МырзөЛ ӨҢірінін омыртқалы жануарлар фаунасының алуан түрлілігі махмұт А.



Дата02.07.2017
өлшемі80.89 Kb.
ӘӨЖ 596 (075)
МЫРЗӨЛ ӨҢІРІНІН ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАР ФАУНАСЫНЫҢ АЛУАН ТҮРЛІЛІГІ
Махмұт А. - «Биология» мамандығының студенті

Ғылыми жетекшісі: Кошкаров Р.А. – доцент

«Сырдария» университеті, Жетісай қаласы
Резюме

Большинство позвоночных животных, чтобы перейти от одного места к другому, активно ищут каналы и стараются поймать жертву. У позвоночных животных сильно развита нервная система.

Summary

Most vertebrate animals to move from one place to another, actively looking for channels and are trying to to catch prey. In vertebrates, the nervous system is highly developed
Қазақстан аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі, оның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі, құстардың 489 (оның ішінде Қазақстанда ұя салатындардың 396, қалғандары қыстау үшін ғана ұшып келеді немесе көктемде және күзде ұшып кетеді) түрі, рептилдердің 49, қосмекенділердің 12, балықтардың 104 және дөңгелек ауыздылардың 3 түрі мекендейді. Қазақстанның Қызыл кітабына омыртқалы жануарлардың 128 түрі мен қосымша түрi, оның ішінде балықтардың 18, қос мекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 57, сүтқоректілердің түрлеріі енгізілген.

Республикамыздың фаунасын, соның ішінде бауырмен жоғалаушыларды зертеушілердің алғашқылар академик Петр Симон Паллас и Академия адъютанты доктор Иван Лепехин [1].

Оңтүстік Қазақстанда бауырымен жорғалаушылардың көп болуы оның табиғат жағдайы мен климат ерекшеліктеріне байланысты, өйткені мұндағы климат ауа температурасының үлкен тәуліктік және жылдық амплитудасымен және күрт континентальдығымен ерекшеленеді. Оңтүстік Қазақстан облысында мекен ететін бауырымен жорғалаушылардың зерттелу дәрежесі бұл өңірдегі сүтқоректілер мен құстардың зерттелу дәрежесімен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Жер бетін, яғни құрылықта өмір сүретін орта ретінде игеруіне байланысты бауырымен жорғалаушыларды прогрессивті бейімделу ерекшеліктері қалыптасқан. Олардың терісі құрғақ, сыртынан тығыз мүйіздеген қабыршақтармен және қалқаншалармен жабылып, су қорын үнемдеп пайдалануға мүмкіндік жасап, олардың денесін құрғап кетуден сақтайды.

Бауырымен жорғалаушылардың көру, иіс сезу мүшелері қосмекенділермен салыстырғанда құрлысы жағынан күрделі. Мойын омыртқаларының қозғалмалы болуы олардың сезім мүшелерін толық пайдалануларына мүмкіндік береді. Алғашқы рет оларда дамыған кеуде қуысы өкпе арқылы тыныс алу механизмін толық қамтамасыз етеді. Жүректері үш камералы болғанымен (екі құлақша, бір қарынша), қарыншаның ортасында жартылай бөлме бар, сөйтіп төрт камералы жүрекке айналып бара жатыр [2].

Жамбас белдеулері берік, мықты, олар жақсы жетілген екі сегізкөз омыртқаларымен байланысады. Тұлға бойымен ағатын қан аралас болғанымен, оның құрамында артерия қаны көбірек, сондықтан денеде зат алмасу процесі немесе метаболизм қосмекенділерге қарағанда біршама қарқынды жүреді.

Бірақ осы жоғарғы сатыдағы белгілермен қатар рептилияларда қарапайым белгілер де сақталады. Дененің тұлға бөлімінің таза артериялық қанмен емес, аралас қанмен қамтамасыз етілуі зат алмасу үрдістерінің баяуырақ жүруі, денесінің тұрақсыз температурасының болуы, яғни суық қандылық.

Омыртқалылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып, қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге әрекет етеді. Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі, сезім мүшелері, әжептәуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы сияқты ерекшеліктер бір - бірімен тығыз байланысты дамиды. Аталған органдар дұрыс қызмет ету үшін скелет керек. Скелет сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Скелет денеге тірек болып, желбезек аппараттарын және аяқтарын бекім ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы, ми сауыты мен висцеральдық скелеттер және аяқ скелеттері пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету әрекеті жоғарылай бастайды.

Денесінде, зат алмасу күшейе түсуіне байланысты, денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі. Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады: дөңгелек ауыздылар (сусlоstотаtа), балықтар (ріsсеs), қос мекенділер (аmрһіЬіа), бауырымен жорғалауіііылар (герtilіа) құстар (аvеs), сүт қоректілер (mаmmаlіа) [3].

Мырзашөл өңірінде Бауырмен жорғалаушылар класы – Reptilia, Липидозаврлар – Lepidosauria кластармағына, Қабыршақтылар – sduamata отряды, Жыландар – Serpentes отряд тармағына, Сарыбас - Colubridae тұқымдасына жататың көлдененжолақты абжылан, теңбілжолақ абжылан, теңбіл абжылан кездесті.

Жыландар (лат. Serpentes) - бауырымен жорғалаушылар класы қабыршақтылар отрядының бір тармағы.

Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді.

Жыландар Жер шарына кең тараған, 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар.

Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: соқырлар тұқымдасы (1 түрі), айдаhарлар тұқымдасы (2 түрі), сарыбас жыландартәрізділер (12 түрі), сұржыландар (2 түрі), бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.

Жыртқыш түрлері тышқантәрізділермен, бақалармен, омыртқасыздармен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Көпшілік жыландар жұмыртқа (қарашұбар жыландар, гюрзалар, т.б) салады, ал кейбіреулері (сұржыландар, бозша жыландар, т.б.) тірі туып көбейеді. Жеке дара немесе топтанып (мысалы, сұржыландар) қыстайды.

Мырзашөл  өңірінде улы жыландардың 3 түрі кездеседі. Олар - оқ жылан, дала сұр жыланы, кәдімгі сұр жылан,  Бұл жыландардың бәрі далалы, шөл-шөлейтті жерлерді мекендейді. Оқ жылан - денесі таспадай жіңішке келген әрі тез қозғалады. Күндіз белсенді тіршілік етеді. Ұсак кеміргіштерге, жануарларға уы қауіпті, ал адамға зияны жоқ. Көбінесе құмды, жусанды жерлерді мекендейді. Көктемде 7 - 8 жұмыртқа салып көбейеді. Қорегі - ұсақ кесірткелер, жәндіктер. Дала сұр жыланы күндіз белсенді тіршілік етеді. Негізгі қорегі - ұсақ кеміргіштер, құстар мен жәндіктер. Кейбіреуі - ірі қара малды шағып, шығын келтіреді. Көбіне орманды дала, өзен мен көлдер жағалауларында тіршілік етуге бейімделген. Балаларын тірі туады. Олардың саны 8 - 12. Ауыл шаруашылығына көп зияны жок. Боз жылан - барлық жерлерде кең таралған. Құмдауыт, тастақты жерлерді, әсіресе, Жетісу (Жоңғар) Алатауының күнгей жақтарын мекендейді. Улы жыландардың адам тіршілігіне пайдасы да мол. Олардан алынатын удан медицинада шипалы дәрі-дәрмек жасалады.

Бізде Қазақстанда және Мырзашөл өңірінде бұл тұқымдастың ең кіші түрі - дала айдаһары кездеседі. Денесінің ұзындығы 1 метрден аспайды. Бұл құмды шөлдерді, далалы жерлерді мекендейді. Түнде тіршілік етеді. Күндіз кемірушілердің ініне, немесе құмға еніп жасырынып жатады. Ұсақ рептилилермен, саршұнақтармен, қосаяқтармен қоректенеді. Сарыбас жылан тұқымдасына жыландардың көбірек тараған түріне кәдімгі сарбас жылан жатады. Түсі қоңыр, тіпті қара деуге де болады. Самайының арт жағына симметриалы орналасқан екі сарғылт жолағы бо-лады. Сондықтан да бұларды сарбас жылан деп атаған [4]. .

Бақалармен, кесірткелермен, кемірушілермен, аздап та болса насекомдармен, өте сирек балықтармен қоректенеді. Жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын шірінділердің арасына салады. Біздің елдің оңтүстігінде су сарбас жыланы (N. tеssеlаta) мекендейді. Кәдімгі сарбас жыланнан айырмашылығы түсі ашық сүр, қара дақты болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Балықтармен қоректенеді.

Мырзашөл өңірінің шөл далаларында оқ жыландар (Тарһгоmеtороn linеоlаtum) көп кездеседі. Денесі жіңішке, ұзындығы 1 метр ден аспайды. Түсі сары, сұр түсті, денесінің ұзына бойына созылған бірнеше дағы, немесе жолағы болады. Өте тез қозғалады. Қауіп төнгенде мүмкіндік болса ағаштың бұтағына шығып, немесе бұтаның түбіне тығылып құтылады. Негізінен кесірткелермен қоректенеді. Қесірткені тістеп, денесімен орап, қысып өлтіреді.

Тасбақалар отрядына – Testudines жататың орта азия тасбақасы ыстық шөлді жерлерді мекендейді. Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті - мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см - ден 2 м - ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Қазақстан шөлдеріндегі тасбақалар отрядының жалғыз өкілі. Орта азиялық тасбақа деп те атайды. Аналығының ұзындығы 20 см, салмағы 2,5кг, аталықтары кішілеу. Сүйекті сауыты қауіп төнген кезде басы мен аяқтарын жинап жасырынуға ыңғайлы. Ол құрлық тасбақаларын жыртқыштардан жақсы қорғайды [5].



Тасбақа, негізінен, көпжылдық шөптер мен түрлі өсімдіктердің балаусасымен қоректенеді, кейде қоңыздар мен бүйілерді де қорегіне жаратады. Тасбақалар ұйқыдан наурыз – сәуір айларында оянады. Мамыр айында шағылысып, аналығы бірнеше рет қайталап 10 - 16 жұмыртқа табады, оларды тереңдігі 15 - 20 см топырақ астына көмеді. Инкубациялық кезеңі 80-110 тәулікке жетеді. Жер бетіне келесі көктемде шыққан тасбақа балалары тіршілігін жер бетінде бастайды. Тасбақалар өте баяу өседі. Жыныстық жағынан 10-13 жылда жетіледі. Тасбақаның бұл түрі табиғатта 30 жылдай өмір сүреді.

Осылайша Мырзашөл өңірін зерттей келе ондағы омыртқалы жануарлардың бауырмен жорғалаушылар отрядына кіретін 7 түрін кездестірдік.


Әдебиеттер

1 Олжабекова Қ.Б., Есжанов Б.Е. Омыртқалылар зоологиясы.1-2 бөлім.

Алматы. «Қазақ университеті» 2007

2 Сабаншиев М.С. Паразитология және жануарлардың инвизиялық аурулары. Алматы 2011ж.

3 Дәуітбаева К.Ә, Досжанов Б.Е., Сапаргалиева И, Нұртазин С.Т. Жануарлардың алуан түрлілігі. Алматы 2011ж.

4 Жумалиев М.Қ., Бәйімбетов Ә.А. Жануарларәлемінің биологиялық әртүрлілігі. 1-бөлім Алматы. 2005



5 Жұмабеков.Х.С., Дербышев К.Ю.. Жануарлардың потологиялық анатомиясы. Алматы 2011ж.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет