Металлургиялық кремнийді өңдеудің электроимпульстік технологиясы



Дата16.07.2017
өлшемі37.82 Kb.
#38199
металлургиялық кремнийді өңдеудің электроимпульстік технологиясы
Хасенов А.К., Нүсіпбеков Б.Р., Карабекова Д.Ж., Алпысова Г.К., Курмангалиев А.Ш.
Қазіргі уақытта қазіргі заманғы техника салаларын дамытуда ұнтақ және композициялық материалдардың рөлі үздіксіз өсуде. Соңғы жылдарды ғылым мен техниканың әр түрлі салаларын дамытуда кремний маңызды орын алуда. Монокристалды кремний жартылайөткізгіш аспаптар үшін негізгі материал, нанокристалды кремний наноэлектроника элементтері, поликристалды кремний интегралды сүлбелердегі резиссторлар және өткізгіштер, микрокристалды кремний күн батареялары, фотосенсорлар, транзисторлар ретінде қолданыс табуда [1].

Түрлі қосылыстардың құймаларын алуда кремний ұнтақ түрінде қолданылады. Бүгінгі таңда кремний ұнтағын алуда әртүрлі бөлшектеу мен ұнтау тәсілдері қолданылады (механикалық, пневмомеханикалық, аэродинамикалық, лазерлік, ультрадыбыстық және т.б.) [2].

Бөлшектеу мен ұнтақтаудың технологиялық дамуы материалдарды бұзудың механикалық тәсілдерінде негізделетін техника мен технологиялық үрдістерді жетілдіру, бұзудың принципиалды жаңа тәсілдерін іздеу, зерттеу және олардың негізінде техника мен технологияның тиімді түрлерін жасап шығару бағыттарына сай болу қажет [3, 4]. Сондықтан осы салада қолданбалы зерттеулер жүргізу мақсатында электрогидравликалық технологияны қолдана отырып металлургиялық кремнийді ұнтақтау жұмыстары орындалды [5].

Электроимпульстік технологияда тәжірибелік зерттеулер разряд энергиясының, конденсатор батареяларының сыйымдылығының, разряд аралығының ара қашықтығының, коммутирлеуші құрылғыдағы кернеудің әртүрлі мәндерінде орындалды. Металлургиялық кремнийдің бөлшектену дәрежесінің разряд аралығының ара қашықтығына зерттеулері уақыт аралығы кезінде конденсатор батареясының сыйымдылығы , разряд аралығының ара қашықтығы өзгерте отырып, диаметрі металлургиялық кремнийді бөлшектеу кезінде орындалды. Келтірілген тәуелділіктерден разряд аралығының ара қашықтығын арттырған сайын өңделетін өнімнің ұсақталуы арта түсетінін байқаймыз: диаметрі дейін ұсатылған металлургиялық кремний үшін болғанда металлургиялық кремнийдің бөлшектену дәрежесі құраса, өзгерткенде аралығында , кезінде орналастырылғанда , болғанда қашықтығында құраса, кезінде

Келесі зерттеулер металлургиялық кремнийді электроимпульстік технология арқылы бөлшектеу кезінде импульстар жилігінің тиімді мәнін анықтауға арналды. Импульстар жилігінің әртүрлі мәндеріне қатысты зерттеу жұмыстары разряд аралығының ара қашықтығы конденсатор батареясының сыйымдылығы коммутирлеуші құрылғыдағы кернеу кезінде орындалды. Алынған нәтижелерден диаметрі металлургиялық кремнийді ұнтақтағанда импульс жилігінің мәні кезінде өнімнің бөлшектену дәресі максималды шегіне жететіні байқалды, бұл импульстар жилігінің тиімді мәні екендігін дәлелдейді.

Сонымен қатар, бөлшектенген металлургиялық кремнийдің көлемдік коэффициентінің өңделетін өнім диаметріне тәуелділігі зерттелді. Фракция диаметрлері металлургиялық кремнийді разряд аралық ара қашықтықты -ге қойып, конденсатор батареясының сыйымдылығы және разряд энергиясы кезінде диаметрі аралығында бөлшектенген металлургиялық кремнийдің көлемдік коэффициентінің өңделетін өнім диаметріне тәуелділігі зерттелді. Тәжірибелік зерттеулер жұмыс ұяшығындағы өңделуге дейінгі алынған өнімнің биіктігіне қатысты сұйықты үш түрлі деңгейде құйғанда жүргізілді. Алынған нәтижелерден жұмыс ұяшығына фракция диаметрлері металлургиялық кремнийді салып, өңделетін өнімнің бетіменен бірдей деңгейде құйылатын судың мөлшерін бір жарым есеге арттыру арқылы өңдеу жұмыстарын жүргізгенде бөлшектенген металлургиялық кремнийдің көлемдік коэффициенті артатындығы байқалды.



Электроимпульстік технологияны арқылы металлургиялық кремнийді ұнтақтау жұмыстары кезінде разряд аралығының ара қашықтығының, импульстар жилігінің тиімді параметрлері анықталып, үрдіс сұйық ортада жүретіндіктен жұмыс сұйығының қажетті мөлшердегі зерттеу нәтижелері ұсынылды. Зерттеулер кезінде алынған мәліметтер келешекте өндіріс орындарында металлургиялық кремнийді электроимпульсті технологиямен өңдегенде қолданыс табады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Технология полупроводникового кремния // Под ред. Э.С. Филькевича. - М.: Металлургия, 1992. – 408 с.

  2. Немчинова Н.В. Бельский С.С., Красин Б.А. Высокочистый металлургический кремний как базовый элемент для солнечной энергетики //Успехи современного ествествознания. –М.,2006 –№ 4.–C.56-57.

  3. Красин Б.А, Елисеев И.А., Непомнящих А.А., Еремин В.П., Федосенко В.А., Золотайко А.В. Получение мультикристаллического кремния для солнечных элементов // Материалы Х Национальной конф. по росту кристаллов «НКРК-2002». – Москва: ИК РАН, 2002. – С. 93-94.

  4. Требования к сырью для получения кремния высокой чистоты // Матер. совещания «Кремний-2004», г. Иркутск, 5-9 июля 2004.– Иркутск: 2004. – с.29.

  5. Nusupbekov B.R. Shaimerdenova G.M. Kusainova D.K. Dynamics of destruction and formation of structures in the process of electroimpulse processing of silicium minerals. Eurasian Physical Technical Journal. – 2008. – Vol.5. – №1(9). – P24-28.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет