Методические указания по итоговому контролю Мамандық: 5В071200- «Машина жасау» Оқу түрі: күндізгі Өскемен Усть-Каменогорск 2013



Дата26.06.2017
өлшемі256.66 Kb.
түріМетодические указания
Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева

БЕКІТЕМІН

МжК факультет деканы

___________М.Дудкин

___________________2013 ж.

КОНСТРУКЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ МАТЕРИАЛТАНУ

Қорытынды бақылау бойынша әдістемелік нұсқаулар
КОНСТРУКЦИОННЫЕ МАТЕРИАЛЫ И

МАТЕРИАЛОВЕДЕНИЕ

Методические указания по итоговому контролю
Мамандық: 5В071200- «Машина жасау»

Оқу түрі: күндізгі

Өскемен

Усть-Каменогорск



2013

Әдістемелік нұсқау Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде 5В071200- «Машинажасау» мамандығындағы студенттер үшін «Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы» кафедрасында дайындалған.


«Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы» кафедрасы отырысында талқыланды


Кафедра меңгерушісі Қ. Қомбаев
№____ хаттама ____________________ж.
Машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
Төрағасы А.Вавилов
№____ хаттама ______________________ж.

Дайындады


доцент Н.Түленденова

Норма бақылаушы Т.Тютюнькова



3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ
Конструкциялық материалдар және материалтану пәні бойынша қорытынды бақылау есепті-графикалывқ жұмыс ретінде 20 бөлімнен тұратын материалдар бойынша атқарылады.



1.

Металдың атомдық-кристалдық құрылысы. Полиморфтық өзгеру.

2

Металдардың кристалдану процесі кезіндегі өзгерістер.

3

Металдар мен қорытпалардың механикалық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері: беріктік, қаттылық, созылымдылық, тұтқырлық. Сынау түрлері.

4

Негізгі механикалық қасиеттердің сипаттамалары, жазу белгісі, өлшем бірлігі.

5

Деформация және қирау. Қайта кристалдану. Деформация түрлері, әсері.

6

Қорытпалар теориясынан негізгі мәліметтер

7

Темір-көміртегі диаграммасындағы фазалар, анықтамалары, сипаттамалары

8

Темір-көміртегі диаграммасындағы сызықтардың мәні, фазалық өзгерістер.

9

Көміртекті болат. Құрамы, кластарға бөлу, таңбалау принципі

10

Шойын. Түрлерц, өндіру жолы, сипаттамалары, таңбалау принципі

11

Конструкциялық болаттар. Ерекшеліктері, қасиеттері, қолданылуы

12

Құрал-саймандық болаттар, қатты қорытпалар. Қасиеттері, қолданылуы, таңбалау принциптері

13

Көміртекті болаттарды термииялық өңдеу теориясы. Фазалық өзгерістер.

14

Көміртекті болаттарды термииялық өңдеу технологиясы. Жасыту, нормальдау, шынықтыру, босату.

15

Көміртекті болаттарды термиялық өңдеу режімдері

16

Легірленген болаттар: таттанбайтын, қажуға төзімді, рессорлы-серіппелі, шапшаң кескіш, шарикті-подшипникті. Қолданылуы, таңбалау принциптері, термиялық өңделуі

17

Химиялық-термиялық өңдеу негізі; түрлері, қолданылуы.

18

Түсті металдар негізді қорытпалар. Алюминий, мыс, магний қорытыпалары. Таңбалау принциптері. Қолданылуы. Термиялық өңдеу.

19

Композитті және ұнтақты материалдар. Негізгі мәліметтер. Өндіру жолы, құрамы, қачиеттері, қолданылуы.

20

Металл емес материалдар: пластмасса, керамика, шыны, резеңке. Құрамы, қолданылуы


СҰРАҚТАР ТІЗБЕГІ
1. Металдардың атомдық-кристалдық құрылысы
1.Материалтану пәні нені оқиды?

2. Металл мен қорытпалардың құрылымына не жатады?

3. Металдың полиморфтық өзгеруіне не жатады?

4. Кристалл торының периоды

5. Макроқұрылым ұғымы

6. Микроқұрылым ұғымы

7. Құйма металдың құрылымын зерттеу тәсілі

8. Ақаулардың металға көрсетер әсері

9. Анизотропия деген не?

10.Нүктелік ақау түрі

11. Нақты кристалдардың идеалды кристалдардан айырмашылығы

12. Темірдің t=7680С-да кристалдық торы

13. Темірдің t = 9500С-да кристалдық торы

14. Металдың электрөткізгіштігінің жоғары болуын анықтайтын байланыс

15. Темірдің магниттік өзгеру температурасы

16. Темірдің аллотропиялық (полиморфтық) өзгеруі

17. Металл құрылысының полиморфтық өзгеруіне не жатады?

18. Қыздырған темір Кюри нүктесінде қандай өзгеріске ұшырайды?

19. Fеα арқылы белгіленетін кристалдық тор

20. Fеγ арқылы белгілінетін кристалдық тор

21. Заттардың температурасы өзгергенде кристалдық торын өзгерту қасиеті не деп аталады?

22.Сызықтық ақау түрі

23. Кристалл ішіндегі сырғу зонасының шекарасын көрсететін сызықтық ақау

24. Дислокация деп қандай ақау аталады

25. Көлемдік центрленген кристалдық тордағы атомдар саны
2. Кристалдану

1.Металдың кристалдануы деген не?

2. Металдың екінші кристалдануына не жатады?

3. Өскіндердің пайда болу жылдамдығына және олардың дамуына тигізетін әсерлер

4.Қорытпалардың кристалдану кезіндегі түйіршіктер өлшемінің қалыптасуына тигізер әсерлер

5. Пішіні дұрыс емес кристалды атау

6. Жылу өткізуі жоғары сауытқа құйылған қорытпаның макроқұрылымы

7. Түйіршікті ұсату және пішінін өзгерту үшін шешуші фактор

8. Жылу өткізуі төмен сауытқа құйылған қорытпаның макроқұрылымы

9. Тепе-теңдіктегі кристалдану температурасы

10. Құймалы кесек металдың ортасында түзілетін кристалдар

11.Кристалдану процесіндегі бірінші кезең

12. Құймалы кесек металдың бетінде түзілетін кристалдар

13. ∆Т = Тр – Ткр шамасы қалай аталады?

14. Кристалдану орталықтарын жасанды көбейту қалай аталады?

15. Ұсақ түйіршікті құрылымның металдың қасиетіне тигізер әсері

16. Суыту жылдамдығын арттырғанда асыра суыту дәрежесі қалай өзгереді?

17. Кристалдану процесіндегі екінші кезең

18. Қорытпаларды модификаттаудың мақсаты

19. Шөгу қуысы металдың қай жерінде орналасады?

20. Кристалдық тордың бұзылуына (ыдырауына) қажетті фактор

21. Таза металдағы фазалық өзгерістер қандай температурада жүреді?

22. Термодинамикалық тепе-теңдік темп-сы металдың қандай күйін көрсетеді

23. Кристалдық тордың құрылуына қажетті фактор

24. Кристалл өскіндерінің пайда болу жылдамдығына әсерін тигізетін фактор

25. Кристалдану процесінің екінші кезеңі


3. Металдың механикалық қасиеттері

1. Созымталдық - металдың ....... қабілеті

2. Аққыштық - металдың қабілеті

3.Серпімділік - металдың ..... қабілеті

5.Қаттылықтың жазу белгісі

6. Беріктіктің шартты белгісі және өлшем бірлігі

7.Динамикалық сынау арқылы анықталатын механикалық қасиет

8. Статикалық созып сынау арқылы анықталатын механикалық қасиет

9. Статикалық күшпен анықталатын қасиеттер

10. Металдың төзімділігі

11. Беріктік:

12. Қаттылықты өлшеу:

13. Серіппелік шегінің шартты белгісі және өлшем бірлігі

15. Беріктіктің шартты белгісі және өлшем бірлігі

16. Шынықтырылған болаттың қаттылығын жазу белгісі

17. Соққы тұтқырлығы:

18. Қаттылық:

19. Металдың тозуға төзімділігі

20. Бринелль тәсілімен қаттылықты өлшеу шегі, МПа:

21. Шартты аққыштықты жазу белгісі

22. Динамикалық сынақпен бағалау критерийін көрсет

23.Металдың әртүрлі тәсілдермен өңделу қабілеті қандай қасиетінің көрсеткіші?

24. Ақаулардың саны көбейгенде металдың беріктігі қалай өзгереді?

25. Маятникті тоқпақ арқылы анықталатын механикалық қасиет қандай?


4. Металдың механикалық қасиеттері 2

1. Созымталдықтың сипаттамасы

2. Роквелл тәсілімен қаттылықты өлшеудегі есепті сипаттама

3. σв белгісінің көрсеткіші

4. Созымталдық металдың қандай қасиетін анықтайды?

5. Қаттылықты Бринелль тәсілімен өлшеу үшін түсіретін күшті есептеуге қажетті фактор

6. Бринелль тәсілімен қаттылықты өлшеу негізі

7. Айнымалы жүктеме арқылы анықталатын металдың қасиеті

8. ТК типті аспаппен қаттылығы жоғары материалдың қаттылығын өлшеуге қолданатын ұштық

9. Металдар мен қорытпалардың негізгі механикалық қасиеттері

10. Жасытылған болаттың қаттылығын жазу белгісі

11. Металдар мен қорытпалардың технологиялық қасиетінің сипаттамалары

12. Шынықтырылған болаттың қаттылығын өлшеу аспабы

13. Бринелль тәсілі бойынша қаттылықты өлшеуде негізгі есептік сипаттамасы

14. Салыстырмалы созылу мен салыстырмалы сығылу металдың қандай қасиетін сипаттайды?

15. Роквелл тәсілімен өлшенген қаттылықтың өлшем бірлігі

16. Беріктіктің сипаттамалары

17. Механикалық қасиеттің негізгі сипаттамалары

18. Механикалық қасиеттің қандай сипаттамасы HB және HR әріптерімен белгіленеді?

19. КС белгісінің көрсеткіші

20. Жасытылған болаттың қаттылығын өлшейтін құрал

21. Роквелл тәсілімен шыңдалған болатты өлшеу үшін түсіретін күштің салмағы, кг

22. Металдың мәңгілігі деген не?

23. Металдың төзімділігі деген не?

24. Бринель тәсілімен қаттылықты өлшеу шегінің негізі неде?

25. Шынықтырылған болатты Роквелл тәсілімен өлшеуде пайдаланатын шкала
5. Деформация және қирау

1. Пластикалық деформацияның жүру механизмі

2. Металдың беріктігін көтеретін деформация

4. Пластикалық деформация тудыратын кернеу

5. Дислокация тығыздығына байланысты өзгеретін металдың қасиеті

6. Бөлме температурасында қорғасынды деформациялау түрі

7. Салқындай деформациялаудан өзгеретін металдың қасиеттері

8. Ыстықтай деформациялау температурасы

9. Суыққа сынғыштық табалдырығы

10. Салқындай деформациялау температурасы

11. Металдың қасиетіне дислокацияның тигізер әсері

12. Металл материалдарының тұтқыр күйден морт күйге ауысуы қалай аталады?

13. Суыққа сынғыштық табалдырығы металдың қандай көрсеткішін сипаттайды?

14. Қайта кристалдандыру процесінің мақсаты

15. Бөлме температурасында темірді (tпл=1539оС) деформациялау түрі

16. Қайта кристалданған түйіршіктердің өлшемі ненің әсерімен қалыптасады?

17. Тойтарылған металдың беріктігі не себепті нығайады?

18. Қайта кристалданған темірдің ең ұсақ түйіршігін қамтамасыз ететін деформация дәрежесі

19. Суыққа сынғыштық табалдырығын жазу белгісіндегі (Т50) цифрдің көрсеткіші

20. Салқындай деформациялау дәрежесінің көтерілуіне қарай көтерілетін сипаттама

21. Металдың беріктігін көтеретін деформация

22. Деформацияланған металдың түйіршіктерінің пішіні қалай өзгереді?

23. Қайта кристалданған темірдің ең ірі түйіршігін қамтамасыз ететін деформация

24. Пластикалық деформация деген не?

25. Серпімді деформация деген не?
6. Қорытпалар 1

1.Электрондық құрылысы, атомдық көлемі, кристалдық торларының типтері мен параметрлері бойынша күрт өзгеріске түсетін элементтер келесілер түзеді:

2.Қорытпадағы элементтердің өзара әрекеттесуі мен қалыптасатын құрылымдардың сипаты келесілермен анықталады

4. Көміртегінің α - темірдегі қатты ерітіндісі

5. Құрамында 0,2% С бар қорытпаның аты

6. Көміртегінің γ - темірдегі қатты ерітіндісі

7. Темір мен көміртегінің Fе3С формуласымен өрнектелетін химиялық қосылысы

8. Құрамында 0,5% С бар темір-көміртегі қорытпасы

9. Эвтектоидты болаттың құрылымы

10. Ферриттің қаттылығы (кгс/мм2)

11. Құрамында 3,0%С бар қорытпаның аты

12. Эвтектоидтан кейінгі болаттың құрылымы

13. Эвтектоидқа дейінгі болаттың құрылымы

14. Болат пен шойынның құрамындағы көміртегіне байланысты шартты шекарасы

15. Цементиттің құрамындағы көміртегі

16. Ледебуриттің құрамындағы көміртегі

17. Темір мен көміртегінің химиялық қосылысы

18. Эвтектоидтық болаттың құрылымы

19. Элементтердің диффузиясы арқылы қатты, сұйық және газ тәрізді күйде алынатын зат

20. Сұйық фазаның кристалдануының басталуына сәйкес сызық

21.Егер қорытпа құраушы екі компонент бастапқы кристалдық торларын сақтап кристалданса, қандай қорытпа түзіледі?

22. Егер қорытпа құраушы екі компонент бастапқы кристалдық торларынан өзгеше жаңадан күрделі кристалдық тор құрып кристалданса, қандай қорытпа түзіледі?

23. Егер қорытпаның бір компоненті бастапқы кристалдық торын сақтап, екінші компонент бос атомдар түрінде бірінші компоненттің торында орналасса, қандай қорытпа түзіледі?

24. Құйманың химиялық құрамының біртекті еместігі қалай аталады?

25. Қорытпаларда түзілетін фаза
7. Қорытпалар 2

1. Қорытпа құраушылар әрекеттесіп түзетін фазалар

2. Негізгі қорытпа типтерін атаңыз

3. Қорытпаның негізгі химиялық құраушыларын атаңыз

4. Система деген не?

5. Эвтектика сызығының астында қандай фаза тұрақты?

6. Эвтектикалық өзгеру

7. Әртүрлі системаның күй диаграммаларында тік ось координатасында көрсетілетін параметр

8. Қатты ерітінділер түрі

9. Ликвидус сызығының үстіндегі системаның тұрақты күйі

10. Солидус сызығының астындағы системаның тұрақты күйі

11. Ликвидус пен солидус сызықтарының аралығында системаның тұрақты күйі

12. Кристалл ішіндегі дендриттік ликвация деген не?

13. Эвтектикалық өзгеру

14. Бөлме температурасында эвтектикалық қорытпаны құраушылар

15. Темір-көміртегі қорытпасында эвтектикалық өзгеру жүретін температура

16. Темір-көміртегі қорытпасында эвтектоидтық өзгеру жүретін температура

17. Көміртегі мен темір бір-бірімен химиялық әрекеттесіп қандай фаза түзеді?

18. Темір – көміртегі диаграммасы бойынша бірінші текті цементит бөлініп шығатын фаза

19. Темір – көміртегі диаграммасы бойынша екінші текті цементит бөлініп шығатын фаза

20. Темір – көміртегі диаграммасы бойынша үшінші текті цементит бөдініп шығатын фаза

21. Темірдің магниттік қасиетін өзгерту температурасы

22. Цементит деген не?

23. Феррит деген не?

24. Темірдің балқу температурасы

25. Темірдің полиморфты өзгеру температурасы


8. Темір-көміртегі диаграммасы

1. Fе-С диаграммасында А3 межелі нүктесінің сызығы

2. Химиялық қосылыстың қатты ерітіндіден айырмашылығы

3. Fe-C қорытпасында эвтектоидтық өзгерудің мәні

4. Fе-С диаграммасында Fе-α ерітіндісінің температура аралығы

5. Fe-C қорытпасында эвтектикалық өзгерудің мәні

6. Fе-С диаграммасында Fеγ ерітіндісінің температура аралығы

7. Fе-С диаграммасында Аст межелі нүктесінің сызығы

8. Екі немесе одан көп компоненттерден балқыту арқылы алатын зат

9. Қорытпаның температурасы мен химиялық құрамына байланысты фазалық өзгеруін график түрінде көрсету

11. Темір-көміртегі диаграммасында эвтектоидтык қорытпаның құрамындағы көміртегі

12. Эвтектоидтық және эвтектикалық өзгерудің айырмашылығы неде?

13. Цементиттің балқу температурасы, 0С

14. Fe – C диаграммасында ледебурит түзілетін сызық

15. Fe – C диаграммасында перлит түзілетін сызық

16. Ледебурит қандай температура аралығында аустенит пен цементиттен тұрады?

17. Ледебурит қандай температура аралығында феррит пен цементиттен тұрады?

18. Аустениттен цементиттің бөлініп шығу сызығы

19. Fe – C диаграммасы бойынша болатты суыту кезіндегі полиморфты өзгеруінің басталу сызығы

20. Fe – C диаграммасы бойынша болатты суыту кезіндегі полиморфты өзгеруінің аяқталу сызығы

21. Құрамында көміртегінің мөлшері 0,02% дейін болатын темір мен көміртегінің қорытпасы қалай аталады?

22. Құрамында көміртегінің мөлшері 0,8% болатын темір мен көміртегінің қорытпасы қалай аталады?

23. Эвтектоидты болаттың құрылымы

24. Эвтектоидтан кейінгі болаттың құрылымы

25. Эвтектоидты болаттың құрылымы
9. Көміртекті болат

1. Болаттың құрамына енгізілетін тотықсыздандырғыштар

2. Құрамында оттегі басым түсетін болат

3. Қаттылығы жоғары құрылым

4. 30 маркалы болаттың қолданылуы

5. Көміртегінің мөлшеріне қарай құрал-саймандық болатты көрсет

6. Құрал-саймандық болатты маркалау реті

7. 25 маркалы болаттағы 25 санының көрсеткіші

8. Ст3 маркалы болаттың қолданылуы

9. У8 маркалы болаттың құрамындағы көміртегі

10. У11А маркалы болаттағы «А» әрпінің көрсеткіші

11. Көміртегінің мөлшеріне қарай жақсартылатын болат

12. Машина жасайтын болаттар

13. Құрамында 0,015% көміртегі бар болаттың құрылымы

14. Конструкциялық болаттар

15. 45 маркалы болаттың құрамындағы көміртегі

16. Ферриттің механикалық қасиетін сипатта

17. Конструкциялық көміртекті болатты маркалау реті

18. У10 маркалы болаттағы 10 санының көрсеткіші

19. Көміртекті болаттың құрамындағы марганецтің шекті мөлшері

20. Соққыш және кескіш құралдарды дайындайтын болатты таңдау

21. Болаттың қасиетіне күкірттің тигізер әсері

22. Болаттың қасиетіне фосфордың тигізер әсері

23. Болаттың қасиетіне көміртегінің тигізер әсері

24. Төмен көміртекті болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшері

25. Орта көміртекті болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшері
10. Шойын

1. Шойынның болаттан өзгеше қасиеті

2. Соққы және тербеліс күштері түсетін тетіктерді дайындауға қолданатын шойын

3. Құрамында графит кездеспейтін шойын

4. Көміртегі байланысып цементит ретінде орналасатын қорытпа

5. Аса берік шойынның құрамындағы көміртегі

6. Графиттегі көміртегінің мөлшері

7. СЧ26 шойынның маркасындағы цифрдің көрсеткіші

8. Сұр, соғылымды, аса берік шойындарды бір-бірінен ажырату көрсеткіштері

9. Көміртегі бос орналасатын перлитті шойынның құрылымы

10. Соғылымды шойынды алу жолы

11. Аустенит пен цементиттің механикалық қоспасы

12. Шойынның құрамындағы көміртегі

13. Графиті шар тәрізді шойын

. Соғылымды шойындағы көміртегінің орналасуы

15. Ледебуриттің қаттылығы (кгс/мм2)

16. Құрамындағы көміртегі химиялық қосылыс түрінде орналасқан шойын

17. Ақ шойынды өндіру жолы

18. Эвтектикалық ақ шойынның құрылымы

19. КЧ30-6 шойынның маркасындағы 6 цифры ненің көрсеткіші?

20. Құрамында 4,5% көміртегі бар шойынның құрылымын құраушылар

21. Құрамында 3,5% көміртегі бар шойынның құрылымын құраушылар

22. Эвтектикаға дейінгі ақ шойынның құрылымын құрастырушылар

23. Перлитті аса берік шойынның құрылымын құрастырушылар

24. Ферритті соғылымды шойынның құрылымын құрастырушылар

25. Ферритті – перлитті сұр шойынның құрылымын құрастырушылар


11. Конструкциялық болаттар

1. Конструктивтік беріктіктің статикалық күш арқылы бағаланатын критерийі

2. Конструкциялық беріктіктің динамикалық күш арқылы бағаланатын критерийі

3. Конструкциялық беріктіктің циклді күш арқылы бағаланатын критерийі

4. Конструкциялық беріктікті арттыру тәсілдері

5. Автоматты болаттардың қабілеті

6. Серіппелер мен рессорлардың қасиеті қандай болу керек?

7. Қаттылығы және қажуға төзімділігі аса жоғары конструкциялық материалдар

8. Конструкциялық болаттарды топтау

9. Қызуға беріктік - металдың немесе қорытпаның жоғары температурада:



10. Ең жақсы жақсартылатын болаттар есебіндегі қорытпаның маркасы

11. Цементтендіру арқылы беріктігі орташа нығайтылатын болаттың маркасы

12.Цементтендіру арқылы беріктігі жоғары нығайтылатын болаттың маркасы

13. Машина және механизмдер тетіктеріне қойылатын негізгі талаптар

14. Машина тетіктерін пайдалану кезіндегі түсетін күштер

15. Конструкциялық беріктік деген не?

16.Конструкциялық материалдарға қойылатын талаптар

17.Беріктік, сенімділік және мәңгілік қасиеттері үйлесімді конструкциялық материал

18. Беріктігі нығайтылған конструкциялық материалдың қандай қасиеттері төмендейді?

19. Конструкциялық болаттарға термиялық өңдеу режімін тағайындауға басты әсерін тигізетін элемент

20. Болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшері, легірлеуші элементтер, түйіршіктердің өлшемі, тойтару қандай қасиетінің сипаттамаларына әсерін тигізеді?

21.Легірленген конструкциялық болаттың көміртекті болаттан артықшылығы

22. Көміртекті, құрылыстық, жақсартылатын, рессорлы-серіппелі, қажуға төзімді болаттар қандай топ құрады?

23. Құрылыста қолданатын конструкциялық болатқа қойылатын негізгі талаптар

24. Жақсартылатын болатқа қойылатын негізгі талаптар

25. Негізгі және кеңінен қолданылатын конструкциялық материал


12. Құрал-саймандық болаттар

1.Құрал-саймандық болаттарды қолданылуы бойынша класқа бөлу

2. Көміртекті құрал-саймандық болаттарды маркалау

3. Шапшаң кескіш болаттарды маркалау

4. Шапшаң кескіш болаттарды термиялық өңдеу түрі

5. Шынықтырып төмен температурада босатқан шапшаң кескіш болаттардың құрылымы

6. Құрал-саймандық болаттардың құрамындағы қандай элемент шыныққаннан кейінгі қаттылығын көтереді?

7. Жылуға төзімді болатқа тән қасиет

8. Көміртекті құрал-саймандық болаттың құрылым құраушылары

9. Көміртекті құрал-саймандық болатты құрылымы бойынша класқа бөлу

10. Шапшаң кескіш болаттың термиялық өңделгеннен кейінгі құрылымы

11. Құрал-сайманға қойылатын негізгі талаптар

12. Шынықтырылған құрал-саймандық легірленген болаттың құрамындағы қаттылығын көтеретін элементтер

13. Болаттың жылуға төзімділігін көтеретін элементтер

14. Шапшаң кескіш болаттың жылуға төзімділігін көтеретін элемент

15. Құрал-саймандық болаттың маркасын көрсет

16. Құрал-саймандық болаттың беріктік сипаттамасы

17. Құрал-саймандық болаттарды қолданылуына қарай топтау

18. Құрал-саймандық болаттарды қасиеті бойынша топтау

19. Соққы күші түсетін құрал-сайман жасауға жарамсыз болаттар

20. Жұмыс температурасы 1500 –тан аспайтын-аралар, түрпілер, ағаш өңдеу құралдарына қолданылатын болаттың қасиеттері

21. Қызуға төзімді вольфраммен легірленген болаттың қолданылу тобы

22. Иілу беріктігімен (σизг) сипатталатын болатты көрсетіңіз

23. Шапшаң кескіш болатты өндіруде енгізілетін негізгі легірлеуші элемент

24. Құрал-саймандық болаттың шынықтырғаннан кейінгі қаттылығы қандай?

25. Шапшаң кескіш болатты қандай әріппен маркалайды?


13. ЛЕГІРЛЕНГЕН БОЛАТ

1. Болаттың қаттылығын көтеретін легірлеуші элементтер

2. Легірлеуші элементтердің аустенитке тигізер әсері

3. Болаттың құрамына легірлеуші элементтерді енгізудің мақсаты

4. Шапшаң кескіш болат

5. Серіппелі-рессорлы болаттың маркасы

6. Серіппелі-рессорлы болаттың құрамындағы көміртегі

7. Қорытпалардың химиялық құрамын өзгерту арқылы қасиетін өзгерту тәсілі қалай аталады?

8. Қажуға төзімді болат

9. Таттанбайтын болаттың маркасы

10. Шарикті-подшипникті болаттың маркасы

11. Шапшаң кескіш болаттарға қандай талаптар қойылады?

12. Шапшаң кескіш болат үшін негізгі легірлеуші элемент

13. Таттанбайтын болат үшін негізгі легірлеуші элемент

14. Легірленген болаттың маркасының алдында қандай элемент көрсетіледі

15. Жалпы маркілеу принціпінен тыс маркаланатын легірленген болат

16. Жоғары легірленген болаттың құрамындағы легірлеуші элементтердің мөлшері

17. Қажуға төзімді болаттың қарсылық қабілетін көрсететін процесті атау

18. Серіппелі-рессорлы болаттарға қандай талаптар қойылады?

19. Легірленген болаттың 12Х2Н4А маркасындағы «А» әрпінің мағынасы

20. Легірленген болатқа шынықтыру үшін суыту ортасын тағайындау

21. Жақсартылатын легірленген болатты таңдаңыз

22.Цементтендіретін легірленген болатты таңдаңыз

23.Төмен легірленген болатты таңдаңыз

24.Жоғары легірленген болатты таңдаңыз

25. Термиялық өңдеуден кейін ғана пайдаланатын болаттарды көрсетіңіз



14. Термиялық өңдеу ТЕОРИЯСЫ

1. Суыту ортасы ауа болатын термиялық өңдеу түрі

2. Түйіршіктерінің шекарасы тотыққа және шамалы балқуға ұшырайтын термиялық өңдеу түрі

3. Болатты минимальді жылдамдықпен суытуда құрылатын құрылым

4. Термиялық өңделген болаттың ең төмен қаттылығы бар құрылымы

5. V1 жылдамдығымен суытылған болаттың құрылымын көрсет

6. Болатты шынықтырудың мақсаты

7. Аустениттің ыдырауының өнімі

8. V ≥ Vкр жылдамдығымен суытылған болаттың құрылымын көрсет

9. Шынықтыру мартенситінің босату мартенситінен айырмашылығы

10. 45 болаттың толық жасытудан кейінгі құрылымы

11. Қорытпалардың құрылымын өзгерту арқылы қасиетін өзгерту тәсілі қалай аталады?

12. Суыту ортасы ретінде су болатын термиялық өңдеу түрі

13. Термиялық өңдеу кездегі болатты асыра қыздыруда

14. Пеште суыту арқылы термиялық өңделген болаттың құрылымы

15. 50 болаттың нормальдаудан кейінгі құрылымы

16. Шынықтырудан және жоғары температурада босатудан тұратын термиялық өңдеу

17. Мартенсит құрылымы түзілетін суыту жылдамдығы

18. Аустениттің диффузиясыз өзгеруінің өнімі

19. Металдар мен қорытпалардың тепе-теңдік құрылымын қамтамасыз ету үшін қолданылатын термиялық өңдеу түрі

20. Аустениттің 700 – 6500С температура аралығында изотермиялық ыдырауынан туындаған өнім

21. Термиялық өңделгеннен кейінгі ең жоғары қаттылыққа ие болатын құрылым

22. Шынықтырған болатты 7270С-тан төмен температурада қыздырудан тұратын термиялық өңдеу түрі

23. Төмен температурада (150-180)0С қыздыру арқылы босату қандай болаттарға қолданылады?

24. Орта температурада (350-400)0С қыздыру арқылы босату қандай болаттарға қолданылады?

25. Жоғары температурада (450-650)0С қыздыру арқылы босату қандай болаттарға қолданылады?
15. Термиялық өңдеу технологиясы

1. Рессор және серіппе типті тетіктердің тиімді құрылымы

2. Металл мен қорытпаларды жасытудың мақсаты

3. Көміртекті болатты шынықтыру нәтижесінде қалыптасатын құрылым

4 Болатты босатудың негізгі мақсаты

5. Аустенитті үздіксіз суыту кезіндегі V1 жылдамдығымен суытқандағы құрылым

6. Аустенитті үздіксіз суыту кезіндегі өнімі перлит болатын жылдамдық

7. Аустенитті үздіксіз суыту кезіндегі V2 жылдамдығымен суытқандағы құрылым

8. Аустенитті үздіксіз суыту кезіндегі өнімі сорбит болатын жылдамдық

9. Аустенитті үздіксіз суыту кезіндегі өнімі троостит + мартенсит болатын жылдамдық

10. Аустенитті үздіксіз суыту кезіндегі өнімі мартенсит болатын жылдамдық

11. Аустенитті үздіксіз суыту кезіндегі өнімі троостит болатын жылдамдық

12. Аустенитті үздіксіз суыту кезіндегі V3 жылдамдығымен суытқандағы құрылым

13. Аустенитті үздіксіз суыту кезіндегі Vкр жылдамдығымен суытқандағы құрылым

14. Аустениттің ыдырауынан туындаған құрылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

15. Болаттың қаттылығын көтеретін құрылым

16. АС3 нүктесінен жоғарыда қыздырылған болатты баяу суытуда алынатын құрылым

17. У8 маркалы болатты шынықтырудан туындаған мартенситтің құрамындағы көміртегі мөлшері

18. Мартенситтің анықтамасы

19. Жоғары температурада босатқан болаттың механикалық қасиеттері (sв ,sт ,d, КС) қалай өзгереді?

20. Жақсарту үшін қолданылатын термиялық өңдеудің мәні

21. Сорбит деген не?

22. Троостит деген не?

23. Аустениттің диффузиясыз өзгеруі қандай жылдамдықпен суытуда жүреді?

24. Болатты Ас3 нүктесінен 30...500С жоғары температурада қыздырудан және шапшаң (суда) суытудан тұратын термиялық өңдеудің аты

25. Болатты Ас3 нүктесінен 30...500С жоғары температурада қыздырудан және баяу (пешпен бірге) суытудан тұратын термиялық өңдеудің аты


16. Термиялық өңдеу режімі

1. Құрал-саймандық болат үшін термиялық өңдеу тағайындау

2. Эвтектоидтық болат үшін аустениттің ыдырау температурасы

3. Эвтектоидтық болат үшін А1 межелі нүктесі

4. 35 болатқа босату температурасын тағайында

5. У10 болатқа босату температурасын тағайында

6. 50 болатқа нормальдау температурасын тағайында

7. Эвтектоидты болатты термиялық өңдеу үшін қалыпты температурада қыздыру

8. Босату мартенситін алу үшін термиялық өңдеу режімін тағайындау

9. Эвтектоидқа дейінгі болаттар үшін толық емес жасыту температурасы

10. Серіппелі-рессорлы болат үшін термиялық өңдеу режімі

11. У9 маркалы болатты шынықтыру температурасы

12. 45 болаттың босату сорбитін алу үшін термиялық өңдеу режімін тағайындау

13. Эвтектоидқа дейінгі болаттар үшін толық жасыту температурасы

14. Босату трооститін алу үшін термиялық өңдеу режімін тағайындау

15. Нормальды жасытудың жалпы жасытудан айырмашылығы неде?

16. 40 болатты шынықтыру температурасы

17. Эвтектоидты болат үшін А1, 3 межелі нүктелерге сәйкес температура

18. Қандай термиялық өңдеуден кейін ең төменгі қаттылық және ең жоғарғы созымталдық алынады?

19. Көміртекті болаттың қасиетін жақсарту үшін термиялық өңдеу тағайындау

20. 60 маркалы болатқа термиялық өңдеу тағайындау

21. Болатты Ас3 нүктесінен 30...500С жоғары температурада қыздырудан және ауада суытудан тұратын термиялық өңдеудің аты

22. Болатты жасыту кезінде солидус сызығына жақын температураға дейін қыздырғанда қандай ақау пайда болады?

23. Болатты жасыту кезінде пайда болған аса қыздыру ақауын қалай түзеуге болады?

24, Толық емес жасыту қандай болатқа қолданылады?

25. Құйма болаттың химиялық құрамын біртекті ету мақсатымен қолданатын жасытудың түрі


17. ХТӨ

1. Көміртекті және легірленген болатты цеметтендіріп, шынықтырылғаннан кейінгі құрылымы

2. Цементтендірудің қалыпты температурасы

3. Азоттандырудың қалыпты температурасы

4. Цементтендірілетін болаттың құрамындағы көміртегі

5. Цементтендірілген болатқа шынықтыру жүргізудің себебі неде?

6. Болаттың беткі қабатын азотқа қанықтыру

7. Болаттың беткі қабатын көміртегімен қанықтыру

8. Болаттың беткі қабатын азотпен және көміртегімен қанықтыру

9. Цементтендіру – болаттың беткі қабатын ........ қанықтыру

10. Болаттың беткі қабатын арнаулы элементтермен қанықтыру қалай аталады?

11. Болаттың беткі қабатының құрылымын өзгерту мақсатымен өңдеу

12. Болатты химиялық-термиялық өңдеу мақсаты

13. Азоттандыруға жататын болат

14. Болаттың беткі қабатын кремнийлеу, алюминийлеу, хромдау, мырыштау қандай өңдеу түріне жатады?

15. Диффузиялық металдандыру – бұйымның беткі қабатын ....... қанықтыру процесі

16. Мырышпен қаптау темір мен оның қорытпаларын неден сақтайды?

17. Химиялық-термиялық өңдеу процесінде қаныққан қабаттың қалыңдығы неге байланысты?

18. Цементтендірілген бұйымға қолданатын термиялық өңдеу түрі

19. Болаттың қызуға беріктігін көтеру үшін қолданатын өңдеу түрі

20. Болат тетіктерін азоттандыру ортасы

21. Құрамында 0,1-0,2% көміртегі бар болат үшін қолданатын химиялық-термиялық өңдеу

22. Құрамында 0,3-0,5% көміртегі бар болат үшін қолданатын химиялық-термиялық өңдеу

23. Құрамында 0,2-0,4% көміртегі бар болат үшін қолданатын химиялық-термиялық өңдеу

24. Қандай химиялық-термиялық өңдеуден кейін термиялық өңдеу қолданылмайды?

25. Цементтендірілгеннен кейінгі болаттың беткі қабатының қаттылығы
18. Түсті металдар

1. Жездің коррозияға төзімділігін көтеретін легірлеуші элемент

2. Жездің беріктігін көтеретін легірлеуші элемент

3. Қола ішпегін (вкладыш) дайындауға қолданатын қорытпа

4. Мыс пен қалайының қорытпасы қалай аталады?

5. Мыс пен мырыштың қорытпасы қалай аталады?

6. Алюминий мен кремнийдің қорытпасы қалай аталады?

7. Алюминий мен мыстың қорытпасы қалай аталады?

8. БрА10 маркалы қорытпа қандай топқа жатады?

9. ЛС59-1 маркалы қорытпа қандай топқа жатады?

10. БрА10 маркалы қорытпада «А» әрпінің көрсеткіші

11. Д1 қорытпасына беріктігін арттыру үшін термиялық өңдеу түрін тағайында

12. Д16 қорытпасының коррозияға беріктігін көтеру тәсілі

13. АЛ2 қорытпасындағы цифрдің көрсеткіші

14. Модификаттау арқылы беріктігі нығайтылатын қорытпа

15. Қандай қорытпадан бұйымдарды құю арқылы алуға болады?

16. Д1 қорытпасының тобы

17. АЛ2 қорытпасының тобы

18. Жездің беріктігін көтеруіне әсерін тигізетін мырыштың шекті мөлшері

19. Жездің беріктігін жоғалтуына әсерін тигізетін мырыштың шекті мөлшері

20. Жездің созымталдығын жоғалтуына әсерін тигізетін мырыштың шекті мөлшері

21. Жездің созымталдығын көтеруге әсерін тигізетін мырыштың шекті мөлшері

22. Салмағы өте жеңіл түсті металл

23. Қорғасынның балқу температурасы,0С

24. Эдектротехника саласында техникалық таза металл күйінде кеңінен қолданылатын түсті металл

25. Электр өткізгіштігі жоғары түсті металл


19. Композитті, ұнтақты материалдар, қатты қорытпалар

1. Қатты қорытпаларды маркалау реті

2. Ұнтақты металлургия өндірісінде өндірілетін материалдар

3. Композитті материалдардың қасиеттері қандай процесс кезінде қалыптастырылады?

4. Композитті материалдардың механикалық қасиеттерінің металдардан ерекшелігі неде?

5. Композитті материалдардың конструкциялық қорытпалардан үстем түсетін механикалық қасиеттер жинағы

6. Композитті материалдардың қасиеттерінің қалыптасуы

7. Композитті материалдар талшығының беріктігіне тигізер әсерлер

8. Ұнтақты-дисперсті композитті материалдың негізгі күш түсетін бөлшектері

9. Дисперсті-нығайтылған композитті материалдарды алу негізі

10. Композитті материалдар матрицасын дайындайтын негізгі элементтер

11. Қаттылығы және тозуға төзімділігі жоғары материал

12. Қатты қорытпалардан құрал-сайман дайындау тәсілі

13. ВК3 қатты қорытпаның маркасын ажырату

14. Қатты қорытпаларға қандай термиялық өңдеу қолданылады?

15. Қатты қорытпаның ВК тобындағы В әрпінің көрсеткіші

16. Қатты қорытпаның маркасындағы В әрпінің көрсеткіші

17. Қатты қорытпаның ТК тобындағы К әрпінің көрсеткіші

18. ТТК тобындағы қатты қорытпаның маркасындағы ТТ әрпінің көрсеткіші

19. Ұнтақты металлургия арқылы өндірілген болаттың механикалық қасиетіне не әсерін тигізеді?

20. Ұнтақты материалдың құрамындағы оттегінің 0,01%-дан астам өсуі оның қасиетіне қалай әсерін тигізеді?

21. Қатты қорытпаларды байланыстыру үшін енгізетін элемент

22. Арматура материалына байланысты талшықтармен және ұнтақтармен нығайтылып өндірілетін материал

23. Жоғары температурада беріктігін ұзақ уақыт сақтайтын материалдар

24. Ұнтақты дисперсті композитті материалдардың негізгі күш түсетін бөлігі

25. Әуе көліктерінде, ғарыш техникасында пайдалануда бағасы жоқ материал


20. МЕТАЛЛ ЕМЕС МАТЕРИАЛДАР

1. Органикалық емес шынының негізі

2. Макромолекуласы көпсанды, құрылымы бірдей, элементар дара өлшемді тізбектерден тұратын зат

3. Әртүрлі температурада сақталатын полимерлерге тән үш күйі

4. Полимерлер қосындылары негізінде алынатын, қатты, берік, серпімді материалдар

5. Гетинакстың толтырғышы

6. Пластмасса бұйымдарына арнаулы пішін берілуін жеңілдететін қоспа

7. Стеклопластиктердің толтырғышы

8. Пенопласт пластмассаның қандай тобына жатады?

9. Көміртегінің аллотропиялық өзгеру өнімдерінің бірі

10. Пластмассаны кесіп өңдеудегі суыту ортасы

11. Қандай элементтердің оксидтері шыны өндіруде қолданылады?

12. Резеңке деген не?

13. Қарапайым резеңкенің құрамындағы күкірттің мөлшері

14. Органикалық емес шынының беріктігін нығайту

15. Термореактивнті пластмассаның термопластикалық пластмассамен салыстырғандағы беріктік сипаттамасының ұтымдылығы неде?

16. Триплекс-

17. Термопан-

18. Резеңкені ескіртпеу мақсатымен құрамына енгізілетіндер

19. Резеңкенің құрамына енгізілетін негізгі толтырғыштар

20. Резеңкені жұмсарту мақсатымен құрамына енгізілетіндер

21.Негізгі компоненттері каучук және күкірттен тұратын металл емес материал

22. Толтырғыштары синтетикалық смола және шыны талшықтарынан тұратын металл емес материал

23. Суға батпай қалқып жүретін құрылғылырды, құтқару құралдарын жасауда пайдаланатын металл емес материал

24. Пластмассаның негізі ретінде жоғары молекулалы органикалық қосылыс …….. алынады



25. Пластмассаны ескіруден қорғау үшін…….. қосылады
Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
MethodBook -> Методические указания по выполнению практических работ для специальностей 5В071200 «Машиностроение», 5В012000 «Профессиональное обучения»
MethodBook -> Методические указания по итоговому контролю Мамандық: 5В071200- «Машина жасау» Оқу түрі: күндізгі күндізгі қысқартылған Өскемен
MethodBook -> Kазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi Д. Серiкбаев
MethodBook -> Лекциялар тақырыптары толығымен 30 сағат көлемінде слайдтың сүйемелдеуімен компьютерлық аудиторияларда оқылады
MethodBook -> А. М. Сидоренко автокөлік құралдары
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық: 5В070600 Геология және пайдалы казбалар кенорындарын барлау Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Геология және кен ісі»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет