«Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижесінің қоғамдық тыңдау бойынша Хаттамасы Өтетін уақыты: 10 қаңтар 2014ж. Өтетін орны: БҚО, Бөрлі ауданы, Қызылтал елді-мекені. «Монтажспецстрой»



Дата13.10.2018
өлшемі80.97 Kb.
«Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижесінің қоғамдық тыңдау бойынша

Хаттамасы

Өтетін уақыты: 10 қаңтар 2014ж. Өтетін орны: БҚО, Бөрлі ауданы, Қызылтал елді-мекені. «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясы.

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастырушы: «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясы.

Қоғамдық тыңдауға қатысқандар:

Андреев А.А. – «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының директоры;

Бекбулатов К. – директордың орынбасары, ҚТ инженері

Хабибуллова Д. – инженер- эколог

Иргалиева А.Ж.–БҚО бойынша ЭД-нің мемлекеттік экологиялық инспекторы

Киреева Г.К. – Бөрлі ауданы бойынша санэпид бөлімінің басшысы

Сагинаева Ж.К. – БҚО бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық реттеу бөлімінің басшысы

Бекайдаров Д.Н.- ТҚП-нің құбыр бойынша инженері.

Саматов М.С. – ҚТ және ЕҚ инженері

Максутов О.М. – инженер электрик

Умиров А. – қоғамдық жұмыстар бойынша жетекші инженер

Жумин С.М. – «НПЦ ЭКОБАСТАУ» ЖШС директоры

Сатыбалдиева Х.Е. – «НПЦ ЭКОБАСТАУ» ЖШС-нің бас маманы

Лукманова Э. – инженер

Қоғамдық тыңдау өкілдері 32 адам.

Қоғамдық тыңдауды «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының директоры А.А. Андреев ашты. Құрметті қоғамдық тыңдауға қатысушылар «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасын «НПЦ ЭКОБАСТАУ» ЖШС-і әзірледі. Аталмыш тыңдаулар ҚР Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес, «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасы презентациясы бойынша ұйымдастырылды.Қоғамдық тыңдауды жүргізу ережесіне сай, қоғамдық тыңдау Төрағасы мен Хатшысын сайлау қажет. Қоғамдық тыңдау төрағасы – А.А. Андреев, ал хатшысы – Лукманова Э. ұсынамын.

Сіздердің назарларыңызға «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижесі ұсынылады. Аталмыш тыңдау қоғамдық пікір мен қоғамдық сараптау, қоршаған ортаға әсерді бағалауды аналитикалық талдау есебі үшін жүргізіледі.

Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы ақпарат Орал қаласының тұрғындарына «Будни Аксая» газетінің 2013 жылғы 19 желтоқсанындағы №51 санында, сонымен қатар табиғи ресурстарды пайдалану және табиғат қорғау саласындағы мемлекеттік басқару мекемелерін ақпаратпен қамтамасыз ету БҚО сайтында жүзеге асты. Қоғамдық тыңдауға 30 адам қатысты.

Сіздердің назарларыңызға ұсынылады:

1.«Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижесі жөнінде баяндама.

2.Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша қоғамдық тыңдауға қатысушылардың ескертулері мен пайымдаулары. Сұраққа жауап және ескертулер.

3.Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша қоғамдық тыңдауды қорытындылау.
Келесі кесімді уақытты белгілеу ұсынылады:

1.Баяндаушыға – 15 минутқа дейін

2.Қоғамдық тыңдау қатысушыларына – 8 минутқа дейін

3.Қоғамдық тыңдау қатысушыларының сұрақтарына жауап беру – 3 минутқа дейін

4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша қоғамдық тыңдауды қорытындылауға – 10 минутқа дейін.
Қоғамдық тыңдау жұмысын үзіліссіз 1,5-2 сағат ішінде өткізу.
Қоғамдық тыңдау қатысушыларының аттанулары.


  1. «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» нәтижесін баяндаушы «НПЦ ЭКОБАСТАУ» ЖШС-нің бас маманы, эколог Сатыбалдиева Х.Е.(Баяндама Сатыбалдиева Х.):

Бұл құжат «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» рәсімінің материалдарын ұсынады. ҚР Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес және басқа да құқықтық және құқықтық-әдістемелік құжаттар, экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты сұрақтарды реттеу негізінде «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасы «НПЦ ЭКОБАСТАУ» ЖШС-інде дайындалды.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау материалының құрамы мен мазмұны ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 28 маусымда №204 бұйрығымен бекітілген талаптарына сәйкестендірілген.

Берілген жұмыстың орындалуы келесі жұмыстарды қарастырады: атмосфералық ауа, топырақ, жерасты және жерүсті суларының жағдайын талдау, қоршаған ортаға әсерді бағалау және шараларды жүзеге асыру, табиғи орта компоненттерінің ластануын алдыналу жұмыстары.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау келесі тараулардан тұрады:


  • Атмосфера, гидросфера, литосфера, флора мен фаунаны қоса есептегенде, қоршаған ортаның қазіргі жағдайы.

  • Қоршаған ортаны негізгі ластаушылардың сипаттамасы және антропогенді факторлардың әсері.

  • Қоршаған ортаға антропогенді әсерді төмендету бойынша табиғат қорғау шаралары.

  • Қоршаған ортаға мониторинг жүргізу ұсыныстары.


Жұмысты жүргізу ауданының жалпы көрсеткіштері.

«Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының өндірістік базасы БҚО, Бөрлі ауданы, Қызылтал елді-мекенінде орналасқан. Аумақтың солтүстік бөлігінде «Сырласу» ЖШС-нің құрылыс базасы орналасқан. Оңтүстік және шығыс бөлігінде «КРОВ.V.» -ге тиесілі №4 автожол(пост Тунгуш), ал батыс жағында «Аксай Проминвест» ЖШС-нің кіре беріс жолымен шектеседі. Телім ауданы 3,9659 га.



Кәсіпорын территориясында:

Қазандық

Мекемені жылыту үшін Rex 85 маркалы 2 қазандық орнатылған. Азот оксиді, азот диоксиді, көміртек оксиді және күкірт диоксиді шығарылады. Қазандықтардан шығарындылар диаметрі 350 мм, биіктігі 4,5 м ортақ тұрба арқылы атмосфераға шығарылады.



Префабрикация цехы
Мекемені жылыту үшін инфрақызылды EURADMSU 9H маркалы 3 қазандық орнатылған. Азот оксиді, азот диоксиді, көміртек оксиді және күкірт диоксиді шығарылады. Қазандықтардан шығарындылар диаметрі 350 мм, биіктігі 4,5 м тұрба арқылы атмосфераға шығарылады. Металл өңдейтін станоктар: ажарлағыш (HITACHI – 6 дана, BOSCH -9 дана, MAKIITA – 17 дана.), бұрышөңдегіш станоктар – 4 дана, перфораторлар 2 дана, электротескіш, магнитті тескіш 2 дана. Металлөңдегіш станоктардан шаң, тозаң заттары бөлінеді.

Цехта дәнекерлеудің келесі түрлері жүргізіледі: аргонды-дуговая, газды, электрлі. Дәнекерлеу жұмысы кезінде атмосфераға азот диоксиді, темір оксиді, марганец оксиді, фторлы газтәрізді қосылыстар, алюминий оксиді және т.б. Сонымен қатар цехта 3 дана HATZ 4L41C маркалы дизельді генераторлар жұмыс істейді.(жұмыс істейтіні – 1, резервте 1.)

Атмосфераға шығатын шығарындылар: азот оксиді, азот диоксиді, күкірт оксиді, көміртек оксиді, бензапирен, формальдегид, көмірсутектер.

Сырлау цехы
Мекемені жылыту үшін инфрақызылды EURADMSU 9H маркалы 3 қазандық орнатылған. Азот оксиді, азот диоксиді, көміртек оксиді және күкірт диоксиді шығарылады. Қазандықтардан шығарындылар диаметрі 350 мм, биіктігі 4,5 м тұрба арқылы атмосфераға шығарылады.

Зиянды заттарды бөлетін 3 дана Shmidt, 3 дана SCWB-2452 Clemco маркалы құмағымды технологиялық жабдықтарымен жабдықталған. Олардан атмосфераға тозаң заттары, шаң, ксилол, уайт-спирит, метилбензол (толуол), бутан-1-ол (Спирт н-бутиловый), 2-Этоксиэтанол, бутилацетат, пропан-2-он (Ацетон), этилацетат, этилцеллозольв бөлінеді.



Этиленгликольді сақтау аймағы

Резервуарлар саны – 2 дана, көлемі – 60 және 70м3. Тұрбаларды сынау үшін этиленгликольды құю процессі кезінде атмосфераға этиленгликольдің буы бөлінеді.



Гараж

Мекемеде аккумуляторлар қуат алу үшін күкірт қышқылы буын бөлетін батареялар пайдаланылады.



Атмосфералық ауаға әсерді бағалау

Түгендеу кезінде кәсіпорында атмосфераға жалпы массасы 49,420829579 т/ж болатын зиянды заттардың 29 түрі,оларды шығаратын 87 шығарындылар көзі, соның ішінде 19 ұйымдастырылған және 68 ұйымдастырылмаған түрлері кездесетіні анықталды.



Су көздері.

Ауыз су ретінде қолдануға тасылатын ауыз су пайдаланылады. Шаруашылыққа пайдалануға су құбырлар желісі қолданылады.

Суды тұтыну және суды қашықтату. Жылына ауыз су ретінде пайдалануға 2737,5 м3 көлемінде су пайдаланылады. Техникалық судың жылдық шығыны 3000,0 м3. Шаруашылық-ағынды сарқынды сулар гидроизолияциялық септиктер арқылы сорылады. Суды қашықтату көлемі жылына 5737,5 м3.

Жер қойнауына әсерді бағалау

Шаруашылық қызметі геологиялық ортаға байыпты өзгертулер енгізбейді. Аталмыш жұмыстар жер бедерінің өзгеруіне, жер асты және жер үсті сулары режимінің бұзылуына әсер етпейді. Жер қойнауына деген ықпалы болмайды.

Өндіріс және тұтыну қалдықтары

«Монтажспецстрой» АҚ Компаниясы шаруашылық қызметінің процессі кезінде қалдықтардың келесі түрлері шығарылады:



  1. Қолданылған люминисцентті лампалар

  2. Қолданылған аккумулятор батареялары.

  3. Медицина қалдықтары

  4. Химиялық реагенттердің қалдықтары (сұйық)

  5. Химиялық реагенттердің қалдықтары (қатты)

  6. Сырлау жұмыстары кезіндегі қалдықтар және т.б.

Физикалық әсерлер

Атмосфералық ауаға әсер ететін негізгі физикалық әсерлер (шу, діріл, жылулық әсер) құрылыс техникасы негізінде құрылады.

Жылулық әсер ІГҚ отындарды жағу кезінде бөлінген газдар әсерінен бөлінеді. Зерттелетін аумақта жоғары температуралы қоспалар шығарындылары қарастырылмаған, сондықтан атмосфераның жерүсті қабатына жылулық әсері болмайды деп қарастырылады.

Жануарлар әлеміне және өсімдік жамылғысына әсерін бағалау
Жобаланған объекттің өсімдік жамылғысына және жануарлар әлеміне әсері айтарлықтай әсері жоқ. Антропогенді әсер синантропты фауна өкілдеріне ғана әсер етеді.
Қойылған сұрақтар:

Иргалиева А:

-кәсіпорын қызметінің қауіптілік сыныбы қалай анықталды?



Жумин С.М:

-ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 17 қаңтардағы бекітілген санитарлық ережесіне сәйкес. Ластаушы заттардың есебі, желдің таралу картасы нәтижелері негізінде анықталған «Монтажспецстрой»АҚ Компаниясы қызметінің ережесіне сай 4 қауіптілік сыныбына жатады. Санитарлық қорғау аймағы 100 метрден 299 метрге дейін.



Кереева Г:

-қауіптілік сыныбы қандай құзыретті мекеме арқылы анықталды?



Жумин С.М:

-ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес, «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасын мемлекеттік санитарлы және экологиялық сараптауға тапсырмас бұрын қызығушылық танытатын қоғамның пікірінің есебі үшін қоғамдық тыңдау өткізу қажет. Жүргізілген рәсімдерден кейін жобаны қауіптілік сыныбын анықтау үшін санитарлық-экологиялық сараптау орталығына жіберіледі.



Иргалиева А:

-Мекемені жылыту қалай жүргізіледі?



Бекбулатов К:

-Электрлі жылыту жүйесі, әзірше қазандықтар қосылған жоқ.



Иргалиева А:

-Жер телімі жалға алынған ба?



Бекбулатов К:

-ия


Сагинаев Ж.К:

-компания құрамындағы жұмысшылар саны?



Бекбулатов К:

-соңғы мәлімет бойынша инженерлерді қоса есептегенде 220 адам жұмыс жасайды.


Шешім:

Ұсыныс – жобаны мақұлдау және орнатылған тәртіп бойынша «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасын мемлекеттік экологиялық сараптауға қарастыруға жіберу.




Қоғамдық тыңдау төрағасы Андреев А.А.
Хатшы Лукманова Э.М.
Каталог: assets -> old -> fileadmin -> user upload -> docs -> Obshest.slush
docs -> Жоба батыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу және ұстау ережесiн бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»
docs -> Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық
Obshest.slush -> Бағдарламасы бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы 16 сәуір 2015 жыл
user upload -> «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет