Қожабекова З. Е. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қаласы, Қазақстан



Дата07.07.2017
өлшемі74.23 Kb.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА СУДЫ ТИІМДІ

ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ СУ КЕШЕНДЕРІНІҢ

ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

Қожабекова З.Е.



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қаласы, Қазақстан
Резюме

В статье рассматривается проблема эффективного использования водных ресурсов Южно-Казахстанской области. Представлены данные, отражающие нынешнее состояние орошаемых земель, посевных площадей отдельных районов области. Особо отмечено, что низкий уровень технического состояния оросительных систем в значительной мере ухудшает условия эффективного использования водно-земельных ресурсов, что ведет к значительному недобору сельскохозяйственной продукции и перерасходу оросительной воды.
Summary

This article considers the problem of efficient use of water resources of South Kazakhstan region. It also provides data reflecting the current state of the irrigated land, sown areas of southern districts. It’s emphasized that the low level of maintenance of irrigation systems largely worsens the conditions of efficient use of land and water resources, that leads to overconsumption of irrigation water.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы су ресурстарды ең көп талап ететін суармалы егін шаруашылығы, мұның себебі облыста ылғал көп талап ететін мақта, күріш тағы басқа дақылдар егіледі. Сонымен қатар облыс территориясында дамыған өнеркәсібі бар ірі елді мекендер бар.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы суармалы егін шаруашылығы су ресурстарының басты тұтынушысы. Суармалы егін шаруашылығында су жалпы бірнеше агротехникалық шараларда қолданылады. Біріншіден, сортаңды топырақтарды егіс алдын жуып-шаю үшін суғарады, немесе топырақтағы ылғалдың мөлшері аз болған жағдайда. Екіншіден, дақылдарды суғару мақсатында қолданады. Үшіншіден, егістік жерлерді өнім жинаудан кейін топырақты суландырады, кейбір жағдайда қатқақта қорғау мақсатында. Суармалы ауыл шаруашылықта су ресурстарын пайдалану дақылдардың вегетациялық ерекшеліктеріне тәуелді. Мысалы, күріш өсіруде дақылдың вегетациялық кезеңі бойы өсімдік су қабатымен жабылу қажет, тек күрішті жинаған кезде ғана егістіктен суды шығарады. Мақта шаруашылығында вегетациялық кезеңі бойы мақтаны 3 – 4 рет суғарады. Басқа дақылдарды суғаруда су көп кетпейді.

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайында су ресурстары ең көп пайдаланатын күріш егуде, нормативтер бойынша вегетациялық кезеңде 1 га егістікке шамамен 10 – 12 мың м3 су қажет, ал нақты су шығындығы 28 мың м3 дейін барады. Күрішті егуде судың қажеттілігі топырақтың жағдайына байланысты. Қазіргі таңда, облыстың жақсы құнарлы топырақ ресурстары таусылды, шамамен ондай жағдай ХХ ғасырдың 70 – 80-ші жылдары айқындалды. Мысалы, Арыс-Түркістан суармалы массивінде 1970-ші жылдары егіс айналымға қосылған 50 мың гектар жердің 39460 гектары сортаңды жер болып келді, соның 7287 гектар жері әлсіз сортаңдаған, 11136 гектар орташа сортаңдаған, 21037 гектар күшті және аса күшті сортаңдаған жерлер. Демек, жаңа игерілген жерлер құнарлығы төмен жерлер болып келеді.

1970-ші жылдары Шардара су қоймасынан басталатын Қызылқұм массиві игеріле бастады. Бастапқы кезеңде бұл массивтен күріштің жоғары өнімдері алынды. Қызылқұм суғару массиві күріш егуге арналған, осыған байланысты территорияда жерді дайындау іс-шаралары жүргізілді. Негізінде Сырдарияның сол жағасы - күріш плантацияларын ұйымдастыруға аса қолайлы жерлер, дегенмен топырақтың құрамында саздақ бөлшектері салыстырмалы көп болды, сондықтан топырақтың беткі қабатында қабыршақ пайда болады. Сырдария өзені жақын болғандықтан еспе суларының деңгейі жоғары болды, нәтижеде топырақта қайта сортаңдану процестері күшейді, ал оның салдарынан су шығыны көбейді.

Мақтаарал ауданының суармалы жерлері бір ғасыр бойы мақта шаруашылығында пайдалануда. Ауданның жер бетінің бедері суармалы ауыл шаруашылыққа өте ыңғайлы, себебі оның беті солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай еңкістеніп келеді. Территорияның шөгінді қабатында да осындай еңістілік байқалады, сондықтан сор басу процестері кеш басталады. Ауданның батысында Өзбекстан Республикасы территориясында Арнасай ойысы болған, қазір ол маңында ірі көлдер жүйелері қалыптасқан. Аудан территориясын бірнеше ондаған жыл бойы (70 – 80 жыл шамасында) суармалы ауыл шаруашылығында пайдалану нәтижесінде мұнда жоғары дәрежеде өзгертілген антропогендік ландшафттар пайда болды. Кейбір авторлар оны табиғи - техникалық геожүйе деп атайды.

Аудандағы су ресурстардың қолдану бүгінгі таңда тиімсіз болды, Мақтаарал ауданында суды үнемді пайдалану үшін түрлі техникалық шараларды қолданды, соның бірі табанын бетондау, суды бетондық «лотоктар» бойынша егістік жерге жеткізу т.б. Дегенмен, сортаңдау процестері салыстырмалы үлкен емес, бірақ сезімді жылдамдықпен даму барысында.

Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі ірі суландыру жүйелері коллекторлік - дренаждық жүйелерімен қамтамасызданған, мысалы Арыс - Түркістан суғару массивінде коллекторлық тордың жалпы ұзындығы 179,5 км, алғашқы дренаждардың (шығын суларын өткізетін арықтар) тереңдігі 2,5 – 3 метрге тең, ал 1 гектарға келетін дренаждардың ұзындығы 40 м.

Облыс территориясындағы суармалы массивтерде горизонтальды және вертикальдық дренаждау түрлерін қолданылады. Горизонтальдық дренаж ең арзан және қолдануға қолайлы, себебі горизонтальдық дренаж суармалы каналдардың тереңдігенен төмен болады және жер бетінде ашық түрде болады, яғни оның тереңдігі тайыздағанда оны экскаваторлармен тазалауға мүмкіндік бар. Облыс территориясында басым осындай типтегі дренажды пайдаланады.

Вертикальдық дренаждың құрылысы күрделі болып табылады, оны құру үшін жер бетінің жоғарғы қабатын құрайтын шөгінді жыныстар туралы толық және нақты мәліметтер болу қажет. Вертикальдық дренаж құру да көп қаражат талап етеді, бірақ оның басты ерекшелігі жер асты суларына бірдей әсер етеді, яғни ауысқан су деңгейін реттеуге болады. Горизонтальдық дренажда кейбір учаскелерде суғарылған сулар топырақтың беткі қабатына жақын жерде сақталу мүмкін, ол топырақ құрамының гранулометриялық жағдайына байланысты, кейбір жерде құмдақ басым болған жағдайда су жиналып қалады, яғни ол суларға кету мүмкіндігі төмен, бара-бара сортаңдау процесі басталады.

Облыстың жасанды су объектілеріне су қоймалар, каналдар, тоғандар, гидротехникалық ғимараттар, суландыру жүйелері жатады. Облыста ең маңызды суғару массивтері Түркістан, Мақтаарал, Шардара, Отырар аудандарында дамыған. ХХ ғ. аяғына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында гидромелиоративтік құрылыс экстенсивті жолымен дамыды, жаңа су қоймалар, жаңа каналдар, суландыру жүйелері, тың жерді игеру жолымен дамыды. Қазіргі таңда облыстың жасанды су объектілері алдында суды үнемді пайдалану және қысқы маусымдағы ауысқан су қорын жазға дейін сақтау мәселелері жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының басқа суландыру жүйелері алдында аса маңызды мәселелер жатыр, олардың ішінде қазіргі таңда өте қажетті суландыру жүйелерін реконструкциялау, яғни жаңарту. Облыстың суландыру жүйелері ХХ ғ. 60 – 70-ші жылдары құрылған, ол кездегі суғару технологиялар ескерді, оның орнына суғарудың жаңа түрлері еңгізілуде. Жаңалықтар еңгізудің басты идеясы су ресурстарын үнемдеу.

Облыстың ауыл шаруашылық алқаптары 10268,4 мың га құрайды, оның 844,9 мың гектары егістік, соның ішінде 430,5 суармалы егістік жерлер, жайылым 9104,8 мың гектар. Облыстың егін шаруашылығында ХХ ғасырдың 80-ші жылдары орта есеппен 200 мың га шамасында мақта егіншілік айналымында болғаны, ал ХХ ғасырдың 90-шы жылдары мақта егістік жер көлемі 109692 гектарға дейін азайды, ал 2005 жылғы мәліметтер мақта егістік жер көлемі 204002 гектарға көбейді Ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлық өңдірілген өнім 2000 жылы 49,1 млрд. теңгені, ал егіншіліктің өнімі 31,5 млрд. теңгені құрады. Оның 46,6 пайызы немесе 14,7 млрд. теңгесі мақта өнімінің еншісіне тиеді.

Бұл көрсеткіштер облыстың ауыл шаруашылығының потенциалы өте жоғары екендігін көрсетеді. Осы көзқарастан облыстың суландыру жүйелерінің сапасын әрі қарай дамыта отырып, суармалы егін шаруашылығын жаңа технологияларымен қамтамасыздандырып оның өнімділігін көтеру. Суармалы ауыл шаруашылық әр қашанда кепілді өнім беруіне байланысты оның келешегі маңызды болып келеді.

Қазақстан Республикасын ауыл шаруашылық өнімдері бойынша толық тәуелсіздікке жеткізу мақсатында, еліміздің басқа әкімдік облыстарымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында барлық мүмкіндіктер бар. Облыстың ауыл шаруашылығында егілетін дақылдардың өнімділігі жоғары деңгейге жеткізу үшін суландыру жүйелерін сапасын көтеру қажет. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылықтың құрылымы өзгермеген жағдайда облыстың суландыру жүйелерін тиімді пайдалану үшін суландыру жүйелерін жаңарту мәселесін қарастыра отырып бірнеше бір - бірімен байланысты мәселелерді шешу қажет, яғни жасанды су объектілерінде төмендегідей іс - шараларын жүргізу дұрыс деп түсінеміз:



  • Республика немесе облыс деңгейінде жаңа жасанды су объектілерін құру мәселесін қарастыру;

  • облыс территориясындағы суғару жүйелерін есепке алу, яғни толық инвентаризация жүргізу;

  • облыста су ресурстарын пайдалану бағасын қайта қарастыру, әрі суды пайдалануға қарай төлем ақыны жүйелі түрге келтіру қажет;

  • мемлекет тарапынан облыстың суландыру жүйелерін жаңартуға қаражат бөлініп, барлық іс-шараларды өткізу, соның ішінде ең маңызды жұмыстар түрі: облыс территориясы бойынша коллекторлы-дренажды жүйелерді қалпына келтіру және қажетті аудандарда жаңа жүйелерді құру; суғаруға арналған каналдар мен егістік жерге су жеткізетін суландыратын торын жаңартып суды үнемдейтін түрлеріне келтіру (табанын бетондау, лотоктар құру, пластикалық құбырларды қолдану т.б.); суғару кезіндегі судың булануынан суды үнемдеу әдістерін еңгізу (тамшылап суғару, жер асты құбырлар арқылы суғару т.б.)

  • облыстың ауыл шаруашылығында егіс айналымын, агротехниканы тағы басқа іс-шараларын тәртіпке келтіріп, мүмкіндігінше суды аз талап ететін дақылдарға өту, жаңа сорттарды еңгізу.

Орталық Азия елдері арасында су ресурстарын бөлістіру мәселесі толық шешілмегенін есепке ала отырып, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жасанды су объектілерін жаңарту бойынша іс-шараларын жүргізу қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Достай Ж. Жалпы гидрология. А. 1994. – 273 б.

  2. Қазақстан Республикасы. Су кодексі: Ресми мәтін 2002 жылдың 1 наурызына берілген. А. 2002. – 36 б.

  3. Қорғасбаев Ж., Қасенов Ш. Шөл жайылымдарды суландыру және игеру. А. Қайнар. 1987. – 168 б.

  4. Масштабы 1:1000000 Оңтүстік Қазақастан облысының жалпы географиялық картасы.

  5. Нұрғалиев К. Ауыл шаруашылығындағы ҒТП. А. Білім. 1978. – 40 б.

  6. Тұяқбаев Н.Т. Жер асты суларын пайдалану. А. Қайнар. 1982. – 152 б.

  7. Топырақтар географиясы. Жалпы ред. Т.Т. Тазабеков. А. 2000. -180 б.

  8. 1995, 2002 – 2005 жылдарындағы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл, орман және балық шаруашылығы. Статистикалық жинақ. Шымкент. 2006.

  9. Сабиров М.С. т.б. Мал жайылымдарын суландыру. Алма-Ата. Қайнар. 1979. – 108 б.

  10. Суармалы гектарлар. А. Қайнар. 1987. – 152 б.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет