Мәтінді оқыңыздар және мазмұнын айтып беріңіздер



Дата02.07.2017
өлшемі445 b.



Мәтінді оқыңыздар және мазмұнын айтып беріңіздер

  • Киіз үйді тігу өте қызық. Киіз үйді тіккенде, ең бірінші, керегені жаяды. Оның сағанақтарын таңғыштармен байлайды.

  • Одан кейін бақанмен шаңырақты көтереді. Оған уықтарды шаншады. Уықты керегенің басына балақ бау арқылы байлап, бекітеді де , есігін орнатады. Осыдан кейін туырлық, үзік, түндік деп аталатын киізден жасалған бөлшектермен жабады. Оларды баумен бекітеді.

















Сөйлемдердің дұрыс-бұрысын анықтаңыздар.

  • Киіз үйді соғады.

  • Киіз үйді керегеден бастап тігеді.

  • Бақанмен керегені көтереді.

  • Киіз үйдің сыртын киізден жасалған бұйымдармен жабады.

  • Бір-бірін киізбен бекітеді.



Сұхбатты мәтін ретімен жалғастырып жазыңыздар .

  • 1. Киіз үйді тігуді үйренуге бола ма?

  • 2. Иә. Киіз үйді тігуді үйренуге болады.

  • 1. Киіз үйді тігуді неден бастайды?

  • 2. _____________________________

  • 1. _____________________________

  • 2. _____________________________

  • 1. _____________________________

  • 2. _____________________________



Бос орынға керекті сөздерді қойыңыз



Сөйлемдерді дұрыстап құрастырыңыздар.

  • 1. баспаны / халқының / киіз үй / ежелгі / қазақ

  • 2. жасалған / көшіп-қонуға / киіз үй / лайықталып

  • 3. оңай / тігу / киіз үйді / емес

  • 4. киіз үйді / ең / тіккенде / жаяды / керегені / бірінші

  • 5. бөліктерін / киіз үйдің / дейді / сүйектері



Дұрыс жауап

  • 1. Киіз үй-қазақ халқының ежелгі баспанасы.

  • 2. Киіз үй көшіп-қонуға лайықталып жасалған.

  • 3. Киіз үйді тігу оңай емес.

  • 4. Киіз үйді тіккенде ең бірінші керегені жаяды

  • 5. Киіз үйдің бөліктерін сүйектері дейді.



Мәтінді оқыңыздар.

  • Қазақ халқында тыйым сөздер көп. Солар арқылы балаларына тәлім-тәрбие берген.

  • Үйге қатысты тыйым сөздер де баршылық. Олар:

  • 1. Босағаны керме.

  • 2. Табалдырықта тұрма.

  • 3. Есікті теппе.

  • 4. Үйде жүгірме.

  • 5. Үйді айналма.

  • 6. Үйде ысқырма.

  • 7. Есікті қатты жаппа.



  • Сөздерді жұптастырыңыз .

  • Киіз үйдің жабатынды шаңырақ уық түндік сықырлауық кереге дейді

  • қабырғасын шанырақ

  • төбесін уық

  • Киіз үйдің есігін жабатынды түндік дейді

  • шанақтарын сықырлауық

  • төбесін кереге











ТАПСЫРМА

  • “Киіз үй” деген тақырыпта әңгіме жазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет