Өңдеу өңдірістерінің процестері мен аппараттары



бет1/8
Дата17.06.2017
өлшемі446 b.
#12960
  1   2   3   4   5   6   7   8


Өңдеу өңдірістерінің процестері мен аппараттары


Өңдеу өңдірістерінің процестері мен аппараттары



Тақырып 1 Пәннің негізгі жағдайлары мен ғылыми негіздері .

  • Мақсаты: Студенттерді курстың мәні мен мазмұнымен, технология-лық үрдістердің жүру заңдылықта-рымен және тағам өңдірістерінің процестерінің жіктелуімен таныстыру .



Тамақ өнеркәсібі бағыты бойынша әр түрлі өндірістерден тұрады: крахмалсірне, ашыту, наубайханалық, қант, ұнды кондитерлік пен макаронды бұйымдар және т.б. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібіне сусындарды, әр түрлі қоспаларды, темекі бұйымдарын, сабын мен май негізіндегі тазалық құралдардың өндірісі, парфюмерлік және косметикалық өнімнің өндірісі жатады.



Бірақ тамақ өнеркәсібінде технологиялық үрдістердің әртүрлілігіне қарамасан, олардың көбісі әртүрлі өндірістер үшін ортақ болып табылады. Кез келген тамақ өндірісінде араластыру кездеседі. Оның мақсаты - әр түрлі заттардың арасындағы жақсы байланысты қамтамасыздандыру және осылайша үрдісті немесе химиялық реакцияның, немесе жылу алмасуды сіңудің белсеңділігін қамтамасыз ету.



Көптеген өндірістерде (қант, кондитерлік, консерві және т.б.) ерітіндідегі құрғақ заттардың консентрациясын көтеру үшін буландыруды қолданады. Мысалы қанттың, глюкозаның және фруктозаның кристаллизациясын қамтамасыздандыру үшін. Астықты сақтау мен өңдеуц кезінде, консерві, макарон, қант, кондитерлік және басқа да көптеген өндірістерде кептіруді қолданады.



Осылайша, тамақ өндірістерінің процестерін жалпы және арнайы деп бөлуге болады. Тағам өндірісіндегі процестер мен аппараттар химия технологиясындағы сияқты принципиальды ерекшеліктері болмайды. Оларда жабдықтарды есептеудің іргелі заңдары мен әдістері қолданыла береді.



Кәсіпорындарды жобалау мен құру саласындағы техникалық тәжірибе келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған: - қызмет көрсету аясын кеңейту; - кәсіпорындар кешені мен ғимараттарды пайдалану мен құру тиімділігін көтеруді және саланың материалдық-техникалық базасын жетілдіруді қамтамасыз ететін ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдану;



Курста оқылатын процес терминін (латын тілінің «processus» - қозғалу ) - физикалық, химиялық, механикалық және басқа әрекеттердің әсерінене бастапқы материал тағам өнімдерінде айналатын өңдірістік процессті түсінеді. Бұл айналулар заттың агрегаттық күйінің, ішкі құрылысының және химиялық құрамының өзгеруімен жалғасады.



Процестер технологиялық аппараттарда (латын тілінің apparatus - құрал, жабдық) жүреді. Көбінесе аппарат әр түрлі түтіктер (трубалар), торлар, полкалар, сақиналар, тарелкелер, сұйық тамшыларды бөлу үшін сепараторлар және т.б. қозғалыссыз орналасқан сыйымдылықтарды елестетеді. Кейбір кездері аппараттарда сұйық заттарды араластыру үшін айналмалы механизмдерді орнатады.



Машиналар мен аппараттарды есептеу өңделетін материалдардың массалық ағының, қажетті энергияның санын, аппараттың немесе процестің ұзақтығының жылу массаалмасу жазықтығының оңтайлы ауданын және машина мен аппаратардың негізгі мөлшерлерін анықтауды қарастырады.



Процестерді талдауды және машина мен аппараттарды есептеуді келесі тәртіпте жүргізеді: - процестің энергетикалық және материалдық балансын құрастырады; - статикаға сүйене отырып процестің ағу бағытын және тепе-теңдік шартын анықтайды; - жүретін күшті есептейді, - кинетика негізінде процестің жылдамдығын анықтайды.



Материалдық балансты массаның сақталу заңы негізінде құрастырады: келіп түсетін материалдар саны ∑Gн, процесті жүргізу нәтижесінде алынатын соңғы өнім санына ∑Gк тең болуы қажет. ∑Gн = ∑Gк



Материалдық баланс негізінде өнімнің шығымын анықтайды. Яғни алынған өнім санының алынуы мүмкін ең үлкен өнім санына ара-қатынасының пайызбен өрнектелуі. Өнім шығымын жұмсалған шикізат бірлігіне есептейді. Материалдық балансты барлық заттар үшін немесе таңдалған уақыт бірлігіне зат үшін құрастырады.



Жылу балансын энергияның сақталу заңы негізінде құрастырады: процеске келіп түскен энергия саны ∑Qн бөлінген энергия санына тең болуы қажет: ∑Qн = ∑Qк + ∑Qп мұнда: ∑Qк – берілетін жылу саны; ∑Qп – қоршаған кеңістіктегі жылу шығыны.



Процеске енгізілетін жылу ∑Qн бастапқы материалдан келіп түсетін жылудан Q1, жылу тасушылармен жеткізілетін жылудан Q2 және физикалық пен химиялық айналым жылуынан Q3 жиналады. Берілетін жылу саны ∑Qк соңғы өнімдермен кететін және жылу тасымалдаушылармен берілетін жылудан жиналады.



Жылу балансынан қыздыратын будың, судың және басқа да жылу тасымалдаушылардың шығымын анықтайды. Жұмыстық және тепе-теңдік параметрлерді сипаттайтын шамалар бойынша процестің жүру күшін анықтайды, содан кейін процестің кинетиксын есептейді және процестің жылдамдық коэффициентін анықтайды.



Тамақ өндірістерін процестерін қарапайым және күрделіге бөлуге болады. Бірақ іс жүзінде өнімді өңдеудің кез келген процесі күрделі болады. Ол өңдеуге тікелей қатысатын процестерден ғана емес, сонымен қатар дайындау-қорытынды операцияларынан (өнімді жұмыс зонасына беру және одан шығару) тұрады. Осылайша, әр қарапайым процесті одан да қарапайым процестерге бөлуге болады.




Каталог: images -> news -> slider -> 2016 -> portfolio 2
portfolio 2 -> Стандарттау
portfolio 2 -> Студенттерге дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы мәлімет беру. Студенттерге дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы мәлімет беру
portfolio 2 -> Қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс
portfolio 2 -> Immunitas – освобождение от чего- либо, неприкосновенность; Immunitas – освобождение от чего- либо, неприкосновенность
portfolio 2 -> Технология производства кобыльего молока и кумыса
portfolio 2 -> Тіл біліміндегі “концепт” ұғымы Орындаған: доцент Досова А. Т


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет