Нуо казахстанско российский медицинский



бет1/3
Дата02.02.2017
өлшемі450.85 Kb.
#3257
  1   2   3

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ

МЕДИЦИНАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ КУРСЫ

2


НУО КАЗАХСТАНСКО-

РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ

КУРС ПРОПЕДЕВТИКИ ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ

_____________________________________________________________________________________________________


Силлабус

"Мейірбике көмекшісіне" арналған оқу-өндірістік тәжірибе

Пән: "Клиникаға кіріспе"

Пән коды: VK-11223

Мамандық: 051302 –Стоматология

Кафедра: Ішкі аурулар пропедевтикасы

Курс: 1

Семестр: 2

Сағат саны: 36 сағат

Бақылау түрі: дифференциалды сынақ

Алматы 2014

1. Жалпы мәліметтер

1.1 ЖОО атауы: МЕББМ «Қазақстан-Ресей медицина университеті»

1.2 Кафедра: «Ішкі аурулар пропедевтикасы»

1.3 Пән: Клиникаға кіріспе

1.4 Мамандық: 051302 –«Стоматология»

1.5 Сағат көлемі: 36

1.6 Курс: 1, семестр: 2

1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Курс меңгерушісі: м.ғ.к.Абдраимова Э.Т. кандидаттық диссертацияны 2010 жылы Жұматов Х. атындағы гигиена және эпидемиология ҒО диссертациялық кеңесте қорғады. 20-дан астам ғылыми шығармалары бар. 2 ғылыми еңбектің авторы. Ғылыми-педагогикалықжұмыс стажы-7 жыл. Тәжірибелік және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жүзеге асыруда әрекет жасайды.

2. Курс ассистенті: Аманжолова Т.К. педагогикалық стажына – 30 жыл. 2 оқулықтың авторы, ғылыми приоритеті: «Емдеу-сақтандыру мекемелеріне санитарлық–эпидемияға қарсы режимнің сапасын жақсарту».

3.Курс ассистенті: Дуйсенбаева Ш.А. педагогикалық стажына – 18 жыл. Ғылыми приоритеті: «Инъекциядан кейінгі асқынулардан сақтандыру әдістерін жетілдіру».



1.8 Байланыс ақпараты: Ішкі аурулар пропедевтикасы курсының мекен-жайы: Алматы қаласы, Құрманғазы,98.

1.9 Пәннің саясаты: Пәннің саясаты манипуляциялық кабинетте, ҚРМУ клиникалық базасында, палаталарда, мейірбикелік постта, қабылдау бөлімшесінде оқу процесін белгілі бір ретпен және мақсатты бағытта жүзеге асыру болып табылады, яғни бұл мед.персоналмен науқас арасындағы қарым-қатынас арқылы жүргізіледі.

Оқытушылардың студенттерге қоятын талабы жоғары мектепте оқытудың жалпы принциптерге негізделген және сыртқы бейнені қатал бақылаумен толықтырылады (таза, үтіктелген ақ халат немесе хирургиялық костюм, колпак,маска, ауыстырылатын аяқ киім). Клиникалық базада жұмыс істеу үшін студенттің тәртібіне, бөлімшеде емдік-қорғаныс режимін сақтауына, медициналық этика мен деонтологияны сақтау принциптеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Тәжірибелік сабаққа 15 минуттан көп кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешіккен және сабақтан қалған студенттер қарыздарын аралық бақылауға дейін жою керек.

Студенттерге кеңесті каф. меңгерушісі, м.ғ.к Абдраимова Э.Т. әр аптаның дүйсенбісінде 15.00-ден 18.00-ге дейін, асс.Аманжолова Т.К. сәрсенбі 15.00-ден 18.00-ге дейін, асс.Дуйсенбаева Ш.А. – бейсенбі 15.00-ден 18.00-ге дейін өткізеді.



2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Оқу – кәсіптік тәжірибе (ОКТ) оқу процессінің негізі бөлімі болып табылады және де 1 курс студенттері үшін міндетті түрде қажет.

1 курс студенттері үшін «Клиникаға кіріспе» пәніне арналған оқу кәсіптік практиканың негізгі міндеті – студенттерді орта буын медицина қызметінің жұмыс дағдыларына үйрету, науқасқа бақылау, күтім жүргізу және ЕСМ-гі санитарлық эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету шараларын орындауға бағытталған.

Студент науқасқа күтім жүргізу кезінде, оның семьясымен қатыеаста коммуникативті дағдыларды қолдана білуі керек.



2.2 Пәнді оқытудың мақсаты:

«Клиникаға кіріспе» пәнін оқу барысында студенттер алған білімін және дағдыларын жетілдіру, науқас күтімін жақсарту және емдеу-профилактикалық мекемелердегі санитарлық, эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету.



2.3 Пәннің міндеттері:

  • Емдеу-профилактикалық мекемелерінің құрылымдары жұмысы, олардың ішкі жұмыс кестесі туралы білімін толықтыру;

  • Емдеу-профилактикалық мекемелерінің санитарлық эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету туралы білімін толықтыру және жетілдіру;

  • Науқастарды қабылдау, тіркеу және санитарлық тазалау ережелерін, антропометриялық өлшеу туралы білімін, дағдыларын толықтыру және жетілдіру;

  • Залалсыздандыру жұмысымен танысу, медициналық аспаптарды және науқасты күтіміне қажетті заттарды тазарту сатыларын үйрену және дағдыларын толықтыру;

  • Ауырлығы әр түрлі деңгейдегі науқастарды бақылау және олардың күтімі дағдыларын толықтыру және жетілдіру;

  • Науқастардың жеке гигиенасын сақтауын және науқас денесінің ойылуының алдын алуды қамтамасыз ететін дағдыларды толықтыру және жетілдіру;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі керек:

  • Емдеу мекемелерінің түрлері және оларды ұйымдастырудың негізін;

  • Жұмыс орнына және мед.персоналдардың сыртқы бейнесіне қойылатын талаптар;

  • Емдеу мекемелерінде санитарлық эпидеомиологиялық режимді қамтамасыз ететін ережелерді және олардың бөліктерін (палата,ас дайындау блогы, коридор т.б.);

  • Стационар бөлімшелерінің жұмыс режимі;

  • Дезинфекциялаушы ерітінділерді дайындау ережесі;

  • Күнделікті және қорытынды дезинфекцияны стационар бөлімшелерінде жүргізу ережесі;

  • Қабылдау бөлімшесінде науқастарды қабылдау және санитарлық тазартудан өткізу;

  • Науқастарды тасымалдау;

  • Халі ауыр науқасқа күтім жүргізу;

  • Науқастарды тамақтандыру ережесі;

  • Медицина қызметкерлері мен науқастың тілдесу, қатынасу принциптері және науқасқа күтім жүргізгенде коммуникативті дағдыларды сақтау;

Студент істей білу керек:

  • Стационардың емдеу бөлімшелерінің әр түрлі бөліктеріне (палата, коридор, асхана, процедура кабинеті) санитарлық тазалық жүргізуді;

  • Дез.ерітінділерді дайындау;

  • Емдеу бөлімшелерінде күнделікті және қорытынды тазалық жүргізуді;

  • Қабылдау бөлімшесінде науқасты қабылдауды және тіркеуді;

  • Қабылдау бөлімшесінде науқасқа санитарлық тазалық жүргізуді;

  • Науқасты тасымалдауды;

  • Киімі мен төсек жаймасын ауыстыруды;

  • Халі ауыр науқасқа күтім жүргізуді (ауыз қуысы, көз, мұрын, құлақ күтімі, шатарасы, шаш күтімі және т.б.);

  • Тері күтімін жүргізу және ойылудан сақтандыру;

  • Науқастарды тамақтандыруды жүргізу, оның ішінде халі ауыр науқасты тамақтандыру;

  • Науқастың функционалдық жағдайын бағалау;

  • Қызбасы бар науқасқа күтім жүргізу және бақылау;

  • Науқасқа күтім жүргізгенде коммуникативті дағдыларды қолдану;

2.5 Пәннің реквизитке дейінгі:

Мектептегі биология, физика, химия курстары, психология негіздері, коммуникативті дағдылар-1, құқық негіздері, клиникаға кіріспе



2.6 Пәннің реквизиттен кейінгі:

Клиникаға кіріспе-2, коммуникативті дағдылар-2, ішкі аурулар пропедевтикасы, жалпы хирургия, сала бойынша пәндер



2.7 ОКТ-ның қысқаша мазмұны:

Тәжірибе оқу орнының тәжірибені өткізу базасы ретінде бекітілген емдеу-профилактикалық мекемелерде өткізіледі. Тәжірибені өту барысында студенттер емдеу-профилактикалық мекемелердің ішкі ережелеріне толық бағынулары, ұйымдастыру және емдеу-әдістемелік жұмыстардың барлығына қатысулары тиіс.

Студент тәжірибе туралы күнде күнделік толтырады. онда жұмыс уақытында атқарылған барлық жұмысы келтіріледі. Тәжірибе жетекшісі студент жұмысының сапасына, дұрыстығына көңіл аударады және қажеті түзетулер жүргізеді және күнбе-күн студент күнделігіне қол қояды. Өндірістік тәжірибе кезіндегі студент білімі оынң жұмыс орнында игерген практикалық дағдылармен бағаланады.

2.7.1 "Мейірбике көмекшісіне" арналған оқу-кәсіптік тәжірибеде студенттердің орындайтын жұмыстарының мазмұны және жоспары

Күні

Жасалатын жұмыс мазмұны

Өткізу орны

Сағат саны

1

Инструктаж (нұсқау)

1) Оқу-әдістемелік практикаға арналған әдістемелік нұсқаудың жоспарымен, практикалық дағдылардың іс-әрекеттердің тізімімен таныстыру;

2) Күнделікті толтыру ережесімен таныстыру;

3) Жұмыс графигімен таныстыру;

4) ОКТ-ге керек құжаттармен таныстыру;


Оқу бөлмесі




2

Стационардың қабылдау бөлімшесінде атқарылатын жұмыстар:

1) Ауруханаға түскен сырқатты тіркеу және құжаттарын толтыру және антропометрия көрсеткіштерімен анықтау;

2) Педикулезге және қышымаға тексеру;

3) Сырқатқа толық не жартылай санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу(ванна,душ, сүртіп алу);

4) Дене қызуын,тыныс алу жиелігін,қан қысымын өлшеу;

5) Емдеу бөлімшелеріне сырқатты тасымалдау;



Қабылдау бөлімшесі

6

3

Емдеу бөлімшесіндегі жұмыс:

1) Мейірбикелік пост құрылымымен танысу;

2) Стационардың әр түрлі бөліктеріне санитарлық жинауды жүргізу;

3) Процедура кабинетіндегі санитарлық эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;

4) Дезинфекциялаушы ерітінділерді дайындау;

5) Сырқаттың жағдайын бақылау:

• Дене қызуын өлшеу және қызуын белгілейтін журналына, дене қызу қағазына тіркеу;

• Термометрді зарарсыздандыру;

• Тыныс алу жиелігін санау, дене қызу қағазына тіркеу;

• АҚ өлшеу, нәтижені бақылау, дене қызуын тіркейтін қағазға белгілеу;

6) Халі ауыр сырқаттың жеке бас гигиена шараларын жүргізу(көз, мұрын,ауыз,құлақ күтімдері,халі ауыр сырқаттың басын,аяғын жуу, дәрет ыдысын беру,шат аралығын және жыныс мүшесін күту,ойылуды емдеу және алдын-алу,сырқаттың төсек жаймасын және іш киімдерін ауыстыруды,күтуге арналған заттарды залалсыздандыру);

7) Халі ауыр сырқаттарды тамақтандыру,үлестік порционник құрастыру,тамақ сақтауды бақылау;

8) Қызбасы бар науқасқа күтім жүргізу және бақылау;

9) Науқаспен тілдесуде коммуникативті дағдыларды қолдану;



Емдеу бөлімшелері

30

4

Дифференциалды сынақ










Барлығы




36


2.7.2 Студенттердің тәжірибе кезінде орындайтын жұмыстарының көлемі

(тәжірибелік дағдылар)



Факультет_____________________ курс ________топ____________

Тәжірибе түрі___________________________________________

Клиникалық база___________________________________________

Тәжірибенің өтілу мерзімі______________________________________

Жауапты оқытушы___________________________________________

Тәжірибенің өту кезінде санитарлық ағарту жұмысымен бірге келесі тәжірибелік дағдыларды меңгереді




Тәжірибелік дағдылар

Жоспарлан-ды

Меңгерген тәжірибелік дағдылар саны

Рейтингтік баға

1

Қабылдау бөлімшесінде пациенттердің санитарлық тазартулар (дезинсекция)

10







2

Қабылдау бөлімшесінде пациенттердің санитарлық тазартылуы(гигиеналық былау,душ)

5







3

Қабылдау бөлімшесінде антропометрия (бойды, салмақты өлшеу) өткізу

15







4

Науқасты тасымалдағышпен (каталкамен),тасымалдағыш-кресломен, зембілмен тасымалдау

5







5

Төсекті (екі тәсілмен) ауыстыру (көлденең,ұзынынан)

10







6

Іш киімдерді (іш көйлек, тіз киімді) ауыстыру

5







7

Науқасқа дәрет қабылдағышты беру

3







8

Науқасқа зәр қабылдағышты беру

7







9

Теріні күту(науқас терісін сүрту,ысқылап)

5







10

Науқастың астын жуу

5







11

Ауыз қуысын тазалау

5







12

Дене ойылуының алдын-алу

10







13

Дене ойылуының емделуі

7







14

Қызулап жатқан науқас күтімі

10







15

Халі ауыр науқастарды тамақтандыру

10








Кафедрадан тәжірибеге жауапты оқытушы_______________________________________

(аты-жөні,қызметі,атағы)



Кафедра меңгерушісі___________________________________________________________

(аты-жөні,қызметі,атағы)



2.7.3 "Мейірбике көмекшісі" ОКТ-нің күн тәртібі




Жұмыстың түрлері

Жобалы уақыт

1

Таңғы мейірбикелік конференцияға қатысу

8.00-8.30

2

Күнделікті жұмыс түрлері:

- қабылдау бөлімшесіндегі жұмыс

- стационар бөлімшесіндегі жұмыс


8.30-14.00 немесе 14.00-20.00


2.7.4 Тәжірибеге есеп беруді дайындау және қорғау уақыты

ОКТ-ден студенттің есеп беру құжаты күнделік болып табылады, ол қатесіз толтырылуы керек, істелінген барлық жұмыстар жазылады, мінездемесі болады және тәжірибе жетекшісі мен клиникалық базаның аға мейірбикесінің қолы қойылады. Қойылған қолдар ЕСМ- нің мөрімен расталады. Студент күнделікті істелінген жұмыстарды күнделікке түсіріп отыруы тиіс. Тәжірибенің соңғы күні студент күнделікті кафедрадағы тәжірибе жетекшісіне тексеруге өткізеді. Күнделіксіз студент тәжірибенің есебін қорғауына және дифференциалды сынағына жіберілмейді, яғни тәжірибе өттіге саналмайды.



Күнделік мына бөлімдерден тұрады:

1. Сыртқы беті

2. Клиникалық базаға сипаттама

3. Тәжірибеге арналған студенттің жеке жұмыс жоспары( жұмыс түрі, сағат саны)

4. Тәжірибенің әр күнінде істелінген жұмыстар мазмұны, әр күнге оқытушының қолы қойылады

5. Орындалған тәжірибелік дағдылардың есебі және саны

6. Студенттің ОКТ өткендігі туралы мінездеме, онда емдеу мекемесі жетекшілерінің қолы және мөрі басылады.

"Мейірбике көмекшісі" ретінде өткен оқу-кәсіптік тәжірибеден кейін студенттер игеруі және орындай білуі тиіс тәжірибелік дағдылар тізімі

Әр студент "Мейірбике көмекшісіне" арналған ОКТ-ні өткенде типтік бағдарлама негізінде мына тәжірибелік дағдыларды игеруі тиіс





Тәжірибелік дағдылар

1

Қабылдау бөлімшесінде пациенттердің санитарлық тазартулар (дезинсекция)

2

Қабылдау бөлімшесінде пациенттердің санитарлық тазартылуы(гигиеналық былау,душ)

3

Қабылдау бөлімшесінде антропометрия (бойды, салмақты өлшеу) өткізу

4

Науқасты тасымалдағышпен (каталкамен),тасымалдағыш-кресломен, зембілмен тасымалдау

5

Төсекті (екі тәсілмен) ауыстыру (көлденең,ұзынынан)

6

Іш киімдерді (іш көйлек, тіз киімді) ауыстыру

7

Науқасқа дәрет қабылдағышты беру

8

Науқасқа зәр қабылдағышты беру

9

Теріні күту(науқас терісін сүрту,ысқылап)

10

Науқастың астын жуу

11

Ауыз қуысын тазалау

12

Дене ойылуының алдын-алу

13

Дене ойылуының емделуі

14

Қызулап жатқан науқас күтімі

15

Халі ауыр науқастарды тамақтандыру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет