Миграция түсінігі, себептері мен факторлары Миграция феномені



Дата22.02.2018
өлшемі28.22 Kb.
#58569
Миграция түсінігі, себептері мен факторлары

Миграция феномені – әлеуметтанудағы 20-ғасырдың екінші жартысынан бастап ең көп зерттеліп жатқан жаһандық құбылыс болып табылады.
Статистикада халықаралық миграцияны, ең бастысы, бір елден екінші елге көшуге байланысты тұрғылықты орынды (место проживания) ауыстыру деп түсіндіреді. Бірақ, әрбір зерттеуші миграцияны әртүрлі түсінеді. Халықаралық миграция статистикасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсыныстары бойынша, мигрант деп «өзінің тұрғылықты өмір сүру жерін ауыстыратын адам» болып табылады.

Миграция себептерін түсіндіруге бағытталған миграциялық зерттеулердің ең кең таралған теориялық концепциялар бойынша push&pull фактор теориясы басым, оны алғашқы рет 1966 жылы Э. Ли ұсынды. Оның теориясы миграцияны туылған елден итеру (push) факторлары мен адамдарды басқа елге тартатын (pull) факторлар әсерінен пайда болатын құбылыс деп түсіндіреді. Кейінірек, 1996 жылы С. Еберг ғалымы «қатты» және «жұмсақ» факторлар ұғымын ұсынды. «Қатты» факторларға ол гуманитарлық дағдарыстарды, әскери қақтығыстарды, экологиялық апаттарды жатқызады. «Жұмсақ» факторларға – кедейшілік, әлеуметтік теңсіздік және жұмыссыздық.

Еңбек нарығы, экономикалық дисбаланс, саяси жағдайлар, қоршаған орта жағдайлары, көліктің және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуымен байланысты қуатты push және pull факторлары мигранттарға белгілі бір бағытты таңдауға әсер етуі мүмкін. Миграцияның географиялық ауқымының (охват) кеңеюі елдер арасында орталатын жаңа байланыстар (сауда-саттық, капиталдың ағындары) жеделдетеді (ускоряет).

Гипотеза 1: Мигранттар санының ұлғаюы көбінесе адамдың жеке бостандықтары мен адам потенциалының максималды іске асыру мүмкіндігіне аса мән беретін елдерде байқалады.

Гипотеза 2: Мигрант санының өсуі иммигранттар шыққан елдерге қарағанда баратын елдерде өмір жағдайларының сапасы мен деңгейін өсірген кезде байқалады.

Гипотеза 3: Бір отаршылық кеңістікте (колониальное пространство) болу елдер арасындағы миграцияға жағымды әсер етеді.



Еуропалық миграциялық дағдарыс

Соңғы кездері Қиыр шығыстан Еуропалық одаққа шекара асып, жақсы өмірді мақсат тұтып келгендер саны күннен күнге артуда. ЕО та, өзге бөлек мемлекеттер де мигранттарды қарсы алып, орналастыру тарапынан мүмкіндіктерін тым жоғары бағалап жіберіп, салдарынан біраз қиналып қалғанға ұқсайды. Бұл дағдарыс жаңа мәселелер тудырып қана қоймай, босқындарды орналастыру жөніндегі Дублиндік келісімге мүше-мемлекеттер арасындағы бұрынғы қарама-қайшылықтарын қайта қозғауға мәжбүр етті.


Әлемдік тарихқа 2015 жыл Еуропаның Оңтүстік және Оңтүстік-шығысында орналасқан елдердегі бұрын соңды болмаған миграциялық дағдарыс кезеңі болып енуі әбден мүмкін. Себебі, Еуропалық аймаққа шарасыздан қоныс аударушылар саны ешқашан осыншалық көп болмаған. Swissinfo.ch ақпараттық порталының мәліметтері бойынша, 2015 жылдың қыркүйек айындағы әл-ахуалға сәйкес Еуропаға Жерорта теңізі арқылы өткендер саны 350 мың адамды құраған. Бұл көрсеткіш 2014 жылғы жағдаймен салыстырғанда 60 пайызға жоғары.

Қазіргі уақытта Германияның өзіне ағымдағы жылдың соңына дейін 800 мың босқын барады деп күтілуде. Босқындар ісімен айналысатын швейцариялық федералды секретариаттың болжамы бойынша Швейцарияға 2015 жылы босқын статусын сұрап баратындар саны 29 мыңға дейін баратын көрінеді (2014 жылғы көрсеткіш 23770 адамды құраған).

Дегенмен, босқындарды қорғау ұйымының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта босқындардың 86 пайызы Еуропада емес, дамушы мемлекеттерде өмір сүріп жатыр. Мәселен, Ливан мемлекетінің өзінде қоныс аударғандар саны халық санының 25 пайызын құрайды.

Босқындар, негізінен Ауғанстан, Сирия сынды азаматтық соғыс жүріп жатқан аймақтар мен Эритрея іспетті қатал үстемшіл билік орнаған мемлекеттерден қоныс аударуда.



Соңғы жылдағы Еуропаға қоныс аударып, баспана сұрап, ресми түрде өтініш бергендер саны 660 мыңнан асады. Еуропада мұндай жағдай соңғы рет 1990 ж.ж. Югославиядағы соғыс кезеңінде орнаған болатын.
Дерек көздері: http://qamshy.kz/home/show/1965

regconf.hse.ru/uploads/40287328e94f26f22682d004e3a79687066b528f.docx


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет