Оңай тимей отырған, әлсізді опырып жатқан тірлікте екінің бірі кездесе



Pdf көрінісі
Дата14.10.2018
өлшемі65.42 Kb.

Циклон  

 

Оңай тимей отырған, әлсізді опырып жатқан тірлікте екінің бірі кездесе 



кетсе  оңаза  ойларын  ақтарып,  кейбірі  азық  тапқанына  мақтанып,  өздерін-

өздері  жұбатады.  Мына  екеудің  сөз  төркіні  жүдеу  өмірдегі  жүнжіп 

жүргендігін  кімнен  көрерін  білмегендік  сыңайлы  еді.  Тәтті  ұйқысын 

қимайтын ұйқылы-ояу жүріп, жалқаулықпен құты қаш-қан деуге болмайды. 

Төстеп  көтерсе  таудай  ауырды  да  қозғап,  қақын  төлесе  апаратын  жеріне 

жеткізе алатындай күштері бар сияқты. Ондай таусоғармын деп қарны тоқ-та 

айтатындар аз ба? Қазір бірі жауыр болған иығын зіл басқандай ауырсынады. 

Оған тесірейе қараған екіншісі: 

–  Ей,  кімге  қитиып  отырсың?  Басқан  ізіне  шөп  шық-пайтын  шық 

бермес  Шығайбайыңды  жоқтап  тұрсың  ба?  Баяғыда  байдың  құны  сұраусыз 

деп бір оқпен пашпыртын бітірді. Бүгінгілерге оқ дарымайды, қамалы мықты 

алынбайды.  Бермесе  де  керіле  есінеуге  тарылмайды.  Сондайларды  ойлап 

шаршама. Одан да ойыңды жібер жұрт қостайтын басқаға?  

–  Заржақтанып  қақсама.  Қиынды-жиындыны бойыма  сіңіріп,  тегімнен 

жаңылып, жетелейтіннің жетегінен табылып, күлкіге қалып қағынып, қиын-

қыстауда  қалған  шаңша  ұшырып  жіберген  өмірімді  қиялдап  отырмын. 

Басыңа  іс  түссе,  денеңе  күш  түседі,  қымс  етсе  қия  басатын,  бір  тойынса 

көңілі  тасатын,  сұп-сұр  бетім  ызғар  шашатын,  қатені  өзімнен  көрмейтін, 

гүжілдеп  бой  бермейтін,  орынтақта  одыраңдап  сөйлейтін  өзім  де  бір 

соқырмын.  Кейде  қасимын  жан  азабының  қотырын.  Біреулер  бетіме 

түкіргесін есім кірейін дегені ме? Қызықпын... 

–  Өйтіп  құйтырқыланба!  Түк  бітсе  қалтырайды  жылан  да!  Еркің  бар, 

басыңда  құндыз  бөркің  бар,  орынтағың  олқы  емес,  өткен  елес,  алдағыны 

ойлап қабырғаңмен кеңес. Сондықтан күңгірттенбей күлім қағып жүрмейсің 

бе?  Кекейіп  кімді  мұқатасың?  Бәрін  уысыңда  ұстайтын  кімнің  шікіресісің? 

Баяғыда бір  тентек:  «Атаңда  жоқ  арғымақ,  анаңда  жоқ  арғымақ,  қайда  бара 

жатырсың қарқын ап. Жырық етегіңді желеңдетіп, жамбасыңа байлаған кәрі 

жілігіңді (пистолетті) жылтыңдатып, еліңнің шаңырағын дірілдетіп аспаннан 

аяғың салбырап қай күні түсіп едің?» – депті. Оқтан өткір қазақта сөз қалған. 

Соны білсең, есіңе түсіріп күле білсең, торлаған қисық оймен мұқалмас едің, 

жөнсіз  жұқармас  едің.  Өзіңе-өзің  мәздікпен  келісті  тірлікте  кердең  басып 

жүрер ең... Еркін өмір сүрер ең. Әттеген-ай, қайғы-қасіретін төндіріп тұрған, 

алпыс  екі  тамырыңның  қанын  байлап  тастайтындай  «адам  тағдыры  – 

ойыншық»  деп  дүлей  жүр.  Үміт  етіп  көр  одан.  Саясатты  түсіндіреді.  Көзін 

сығырайта қарап, аларын алып түседі. Адал асыңа дейін қағып түседі. 

– Саясатқа өкпелімін. 



– Оныңыз бекер. Содыр-сойқанды арам өлтіресің бе, олардың да бала-

шағасы  бар,  саясат  желіктірсе  сұм-сұрқия  орасан  мол  пайдаға  шығады. 

Саясат  –  біле-білсең  циклон.  Оңды-солды  соғып  тұрады.  Байқамағандар 

өкініп санын соғады. Ығын таба білу керек, иесіне жаға білу керек. Періште 

емес,  пенде  ғой,  айла-амалмен  он  орап,  жүз  шырмап  ала  білу  керек.  Сонда 

сан  соқпайсың,  біраз  биікке  барып  тоқтайсың.  Құласаң  шатың  айырып 

жақсылық  таппайсың.  Барар  биікке  жете  алмасаң  жігерің  құм  боп  тынады. 

Ар-ожданың  шөлмекше  сынады.  Құлап  құм  қапқан  күні  жағымпазың 

желкеңе мініп кекетіп тұрады. Биіктен құлағанның өзі тірі өлім, оған жүрек 

жоқ тұратын шыдап. Тірлігің базарлы, өзің ажарлысың, жаман ойды, жаңсақ 

пікірді ұқпай-ақ қой, түсіңе де енбесін, тірлігіңе қажетті заңдылықты сақтап, 

тек  жүрсең  жетеді.  Кең  дүние  бірде  тарылып,  бірде  кеңіп  басымыздан 

құйындатып өтеді. 

Ішкі  істер  басқармасы  бастығына  шаруасымен  кіргелі  отырған  екі 

зейнеткер  ескі  заңның  көнесін  атқарып,  та-рихтың  жаңғырығы  ғана  есінде 

қалып,  кейде  қайғы-шерді  болдырмауға  тырысса  да,  қолдарынан  келер 

қайраны  жоқ-тығын  біліп  қойыңыз.  Ділмарсып  қанша  қағытқың  келсе  де, 

саясат  астарымен  жазылып  қалған  тарихқа  жүгінесің.  Сүрінді  ме,  сүрінді. 

Қанды  оқиғалардан  түңілді  ме,  түңілді.  Біреулері  жақсы  аталды,  біреулері 

жамандыққа  басын  матады.  Қараңыз.  Қазан  төңкерісінің  дүмпуі  әлемді 

дүрліктірді.  Езілген  тап  көзінің  сорасы  ағып,  жыртық  етігінің  жұлымынан 

қан сорғалап тамып, қабырғаға жабысқан қарны бір тойынбай налып жүрген 

кедейлер  саясат  циклонынан  пайдаға  шығамыз,  мемлекет  қарық  қылады, 

жақсылықты жақсылап ұғамыз деп, үлкен үміт күтті. Ығыр қылған, мойынын 

ырғайдай,  битін  торғайдай  қылған  капиталистік  зорлық-зомбылықтан 

құтыламыз деп қуанғандардың жүрегі жарылып кете жаздады. Арқа еті арша, 

борбай  еті  борша  болғандар  бай-кулактарды  құртамыз  деп  ұрандап  шықты. 

Ілгергі  тілегі  игілігін  көру  еді.  Сол  жолда  жан  пида,  өлуге  барды.  Сөйтіп, 

1918  жылы  28  ақпаннан  бастап,  2  наурыз  аралығында  Ақмолада  бірінші 

уездік съезд ашылды. Көкірегі күпті, жауыздыққа дықты, үстемдікке кеткен 

еңбектің  есесін  қайтарам  деп  үміттенген  шаруалар  Кеңес  үкіметі 

жарылқайды  дегенге  имандай  иланды.  Саясатшылар  қолына  нан  ұстап  ант 

бергендей  сезінді.  Байқамады  ойнақшып  тұрған  көзін,  тыңдап  ұйыды  сөзін. 

Үстем  тап  қирады.  Ұран  сая-саты  ескі  қоғамды  құртудың  өткір  семсеріне 

айналды.  Онсыз  жемістілік  жоқ.  Жорғалаған  жыланның  да  аяғын  көре 

алмаймыз,  шашылған  ырыздықты  теріп  жей  алмаймыз.  Ұранды  жүзеге 

асырудың  сара  жолын  табамыз,  бай-кулактарды  бақталастығын  пайдаланып 

қырамыз,  байлығын  олжа  қыламыз.  Ұзында  өші,  қысқада  кегі  кеткенді 

өшіктіріп,  яғни  өлмесе  де  өлімші  болған  кедейге  ерік  беріп:  «Капиталистер 


мен  байларды  талаңдар,  тонаңдар,  атыңдар,  қарасын  батырып,  көзін 

жойыңдар!»  –  дегесін  кім-кімді  аяйды?  Көкжиектен  көтерілген  сұсты  бұлт 

қар емес, қан жауғандай циклонды пенденің басына қасіретімен арқалатты да 

қойды. Қара қарғалар қанға бір тойды. Кегімді аламын деп қуанып, екі иығын 

жұлып  жегендей  елірген  кедейлерде  ес  жоқ.  Дөңгеленген  дүниеде  белдеу 

жоқ,  көз  алды  бұлыңғыр  көрінеді  елес  көлбеу  боп.  Алдағыны  аңғаратын 

көріпкел ақыл миға оңға ойлайтын етіп қонбаған. Ол да надандықтың белгісі. 

«Болсайшы  көпшіл,  болмашы  кекшіл»,  –  деген  Абай  сөзін  кім  тыңдап 

жатыр?  Бәлкім  тоқ  адам  кек  сақтамас,  ал  аш-жалаңаштар,  отарлық  езгімен 

көзі ойылғандар нені тыңдайды? Босағада көрісеміз деп етек-жеңін қағынып 

безіп  шықпай  ма?  Жаңа  заманның  ырқына  көніп  кегін  қайтарып  аптығын 

басып,  көп  нәрсені  ұтпай  ма?  Ескілікті  ойрандаған  сайын  сайрандау 

басталды. 

– Байдың бүгінін көп етіп, көзіне көк шыбынды үй-мелетеміз! 

–  «Капиталистерді  арам  шөптей  отап,  үрім-бұтағын,  тамырынан 

қырқып құртамыз. Олардың байлығын тартып алып, олжалы боп ұтамыз!» – 

деп  езілушілер  өздерін  бақытты  сезініп,  алдыңғы  шепте  алғыр  болғаны  да 

анық  еді.  Тіпті  көзге  күйік  болмасын  деп  байлар  отырғызған  орманды  да 

өртеп жіберді. Оған күлсең де, жыласаң да өзің біл. Болары болып, тарихқа 

бояуы  сіңген.  Сөйтіп,  осындай  дүрілдеген  саясат  кезінде  уездік  Ақмола  қа-

лалық  милициясының  комиссары  болып  Михайл  Грязнов,  көмекшісі  Павел 

Шлюшенко  тағайындалыпты.  Бастық  қазақ  болмағаны  құпия,  Мәскеу  ұлт 

кадрына  сене  бермей-ді,  бұратана  халыққа  жоруын  қоймаған.  Қызылгвар-

диялық  топты  Авдеев  басқарады.  Мақсаттары  дүрбелең  алақұйын  кезде 

қоғамдық  тәртіпті  сақтау  болады.  Қан-дайда  қылмысқа  жол  бермеуді 

қарастырады.  Өйткені,  қоғамның  екі  дай  кезінде,  ескі  саясат  пен  жаңа 

саясаттың арпалысы тұсында милиция араласпаса қантөгіс, сойқан болар еді. 

Оның  үстіне,  әлем  капиталистеріне  социализмнің  қа-уіптілігі  аса 

қатерлі  екені  көрініп,  жаулық  сырттан  да,  іштен  де  лап  ете  түсті.  Сібірді 

Колчак басып алып, қанатын кеңге жая бастады. Орынборда Дутовтың атты 

казактар  әс-кері  қырып-жойып,  тіпті  Орскі  қаласын  өртке  орап,  қанды 

қырғынға түсірді. 1919 жылдың 1 қаңтарында «Правда» газеті Кеңес армиясы 

Дутов армиясын талқандап, олардың жауынгерлері Қызыл Армия құрамына 

өткенін,  Орынборда  Дутовтың  қан  шеңгелді  қарақшылары  болған  250 

казакты  атқанын  жазды.  1919  жылдың  22  қаңтарында  түркістандық  І 

армиясы  дутовшылармен  бірнеше  күн  атысып,  ақырында  Дутов  әскерінің 

қалдығын қаладан қуып шыққан. Өліспей беріспейтін осы қырғында Сұлтан 

Жантуаров Байтұрарұлы Сүйіндік, Қайыңды, Құмақ болыстарынан құралған 

кедей қазақтар отряды асқан ерлік көрсеткенін, бұл отряд сол жеңістен кейін 


төтенше  комиссар  Жангелдиннің  армиясына  қосылғанын  тарихтан  білеміз. 

Кеңес  үкіметін  орнатудағы  ерліктері  туралы  Жантуаров  өзінің  «Қолымызда 

қару» деген естелік кітабында айқын жазған екен. Орск қаласын дутовшылар 

өртке  орағанда  Қызыл  Армияге  Ақтөбеден  қару-жарақ  жеткізген  София 

Бажанова,  Дария  Лопина  ерекше  ерлік  көрсеткен.  (Ұрпағы  бар  ма  екен?) 

Кеңес  үкіметінің  тағды-ры  қиындап  тұрған  кезде,  Атбасар,  Мариновка 

селоларын ойрандап жатқан шақта Ирченко мен Белаш басқаратын халықтық 

әскердің  штабы  құрылып,  оның  құрамында  7000  қаруланған  кедей  үлкен 

ерлік  көрсеткен.  Атбасар,  Көкшетау,  Петропавл,  Ақмола  уездерін  Колчак 

бандыларынан  тазартуда  талайдың  қаны  төгілген.  Қара  халық  ел  мен  жерін 

қорғады, саясатты жарылқайдыға сенді. Бұл қанкешулерді ерлікпен өткізген 

милициялар аз болған жоқ. Жиырмасыншы жылдарда милициялардың тәртіп 

бағдарламасы  жарық  көріп,  міндеттері  кеңінен  қамтылды.  Оны  орындау, 

әсіресе  1921-1936  жылдардағы  бандылармен  күресу  оңай  болған  жоқ. 

Ишимде  кулактардың қару-лы  көтерілісі  бұрқ  ете  түсті. Жазықсыз халықты 

қырып салған. «Қолдарыңа қару береміз, үкіметті құлатуға қа-тысасыздар!» – 

деген тәртіптері болған. Халықты кенеше сорып байығандар құлдарын аясын 

ба?  Милициялардан  құрылған  отряд  барып  кішігірім  соғыспен  тыныштық 

орнатты. Қантөгіс Алексеев ауданының териториясында да осал болған жоқ. 

Глазунов деген нағыз баскесерлер тобы селоларды өртеп, қарусыз адамдарды 

атып  өлтіре  берген.  Осындай  айқаста  атбасарлық  милиционер  И.  Пятеркии 

оққа ұшады, қаза болғандар жалғыз дейсің бе? Ойда да өлік, қырда да өлік, 

өзенде жайрап жатқан өлік, көлдің маңында толған өлік, тірі қалғандар оққа 

ұшып арманда кеткендерді жинап көміп үлгере алмай жатыпты. Айта берсе 

үкіметтің  қызыл  жалауы  адам  қанымен  боялып,  қан  шашылған  дала  бөгіп, 

қара қарғалардың мықты тойынған кезі болса керек. Саясат циклоны талайды 

құрбандыққа  шалған,  адамдардың  тірлігін  жойған,  бұл  да  милицияның, 

Кеңес үкіметінің тарихы. Қуанышы аз, өкініші қалың кез. Қырғын тасқыны, 

айқай-қиқу,  кімге  сенерін,  қай  тасадан  жан  сақтарын  білмей  басы  шыр 

айналғандар  тыныштық  тұсында:  «Байдан  кек  алынып  болды  ма?»  –  деп 

жыларман  боп  тынады.  Ел  ел  болғалы,  адамдар  өз  қотырын  өзі  қасып  өмір 

сүргелі,  ұрпақ  өсіргелі,  тұс-тұстан  тепсініп  қаруын  кезеніп,  атып  өлтіріп 

жатқан  сұмдықты  көрмегендер  шынымен  құрыдық  па  деп,  екі  қолын  тас 

төбеге  қойып  қаңғып  кеткендері  де  жетіп  жатты.  «Мынау  жер  қан  сасыды-

ау»,  –  деп  қариялар  үрейі  ұшып,  үргелектеніп  жүрді.  «Милиция  алдымен 

халықты  қорғайды,  саспаңдар!»  –  деген  сөзге  қайғысын  ұмытқандай 

болғандар  да  бар  шығар.  Елдің  есін  жиғызуға  көмек  үшін  Одақта  сол 

жылдарда  милиция  қызметкерлерін  дайындайтын  23  мектеп  қызмет  етсе, 

Ақмоладан  Шаронин,  Винокуров,  Казакевич,  Ғабдуллиндер  сол  мектепті 


алғашқы  бітірушілер  екен.  Соғыс,  қырғында  адамдардың  қаны  судай 

аққанын  саясаттың  құрбандары  дейсің  де  тынасың.  Ондай  жеңіс  болмаса 

бүгінгі  өмір  тұл  болар  еді.  Тарихымызда  еңсе  көтертпейтін  қайғының 

оқиғалары  қалды.  Оның  астарында  ырықсыздық  бар,  бұйрық  бар,  сақтану 

бар, қорғану бар, мәртебе бар, қорлану бар. Үміттену бар, шошыну бар. Күдік 

бар,  сенім  бар.  Кім  қайсысын  түсініпті,  кімнің  маңдайына  не  жазылыпты. 

«Көресіні көрмей көрге түспейсің» деген қазақ сөзі содан қалды ма екен?  

Әлдеқандай  тыныштықтың  қуанышы  сезіле  бастаған-да  Екінші 

дүниежүзілік  соғыс  басталды  да  кетті.  Суыт  қи-мыл.  Милициялардың  күн-

түн  қатқан  мігірсіз  еңбегі.  Ақ-мола  әскери  бөлімдердің  жасақталатын 

орталықтарының  біріне  айналды.  Осы  жерден  дайындалған  милициялық 

жауынгерлер  Мәскеу,  Ленинград,  Сталинград,  Курск  және  Украина, 

Белоруссия, Балтық жағалауы, Шығыс Еуропа, Берлинді азат етуге қатысып, 

асқан ерліктерімен танылды. Дәлел-дерек дейсің бе? Жетерлік. 1943 жылғы 6 

ақпанда-ғы «Правда» газетінің санында: «Қазақтар майданда ерліктің үлгісін 

көрсетсе, тылда да тамаша еңбектерімен көзге түсуде. «Жолымбет» кенішінің 

бұрғылаушысы  Ба-қыт  Жүнісов  бүкілодақтық  жарыс  жеңімпазы  атанды»,  – 

деп жазды. Мұндай марапаттау аз болмаған-ды. 

Ал  соғыстан  кейінгі  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіруде 

милициялардың  сіңірген  еңбегі  аз  емес,  ондай  тарихи  кезеңге  ешкім  де 

топырақ  шашпас.  Сәулетті  ауылдар,  қалалар,  өндіріс  орындары  мен  толып 

жатқан  игілікті  істерді  ұры-қарыдан  қорғауда  өздерінің  антын  орындап, 

қызмет сіңірмесе өркендеу болар ма еді? Қайткенде де қоғам, оның саясаты 

түрлі өзгерістерге ұшыраса да, жалпы қалың халықтың тыныштығын сақтау, 

содырлардың  бүлігінен  қорғау  кешегі  әкелеріміз  бен  апаларымыздың  бел 

шешпей  тік  тұрып,  толарсақтан  қиындық  кешіп,  не  айлыққа,  не  асқа 

жарымай атқарған қызметіне, олардың бәрінің бірдей өмір тарихына сығырая 

қарауға  қақымыз  жоқ.  Қоғам  түгілі,  әрбір  жанұяның  өзінде  қателіктер, 

қырғиқабақтықтар өтіп жатады. Ал өмір заңдылығында қателеспейтін пенде 

жоқ. Бірақ қоғамдық саяси қате басқаша. 

–  Табиғаттың  алақұйыны,  мезгілсіз  тасыр-тұсырлаған  қырсық 

құбылысы  аз  ба?  –  деп  милиция  генералы  Өмірзақ  Болсамбеков  тарихты 

қаралағысы  келетін  кейбір  індеттің  байқаусыз  қимылына  таңырқайды.  – 

Әкем Қапан, анам Сақып Баршын өңірі аштыққа ұрынып адамдарды өрттей 

кесіп  жатқанда  туыс-туғаны  болып  соңғы  үнемдерін  түйіп  алып,  жаяулап, 

қалың босқынмен бірге жол бойғы өліп жатқандарды көріп, Ақмолаға іліккен 

екен.  Өндірістің  жұмысына  орналасып  адам  басына  беретін  жүз  грамм 

нанмен  аман  қалғанын  білемін.  Одақ  бойынша  аштық  қырғынында  20 

миллион  адам  өлді  дейді.  Олар  тірі  болса  бүгінде  қанша  миллионға  жетер 


еді? Қатыгездікті кім ақтай алады? Қырғынға қойша айдап апарған тәрізді бо-

лады.  Саясаттың  қанға  толы  парақтары  осы  шығар...  Шынында  аш  өзекке 

түсіп,  ашаңға  беттеген  халықты  қуаңға  тықсырып  ала  жөнелетін  қара 

дауылды  әмірші-көсем  бастайды.  Оны  үкіметке  орындатады.  Былайша 

біреудің  қолымен  от  көсесе,  қолы  күймейтіндей  сезінеді.  Осындай 

оқшаулыққа  қаншалық  айран-асыр  қалсаң  да  үлкен  топ  амалсыздан 

саясаттың  соңына  ереді.  Пиғылы  қисық  көсемнің  қимыл-қыбырына,  оның 

теріс  болжамы  мен  қаскөй  ойына  жантайып  жалбақтамаса  әлсіздің  күні  не 

болмақ?  Ондай  індет  дауылы  оқтын-оқтын  адамзат  тарихында  соғып, 

циклонға  айналып  тұрған.  Саясатшылардың  ызы-қиқы  әміршілік  мінезінің 

ыңғайына  қарап,  қи-қуларына  заңсыз  елікпеуді  айтуға  көбіміз  жасқанамыз. 

Бедел қуу, тәж бен тақтың абыройын ойлау, көбіне ха-лықтың жағдайын бес 

саусақтай  дер  кезінде  білгізбей  жатады.  Саясаттың  тұңғиық  құпиялы 

циклонына қарсы келетін тарихта күш болған жоқ. Пенденің шамына тиетін 

сімтігінен  өзін  арашалап  қалуға  халық  қай  кезде  де  сылбыр.  Тыныштықпен 

асын  ішіп,  бойына  сіңірсе  жетеді.  Басқа  байлықты  қажетсінбейді.  Пенде 

өмірінің  сүйретіліп  өтіп  жататын  күндері  түрлі  оқиғаларға  толы,  оның  бәрі 

қоғамға,  саясатқа  қатысты  болмаса  да  тарихтың  елеулі  парақтары... 

Қанжардағы  жазуда:  «Қан  төгуден  артық  қасірет  жоқ»,  –  деседі.  Халқымыз 

ежелден  «Білегі  жуан  бірді  жығады,  білімі  мол  мыңды  жығады»  деген... 

Мұны  ұғатын  ми  керек,  түсінетін  саналы  жүрек  керек.  Сонда  қандай  да 

циклоннан сақтана аламыз... 

Қымыр  көз  байланғанды  көріп,  тіл  байланғанды  сезіп,  ақырының 

қайырын тілеп толғанды: 



 

Біріңді-бірің бөтенситін жөнің жоқ, 

Бүгінгі күн киім бүтін, тамақ тоқ. 

Ұлттық сана арзандалып барады, 

Тіршілікті өлшейтұғын ақша боп. 

Адамдығым ақыл-ғылым делінген, 

Ойшылдарым жұрттан озып көрінген. 

Не боп кетті, ұрпақтары заманның, 

Өз тілінен, ататектен безінген?.. 

Тіл циклоны ұлт басына төніп тұр, 

Мәңгүрттердің айла-амалы жеңіп тұр. 

Өңеш созып басқа тілде сайрағыш, 

Қыл бұрауға өз еркімен көніп тұр. 

Табыл Құлыяс, жазушы, Қр еңбек сіңірген қайраткері 

Каталог: media -> upload -> 4624 -> 2016


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет