Мәнжазба «Әбу Насыр әл-Фараби – ұлы ғұлама»



Дата24.10.2018
өлшемі63.2 Kb.
Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

«Теңдік орта мектебі» КММ


Мәнжазба

«Әбу Насыр әл-Фараби – ұлы ғұлама»

Орындаған: Пахрадинова Наргиза

Жетекшісі: Амиза Айгуль
2016 жыл

Мазмұны

Кіріспе .................................................................................................................... 3

І. Негізгі бөлім ....................................................................................................... 4

1. Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен ғылымға қосқан үлесі ................................ 4

2.Әл-Фараби мен Абай сабақтастығы және оның өнегісімен тәрбиелеу................................................................................................................ 5

ІІ. Қорытынды ....................................................................................................... 6

ІІІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі ..................................................................... 7

Кіріспе
Қазіргі жастарымыздың батыс елінің мәдениетіне ауысып, тәрбиеленуде. Сондықтан, ұрпаққа өнегелі тәрбие беріп, саналы тәрбиелеу үшін, Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен тәрбиелік мәнін осы мәнжазбада тереңірек зертеуге жөн көрдік.

Бұл мәнжазба негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданған әдебиеттер тізімінен тұрады. Ал негізгі бөлім екі тараудан. Бірінші тарауда Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен ғылымға қосқан үлесі туралы баяндалады. Оның білімге деген құштарлығы, өзін жетілдіруге деген ізденпаздылығы, ел аралап, саяхатқа шығуға себепкер болуы жайлы айтылады.

Екінші тарауда әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының сабақтастығы, таңдалған тақырыптарының ұқсастығы мен өзектілігі жазылады. Және әл-Фарабидің өнегесімен қазіргі жастарды тәрбиелеу керектілігі жайлы ұсынылады.

Оқу, білім, адамгершілік, ар-ұят, дін жөніндегі ұлы ойшыл ғалымның бұл көзқарас бірлігі мақсат бірлігінен туындап отыр. Ол адамды парасаттылықпен адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеудегі үлгіліерін көрсетті.

ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы көптеген Еуропа ғалымдарының назарын ерекше аудара бастады. Әл-Фараби ілімімен жақсы таныс болған, одан көп үйренген Маймонид, Роджер Бекон, Леонардо да Винчи, Спиноза тағы басқа да көптеген батыс Еуропа ғалымдары Отырар перзентінің өмірімен еңбектерін арнайы зерттеген. Сондықтан сіздерде шығыс ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірлік ұстанымдарымен жақын таныса аласыздар.

3

І. Негізгі бөлім



1. Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен ғылымға қосқан үлесі

Әбу Насыр Әл-Фарабидің білім алған жерлері Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, топжарғаны – Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз», «Шығыстың Аристотелі» аталған ұлы ғалама Әбу Насыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні – Әбу Насыр Мұхаммад бин Мұхаммад бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби. Яғни әл-Фарабидің өз аты Әбу Насыр Мұхаммад, әкесінің ныспысы да Мұхаммад, бабасының есімі Тархан, арғы атасы – Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбу Насырныспысының соңына кейде «әт-түрки» деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.

Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, Уасиджде (Оқсыз) отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерін атауымен «Әл-Фараби», яғни «Фарабтық» деген атқа ие болған. Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алған. Әл-Фараби логика, әуез (музыка), астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Орта ғасырлық тарихшылар оның қарапайым, аса қанағатшыл, жұпыны ғана киініп, той-думан, ырду-дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған адам болғанын тәптіштей жазған. Күндіз ол көбінесе қаладағы бақта күзетшілік қызмет атқарып, тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шұғылданған. Сондай-ақ өзі де «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің тұп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», сияқты т.б. көптеген трактаттар туындатқан. Бұл еңбектерінде ол дүние, қоғам, мемлекет және адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы өз заманы үшін соны ой-пікірлер айтады. Орта ғасырлардың өзінде-ақ Әбу Насыр қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату жөнінде батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылымен, білімімен, адамгершілігімен байланыстырған.

4

2. Әл-Фараби мен Абай сабақтастығы және оның өнегісімен тәрбиелеу


Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына, оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес», - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз - тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес»,-деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалттыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Өткенге салауат, оны құр қаралағаннан гөрі енді сол кемшіліктерді түзету жайын саралағанымыз абзал болмақшы. Болашақты жасайтын ертеңгі азаматтар – бүгінгі жас ұрпақ, олай болса, оларды тәрбиелеу бүгіннен басталуы ләзім. Жастармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сипаты қандай болса, жемісі де соған сай болары кәміл.

5

Кешегі кеңестік жүйенің білім саласындағы бір кемшілігі мәдениетті, жан-жақты жетілген, ізгілікті адам қалыптастыруға емес, алуан кәсіп иелерін – мамандарды даярлауға көбірек көңіл бөлуі. Біздің тәуелсіз еліміздің ұлы мұраты әрбір жастан әуелі адамдық иесін қалыптастыруды, сосын барып белгілі бір мамандық иесін даярлауды талап етеді. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі»,- деген екен ортағасырлық данышпан әл-Фараби бабамыз.



Ғұламаның сөзінен туындайтын тағылым: тәрбиесіз, өнегесіз берілген білім – жетім, жастарды тәрбиелей отырып оқыту, білім беру ғана нәтижелі болмақ. Жас адамның өмірінде тәрбие-бірінші, білім алу екінші кезекте. Екеуін ұштастыра жүргізгенде ғана адам қалыптасады.

ІІ. Қорытынды

Өнегелі тәрбие ісінде қазақ халқының бағалы ой-пікірлерін оқу-тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыру көкейтесті проблемалардың бірі. Болашақ ұрпақты бүкіл әлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын, ұлағатты ұстаз әл-Фараби бабамыздың үлгісінде тәрбиелеу қажет.

Әл-Фарабидің өмірінің негізгі мақсаты – шындық іздеу, шындық табу. Бабамыз: «Шындық жолдан адастыратын тән тілегі – нәпсі» - деді. Демек, ол шындық жолына ғылыми жолмен ғана емес, өзінің барлық адами болмысымен түскен. Әл-Фараби «Адам баласының білім алатын көзі – табиғат» деп санайды. Табиғатты бақылап, зерттеу арқылы, оның заңдылықтарын табу. Сол арқылы ғылымның жаратылысын, жаратушысын тану керектігін көрсетті. «Дүниеде бос орын жоқ. Қатынассыз нәрсе жоқ, дүние шекті нәрсе, оның әрбір мүшесі өзінің керекті заңды орынын алған, біртұтас құрылыс - космос», – деді.

Бабамыз аспан шырақтарын және жер бетін өлшеу аспаптарын жетілдіріп тыңнан жасаған. Оның күн сағатын жасау әдісі осы күнге дейін қолданылады. Сонымен көлеңке өлшеу, күн сағатын жасау, сол арқылы

6

жердің меридианын табу әл-Фараби әдісі деп білеміз. Бұл жер бетінің картасын жасауға негіз болғаны мәлім. Көлеңке әдісі арқылы тригонометриялық әдістерді қолданып, сфералық тригонометрияның негізін салған.



Әл-Фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен аударылмай, зерттелмей жатыр. Астрономия, логика, әуез жайлы еңбектері де күні бүгінге дейін терең зерттеле қойған жоқ. Ал кездейсоқ қолға алған зерттеушілер болса, оларды тек шет пұшпақтап қана қарап жүр. Әбу Насырдың көптеген туындылары дүние жүзі кітапханаларында сақтаулы, бізге беймағлұм күйде. Демек, оларды іздестіру, жарыққа шығару, сүйтіп халықтың игілігіне айландыру – болашақтың зор мүндеттерінің бірі.

ІІІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.        Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 1991.

2.       Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995.

3.        Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003.

4.        Алтаев Ж. Әмбебап әл-Фараби. – “Ақиқат” журналы. 1994, 74-78 б.

5. Әл - Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973, 289 б.



7
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет