Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі



Дата22.02.2018
өлшемі79.65 Kb.
#58571
Комитеттің нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі

қорытынды ескертулері, Қазақстан, CERD/C/65/CO/3,

2004 жылғы, 10 желтоқсан

1. Комитет Қазақстанның бастапқы – 1999, 2001 және 2003 жылдардағы сәйкесінше 25 қыркүйекте ұсынылуға тиіс және 2004 жылы 13-ші және 16-тамызда өткен өзінің 1662-ші және 1663-ші мәжілістерінде (CERD/C/SR.1662 және 1663) бір құжат ретінде (СERD/C/439/Add.2) ұсынылған үшінші мерзімдік баяндамаларын қарады. 2004 жылы 19 тамызда өткен 1670-ші мәжілісте (CERD/C/SR.1670) қаралған баяндама бойынша қорытынды ескертулер қабылдады.

А.   Кіріспе

2. Комитет қатысушы мемлекет ұсынған бастапқы баяндаманы және делегация ұсынған қосымша ақпаратты мақұлдайды. Сондай-ақ Комитет нәсілдік кемсітушілікті жоюға қарсы күреске жауап беретін мемлекеттік органдардың өкілдігі ретінде жоғары лауазымды делегацияның жіберілгендігіне және осыған байланысты қатысушы мемлекетпен конструктивті диалог құруға мүмкіндік беріліп отырғанына алғыс сезімін білдіреді.

3.   Конвенция ратификацияланғаннан кейін бес жыл өткен соң бастапқы баяндаманың ұсынылғандығын атап өте отырып, Комитет қатысушы мемлекеттен өзінің баяндамаларын Комитет белгілеген мерзімде ұсынуды есепке алу қажеттігін өтінеді.



В. Оң аспектілер
4. Комитет қатысушы - мемлекет деп тұрғындардың жалпы санынан жуықтап алғанда 40%-дан астамын құрайтын түрлі және көлемдері бойынша маңызды қауымдардың ірі саны мекен ететін көп ұлтты ел болып табылатынын атап өтті, сондай-ақ қатысушы-мемлекеттің халықтың этникалық құрамына, басқа да статистикалық мәліметтерге қатысты ақпаратты беру бойынша салынған күштерді жоғары бағалайды.
5. Комитет қатысушы-мемлекеттің құқық қорғаушы органдарды құру және олардың қызметтерін жақсартудағы салынған күштерді жоғары бағалайды.
6. Комитет елдегі экономикалық жағдайдың жақсаруы туралы, оның ішінде жұмыссыздықтың азаюы туралы берілген ақпаратты қанағатпен атап өтеді.
7. Сонымен қатар, Комитет қатысушы-мемлекет босқындарының мәртебелері туралы 1951 жылғы Конвенция мен 1967 жылғы Хаттаманы, сондай-ақ, 1958 жылғы МОТ-ң кемсітушілік туралы Конвенцияны (N 111) (еңбек және жұмыс саласындағы) бекіткенін қанағатпен атап өтті.

С. Алаңдаушылықты тудыратын мәселелер мен ұсыныстар
      1.   Комитет қатысушы-мемлекетте нәсілдік кемсітушілік туралы арнайы заңдылықты атап өтті.

      Комитет Конвенцияның ережелерін жүзеге асыру үшін қабылданған ережелерге сай нәсілдік кемсітушілікке заңды анықтаманы құрайтын нәсілдік кемсітушілік мәселелері бойынша арнайы ұлттық заңы қатысушы-мемлекеттегі нәсілдік кемсітушілікке қарсы күрестегі пайдалы буын ретінде танылады деп есептейді.


9. Нәсілдік немесе этникалық астамшылықты насихаттауға тыйым салу туралы конституциялық және басқа да ережелерді ескере отырып, Комитет қатысушы-мемлекеттің ішкі заңдылығындағы Конвенцияның 4 а) бабына қатысты қылмыстық заңдылығының нақты ережелерінің жетіспеушілігіне алаңдаушылықты білдіреді.
Комитет қатысушы-мемлекетке Конвенцияның 4 а) бабын толық және барабар жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін XV Комитеттің жалпы ұсыныстарын ескере отырып қабылдауын ұсынады.
10. Тәуелсіздікті алғаннан кейін қатысушы-мемлекет өзінің шекараларын ашқанын танып, Комитет нақты бір этникалық немесе ұлттық топтардың арасындағы жер алудың жоғарғы деңгейін белгілейді.
Комитет қатысушы-мемлекетке келесі кезеңдік баяндамасына жер алу туралы ақпаратты қосуды, оның ішінде бұл созылмалы құбылыстың себептері мен салдары туралы, оның нақты этникалық және ұлттық топтарға ықпал ету туралы ақпаратты қосуды ұсынады.
11. Қатысушы-мемлекеттегі азшылықтың қатарына байланысты ұсынылған ақпаратты қолдай отырып, Комитет цыгандар сияқты азшылық топтарының кейбіреулерінің жағдайы жөніндегі ақпараттың және олармен адам құқықтарын жүзеге асыру мәселелерінің болмауы туралы өкініш білдірді.


Комитет қатысушы-мемлекетке өзінің келесі баяндамасына азшылық топтардың жағдайы туралы ақпаратты, оның ішінде цыгандарды қосуын ұсынады және осыған байланысты қатысушы-мемлекетті ромаға (цыган) байланысты кемсітулер туралы XXVII жалпы ұсынысына бет бұрады.
12. Комитет тілдердің статусы туралы заңнаманың жоқтығын ескертіп отыр, мемлекет-қатысушы шағын топтардың мәдениеті мен білім алу саласындағы қатысуын аз ұсынған. Сондықтан комитет шағын топтардың тілдері білім алудағы көптеген басқа оқушылар контингентінің ішінен алар орны аз екендігіне алаңдап отырғандығын білдіреді.
Комитет қатысушы мемлекетке тілдер статусы туралы заңнама қабылдап және өзінің келесі мерзімдік баяндамасында білім беру саласында этникалық шағын топтардың тілдерін қолдануы туралы толық ақпарат беретінін және этникалық шағын топтар мәдениет пен білім беру саласындағы саясатты қалыптастыруға қалай қатысатындығы туралы ақпаратты қосуын ұсынады.
13. Комитет этникалық шағын топтардың өкілдері мемлекеттік органдарда аз олар әр түрлі этникалық қоғамдардың тұрғын санының жалпы көлемінен мемлекет-қатысушы құрамында аз екенін атап өтеді.


Комитетте мемлекет-қатысушыға өзінің келесі мерзімдік баяндамасына мемлекеттік органдардағы этникалық өкілеттіктер туралы ақпаратты қосуын және этникалық топтардың осы органдарда жұмыс істеуінің тең мүмкіндігі қарастырылуы туралы ақпаратты қосуын ұсынады.
14. Комитет қатысушы мемлекет баяндамасында Қазақстанда еңбек етуші мигранттарды қосқанда үнемі немесе уақытша тұратын азаматтығы жоқ азаматтар туралы ақпараттың болмағандығына өкініш білдіреді.


Қатысушы мемлекеттің жалпы көңілі өзінің азаматтығы жоқ азаматтарға қатысты кемсітуге қатысты жалпы ұсынысына Комитет қатысушы мемлекетке өзінің келесі мерзімдік баяндамасына азаматтығы жоқ азаматтар туралы және олардың өз құқықтарын жүзеге асыруы туралы ақпаратты қосуын ұсынады. Одан басқа, мемлекет-қатысушыны барлық еңбек етуші мигранттар мен олардың отбасыларының құқықтарын қорғаудың Халықаралық конвенциясын бекіту туралы мәселені қарауын ұсынады.
15. Комитет кейбір босқындар өз елдеріне олар сол елде қандайда бір адам құқығын бұзушылыққа түсіп қалуы мүмкін деген көзқарастар бойынша елдеріне қайтарылғандығы мәселесіне алаңдаушылығын білдіреді.


Комитет қатысушы-мемлекетке өзінің келесі мерзімдік баяндамасына босқындардың жағдайы туралы, оларды депортациялаудың заңдық негізін және оларға заңдық қорғау мен оларды депортациялау туралы шешімін қайта қарауға заңдық көмек беру туралы ақпараттарды қосуды ұсынады. Сонымен қатар қатысушы-мемлекетті Конвенцияның 5-бабына сәйкес босқындар еліне мәжбүрлі түрде қайтарылмай егер олар адам құқығының өрескел бұзылуына тап болуы мүмкін болғанда ғана қайтарылсын деп ұсынады.
16. Қатысушы мемлекет адамдарды сату бойынша мемлекеттік жоспар дайындағанын мойындай отырып, Комитет одан әрі жалғасып отырған әйел адамдар мен балаларды сатудың тәжірибесінің артып отырғандығына алаңдаушылық білдіреді, ол негізінен азаматтығы жоқ тұлғалар мен этникалық шағын топтарға қатысты.


Комитет қатысушы мемлекетке өзінің келесі мерзімдік басылым баяндамасына адамдарды сату туралы ақпаратты енгізуді осындай саудаға қарсы жүргізген жұмыстарын атап көрсетуді ұсынады. Одан басқа, Комитет мемлекет-қатысушыны осындай жағдайға кінәлі адамды жауапкершілікке тарту мақсатында шешім қабылдауға және шұғыл және бұлтартқысыз зерттеулер жүргізудің аса маңызды екенін атап көрсетеді.
17. Қатысушы мемлекеттің ұлттық контртеррористік бағдарлама шегіндегі терроризммен күрес жағдайын мойындау, Комитет осы бағдарламаның дискриминация емес принципті түрде әсер етуінің жоқ болуына мазасыздық білдіреді.


Комитет қатысушы мемлекеттің 2002 жылғы 8 наурыздағы өтінішіне көңіл бөлуге шақырады, онда мемлекеттің терроризмге қарсы шараларды қамтамасыз етудегі мемлекеттің міндетін кемсітуді болдырмауды қарастырмауына және нәсіл бойынша, терісінің түсі мен ұлтының немесе этникалық тегінің шығуына байланысты кемсіту бойынша танылмауына және қатысушы мемлекеттің өзінің келесі мерзімдік баяндамасына контртеррористік бағдарламасы туралы ақпаратты қосуын талап етеді.
18. Комитет Жоғарғы соттың судьясынан өзге судьялардың барлығын Президенттің тағайындайтындығын, сонымен бірге судьялардың жұмысын ұйымдастыру мәселелерін шешетіндігін алаңдаушылықпен атап өтеді.
Комитет қатысушы мемлекетке сот билігінің тәуелсіздігін бекітуді және басқа да мемлекеттік органдардың әр адамға қандайда бір Конвенция бұзылған жағдайда өз сенімін қорғауды қамтамасыз етуді өзінің келесі мерзімдік баяндамасында басты мақсаттағы қабылданған барлық шаралар туралы толық ақпарат беруін ұсынады.
19. Комитет қатысушы мемлекетке нәсілдік кемсіту туралы соттық істердің жоқтығын ескертеді және адам құқықтары бойынша Комиссияның 2000-2001 жылдары тек қана екі шағым алғанын ескертеді.


Комитет шағымның аздығы зардап шеккендердің өз құқықтарынан хабарсыздығының салдары болмауын, олардың қаржылық жағдайының жеткіліксіздігінен олардың полицияларға немесе сот органдарына деген сенімсіздігінен емес екендігін, билікті нәсілдік кемсітуге дұрыс көңіл қоймай отырғандығынан болмауын ескертеді. Комитет үнемі қатысушы мемлекетке ұлттық заңнамаға Конвенцияның бұзушылықтарын тиімді түрде қорғау мен қоғам арасында құқықтық қорғау бойынша қолда бар қаржы туралы ақпаратты таратуды ұсынады.
20. Адам құқықтары бойынша ең бірінші кеңестік функцияны атқаратын Комиссияның жұмыс істеуін ескерте келе, сондай-ақ адам құқығы бойынша Өкілеттіліктің жақында ғана тағайындалуына байланысты Комитет олардың тәуелсіздігі мен тиімділігі туралы құжаттардың жоқтығына өкініш білдіреді.


Комитет қатысушы мемлекетке өзінің келесі мерзімдік баяндамасында адам құқығы бойынша Комиссияның және Өкілеттіліктің әрекет ету ролі туралы ақпаратты енгізуін ұсынады. Одан басқа, Комитет қатысушы мемлекетке адам құқығын қорғайтын және осы жұмыстарды қорғайтын мемлекеттік мекемелердің статусына қатысты Принциптерге сәйкес ұлттық тәуелсіз құқық қорғау органын құру туралы мәселені қарастыруға шақырады.
21. Комитет мемлекет-қатысушының үкіметтік емес ұйымдарды мерзімдік баяндама дайындауды әзірлеуге тартуды күшейту туралы ақпараттың аздығын ескертеді. Және биліктің азаматтық қоғамның әрекетін шектеуге байланысты өзінің алаңдаушылығын білдіреді, оған нәсілдік кемсітуге қарсы мәселелермен айналысатын ұйымдар да кіреді.


Комитетте азаматтық қоғамның ролінің Конвенцияның толықтай іске асыруының маңызды екенін астын сызып көрсетеді және мемлекет-қатысушыға - адам құқығын кеңейтуге ықпал ететін және нәсілдік кемсітушілікке қарсы азаматтық қоғам ұйымының әрекет етуіне барлық заңдық тәжірибелік әкімшілік бөгеттерді жоюды ұсынады. Одан басқа Комитет келесі мерзімдік баяндаманы дайындау кезінде солармен кеңесуін ұсынады.
22. Комитет мемлекет-қатысушыға Дурбан декларациясының сәйкес келетін ережесін ескеруге және Конвенцияны ішкі құқықтық жүйеде оның ішінде оның 2-7-баптарына қатысты қолданған жағдайда әрекет ету Бағдарламасын ескеруді ұсынады. Сонымен қатар өзінің келесі мерзімдік баяндамасына Дурбандық декларация мен Бағдарламаны ұлттық деңгейде қолдануды жүзеге асырудың тәртібін көрсетуді ұсынады.
23. Сонымен қатар Комитет мемлекет-қатысушыға қоғам арасына өз баяндамасын оның ұсынылған күнінен бастап, кең түрде таратуды және сондай түрде осы баяндама бойынша ескертулерді жариялауды ұсынады.
24. Комитет мемлекет-қатысушы Конвенцияның 14-бабында көрсетілген факультативтік өтініш жасамағандығын ескертеді және осы мәселені қарастыруды ұсынады.
25. Комитет нақты түрде қатысушы мемлекеттен 1992 жылы 15 қаңтарда Бас Ассамблеяның он төртінші Кеңесінде қабылданған оны резолюциялауды 47/111 қолдаған Конвенцияның 8-бап 6-тармағындағы түзетулерді бекітуді ұсынады. Осыған байланысты Комитет Бас Ассамблеяның 57/194 резолюциясына сүйенеді, онда Ассамблея мемлекет-қатысушыны осы түзетудегі ұлттық процедураларды ратификациялауды жеделдетуге шақырады және Бас хатшыны онымен келісетіндіктері туралы шұғыл түрде мәлімдеуін ұсынады. Осындай шақыруды Ассамблея өзінің 58/160 резолюциясында көрсетті.
26. Комитет қатысушы мемлекетке өзінің төртінші мерзімдік баяндамасын 2007 жылғы 25 қыркүйектегі өзінің бесінші мерзімдік баяндамасымен қосып, ұсынуды және осы қорытынды ескертуде атап көрсетілген барлық мәселелерді қарауды өтінеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет