Нуо казахстанско российский медицинский



бет1/3
Дата19.01.2017
өлшемі423.76 Kb.
#2222
  1   2   3

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ

МЕДИЦИНАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ КУРСЫ

2


НУО КАЗАХСТАНСКО-

РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ

КУРС ПРОПЕДЕВТИКИ ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ

_____________________________________________________________________________________________________


Силлабус

"Палаталық мейірбикесінің көмекшісіне" арналған оқу-өндірістік тәжірибе

Пән: "Клиникаға кіріспе-2"

Пән коды: VK-11223

Мамандық: 051301 –Жалпы медицина

Кафедра: Ішкі аурулар пропедевтикасы

Курс: 2

Семестр: 4

Сағат саны: 36 сағат

Бақылау түрі: дифференциалды сынақ

Алматы 2014

1. Жалпы мәліметтер

1.1 ЖОО атауы: МЕББМ «Қазақстан-Ресей медицина университеті»

1.2 Кафедра: «Ішкі аурулар пропедевтикасы»

1.3 Пән: Клиникаға кіріспе-2

1.4 Мамандық: 051301 –«Жалпы медицина»

1.5 Сағат көлемі: 36

1.6 Курс: 2, семестр: 4

1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Курс меңгерушісі: м.ғ.к.Абдраимова Э.Т. кандидаттық диссертацияны 2010 жылы Жұматов Х. атындағы гигиена және эпидемиология ҒО диссертациялық кеңесте қорғады. 20-дан астам ғылыми шығармалары бар. 2 ғылыми еңбектің авторы. Ғылыми-педагогикалықжұмыс стажы-7 жыл. Тәжірибелік және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жүзеге асыруда әрекет жасайды.

2. Курс ассистенті: Аманжолова Т.К. педагогикалық стажына – 30 жыл. 2 оқулықтың авторы, ғылыми приоритеті: «Емдеу-сақтандыру мекемелеріне санитарлық–эпидемияға қарсы режимнің сапасын жақсарту».

3.Курс ассистенті: Дуйсенбаева Ш.А. педагогикалық стажына – 18 жыл. Ғылыми приоритеті: «Инъекциядан кейінгі асқынулардан сақтандыру әдістерін жетілдіру».



1.8 Байланыс ақпараты: Ішкі аурулар пропедевтикасы курсының мекен-жайы: Алматы қаласы, Құрманғазы,98.

1.9 Пәннің саясаты: Пәннің саясаты манипуляциялық кабинетте, ҚРМУ клиникалық базасында, палаталарда, мейірбикелік постта, қабылдау бөлімшесінде оқу процесін белгілі бір ретпен және мақсатты бағытта жүзеге асыру болып табылады, яғни бұл мед.персоналмен науқас арасындағы қарым-қатынас арқылы жүргізіледі.

Оқытушылардың студенттерге қоятын талабы жоғары мектепте оқытудың жалпы принциптерге негізделген және сыртқы бейнені қатал бақылаумен толықтырылады (таза, үтіктелген ақ халат немесе хирургиялық костюм, колпак,маска, ауыстырылатын аяқ киім). Клиникалық базада жұмыс істеу үшін студенттің тәртібіне, бөлімшеде емдік-қорғаныс режимін сақтауына, медициналық этика мен деонтологияны сақтау принциптеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Тәжірибелік сабаққа 15 минуттан көп кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешіккен және сабақтан қалған студенттер қарыздарын аралық бақылауға дейін жою керек.

Студенттерге кеңесті каф. меңгерушісі, м.ғ.к Абдраимова Э.Т. әр аптаның дүйсенбісінде 15.00-ден 18.00-ге дейін, асс.Аманжолова Т.К. сәрсенбі 15.00-ден 18.00-ге дейін, асс.Дуйсенбаева Ш.А. – бейсенбі 15.00-ден 18.00-ге дейін өткізеді.



2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

ОКТ оқу процессінің негізгі бөлімі болып табылады және «жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттері үшін міндетті түрде қажет.

«Клиникаға кіріспе -2» пәнінен ОКТ –нің негізгі міндеті – студенттерді палаталық мейірбикенің тәжірибелік дағдыларына үйрету, яғни бұл науқасқа бақылау және күтім жүргізу кезінде орындалатын қарапайым шараларды меңгеру. ЕСМ-де санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіпті қамтамасыз ету, науқасқа күтім жүргізгенде коммуникативті дағдыларды қолдану, науқасты әр түрлі зерттеулерге дайындау, жедел көмекті көрсету.

2.2 Пәнді оқытудың мақсаты:

«Клиникаға кіріспе-2» пәнін оқу барысында студенттер палаталық мейірбике деңгейінде алған білімін және дағдыларын толықтыру және жетілдіру.



2.3 Пәннің міндеттері:

  • медбикелік процесс негіздерін, емдеу- профилактикалық мекемелердегі орта буынды қызметкерлері жұмысы ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде толықтыру және жетілдіру;

  • емдеу бөлмелеріндегі, мейірбике бекетінде атқарылатын (дәрілік заттармен қызмет атқару ережелерін, зертханалық және аспапты тексерулерге науқастарды дайындау) дағдыларын оқу, және жетілдіру;

  • кейбір шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету дағдыларын үйрену және жетілдіру;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі керек:

  • науқастың медициналық көмекті қажет ететіндігін анықтау принциптері

  • палаталық мейірбикенің міндеттері

  • емдеу бөлімшелерінің негізгі медициналық құжаттары

  • кезекшілікті өткізу ережесі

  • бөлімшеде дәрі- дәрмектерді сақтау ережесі

  • дәрілік заттарды ағзаға енгізу әдістері

  • дәрілік заттарды энтеральді, ингаляциялық, сыртқа қолдану әдістері

  • дәрілік заттарды парентеральді енгізу

  • антисептика ережесі және антибиотиктерді еріту

  • т/і, т/а, б/е инъекция жасау техникасы

  • дәрілік заттарды парентеральді енгізу кезінде мүмкін болатын асқынулар

  • майлы ерітінділерді қолдану ерекшеліктері

  • қанды, зәрді, нәжісті, қақырықты лабораториялық зерттеуге алу үшін науқасты дайындау ережесі

  • науқасты аспаптық әдістермен зерттеуге дайындау ережесі

  • зондылау процедураларын жүргізу

  • клизма жасауға корсеткіштер және оған науқасты дайындау

  • жүрек тұсы ауырғанда, гипертониялық кризде, өкпе шеменінде, жедел іш ауырғанда, экзогенді уланулардан дәрігерге дейінгі жедел көмекті көрсету

Студент істей білу керек:

  • дәрілерді тарату, үлестіру

  • дәрілерді тері сыртынан қолдану (ысып жағу, сылап жағу, пластырь түрінде қолдану)

  • көзге , құлаққа тамызу

  • ингаляциялау арқылы дәріні (аэрозольді түрлерін)қолдану

  • ректальді және вагинальді суппозиторийлерді қолдану

  • бір рет қолданылатын шприцті жинау, құрастыру, шприцпен амапуладан, флаконнан дәрі алу

  • қатты дәрілерді еріту және оларды флаконнан шприцке алу

  • тері ішіне егу

  • тері астына егу

  • бұлшық етке егу

  • зәрді жалпы зерттеуге жинау, Нечипоренко; Зимницкий сынамаларымен зерттеуге жинау

  • нәжісті капрологиялық зерттеуге жинау

  • қақырықты жалпы зерттеуге жинау, мұрыннан жағынды алу

  • зондпен асқазанды жуу

  • науқасты рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыспен зерттеуге дайындау

  • асқазанның фракциялық зондылауын және дуоденальдық зондылауды жүргізу

  • тазарту, сифонды, майлы, гипертоникалық және дәрілік клизмаларды жүргізу;

  • жел шығаратын түтікті қою;

  • жүрек тұсы ауырғанда, гипертониялық кризде, өкпе шеменінде, іш ауырғанда, экзогенді улануларда дәрігерге дейінгі көмекті көрсету;

2.5 Пәннің реквизитке дейінгі:

Пәннің пререквизиті: мектептегі биология, физика, химия курстары, психология негізі, құқық негізі, коммуникативті дағдылар -1, коммуникативті дағдылар-2, клиникаға кіріспе-2.



2.6 Пәннің реквизиттен кейінгі:

Ішкі аурулар пропедевтикасы, жалпы хирургия, сала бойынша пәндер.



2.7 ОКТ-ның қысқаша мазмұны:

Тәжірибе оқу орнының тәжірибені өткізу базасы ретінде бекітілген емдеу-профилактикалық мекемелерде өткізіледі. Тәжірибені өту барысында студенттер емдеу-профилактикалық мекемелердің ішкі ережелеріне толық бағынулары, ұйымдастыру және емдеу-әдістемелік жұмыстардың барлығына қатысулары тиіс.

Студент тәжірибе туралы күнде күнделік толтырады. онда жұмыс уақытында атқарылған барлық жұмысы келтіріледі. Тәжірибе жетекшісі студент жұмысының сапасына, дұрыстығына көңіл аударады және қажеті түзетулер жүргізеді және күнбе-күн студент күнделігіне қол қояды. Өндірістік тәжірибе кезіндегі студент білімі оынң жұмыс орнында игерген практикалық дағдылармен бағаланады.

2.7.1 "Палаталық мейірбикесінің көмекшісіне" арналған оқу-кәсіптік тәжірибеде студенттердің орындайтын жұмыстарының мазмұны және жоспары

Күні

Жасалатын жұмыс мазмұны

Өткізу орны

Сағат саны

1

Инструктаж (нұсқау)

  1. Оқу-әдістемелік практикаға арналған әдістемелік нұсқаудың жоспарымен, практикалық дағдылардың іс-әрекеттердің тізімімен таныстыру;

  2. Күнделікті толтыру ережесімен таныстыру;

  3. Оқу-кәсіптік тәжірибенің жұмыс графигімен таныстыру;

  4. ОКТ-ге керек құжаттармен таныстыру;

Оқу бөлмесі




2

Посттағы және емдеу бөлімшедегі атқарылатын жұмыстар:

  1. Посттық мейірбикенің құжаттарын толтыру (дене қызуын тіркейтін қағаз, анализдік жолдамалар, сейф кілтін беру т.б.);

  2. Медициналық картадан күнделікті дәрілік нұсқауды талдап алу;

  3. Дәрілік заттарды бөлу және үлестіру. Дәрі-дәрмектерді энтеральды, сыртқа және ингаляциялық әдістермен қолдану;

  4. Сырқаттың жағдайын бақылау:

● Дене қызуын өлшеу және қызуды белгілейтін журналына, дене қызу қағазына тіркеу;

● Термометрді зарарсыздандыру

● Тыныс алу жиілігін санау, дене қызу қағазына тіркеу;

● Ентікпеде, тұншығуда, жөтелуде, қан кетуде көмек көрсету;

● Оттегі жастықшасы, бет маскасы арқылы оттегі беру;

● Қан тамыр соғуын санау, дене қызу қағазына тіркеу;

● Ентігуде, тұншығуда науқасқа оттегі беру;

● АҚҚ өлшеу, нәтижені бақылау, дене қызуын тіркейтін қағазға белгілеу;



● Естен тану, колаппс, гипертониялық кризде, стенокардияда, жүрек инфарктісінде көмек көрсету;

  1. Халі ауыр сырқаттың жеке бас гигиена шараларын жүргізу (көз, мұрын, ауыз, құлақ күтімдері, халі ауыр сырқаттың басын, аяғын жуу, дәрет ыдысын беру, шат аралығын және жыныс мүшесін күту, теріні күту, ойылуды емдеу және ішкі киімдерін ауыстыруды, күтуге арналған заттарды зарарсыздандыру);

  2. Халі ауыр сырқаттарды тамақтандыру, үлестік порционник құрастыру, тамақ сақтауды бақылау;

  3. Қыша қағазын, жылыту және суық компресті, қыздырғыш және мұзды мұйық қою;

  4. Науқастарды лабораториялық зерттеулерге дайындау және материал жинау;

  5. Реанимациялық шараларды жүргізу;

  6. Өлікті реттеу іс-әрекеттерімен танысу;

  7. Плевральді функцияға құрал-жабдықтар дайындау және дәрігерге көмек көрсету;

  8. Зондылық процедураларға қатысу;

  9. Тазарту клизмасын жүргізу;

  10. Құсу, метеоризм, асқазан және дәрігерге дейінгі көмекті көрсету. Медициналық құралдарды дезинфекциялау;

  11. Функционалдық және инструменталдық диагностика бөлімшелерінде науқасты рентгенологиялық және инструменталдық зерттеулерге дайындау;

Пост және емдеу бөлімшесі

24

3

Процедура бөлмесіндегі аткарылатын жұмыс:

  1. Процедура бөлмесіндегі құжаттарды толтыру (инъекция журналын, биохимиялық зерттеу журналын, қан тобын және резус факторын анықтау журналын, қан және қан алмастыру препараттарын тіркеу журналын);

  2. Мейірбике қолының тазалығының гигиеналық деңгейі;

  3. Крафт-қапшығындағы және бір рет қолданбалы қапшықтағы шприцтерді құрастыру;

  4. Антибиотиктерді еріту. Инсулинді енгізу;

  5. Ампуладан және флаконнан дәріні шприцке жасау;

  6. Тері ішіне, тері астына, бұлшық етке инъекция жасау;

  7. Системаны құрастыру және көк тамырға тамшылатып қою;

  8. Инъекциялардын кейінгі асқынулардың (инфильтрат, абцесс, иненің сынуы, гематома) алдын алу шараларын жүргізу;

  9. Дәрілік затты қателесіп енгізгенде және анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі жедел көмекті көрсету;

  10. Процедура бөлмесінде санитарлық эпидемияға қарсы режим шараларын жүргізу;

  11. Шприцтерді және инелерді зарарсыздандыру;

Медициналық этика мен деонтологиялық білімді және коммуникация дағдыларды қолдану

Пост және процедура бөлмесі

12

4

Дифференциалды сынақ

Оқу бөлмесі







Барлығы




36


2.7.2 Студенттердің тәжірибе кезінде орындайтын жұмыстарының көлемі

(тәжірибелік дағдылар)



Факультет_____________________ курс ________топ____________

Тәжірибе түрі___________________________________________

Клиникалық база___________________________________________

Тәжірибенің өтілу мерзімі______________________________________

Жауапты оқытушы___________________________________________

Тәжірибенің өту кезінде санитарлық ағарту жұмысымен бірге келесі тәжірибелік дағдыларды меңгереді




Тәжірибелік дағдылар

Жоспар-ланды

Меңгерген тәжірибелік дағдылар саны

Рейтингтік баға

1

Дәрілерді тарату, үлестіру

10







2

Дәрілерді тері сыртынан қолдану (ысып жағу, сылап жағу, пластрь түрінде қолдану)

5







3

Көзге, құлаққа дәрі тамызу

15







4

Ингаляциялау арқылы дәріні (аэрозольды түрлерін) қолдану

5







5

Ректальды және вагинальды суппозиторийлерді қолдану

10







6

Бір рет қолданылатын шприцті жинау, құрастыру, шприцпен ампуладан, флаконнан дәрі алу

5







7

Қатты дәрілерді еріту және оларды флаконнан шприцке алу

5







8

Тері ішіне егу

3







9

Тері астына егу

7







10

Бұлшық етке егу

5







11

Зәрді жалпы зерттеуге, Нечипоренко, Зимницкий сынамаларымен зерттеуге жинау

5







12

Нәжісті копрологиялық зерттеуге жинау

5







13

Қақырықты жалпы зерттеуге жинау. Мұрыннан жұғынды алу

10







14

Тазарту клизмасын қою

7







15

Жуан зондпен асқазанды жуу

10








Кафедрадан тәжірибеге жауапты оқытушы_______________________________________

(аты-жөні,қызметі,атағы)



Кафедра меңгерушісі___________________________________________________________

(аты-жөні,қызметі,атағы)



2.7.3 "Палаталық мейірбикесінің көмекшісіне" ОКТ-нің күн тәртібі




Жұмыстың түрлері

Жобалы уақыт

1

Таңғы мейірбикелік конференцияға қатысу

8.00-8.30

2

Күнделікті жұмыс түрлері:

- қабылдау бөлімшесіндегі жұмыс

- стационар бөлімшесіндегі жұмыс


8.30-14.00 немесе 14.00-20.00


2.7.4 Тәжірибеге есеп беруді дайындау және қорғау уақыты

ОКТ-ден студенттің есеп беру құжаты күнделік болып табылады, ол қатесіз толтырылуы керек, істелінген барлық жұмыстар жазылады, мінездемесі болады және тәжірибе жетекшісі мен клиникалық базаның аға мейірбикесінің қолы қойылады. Қойылған қолдар ЕСМ- нің мөрімен расталады. Студент күнделікті істелінген жұмыстарды күнделікке түсіріп отыруы тиіс. Тәжірибенің соңғы күні студент күнделікті кафедрадағы тәжірибе жетекшісіне тексеруге өткізеді. Күнделіксіз студент тәжірибенің есебін қорғауына және дифференциалды сынағына жіберілмейді, яғни тәжірибе өттіге саналмайды.



Күнделік мына бөлімдерден тұрады:

1. Сыртқы беті

2. Клиникалық базаға сипаттама

3. Тәжірибеге арналған студенттің жеке жұмыс жоспары( жұмыс түрі, сағат саны)

4. Тәжірибенің әр күнінде істелінген жұмыстар мазмұны, әр күнге оқытушының қолы қойылады

5. Орындалған тәжірибелік дағдылардың есебі және саны

6. Студенттің ОКТ өткендігі туралы мінездеме, онда емдеу мекемесі жетекшілерінің қолы және мөрі басылады.

"Палаталық мейірбикесінің көмекшісіне" ретінде өткен оқу-кәсіптік тәжірибеден кейін студенттер игеруі және орындай білуі тиіс тәжірибелік дағдылар тізімі

Әр студент "Палаталық мейірбикесінің көмекшісіне" арналған ОКТ-ні өткенде типтік бағдарлама негізінде мына тәжірибелік дағдыларды игеруі тиіс





Тәжірибелік дағдылар

1

Дәрілерді тарату, үлестіру

2

Дәрілерді тері сыртынан қолдану (ысып жағу, сылап жағу, пластрь түрінде қолдану)

3

Көзге, құлаққа дәрі тамызу

4

Ингаляциялау арқылы дәріні (аэрозольды түрлерін) қолдану

5

Ректальды және вагинальды суппозиторийлерді қолдану

6

Бір рет қолданылатын шприцті жинау, құрастыру, шприцпен ампуладан, флаконнан дәрі алу

7

Қатты дәрілерді еріту және оларды флаконнан шприцке алу

8

Тері ішіне егу

9

Тері астына егу

10

Бұлшық етке егу

11

Зәрді жалпы зерттеуге, Нечипоренко, Зимницкий сынамаларымен зерттеуге жинау

12

Нәжісті копрологиялық зерттеуге жинау

13

Қақырықты жалпы зерттеуге жинау. Мұрыннан жұғынды алу

14

Тазарту клизмасын қою

15

Жуан зондпен асқазанды жуу


2.8 "Палаталық мейірбикесінің көмекшісіне" ретінде оқу – кәсіптік тәжірибе қорытындысы бойынша дифференциальды сынақта студенттердің дағдыларды білуін және оларды игеруін бағалау критерийлері

Студенттің "Палаталық мейірбикесінің көмекшісіне" ретінде оқу – өндірістік тәжірибе кезінде үйренген дағдылары әріптік жүйесі бойынша бағаланады: оң бағалар төмендеуіне қарай А - дан С-әріпіне дейін белгіленеді. Олар төрт баллдық баға жуйесінің сандық мәніне сәйкес. Әр дағдының орындалуы бірте - бірте өсіп не төмендеп қадамдап бағаланады, бірақ қорытындысы 4 балл болуы шарт. Сонымен студент әр дағдыны қадамдап игеру барысында ең көп дегенде 4 балл ала алады. Дағдының толық дұрыс орындалуы 4,0 балл, әріптік - балдық жүйемен белгіленген оның эквиваленті А әрпіне сәйкес.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет