5.9. МЕКТЕПТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ Ш.Д. Имангалиева, Р. Бекмурзаева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қ., Қазақстан)
Қоғамдағы әлеуметтікмәдени жағдай әр тұлғаның қазіргі таңдағы қоғамның сұранысына және өзінің қажеттілігіне, қызығушылығына, мүмкіншілігіне сәйкес білім мен тәрбие алуын қажет етеді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық құндылықтармен, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру үшін қажетті алғы шарттарды жасау [1]. Басқарудың әлеуметтік құрылымын жетілдіру, білім беру жүйесін реформалау, құқықтық демократиялық мемлекеттің нормативтікзаңдылық негізін бекіте түсу азаматтық қоғамның қалыптасуының нақты алғы шарттарын жасайды, өйткені макросоциумның дамуына әлеуметтік мәдени құндылықтардың әсері зор болып табылады. Республикадағы жалпы әлеуметтік жағдай, оның ішіндегі тәрбие мәселесі бойынша руханиадамгершілік құндылықтарды, ұлтаралық қарымқатынас мәдениетін, ұлттық дәстүр, құндылықтар, мәдени мұраны дамытудың жалпы мемлекеттік деңгейі негізінде жалпы ұлттық
шаралар мен әрекет түрлерін жүзеге асыру қажет. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамасында 2020 жылғы қазақстандық жастарды патриот, білімді, дені сау, жауапкершілікті және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты жұмыс жасайтын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, қазақ халқының құндылықтары мен мәдениетін бойына сіңірген, толерантты, әлемде танымал және құрметті тұлға ретінде көреміз деп айқындалған [2]. Бүгінгі күн талаптарына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлерінде білім беру мен тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны оқутәрбие үдерісін оңтайлы ұйымдастыру, гуманитарландыру бағытына негізделуі қажет. Жеткіншектер мен жастарды әлемдік және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағдарлауға, жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге, демократиялық және жаңа әлеуметтікмәдени ортада өмір сүрудің жаңа ережелерін үйренуге, ұлттық санасезімді дамытуға үйрету қажет. Осы бағыттағы мәселелерді шешуде Әбу Насыр ӘлФарабидің шығармаларын жанжақты зерделеудің маңызы зор болып табылады. ӘлФараби жайлы алдағы уақытта да тың зерттеулер жүргізіліп, бұл саладағы ғылым жүйесіне көп жаңалықтар қосылады деп сенеміз және оның әлеуметтікпедагогикалық идеяларын зерттеу өзгермелі уақытта көкейтесті деп есептейміз. ӘлФараби – философ, атақты музыка маманы, көрнекті математик, талантты физик, белгілі әдебиетші, медицина өнерінің білгірі ретінде дүние жүзінде әйгілі болған адам. ӘлФарабидің әлеуметтікқоғамдық және этикалық көзқарастары оның «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Азаматтық саясат», «Бақыт жолын сілтеу», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында», «Риторика» атты еңбектерінде баяндалған. ӘлФарабидің әлеуметтікпедагогикалық көзқарастарын сөз еткенде, бұл мәселені оның философиялық және этикалық ілімдерінің құрамды бөлігі ретінде қарау қажет. ӘлФарабидің әлеуметтікпедагогикалық ойпікірлері өзінің этикасы мен философиясына сүйенеді. ӘлФарабидің әлеуметтікпедагогикалық жүйесінің іргетасыоның адам туралы ілімі, оны ізгілік қасиетке баулу мәселесі. ӘлФараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақыт жолын сілтеу», «Бақытқа жету жайында» атты трактаттарында адам және оның қоршаған ортаға қатынасы талданады. ӘлФараби тәрбие мен білім берудің мұраты – ғылымибілімдерді шәкірттердің меңгеруі және олардың адамгершілік, эстетикалық жағынан жетіліп, парасатты, жанжақты дамыған адам болып тәрбиеленуі. ӘлФараби парасатты, жетілген адамды тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», деп ескертті [3].
ӘлФарабидің адамгершілік тұжырымдамасының негізіадам өзі қабылдаған білім жәрдемімен бақытқа жету және қоршаған ортада жанжақты жетілуі. «Бақыт жолын сілтеу», «Бақытқа жету жайында» атты трактаттарында бақыт деген не және оған қалай жетуге болатынын былай түсіндіреді: «Мінезділікбақытты болудың басты шарттарының бірі. Кейбір адамдар қолдағы бақытынан опоңай айырылады, тіпті бақытсыздыққа да ұшырап жатады, мұндай қиын күйге түсіретін оның мінезі», деді [4]. ӘлФараби барлық жағынан жетілген адамды тәрбиелеудің мақсаты «адамды өз мінезіндегі теріс қылықтарды жеңуге үйрету және оң әдеттерді қалыптастыруға қабілетті ету, ол үшін адамға жас кезінен мектепте этикалық тәрбие беру арқылы жетуге болады»,деді. ӘлФараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында тәрбие, әлеуметтік тәрбие туралы анықтамалар беріп, бұл идеялары төменде көрсетілген әлеуметтік тәрбие анықтамасымен байланысын көруімізге болады. Мысалы [5]: «Тәрбиелеу дегеніміз халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз»; «Тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын ісәрекеттер дағдысы сіңіріледі»; «Этикалық ізгіліктерді – білім, тәрбие арқылы дарыту қажет, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады». Фарабидің философиялық еңбектерінде ең негізгі орындардың бірін қоғамдық өмір туралы ілімі алады. Қазіргі таңда әлеуметтікпедагогикалық көмекке қолдау көрсету, түзету, оңалтуға байланысты ісәрекет кәсіби білім, іскерлікті игеру ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік педагогтың кәсібитұлғалық дамуы, өз міндеттерін құзырлылықпен және жауапкершілікпен орындау мүмкіншілігі болып табылады. Фараби тәрбие жүйесіндегі әсіресе, жастарды тәрбиелеуде бірінші орынға адамгершілік тәрбиесін қойды, және де оған қоса тәрбиенің басқа түрлерінде еңбек, дене тәрбиесі, эстетикалық, гуманитарлық, патриоттық тәрбиені қойды. Әл Фарабиде өзінің ««Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген еңбегінде мемлекет пен жеке адамды жан жақты жетілдіру жолы ретінде ол «кемел адам» немесе «камали – нисан» идеясын ұсынады [6]. Онда «адамзат қоғамы» әлФарабидің ілімі бойынша, адам жаратылысында қоғамдық топтардың бірі ретінде өмір сүреді. Өйткені, өзінің қажеттерін қанағаттандыру үшін басқалардың көмегіне сүйенуге тура келеді. Сонымен адамның өмір сүру жөніндегі қажетсінулері ұжымдық және басқа адамдармен қарым – қатынас жасау арқылы қоғамдық қатынасқа түседі. Осылайша өркениеттік даму үлгісінде қоғамның жанжақты дамуы үшін әлФараби ізгі қала үлгісін ұсынды. ӘлФараби адамды тәрбилеудің екі түрлі әдісін көрсетті [7]: Біріншісісезімге ісер ететін нақыл сөздер әдісі. Бұл әдіс арқылы адамдарды өз еркімен игілікті істер жасауға жігерлендіруге болады. Екіншісі өз еркімен, өз қалауымен жөнге келмейтін адмдарға қолданылатын күштеу әдісі. Ол әлеуметтікпедагогикалық коррекциялау әдісін ұтымды қолдану мәселесін де көтерген деп айта аламыз. Мұғалім әлеуметтік педагогикалық жұмысты ұйымдастырушы ретінде әлеуметтікпедагогикалық технология негізінде келесі қызметтерді атқарады. әлеуметтік жұмыс әдістемелерін іздеу, зерттеу, сипаттау, бағалау; жаңа әдістемелерді құрастыру; әлеуметтік жұмыстың нақты міндеттерін шешуге байланысты әдістемелерді жинақтау, жүйелеу. Тұлғаның әлеуметтікпедагогикалық өзара әрекетіне ену үдерісі, күрделі деңгейлік үдеріс, мақсатты тұлғалық жетілуді нәтижелі қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып келеді. ӘлФараби «Нағыз тәрбиеші ұстаздың бойында он екі тума табиғи қасиет және алты жүре дарыған қасиетті меңгерген дана адам болуы болуы керек», дей келіп, төмендегідей сипаттама беріп және олар әлеуметтік педагогтың нәтижелі жұмыс істеуіне ықпалы мол деп айта аламыз, мысалы: мүлде мінсіз, өнербілімге құштар, жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, өзі естіген, көрген, түсінген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз,өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін анық бере алатын, тағамға, ішімдік ішуге, сырсүхбат құруға қанағатшыл, жаны асқақ және арнамысын ардақтайтын, жаратылысынан игі істерге ынтызар, әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін, жақындарына да, жат адамдарға да әділ, пасықтық атаулыға мүлдем рақымсыз, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек, он екі тума табиғи қасиет және алты жүре дарыған қасиетті меңгерген адам ғана жақсы ұстаз бола алады деп есептеді. Мәңгілік ел тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыруда күтілетін нәтижелерде ғұлама идеяларымен сабақтасып жатқандығын айта кетуіміз қажет, олар [2, 6]: – Қазақстанда тұлға мінезқұлқының дұрыс мотивациялы құндылықты аясын, оқушы жастарда қазақстандық патриотизмді, азаматтық сананы, толеранттылықты және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың өсіп отырған деңгейін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардағы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті, рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда отбасы институтының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді, өзінөзі дамыту мен өзінөзі тәрбиелеуге жанжақты саналы түрде қатысуды, табысты әлеуметтенуді, өз бетінше білім алуды және өзін жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы білімді, адамгершілікті, жігерлі, көшбасшылық қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Мәңгілік Ел» — Қазақстан2050 Стратегиясының басты мақсатына қол жеткізуге белсенді қатысатын адамды қалыптастыруға бағытталған. Мәселен, Әл Фараби «барлық халық бейбіт өмір сүрсе, жер беті бақытқа толады» деп адамгершіліктің, кемеңгерліктің ең биік сатысы бейбіт өмір сүру, яғни адамдар арасындағы өзара түсіністік, өзара келісім, өзара сыйластықтың аса маңызды екендігін айтады. Ұлы ақын Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деген өлең жолдары ізгілік, сүйіспеншілік,бауырмалдыққа дәріптесе, «Біліміңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері достыққа, бірлікке, ынтымақ пен татулыққа шақырады. Гуманизм мәселесін зерттеуші ғалымдардың қайсыбірі болмасын ізгі адам өзінің бойында қалыптасқан гумандық қасиеттері арқылы ерекшеленеді деп тұжырым жасайды. Сонымен зерттеу проблемасы саласында жарық көрген еңбектерге соның ішінде, педагогика мен психология ғылымдарында гумандық қасиеттер ұғымына берілген мазмұнды сипаттамалар, ақыл білімге тән қасиеттерге (саналылық, терең ойлылық, зеректік, жоғары идеялық, жоғары талап қоюшылық және т.б.), ыстық қайрат іс әрекетке тән қасиеттерді (көпшілік, еңбекқорлық, белсенділік, жауапкершілік және т.б.) анықтайды [8]. Осы жоғарыдағы ойларды жүзеге асыру үшін және оқушыларға игерту үшін төмендегідей жұмыстар жүргізіледі. Сыныпта ӘлФарабидің шығармашылығына байланысты тәрбиелік іс шаралар өткізу, оқушыларды тәлім тәрбиелік нысандарға топсаяхаттарға апару, сыныпта «Фараби ғұлама» атты қабырға газетін шығару, «Фараби трактаттары» атты кітап көрмесін ұйымдастыру. Үйірмелер: «Шешендік сөз үйірмесі» (от ауызды, оралу тілді бабаларымыздан, жыраулардан қалған тәрбиелік нақыл сөздер, қанатты сөздерді оқыпүйреніп, олармен қатар мақал мәтелдерді де ауызекі тілімізде қолдана білу). Домбыра үйірмесі (балалар әр түрлі қағыстарды, домбыраға қосылып ән айту шеберлігін меңгереді). Жыр терме толғаулар үйірмесі (Жыр, терме, толғау үйрену). Ұжымдық шығармашылық істер: ұжымдық шығармашылық істер балалардың бойында ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға жағдай туғызатындығымен маңызды. «Фарабиге арналған күн» атты акцияның жоспарын ұсынамыз: Дайындық кезеңі 1. Шығармашылық топты құру
Біз акцияны өткізуге мектептің барлық оқушыларын қатыстырамыз. Міндетті түрде мектептің өзінөзі басқару комитетінің мүшелері, сонымен қатар ерекше назарға алынған балалар болуы қажет. Волонтер – балалар төс белгілері, бейдждері, майкілері, кепкілері, ашық түсті галстуктерімен ерекшеленуі керек. 2. Акцияны әзірлеу Әр акцияның ұраны болуы қажет. Мысалы: «Адамның ақылпарасаты, мәдениеті мінез құлқынан!» Аса қиындықты талап етпейтін техникалар мен көп қаржыны талап етпейтін материалдарды пайдаланамыз. Акцияны жүргізу жоспарын дайындаймыз. 3. Әр түрлі өмірлік жағдаяттарға позитивті қатынасты және ақылпарасатпен шешу туралы презентация әзірлейміз. Жеткіншектерге ӘлФарабидің бақытқа жету идеялары бойынша тақырыптық мультимедиялық роликтерді дайындауды ұсынып, коррекциялау тәсілі ретінде де пайдалануға болады. Екінші нұсқасы — «Кемелденуге талпынам!» тақырыбында оқушылар арасында үздік презентациялар сайысын ұйымдастыруға болады. Акция күні мектепте көрсетіледі. 4. «Объективтегі позитив» Акцияға дейін 1апта бұрын фотомарафон басталды, оған мектептің мұғалімдері, оқушылары, атааналар қатыса алады. Автордың ұйғарымы бойынша позитивті эмоция мен мінезқұлық тудыратын нәрсенің барлығы суретке түсіріледі. Фотографиялар электронды түрде жарнамалануы қажет. Келесі нұсқасыфотокөрмені әзірлеу. Фотографияларды ұйымдастырушылар алдынала қарап шығып, тақырыпқа сәйкес келетінін іріктей бастайды. 5. Акцияның жарнамасы. Мектепте алдын ала ісшара бағдарламасы жазылған жарнама парақшалары ілінеді. Бұл ақпарат мектеп сайтында жарияланады. 6. Мектепті безендіру. Мерекелік көңілкүй тудыру үшін шарлар мен суреттер, Фарабидің нақыл сөздері жазылуы қажет. 1. Негізгі кезең Радиоэфир Акция күні үзілісте күй ойнап тұруы керек, мектеп жаңалықтары, бағдарламалар, құттықтаулар айтылуы қажет. 2. «Пікіріңмен бөлісе біл». Үзілісте балаларды «Ойлы фотограф» суретке түсіріп мектептің ақпараттық панелінде жариялайды. Суретке түсушілерге қойылатын басты талапой ойымен бөлісу. 3. «Позитивті оракул» Бұл жұмыстың формасын мұғалімдерге, атааналарға, оқушыларға да қолдануға болады. Алдын ала өмірлік мәні бар пікірлер, ойлар жазылады да сосын жазылған қағаздар бүктеліп арнайы ыдысқа салынады, қатысушыларға өздері үшін маңызды сұрақты қойып, оның жауабын ыдыстың ішінен таңдап алуды өтінеміз. Ыдыстың ішіне Фарабидің нақыл сөздерін жазамыз. 4. «Әрқайсымызда күн сәулесі жасырынған!» алаңы.
Волонтерлер бояумен немесе гриммен барлық қатысушылардың бетіне смайлик немесе күнді бейнелейді. Суретшілер көңілкүйдің көтеріңкі болуы ауарайына ғана емес адамдардың күлкісіне де байланысты болып келеді деген қорытындыға келеді. Әр адам күн сәулесіндей айналасына жылу шаша алады. 5. «Өмірімізді түрлітүсті етейік». Фойедегі еденге газеттерді төсейміз, акцияға қатысушылар осы жолды түрлітүстерге бояп, жағымды эмоцияларды, көтеріңкі көңілкүйді беруі қажет. Алдын ала бояулар, гуаштар, борлар дайын болуы қажет. 6. «Жылы сөздер коллекциясы». Бірнеше ватман алып, оларды қабырғаға іліп қоямыз. Акцияға қатысушыларға қиындықта жігер беретін, көңілге жылылық ұялататын сөздерді жазуды сұраймыз. Фарабидің идеялары қолданылады. 7. Флэшмоб «Өмірде қайратты бол». Волонтерлер мектепті аралап қатысушыларды құттықтап және әнжырларды тыңдау жүзеге асырылады. Қорытынды кезең «Бүгінгі күн мен үшін…»деген сөйлемді аяқтап өз ойларын қалдыруы қажет. «Нақыл сөздер коллекциясы» жинақталып презентациялар әзірленеді. Волонтерлермен бірлесе талқылау жүргізіліп, алға жоспарлар әзірленеді. Жоғарыда көрсетілген іс шаралардың ұйымдастырылуы балалардың білімнің кеңейгендігін, көзқарасында өзгерістердің туындағанын көреміз. Қорытынды бақылау кезінде әңгімелесу барысында оқушылардың білімі мен ұлттық өнер мен мәдениетке қатынасы айқындалды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Закон РК "Об образований" //Казахстанская правда, 11 июня, 1999.
2. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, 3 қыркүйек 2014.
3. Әл–Фараби. Әлеуметтік трактаттар. Алматы. 1975 ж.
4. Аль Фараби Социальноэтические трактаты. АлмаАта, 1987.
5. Фараби Абу Наср Мухаммед Историкофилософские трактаты. АлмаАта, 1985.
6. Қ. Жарықбаев., С. Қалиев «Қазақтың тәлімдік ой – пікірлер Антологиясы.» 1 том, Алматы.
7. «Әбу Насыр Әл–Фарабидің тәрбие және еңбек тәрбиесінің теориясын жасауы» // Ұлағат. – 1997. № 3.
8. Машанов А. «Әл–Фараби және Абай». Алматы – 1994.
Достарыңызбен бөлісу: |