Неге осы күнге дейін аитв/житс-ке қарсы вакцина жоқ?



Дата25.04.2017
өлшемі34.7 Kb.
Неге осы күнге дейін АИТВ/ЖИТС-ке қарсы вакцина жоқ?
Зерттеушілер осыдан 27 жыл бұрын иммунды тапшылық вирусын бірдейлендірген кезде, олар: вакцина — бұл уақыт еншісіндегі мәселе ғана екендігіне сенімді болды. Әйтседе, осының бәрін сараптасақ, олар қателесті. Іс жүзінде АИТВ-ға қарсы ғылыми әзірленімдердің бәрі жеңіліске ұшырады. Егер АИТВ басқа да вирустар секілді әрекетте болса, оның шешімі қарапайым болар еді: пациенттерге өлі вирустар дозасын енгізген болар еді. Сонда иммундық жүйе сыртқы түрдегі денеге қарсы күресе бастар еді, осылардың тән белгілерін сақтар еді және нағыз вируспен ұшырасу жағдайына қаруланар еді. Себебі бұл А гепатиті, құтыру не полимелит секілді аурулардың вирустары кезінде әсер етеді. Алайда — АИТВ жағдайына емес.

Адамның иммун тапшылығы вирусы, өте таңғаларлық түрін өзгерту қабілетіне ие. «Біздің бір вируспен ғана емес, сонымен бірге ұдайы түрін өзгертетін, нағыз вирустар иірімімен ісіміз бар, — дейді, АИТВ-ға қарсы вакцинаны әзірлеумен 15 жыл бойына жұмыс істейтін Бохуманың Рурск университетінің вирусологы Клаус Уберла. Яғни, вирус таңғаларлық жағдайда эволюцияланады, ал зерттеушілер өздерінің әзірленімдерімен осынау үдеріске жай ғана ере алмауда.

АИТВ -ның тектік өзгерісіне иммундық жүйе де үлгере алмауда, ол оның түр өзгерісін тани алмауда. Бұдан бөлек, вирус қоздырушысы, былайша айтқанда, көбінесе аурудың қоздырушысы ретінде тіпті бірдейлендірмей, иммундық жүйенің қорғанышты мүмкіндігіне қалай қарсы тұрудың, өзіндік стратегиясын дамытады, сондықтан да оған қарсы тұра алмайды.

Қол жеткізбеу.

Вакцинаны тауып әзірлеу оңай емес. Вирустың өлі қоздырғыштарымен вакцинациялау әдісінің АИТВ кезінде әсер етпейтіндігі ғаламдарға бұрыннан белгілі. Олар зертханалық жағдайда, осы вирустың нысанын жасап шығарды және оны зерттеуге қатысушыларды вакцинациялады. Тәуекелді топқа жататындарға - есірткіге тәуелділерге, өзін жұқтыру тәуекеліне ұшырата отырып бір шприцпен егу жүргізілді. Бұдан ары қарай ғалымдар вакцинацияланғандардан кім жұқтырылғанын, кім жұқтырмағанын жүйелі түрде қадағалады. Нәтиже мынаны көрсетті: вакцинацияның осы түрі нақты вирустан қорғамайды. «Организмде АИТВ-ға қарсы шын мәнінде дене қарсылығы пайда болған кездің өзінде, - дейді Уберла. Дегенмен, осы дене қарсылығы, вирустар жасушаға енбеуі үшін кедергі жасай алмады». Яғни, дене қарсылығы күтілген функцияларды орындай алмады.

Сондықтан да, вакцинаның әсер ететін-етпейтіндігін алдын ала айқындау өте қиын. Жақында испан зерттеушілер тобы вакцина ойлап тапқанын хабарлады, вакцинадан пациенттердің 95 пайызында АИТВ-ға дене қарсылығы пайда болуына әкелген. Дегенмен, осынау дене қарсылығы нақты вирустан организмді қорғай алатындығын ешкім де білмейді - ауқымды клиникалық зертеу, көп уақыт пен еріктілердің едәуір саны қажет.

Сондықтан да Бонн университетінің жанындағы ЖИТС мәселелері жөніндегі иммунолог және сарапшы Юрген Рокштро зерттеуге көп ақшаны инвестициялауға кеңес береді. «АИТВ сырын ашу кілті — оның организміндегі вирусы бақылауда тұрған пациенттер», - дейді ол. Ауруға еш берілмейтін, АИТВ-ға өте төзімді болып табылатын пациенттер бар. «Біз тек қана осылардың иммун жүйесінің қалай әрекет ететінін көшіріп аламыз», - дейді Рокштро.



Зиянкес- вакцина.

Өлі вируспен вакцинациялау көмектеспеген соң, ғалымдар басқа стратегияға: тектік негіздегі вакцинаға қолға алуды ұйғарды. Ол кәдімгідей вирустың белогынан емес, қайта осы белоктың тегінен тұрады.Осы текке, оны адам денсаулығы үшін қауіпсіз болуы үшін тұмаудың не шешектің вирусына қосты. Ғалымдар осылайша тұмау вирусы АИТВ белогының тегін вакцинацияланған жасушаға көшіреді, және бөгде протеинге ден қояды деп үміт артты.

Зерттеушілер Merck фирмасы онымен адамдарға тестілеу жүргізген, осындай вакцинаны клиникалық зерттеуге үлкен үміт артты. Алайда көптеген жағдайда осы талпыныс кері тиімділікке әкелді, қайта вакцинацияланғандардың жұқтыру қаупі өсіп кетті. Сондықтан компания зерттеуді дереу тоқтатты. Вакцина жасушада АИТВ-ға қолайлы жағдай жасағаны анықталды.

Үміт сәулесі.

Осыдан екі жыл бұрын зерттеушілердің алдында тағы да үміт сәулесі көлбеңдеді. Таиландта адамдардағы екі вакцина комбинациясына наразылық білдірілді. Нәтижесінде — жұқтыру ықтималдығы 30 пайызға төмендеді. Бір қарағанда, бұл азғантай секілді, дегенмен бұның өзі де тиімділік, дейді Рокштро. Зерттеушілер оны одан әрі жетілдіру үшін осы вакцинаға әсер етудің қандай тетігі бар екендігін анықтауға талаптануда.



Демек, осындай кішкентай қадамдарға қарамастан, біздің бәріміз әлі де болса вакцинаны дамытудың бастапқы сатысында тұрмыз, дейді Рокштро. «Сондықтан да біз вакцинаға сүйеніш етпеуге тиіспіз, себебі мұның өзі де жүз жылға созылуы мүмкін». Біз баламалы: қынаптық гел түрінде қолдануға болатын, АИТВ-ны белсенсіздендіретін, биоцидпен, химиялық заттармен одан ары қарай жұмыс істеуіміз керек. Басқа бір бағыты — аурудың дамуын тежейтін және вирустың одан әрі таралуын болдырмайтын, вирусқа қарсы препаратқа АИТВ - жұқтырылғандардың тезірек қолжетімділігін қамтамасыз ету. «Бір ғана ат күшіне сүйену — нашар идея», - дейді Рокштро.

ЖИТС МОО аға медбикесі Р.Д. Меңдалиева
Каталог: pagefoto -> docfile
docfile -> Мерез және аитв мерез – баяу трепонемадан туындайтын, созылмалы жұқпалы ауру. Мерезді көбінесе «ауру императоры»
docfile -> Жыныстық жолымен берілетін жұқпалар және аитв/житс, алдын алу
docfile -> Парентеральды инфекции және оның алдын алу
docfile -> Соз ауруы деген не?
docfile -> Аитв- инфекциясы және іш өту
docfile -> Трихомониаз және оның алдын алу
docfile -> Қауіп-қатер немесе қорғану. Сен қайсысын таңдайсың?
docfile -> Житс-ке қарсы күрес шаралары


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет