Мырзаева Гулжан 4-сынып тәрбие сағаты Сабақтың тақырыбы: Төрт түлігім тірлігімнің ырысы



Дата10.12.2017
өлшемі22.99 Kb.
#48557
Мырзаева Гулжан 4-сынып тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлігім – тірлігімнің ырысы

«Ана сүті мен жылқы сүті - біздің тарихымыздың басы» (Ғафу Қайырбеков)
«Қазақ тарихы - жылқы тарихы да, жылқы тарихы - қазақ тарихы» (Қажытай Ілиясұлы)

Мақсаты: Төрт түлік туралы білім беру, төрт түлік малдың тіршілік табиғатымен, қадір - қасиетімен таныстыру. Қазақ халқы малмен айналысатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту, малды күтуге, қадірлеуге, оны өсіруге, ата кәсіпке айналдыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері, слайдтар, ойын түрлері.

Жүрісі: 1. Тақпақтар айту.
2. Төрт түлікке сипаттама.
3. Жұмбақ шешу.
4. Сайыс.
5. Постер қорғау

1 - жүргізуші:

Қой деген - момын жануар,
Айта берсең таусылмас.
Қасиеті тағы бар.
2 - жүргізуші: Өскенде түйе боласың,
Қазір әлі ботасың.

1 - жүргізуші:

Торпақтарым томпиған,
Көздері мөлдір монтиған.


1. Топқа бөлу.
2. Топқа ат қою.
1-топ: Қой.
2-топ: Түйе.
3-топ: Сиыр.
4-топ: Жылқы.

1-топ. Қой - төрт түліктің ішіндегі ең маманы. Сондықтан болар қазақ атамыз өсек - аян, қулық - сұмдығы жоқ бір қалыпты, сабырлы адамды «қой аузынан шөп алмайтын момын» деп тегін айтпаған екен. Қой малы сонау ежелден халқымыздың несібелі малы болып есептелген. Балалар ауырып қалған кезде осы қойдың құйрық майымен сылап, ішіп жатады.

2-топ. Түйе - төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы аз емес. Түйенің сүті - шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті күшті. Ішсе сүт, жесе ет, майы да мол. Түйенің сапалы жүні бар.

3-топ. Сиыр - Зеңгі баба тұқымы. Ол адамға серік, әрі ақылды, әрі момын жануар. Біздің ішіп - жейтін тағамдарымыздың барлығы осы - сиыр малының өнімі. Мысалы: құрт, ірімшік, айран, май, қатық.

4-топ. Жылқы - жер жүзінің бәріне тараған түлік. Жылқы малы өте төзімді. Ол қыста сары аязда далада жайыла береді, өйткені жылқы малы суыққа тоңбайды. Еті де, сүті де өзгеше. Қазы - қарта, жал - жая жылқыдан алынады.

1-топ. Құрт.
Құрт деген ол арғы атасы ақтан болар,
Жарнамасын айта берсең дастан болар,
Аузыңа салып алып,
Ұртыңды бұлтыңдатып,
Ойланып жатсаң бұл,
Денсаулыққа пайдасы бар.

Мұғалім: Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылыққа қолданылатын заттар - жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиырдың мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған киімдер , көрпе аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасында қайнатып емге пайдаланған.Кедей қазақтар қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай құнды мал болғандықтан ,қазақтар өз перзенттерін де «құлыным » , «қозым», «қошақаным», «ботам» деп айналып, еркелетіп отырған.

Хор «Қошақаным»

Сабақты аяқтау.
Каталог: materialy -> bastaysh3
bastaysh3 -> Сабақ жоспары. Әдебиеттік оқу
bastaysh3 -> Сабақ: Мектеп: №49 жалпы орта мектебі. Күні: 07. 10. 2015
bastaysh3 -> Топырақтың құрамында ылғал болғандықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары
bastaysh3 -> Сабақтың мақсаты: Күтілетін нәтиже 1 Өсімдік мүшелерімен таныстыру
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж. Сабақтың мақсаты
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу. Палетка Сабақтың мақсаты : Палетканы пайдаланып, фигураның ауданын есептеуді үйрету
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы : Қазақтың ұлттық аспаптары
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы : «Заттың атын білдіретін сөздер» І. Жансүгіров «Жазғытұрым»


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет