Науқастарды «артериалды гипертония мектебінде» ОҚыту арқылы емдеу және сауықтыру деңгейін арттыру



Дата03.07.2017
өлшемі45.43 Kb.

НАУҚАСТАРДЫ «АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТОНИЯ МЕКТЕБІНДЕ» ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЕМДЕУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ


Артериалды гипертензия (АГ) әлемде кең таралған аурулардың бірі. АГ көптеген жүрек-тамыр асқынуларының себебі, олар өз кезегінде мүгедектікке алып барады. Сол себепті бұл мәселенің әлеуметтік-медициналық маңыздылығы өте жоғары.

Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары жалпы өлім көрсеткіштерінде алғашқы қатардан табылуда. Бұл санаттағы аурулардың ішінде АГ шалдыққандар саны көптеп кездеседі. АГ нысана-мүшелерді (бүйрек, жүрек, көз түбі мен ми тамырлары) зақымдауына байланысты жүйелі ауру ретінде қарастырады. АГ ауырлық дәрежесі мен дене салмағының индексі арасында тығыз байланыс бары айқындалған.

Қазіргі таңда АГ алдын алуында басты назарды дәрілік емес тәсілдерге көңіл аударады, соның ішінде тамақтанумен физикалық сауықтыру. ДДҰ нұсқаулары бойынша артериалдық қан қысымың артуы 140/90 мм с. бағ. деңгейінде анықталады. Артық салмақпен күресу арқылы қан қысымының төмендеуіне қол жеткізуге де болады, ал дұрыс таңдалып алынған гипотензивті терапия қысымды төмендетуімен қатар көмірсу мен липидтер алмасуына да оң ықпал етеді.

Аурудың алдын алу және сауықтыру мақсатында АГ-мен ауыратын науқастарға жоспарға сәйкес АМСЖ деңгейінде «АГ мектебін» ұйымдастырып, оқытып, өз денсаулығын күту мен сауықтыруын үйрету жүргізілуде.

№3 қалалық емханада учаскелік жалпы тәжірибелі дәрігерге қаралуға келген, кардиологта диспансерлік бақылауда тұратын науқастарға әлеуметтік қызметкердің, интерн-дәрігерлердің қатысуымен «АГ мектебі» ұйымдастырылды. Науқастардың жас аралығы 40-64 жас, алғашқы рет анықталған немесе бірнеше жылдан бері ем қабылдап жүрген пациенттер.

Қалалық №3 емханада артериалды гипертензияға шалдыққан, амбулаторлық және күндізгі стационарда ем қабылдап жүрген науқастарға арналған арнайы оқыту жүйесі қалыптасқан. «Артериалды гипертония мектебі» сабақтарының бағдарламасы төрт негізгі бөлімнен құралған. Олар өз кезегінде шағын микродәрістерден тұрады. Мысалы бастапқы бөлімінде науқастарға жалпы АГ не екендігі, ол жайлы не білу қажеттігі, АГ-ның басты асқынулары, гипертониялық криз белгілері, транзиторлы ишемиялық шабуыл жайлы жалпы мағлұмат беріледі. Артериалды гипертонияға алып баратын басты себептер, болжамы, оларды қалай бағалау қажеттігі түсіндіріледі. Сонымен қатар қан қысымын үй жағдайында қалай өлшеу қажеттігі, науқастың күнделік ретінде ақпаратты қалай толтыру қажеттігі жеке айтылады.

Келесі дәрісте салауатты тамақтану жайында қарастырылады. Жалпы ақпарат көздеріндегі берілетін мәліметтен өзгешелігі, бұл жерде пациенттің жеке емдеуші кардиолог дәрігері немесі жалпы учаскелік дәрігер, әлеуметтік қызметкер, қажет болса психолог, кафедра қызметкерлері бірлесе отырып әр науқастың жеке рационындағы кемшіліктерді анықтап оларды жою жолдары қарастырылады. Нақтылап айтқанда: рационалды тамақтану деген не, қуатты жұмсалуын есептеу, жиі қолданатын азықтардың қуаттылығы, ас тұзының мөлшері мен оны қалай шектеу қажеттігі, дәрумендермен қалай тағамымызды алуанды етуін, холестерін мөлерінің артқанында не қолдану қажеттігі, қандай тағамдарға шектеу қою керектігі екжей-текжейлі пациенттермен талқыланады.

Дәріс барысында біз науқастармен сауалнама, сұхбаттасу арқылы қажетті сұрақтарға ерекше назар аудару нәтижесінде біршама қорытында жасадық. Атап айтқанда науқастарды жиі алаңдататын жайт ол жанұядағы тамақтану. Біздің оңтүстік өңір өзіне тән көп балалы, ата-әжелерімен бірге тұруымен ерекшеленетін жақсы дәстүріміз бар. Алайда жанұяда көп мүшелі болғандықтан әр түрлі жас ерекшелігі және созылмалы ауруы немесе АГ ауыратын өкілі болса тамақтану режимінде біршама қиындықтар туындайтыны сөзсіз. Кейбірі қуырылған, тұзы мол, майлы тағамды қаласа, АГ шалдыққан қарияға ол мүлдем дұрыс келмейді, яғни көпшілікке әзірленген тағамды тұтынуға мәжбір болады. Демек дәрігер нұсқаулығы толық орындалмай емінің нәтижесі төмендейтіндігі сөзсіз. Дәл осы секілді дүкеннен сатып алу барысында да майлы ет, майлылығы жоғары сары май, жылқы еті секілді азықты қалайтынымыз, күрең қызыл сүт қосылған шай, қонақ күтетін немесе баратын күндері мүлдем рационның өзгеретіндігі жасырын емес. Мұның барлығы қан қысымына ықпалын тигізбей қоймасы айқын. Сонымен қатар артық салмақ пен семіздіктің қан қысымын арттыруына ықпал ететінін умытпаған жөн. Тамақтану мен дене белсенділігі маңызды әрі ықпал етуге мүмкін болған кардиоваскулярлы факторлар, сондықтан ем мен профилактикалық шаралардың нәтижелігі сол екі фактордың өзгерісімен тікелей байланысты.

Келесі сабақта физикалық белсенділіктің және гиподинамияның әсері түсіндіріледі. АГ мен ауыратын пациенттерге қан қысымының деңгейіне байланысты қандай физикалық жүктеме жасауына болатындығы айтылады. Белсенділігін өздері қалай бағалау қажеттігі, дене қозғалысымен айналысарда киетін киіміне қойылатын талаптар жайында әнгіме өрбиді. Сонымен қатар жиі кездесетін фактор ол темекі шегу. Темекі түтінінің зияндығы, құрамы, не себепті шегетіндері, тастау үшін қандай әрекеттер жасау қажеттілігі, неден бастау керектігі, арылмаған жағдайда қандай асқынуларга алып баратындығы талқыланады.

Мектепке келушілердің тағы бір аса ыждихаттылықпен тыңдайтын тақырыптары ол күйзеліс. Яғни АГ мен стресстік жағдайлар, стресс деген не, әлеуметтік бейімділік, төзімділік, сабырлық пен ұстамдылық, стресс себептері, оны қалай бағалауға болады, стресс алды жағдай, алдын алу жолдары қызу талқыланады.

Соңғы дәрісте АГ-ның медикаментозды емі жайлы толық ақпарат беріледі. Байқағанымыздай, науқастар көбіне тұрмыс жағдайында, қызмет бабына байланысты дәрігер тағайындаған препараттарды өз мезгілінде нұсқауға сәйкес қолдана алмайтындығын жасырмады. Ол дегеніміз комплайенс төмендігі – нәтижесінде жоспарлаған нәтиженің болмауы.

Жоспарға сәйкес дәріс оқу барысында біз олармен сұхбат жүргізіп біршама қауіп-қатер факторларын, зиянды әдеттерін анықтап отырдық. Қызықты әрі пайдалы талқылау барысында науқастар өздерінің өміріндегі зейін аудармай келген тұстарын талқылады. Мұндай интербелсенді тәсілде жүргізілген дәріс көп ақпаратты түсініп қаперге алып, белсенділіктерін арттырды.

Сөз соңында пациенттер өз денсаулығы мен дерті жайлы толық ақпарат алып қана қоймай, бір бірімен пікірлесіп, дәрігер нұсқаулықтарын бұлжытпай орындаған пациенттер өз оң нәтижелерімен бөлісу барысында – өз денсаулығы тек өзіне байланысты екеніне көз жеткізіп, салауатты ғұмыр кешу үшін бар ықыласын салып қауіп факторлармен күресетіндігіне сенімі мол болып шығады.

Югай Н.В. – ОҚМФА, Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедрасының меңгерушісі, доц.м.а., м.ғ.к.

Куандыков Е.К. – ОҚМФА, Акушерия және гинекология курсымен



АМСЖ кафедрасының доц.м.а., м.ғ.к.

Асильбекова Д.О. – №3 Шымкент қалалық емхананың кардиолог дәрігері

Алимбекова М.К. – №3 Шымкент қалалық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет