Менің сүйікті мысығым №1



Дата19.07.2018
өлшемі31.99 Kb.
c:\users\user\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img_8662.jpg

Асенова Айгүл Келесбаевна,

№ «Мереке» балабақшасының тәрбиешісі,

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы


Менің сүйікті мысығым

№1 «Бүлдіршін» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Мақсаты:Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін ояту.

Білімділік мәні: Балаларды үй жануары – мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылық мәні:_2-3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Жануарға деген қамқорлық сезімгетәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Мысық.

Жеке жұмыс: Айгерімге мысық – үй жануары екенінүйрету.

Керекті құралдар: Мысық және мысықтың суреті.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасаймыз.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Достарына мейірмен

Жылулығын таратты.

Балаларды отырғызып, көңілдерін алдарындағы ойыншықтарға аударамын.

-Осы ойыншықтарды білесіңдер ме?

-Бұлар қандай жануарлар?

Үй жануарларының пайдасы, түрлері, төлдері туралы сұрау.

Балаларға мына отырған мысыққа қарауды ұсынамын.

-Балалар, бұл менің қасымдағы Мурка деген мысық. Мен сендерге таныстырып өтейін. Мысық сүт ішкенді жақсы көреді. Мурка мысығымыздың түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар.

c:\users\user\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img_1369.jpg

Жұмбақ жасыру.
Беті-қолын жуады,

Тышқандарды қуады.

Тазалықты сақтайды,

Апам оны мақтайды. «Мысық»
Мысық туралы тақпақ айтып балалармен бірге қайталау.

Іңкәр:

Тышқан қашты мысықтан

Қатты-қатты жүгірді.

Орын тапты қуыстан,

Зәресін мысық ұшырды.

Лаура:

Пеш үстінде мысық отыр,

Екі көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі келіп,

Оның тісі қышып отыр.
- Балалар, мысық қалай дауыстайды?

Балаларға мысыққа қалай күтім жасау керектігін айтып беру.

c:\users\user\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img_1371.jpg

Сергіту сәті:

Мысық сүтке тояды,

Қарнын сипап қояды.

Жүрісі оның баяу,

Дейді мысық «мяу-мяу».
«Мысық нені жақсы көреді?» Д/ойын.

Шарты: Балалар сурет арқылы мысықтың нені жақсы көретінін айту.

c:\users\user\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img_7815.jpg

Балалардың жауаптарын қорытындылап, білмегендерін үйретемін. Белсене қатысқан балаларды мадақтап қорытындылау.

-Иә, түйе, сиыр, ит.


Балалар үй жануарларының төлдерін атап береді.

Ит – күшік, сиыр – бұзау, түйе – бота.



.

-Мяу, мяу.



Балалар тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мысықтың үй жануары екенін.

Игереді: Мысықтар тазалықты сақтайтынын.

Меңгереді: Мысықтың нені жақсы көретінін.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет