қамтылып, 1-3 жас аралығындағы балалардың қамтылуы -89,2 пайызды құрайды. Аудан орталығында балабақшаға кезекті азайту мақсатында 50 орындық жеке балабақша ғимаратының құрылысы жүргізілуде. 15 жұмыс орны ашылады. Ойыл селосында 166 бала кезекте тұр.

Оқулықпен қамту мәселесі толық шешілді. Сұранысқа сәйкес 29 млн. тг. қаржы бөлініп, 10 баспамен келісім-шарт жасалды. Тасымалдау 20 тамызға дейін.

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту бойынша облыстық бюджеттен бөлінген 30,0 млн. теңгеге мектептерге қосымша бейне бақылау камералары орнатылып, жаңа компьютерлік құрал-жабдықтар алынды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша "Құбасай бастауыш мектебіне", қалған мектептерге жергілікті бюджет қаржысы есебінен ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Облыстық бюджеттен бөлінген 234 304,0 мың теңгеге Көптоғай ауылдық округінің Шұбарши елді мекенінде және 226 775,0 мың теңгеге Саралжын ауылдық округінің Ақкемер елді мекенінде 60 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Мектептерді 1 қыркүйекке пайдалануға беру жоспарланған.

Облыстық бюджеттен 4 285,7 мың теңге бөлініп, облыстық басқарма арқылы Бестамақ елді мекенінде 50 орындық мектеп құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталды.

Бүгінгі таңда аудан орталығындағы 1115 үйдің 500-і табиғи газбен қамтылды. 150 арыз қаралуда. Жылу маусымы басталғанға дейін 800 тұрғын үй көгілді отынмен қамтамасыз етілетін болады.

Ауданның мәдениет саласында есепті мерзімде ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді насихаттау шаралары жалғасып, «ЭКСПО 2017»халықаралық мамандандырылған көрмесін, мемлекеттік Рәміздердің 25 жылдығын насихаттау мақсатындағы мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.

Облыс әкімдігінің 2017 жылғы 10 мамырдағы №134 қаулысымен бекітілген 8-9 қыркүйек айында «Көкжар» жәрмеңкесінің 150 жылдық мерейтойын өткізуге арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бағытында облыстық басқармалармен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде. Негізгі іс-шаралар өткізілетін Ойыл аграрлық колледжінің балансында тұрған «Көкжар» жәрмеңкесінің сауда қатарларына жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 7,2 млн. теңге бөлініп,4 ауылдық клубқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілді. (Амангелді, Сапақкөл және Шиқұдық, Көсембай ауылдық клубтары)

Елбасының тапсырмасына орай халықтың жаппай спортпен шұғылдануын одан әрі жақсарту мақсатында аудандағы барлық мектептердің спорт залдары қазіргі заман талабына сай жөнделіп жылдың кез келген мерзімінде жаттығу жасауға мүмкіндік туғызылды.

2017 жылға дейінгі белгіленген стратегиялық жоспарды жүзеге асыру аясында 61 спорттық іс-шара өткізіліп, 4597 адам қатысты, оның ішінде шілде айында Саралжын ауылдық округінде спортттың 9 түрінен өткен спартакиадаға 350 ге жуық спортшылар қатынасты.

Аудан бойынша аудандағы халық санына шаққанда тұрғындарды бұқаралық спортпен қамту 4138 адамды немесе 21,7 пайызды құрады.

«Туған жерге тағызым!» акциясы аясында Саралжын ауылдық округінде жерлесіміз кәсіпкер Қабиев Асхат 8 млн. теңгеге жасанды төсеніштегі шағын футбол алаңын салып берсе, Сарбие ауылдық округінде мектеп түлектері 4 млн.теңгеге жарықтандырылған футбол алаңын жасақтауға көмек берді.

«Ойыл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2017 жылы бюджеттен облыстық жарысқа қатынасуға - 1135,0 мың теңге, аудандық жарыстарды ұйымдастыруға – 469,0 мың теңге бөлініп игерілді.

Автокөлік жолдарын күтіп ұстау шаралары.

Ауданда аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 291,360 км, 277,007 км немесе 95,1 пайызы қанағаттанарлықсыз деңгейде. 2017 жылға аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау бойынша 18,0 млн. теңге бөлініп, «Крепость» ЖК қырып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық автомобиль жолдары басқармасы арқылы 250,0 млн.теңгеге «Ойыл-Қобда»автокөлік жол бойының 125-267 км аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Ойыл-Қаратал» автомобиль жолдарына жөндеу бойынша жергілікті бюджет есебінен жобалау-сметалық құжаттарын дайындау шаралары қабылдануда.

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

Аудан халқының 73,3 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып отыр. Ағымдағы жылы Көптоғай ауылдық округінің Амангелді елді мекенінде ауыз су құбыры құрылысын бастау үшін 100,0 млн теңге бөлініп, Қайыңды ауылдық округ орталығы Ақжар және Берсиев ауылдық округінің Құмжарған елді мекендеріне ауыз су құбыры құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Елді мекендерді газдандыру

Бүгінгі таңда аудан орталығындағы 1115 үйдің 320-сы табиғи газбен қамтылды. Жылу маусымы басталғанға дейін 800 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады.

Аудан орталығындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерін газдандыру жұмыстары бойынша ЖСҚ, экспертизалары дайындалуда.

Елді мекендерді абаттандыру және когалдандыру бойынша «Санитарлық тазалау жұмыстары туралы» өкіміңізді жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 15 наурыз бен 15 маусым аралығында аудан елді мекендерінде үш айлық санитарлық тазарту, когалдандыру мен абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.

Үш айлық кезінде 5795 түп ағаш көшеттері отырғызылды .

Егілген көшеттерге түгендеу жүргізудің қорытындысы бойынша 2016 жылғы көктемде егілген ағаштардың шығымдылығы 86,4% құраса, (4149 ағаш шыққан), күз айындағы ағаштардың шығымдылығы 73,1% құрап отыр. (немесе 1086 түп шығып 399 түп шықпаған.)

Елді мекендерді санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Ауданда «Туған жерге тағзым», «Түлек.кз» акциялары бойынга жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың 6 айында 26 жоба бойынша 42590,0 мың теңгенің демеушілік көмектері ұйымдастырылды, оның ішінде жерлесіміз «Анвар»ЖШС президенті Т.Сальфиков 22,5 млн.теңгенің көмегін көрсетті, оның ішінде аудан орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік үй ашуға көмек беріп мен су тасқынынан зардап шеккен жерлесімізге Ақтөбе қаласынан 3 бөлмелі пәтер сатып алып берді.

Мектеп түлектері 4,0 млн.теңге жуық демеушілік көрсетіп, мектептерді қосымша материалдық-техникалық жабдықтауға көмегін берсе, шаруа қожалығының басшылары мен кәсіпкерлер әлеуметтік саланы дамытуға 8,0 млн.теңгенің көмектерін берді.

Құрметті депутаттар,

Елбасымен бекітілген «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатындағы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу жоспары ұсынылған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында алдымызға жаңа нақты  мақсаттар мен міндеттер қойылғанын білесіздер. 

Елбасы өз мақаласында мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болуүшін әр салада эволюциялық даму мен халықтың бәсекелік қабылеттігін арттыру бойынша міндеттер жүктеді.


Құрметті сессияға қатысушылар,

Қызмет атқарып отырған саламызда адал да белсенді қызмет етіп, Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру - барлығымыздың абыройлы парызымыз, асқаралы міндетіміз.

Осы орайда, ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени бойынша алдымызда тұрған міндеттерді атқаруға аудандық мәслихат депутаттары да өз үлестерін қосады деп сенемін.


Тыңдағандарыңызға рахмет.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет