Қоғам үшін қауіпті дерт



Дата23.02.2017
өлшемі13.43 Kb.
#4752

Қоғам үшін қауіпті дерт



Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін,  қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр. 

Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті  тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс. 

Осыған байланысты Құмтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі  2011-2015 жылдарға арналған  іс-шаралар жоспары әзірленді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты болдырмау үнемі назарда ұсталып келеді. Аталған бағытта атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары  қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің  барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Сыбайлас жемқорлық – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.

 Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру- аса маңызды міндет екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды қыры. Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса қоғам, оның әрбір мүшесі болып жемқорлықпен күрес жүргізуіміз қажет.

С.Шәмбілбекұлы,

Құмтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының 



жетекші маманы.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет