УДК 592 (591.9.593.1)
Наркотикалық және психотропты заттардың адам ағзасына әсері
Бабашев А.М. - б.ғ.к., профессор, Abdrazak55@mail.ru;
Бұхарбаева Ж.М.- биология магистрі, аға оқытушы, zbuharbaeva@mail.ru;
Атраубаева Р.Н.- аға оқытушы;
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Қазақстан, Алматы қаласы
Андатпа. қоғамдық жаратылыс болып табылатын адамның айналасымен түсінісу мүмкіндігі ақыл-есі дұрыс болғанда ғана іске асады. Сондықтан ақыл-еске зақым келтіретін есірткі, психотропты заттар адамның қоғамға үйлесе алмай, жанұясынан, айналасындағы адамдардан алыстап, жалғыз қалуына себеп болады. Одан кейін ол күйзеліске түсіп, өмір сүре бастайды. Есірткіге тәуелді адам тірі өлікке айналады. ЖИТС (СПИД), сифилис, көкжетел, қатерлі ісік, гангрена және осыған ұқсас аурулардың жайылуына есірткі және нашақорлар себеп болады.Айтарлықтай психикалық тәуелділікті барлық наркотиктер туындатады, бірақ физикалық тәуелділік деңгейі біреуіне өте жоғары (опий препараттарына) болса, кейбіреуіне тәуелділік белгісіз, күмәнді (марихуана), ал үшіншісіне мүлдем болмайды (кокаин). Психбелсендіргіш токсикалық препараттар наркотиктер тәрізді қасиеттерге ие болса да (тартымда психикалық жағдай мен тәуелділік), олар арнайы тізімге енгізілмеген. Мысал ретінде бірқатар транквилизаторларды (сибазон), немесе ингаляциялық жолмен қолданатын бензин мен ацетон т.б. келтіруге болады. Соңғы жылдары алкогольдік және есірткілік заттармен, сонымен қатар психотропты әсерлі тыныштандырғыш заттармен улану және өлім саны артуда, сондықтан да бұл мәселелерді зерттеу өзекті болып табылады [1].
Түйін сөздер: алкалоидтар, есірткелік заттар, психотропты заттар, наркотикалық заттар, улану, мастандырғыш заттар, метаболиттерді идентификациялау, психобелсендіргіш, токсикалық препараттар, транквилизаторлар (сибазон), сифилис, көкжетел, қатерлі ісік, гангрена, аддиктивті іс-әрекет, анозогнозия, токсикомания, ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар, ұмытшақтық, полинаркомания, нейролептиктер, гипотермиялық әсер, темекі, никотин.
Алколоидтар (Ал) - өсімдіктерде (жануарларда аса көп емес) кездесетін және күшті фармакологиялық әсерге ие болатын, күрделі құрамды, азотқұрамды органикалық негізі бар заттар. Қазіргі уақытта 5000 – ға жуық алкалоидтар белгілі.
Есірткінің тірі ағзаларға тигізетін зиянды әсерлерінің ең бір ірісі - есірткіге тәуелділік түрлері. Есірткінің әсерлері: физикалық және әлеуметтік болып бөлінеді. Ми және орталық жүйке жүйесі: темекіден бастап барлық есірткі түрлері ми мен орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян тигізеді. Сондықтан миға тәуелді ақыл-ой мен ерік күшіне әсер етіп, адам тепе-теңдік ұстай алмай, қалыпты мінез-құлық пен әрекеттерден айырылады. Сау ми мен дұрыс ақыл-ойдың ең үлкен дұшпаны есірткі болып табылады. Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен жүйке және психикалық ауруларға шалдығады: ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар, ұмытшақтық, қысқаша айтқанда, барлық психикалық аурулар [2].
Ас қорыту жүйесі бойынша ауытқулар: жүректің айнуы, құсу, іш ауру, қаталау, іш өту, асқазан және ішектердің ауруы, қанау және асқазан жаралары, мерез және т.б. Бауыр және бүйрекке әсерлері: бұл улы заттардың денеден шығуында ең ауыр жұмыс осы ағзаларға түсіп, мынадай нәтижелерге апарып соғады. Бауыр мен бүйрек жұмысында ақаулардың шығуы, майлану, бауырдың қабынуы, бүйректің әлсізденуі, қан мен зәрдің көбеюі, бауыр мен бүйректің тығындалуы, өте ауыр бүйрек аурулары. Көз бен көру бойынша: жақын және алыс жерді көрмеу, қылилық, түнде көрмеу, көз қарашығының үлкеюі немесе кішіреюі және т.б. көз аурулары.Тыныс алу жүйесі бойынша: тыныстың тарылуы, жөтел, тұншығу, жүректің қысылуы, тыныс ағзаларының сал болуы. Қан ағзалары бойынша: қан адам өмірінің ең маңызды ағзаларының бірі бола тұра есірткіден өте көп зиян көреді. Басты зиянды нәтижелері мыналар: қан аздық, қанның улануы, қан талшықтарының түрі мен мөлшерінің өзгеруі, қанның ұюы және бұдан туындаған гангрена.Улану: есірткінің ең басты болымсыз жақтарының бірі өлімге апаратын улану болып табылады [2].
Әлеуметтік және материалдық әсерлері. Қоғамдық жаратылыс болып табылатын адамның айналасымен түсінісу мүмкіндігі ақыл-есі дұрыс болғанда ғана іске асады. Сондықтан ақыл-еске зақым келтіретін есірткі адамның қоғамға үйлесе алмай, жанұясынан, айналасындағы адамдардан алыстап, жалғыз қалуына себеп болады. Одан кейін ол күйзеліске түсіп, өмір сүре бастайды. Есірткіге тәуелді адам тірі өлікке айналады. Осы себептен есірткінің адамға, отбасына, дүниеге келетін сәбилерге, қызметке, жанұя мен ел экономикасына, жеке адам және қоғамдық тәрбиеге беретін зияндарын сөзбен айтып жеткізу қиын. ЖИТС (СПИД), сифилис, көкжетел, қатерлі ісік, гангрена және осыған ұқсас аурулардың жайылуына есірткі және нашақорлар себеп болады [3].
Наркомания – наркотиктердің тізіміне мемлекеттік тұрғыдан енгізілген заттарды жүйелі қолдану барысында психикалық кейде физикалық тәуелділік туындайтын ауру. Айтарлықтай психикалық тәуелділікті барлық наркотиктер туындатады, бірақ физикалық тәуелділік деңгейі біреуіне өте жоғары (опий препараттарына) болса, кейбіреуіне тәуелділік белгісіз, күмәнді (марихуана), ал үшіншісіне мүлдем болмайды (кокаин).
Психбелсендіргіш токсикалық препараттар наркотиктер тәрізді қасиеттерге ие болса да (тартымда психикалық жағдай мен тәуелділік) олар арнайы тізімге енгізілмеген. Мысал ретінде бірқатар транквилизаторларды (сибазон), немесе ингаляциялық жолмен қолданатын бензин мен ацетон т.б. келтіруге болады [4].
Токсикомания — наркотиктердің тізіміне енгізілмеген заттарды жүйелі қолдану барысында психикалық (кейде физикалық) тәуелділік туындайтын ауру. Наркотиктерді немесе басқа да токсикалық препараттарды тәуелділік туындауынсыз қолдану наркомания немесе токсикомания болып саналмайды. Бұндай жағдайларға келесі атаулар берілген: наркотизм, токсикоманиялық іс әрекет, эпизодты қолдану және т.б. Соңғы жылдары “аддиктивті іс әрекет” термині (ағыл., addiction — құрдымға тартатын әдет, қайталамалы бейімділік), яғни ол — іс-әрекеттің бұзылысын көрсетіп, оған медициналық емес тәрбиелік шара қолдану керектігін көрсетеді. Психикалық тәуелділік кезі наркотикалық затқа деген құштарлықтың өрши түсуімен көрініп, онжолында қатерлі істерге барудан да бас тартқызбайды. Қолдануды тоқтатқан жағдайда жай-күйі кетіп, мазасыздық туындап, аталған затқа деген құштарлық күрт жоғарылайды. Бұл құштарлықты кей уақытта обсессивті (жабысқақ) жағдаймен салыстырады, алайда невротикалық жабысқақтықтан айырмашылығы оны олар соншама ауыр, тәуелділік ауруының белгісі ретінде қабылдамайды. Психикалық тәуелділіктің дамығандығының сыртқы бейнесі науқастың үнемі наркотик қолданатындармен қарым-қатынаста болуды қалап тұруы және өз бетімен жеке қолдана бастап, табылмаған жағдайда басқа алмастырушы зат іздей бастауынан көрінеді [4].
Анозогнозия — бұл өзінің сырқат екенін, соның ішінде психбелсендіргіш заттарға тәуелді екенін мойындамайтын наркомания мен токсикоманияға тән жағдай. Тек бұған айтарлықтай физикалық тәуелділік туындау мен абстиненция жағдайы жатпайды. Полинаркомания және политоксикомания терминін науқастың өзіне бірнеше наркотиктің немесе токсикалық заттардың әсерін тексеріп көруі жағдайында қолдану дұрыс емес[4].
Полинаркомания диагнозы егер науқас бір мезетте бірнеше наркотиктің түрлеріне тәуелді, ал политоксикомания науқас екі немесе одан да көп наркотикалық емес затқа бір мезетте тәуелді болған жағдайда қойылады. Егер науқаста бір мезетте бір наркотикалық және бір наркотикалық емес затқа тәуелді болса оны “күрделенген наркомания” деп атайды. Екі немесе одан да көн наркотикалық немесе басқа да психбелсендіргеш затты тәуелділік туындауынсыз қолданса оны полинаркомания деп те политоксикомания деп те атамаймыз[5].
Мас болу көрінісі. Көп жағдайда аптекалық ампула мен қолдан жасалған сұйықтықтар көктамырға құйылады. Тамырға енгізгеннен соң бірден бет қызарып,денені жайлаған ыстық толқын сезіліп, ине сұққылаған тәрізді , бет терісінің қышуы сияқты сезімдер болады. Кейде өзін нашар сезінуі де мүмкін. Тіпті естен тану да орын алады. 10-15 минуттан соң барлық қолайсыз сезімдер жойылып, эйфория жағдайы туындайды. Көңіл-күйі көтеріліп, жаны мен тәнінінің рахатқа бөленуі болады. Бірақ бұл эйфориялық жағдайда белсенділіктің жоғарлауы мен айналасындағылармен қарым-қатынасқа құштарлық болмайды.Жағымды жайды (“кайф”) басқалардан ерек, жеке жерде отырып сезінгенді ұнатады. Үндемей отырып қалаған қиялы мен ойға беріледі, бірақ анық көру елестері болмайды. Сана ашық жағдайда қала береді. Тек шектен тыс мөлшер енгізген кезде сананың тұмандануы, сопор, кома дамиды. Қарашық нүкте тәрізді тарайып, қараңғы жерде де кеңеймейді. Тәжірибелі наркомандар опилық мас болуды диссимуляциялауы мүмкін, бірақ олардың қарашығы тар болады, сондықтан олар кешкі уақытта, қараңғы үйде де қара көзәйнек киіп немесе көздеріне атропин тамызып алады. Масаңдық бірнеше сағатқа созылады да ол делсалдық пен ұйқышылдық дамиды [6].
Тәуелділіктің дамуынсыз шектен тыс қолдану. Алғаш рет оны наркомандардың тобында немесе солардың көмегімен енгізеді. Шамамен 60% бірден тастап кетеді де, ал 40% наркомандар қатарына ілеседі. Шектен тыс қолданудың себебі алкоголизмдегідей. Жастарда көбіне қолданудың себебі “іштің пысуы”, өзінің немен айналысуын білмейтіндер, көңіл көтерумен басы айналғандар. Жастарды наркотикке бейімдейтіндер делинквентті және қылмыстық топтар мен наркомандар болып табылады. ые и криминальные группы, компании наркоманов.“Формальды емес” қозғалыстардың арасында наркотиктерді жылдам тарататын “наркофильді” (хиппи, панки, бірқатар фанаттар), және “наркофобты”, наркотикті белсенді жоққа шығаратындар (брейкерлер, культуристтер және т.б.). Қазіргі кезде созылмалы қатты ауырсынуды жою үшін туындаған наркоманиялар сирек кездеседі[6].
Психотропты әсерлі тыныштандырғаш заттар және олардың тірі ағзаларға тигізетін әсері. Соңғы жылдары алкогольдік және есірткілік заттармен, сонымен қатар психотропты әсерлі тыныштандырғыш заттармен улану және өлім саны артуда.
Нейролептиктер – ОЖЖ тежеуші әсер береді, олар адам есін бұзбайды антипсихотикалық әсер көрсетеді /сандырақ, көзге елестеу сезімдерді жояды Нейролептиктердің бірнеше әсерлері бар. Ең басты әсерлері тыныштандырғыш әсер тыска стимуляторлардың әсерін төмендетеді, психомоторлы козу бәсеңдейді, корқыныш сезім бәсендейді, қарсылық әсері төмендейді және басқа психологиялық синдромдарды шизофрениясы бар науқастардың [7].
Нейролептиктер жай дозада ұйқы келтіретін әсері жоқ, олар ұйқы келтіретін дәрілір топтарынын әсерін ұзартады күшейтеді, психостимуляторлардың әсерін төмендетеді /фенотиазиндер, бутирофенолдар.Кейбір нейролептиктерде антидепрессивті әсері бар.Нейролептиктердің әсерлері:
-
Антипсихотикалық
-
Седативті
-
Гипотермиялық
-
Потенцирлеуші
-
Құсыққа қарсы
-
Экстрапирамидалық өзгерістер
Негізгі механизм әсері: Нейролептиктер дофамин рецепторларына тежеуші әсер көрсетеді мидын әр бір бөлігіне. Д2-рецепторларына блокада жасау арқылы антипсихотикалық әсері байқалады. Дофаминнін медиаторлы активтілінгін тежеу арқылы кері жағымсыз әсері байқалады э кстрапирамидалық өзгерістер паркинсонизмге ұксас.Бұл кара субстанцияға және ала денешікке әсеріне байланысты осы аймакта рецепторлар көп орналасады дофаминге сезімтал. Дофамин рецепторлардын тежеуі арқылы гипофиздағы нейролептиктер пролактин секрециясын жоғарылатады. Гипоталамуска әсерімен нейролептиктер кортикотропты және соматотропты гормондарынын секрециясын тежейді [7].
Нейролептиктердің седативті әсері альфа-адренорецепторлардың гистаминорецепторлардың тежелуіне байланысты. Нейролептиктер адренорецепторларды /нейрондарына/ тежеу арқылы ретикулярлы фармациянын нейрондарына, афференті жолмен ететін импульстарды тежейді.Гипотензивті әсер: олда альфа-адренорецепторлардың байланысты. Қусыққа қарсы әсері сопақша мидағы тригер аймагындағы дофамин рецепторларды тежеу арқылы жүреді[7].
Гипотермиялық әсер: Гипоталамустағы сертотонин рецепторлары адренорецепторларды тежеу аркылы сонын нәтижесінде шеткейрі тамырлар. Кенейді жылудын шығуы жоғарылайды.Тыныс алуға қатысатын ферменттердің активтилігі төмендейді жылудын пайда болуы баяулайды.
ОЖЖ әсері жоғары антипсихотикалық седативті. Экстрапипрамидты өзгерістер ұзақ қолдағанда. Препарат психомоторлы активтиликті төмендетеді, эмоциялық тыныштандырғыш әсер қозуы төмендеді. Үйқы келтіретің әсер жоғары дозада байқалады. Аминазиннің әсерінен қаңка бұлшық етінің тонусыы босагсады, жоғары дозада каталепсия байкалады гипотермикалық әсері бар. Кусыққа қарсы әсері бар. Нейролептиктер үйқы келтіретін наркозға арналған аналгетиктер әсерін ұзартады[8].
Перифериялық иннервацияға әсері:
А) альфа-адреноблокаторлық эффект. Адреналин прессорлық әсер өзгереді
Б) М-холиноблокаторлық эффект – ішкі бездер секрециясы (сілекей, бронх, ас қорыту).
В)Жергілікті тітіркендіргіш әсер анестезияға ауысады.
Г) Гипотензия жұмысы төмендетейді, тахикардия. Аритмияға қарсы әсер.
Аминазинді да энтеральді, парентеральды түрде береді. Ұзақтылығы 6 сағат. АК жолдарымен жаман сініріледі. Биотрансформация бауырда жүреді.
Кері жағымсыз әсерлері:
1.Ұйкышылдық, әлсіреуі, ауыз күысының қөбеуі.
2.Аллергиялық реакциялар – тері бөрітке бет ісіну.
3.Экстрапирамидалық өзгерістер.
4.Бауырға әсерінін беру қан құрамынын өзгереді.
5.Үйреншілік.
Трифтазин - антипсихотикалық әсері төмен аминазинге қарағанда седативті әсер күшьі қүсыққа қарсы, гипотензивті әсер төмен және адреноблокаторлы, миорелаксантты әсері төмен. Этаперазин – қүсыққа қарсы әсері 5-10 еле жоғары аминазиннен. Атропинге ұксас, спазмалитикалық, антигистаминді әсері төмен аминазинге карағанда. Хлорпротиксен - антидепрессанты әсер бар[8].
Транквилизаторлардың механизм әсері:Эмоциялық реакцияларға жауапты орталықтарға әсерін береді (лимбиялық жүйе таламус гипоталамус). Тежеуші әсер қөрсетеді. Постсинаптикалық жұлын рефлекстарына тежеуші әсер қөрсетеді миорелаксация байкалады. БД транквилизаторлар спецификалық рецепторлармен байланысады ОЖЖ клеткаларында орналаскан, олар ГАМК-ергиялық комплекска кіреді. ГАМК-тежеуші меаторынын әсерін ұзартады. Дифенил-метан түындыралы холинергиялық жүйесіне әсері береді (орталыққа әсері бар холинолитиктер) [8].
Транквилизаторлардың специкалық әсерлері:
-
Анксиолитикалық (седативті қорқыныш сезімге қарсы) .
-
Гипнотикалық әсер (ұйқы келтіру) ұйқы келтіру дәрілердің әсерін ұзартады.
-
Потенцирлеуші – анальгетиктер, наркозға арналған үйқы келтіру дәрілердін әсерін ұзартады.
-
Миорелаксантты әсер – ОЖЖ әсері бар перифеоиялық кудареға ұқсас әсерінен.
-
Тырыспаға қарсы әсер.
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы жылдары есірткілік заттармен, сонымен қатар психотропты әсерлі тыныштандырғыш заттармен улану және өлім саны артуда[8].Есірткіге жүйке жүйесіне әсер ететін: ауырсынуды басатын, ұйықтатын, тыныштандыратын, т.б. (нейтропты) заттар да жатады. Есірткі қолданудың тигізетін кері әсерлеріне: есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен жүйке және психикалық ауруларға шалдығады: ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар, ұмытшақтық, қысқаша айтқанда, барлық психикалық аурулардың көрініс беруі жатады.Психотропты әсерлі тыныштандырғыш заттарды невроздарда, эпилепсияда, хирургияда қолданылуына байланысты,кері жағымсыз әсерлері: ұйқшылдық, қанқа бұлшық етінін босаңсуы, бас айналу т.б пайда болады. Ұзақ қолдағанда дәріге тәуелділік байқалмады.Қорыта келгенде,улы, күшті әсерлі, наркотикалық және мастандырғыш заттардың тірі ағзаларға әсері бағаланды[8].
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетен. 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. 2. Байзолданов Т. Руководство по токсикологической химии ядовитых веществ, изолируемых метод. экстракции:[Учеб. пос. для вузов] / -Алматы:Б.и., 2003.- 410с. 3.Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 116 с.
4. Лужников Е.А. Клиническая токсикология / -М.,"Медицина", 1994. – 189 с.
5.А.Т.Айдарханов, СА.Алтынбеков, АЛ. Катков. С. К. Муканов / Все о наркозависимости в Казахстане.- Астана, 2001.- 98 с.
6.Бабаян Э.А., ГонопоЛьский М.Х. Наркология: Учебное пособие.- М.: Медицина.1990.-336 с.
7.Бехтель Э.Е. Донозологические формы злоупотребления алкоголем. -М.: Медицина,1986.-56 с.
8.Болотовский И.С.Наркомании. Токсикомании.- Казань: Изд.ун-та, 1989.-88 с
Достарыңызбен бөлісу: |